Қаржы жүйесі жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ТАРАУ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Қаржы жүйесінің ұғымы және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2 Қаржылардың атқаратын қызметтері және басқа экономикалық
категориялармен өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

ІІ ТАРАУ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .92.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар . қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы ... ... ... ...13

ІІІ ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... 22 3.1 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру мәселелері ... ... 22
3.2 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытудың алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы, әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет.
1. «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Ресми газет №21,22 Алматы 2004ж.
2. 2006 жылға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 88-III Заңы .
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
4. Р.Аимкулов, А.Оспанов «Мемлекеттік бюджет» дәріс конспектілері. Семей 2004 жыл .
5. С.Әкімбеков, А. Баймұхаметова, У.Жанайдаров «Экономикалық теория» оқу құралы Астана 2002 жыл .
6. Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М. Есқалиев, Е.Жатқанбаев, С.Досқалиев «Экономикалық теория негіздері» оқулық Алматы 1998 жыл .
7. Н.Әпсәләмов, Қ.Исабеков, Ө.Сұлтанов «Экономикалық теория негіз- дері» оқу құралы Алматы 1998 жыл .
8. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001 жыл .
9. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов «Нарықтық экономика негіз- дері» Алматы 1994 жыл . б.75
10. Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев «Қаржы» оқулық Алматы 2003 жыл .
11. К.Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» Алматы 2001жыл .
12. А.Сахариева, С.Сахариев «Жаңа кезең экономикалық теориясы» оқулық Алматы 2004 жыл .
13. «Аль Пари» журналы «Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедураның орны мен рөлі» Л.У.Мырзабай 2004ж. №1 б.64-67
14. «Аль Пари» журналы «Бюджет аралық қатынас – бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі» Л.У.Мырзабай 2004ж. №4 б.100-102
15. «Қаржы-Қаражат» журналы «Мемлекеттік бюджет – Қазақстанның стратегиялық басымдылықтарын жүзеге асырудың негізі» А.Павлов 2000ж. №1
16. «Қаржы-Қаражат» журналы «Бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің мәселелері» А.Орманбаев , Б.Есенгелдин 2000ж. №8
17. «Қаржы-Қаражат» журналы «Мемлекеттің әлеуметтік дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері» Исаева А. 2005ж. №6
18. «Қаржы-Қаражат» журналы «Қазақстанның қаржылық жүйесінің мықтылығы және оның факторлары» Искакова З. 2004 ж. №5
19. «Қаржы-Қаражат» журналы «Қазақстанның ұлттық экономикасының дамуының қаржылық аспектілері » Нурумов А. 2006ж. №2
20. «Семей таңы» газеті «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Президенттің халыққа жолдауынан үзінді 2005ж. №8

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 

І ТАРАУ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Қаржы  жүйесінің ұғымы  және  Қазақстан Республикасының  қаржы
жүйесінің құрылымы ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.2 Қаржылардың   атқаратын  қызметтері  және  басқа  экономикалық 
 категориялармен  өзара  байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...6
                
ІІ ТАРАУ ШЕТ  МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ  ҚҰРАМЫ
МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .92 .1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы
жүйесінің негізгі буыны
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Шет  мемлекеттердің қаржы жүйесінің 
құрамы мен құрылымы ... ... ... ...1 3

ІІІ ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН 
ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БА ҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... 22 3.1
Қазақстан  Республикасының қаржы жүйесін  жетілдіру мәселелері ... ... 22
3.2 Қазақстан  Республикасының қаржы жүйесін дамытудың
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23  

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .26 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27

КІРІСПЕ

Мемлекет  экономикасында қаржы жүйесінің  атқаратын қызметтері
өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың
жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар
жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, 
пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға жұмсалады.
    Президенттің  Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің
мемлекеттің кең ауқымды  мақсаты – тәуелсіз гүлденген  және
саяси тұрақты Қазақстанды  орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды 
жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның
үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен
бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу,
республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты, инфрақұрылымы,
әсіресе көлік пен байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру
мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды
талап етеді. Яғни қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге
бағытталады.
      Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-
бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; табысты бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын
қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару;
қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу және тағы басқа операциялар қолма-
қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден
басқа иеленушіге беруі болып табылады.
      Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық
ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда,
өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар
әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен
қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық
қызметті атқаруға жұмсалады.

 
 
 
   

І ТАРАУ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ  ҚАЖЕТТІЛІГІ  
      1.1 Қаржы   жүйесінің  ұғымы  немесе  Қазақстан  Республикасының   
             қаржы жүйесінің құрылымы        
     
    Қаржы (орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған
қолма қол ақша, табыс деген ұғымды білдіреді) қоғамда өмір сүретін,
объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды
білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану
процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан
аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Қаржы
әрқашанда мемлекеттің өсіп дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен
бір уақытта пайда болған. Қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және
мемлекеттің материалдық тірегі ретінде көрініс табады. Негізінде қаржылар
ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай)
қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады.
Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет
меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтардан қанағаттандыру
процесінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының
материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай
қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Бұл терминнің авторын
1577 жылы Республика туралы алты кітап деген еңбегін жазған француз
ғалымы Ж.Боден деп есептеуге болады . [8. 6-б]
    Қаржының  мәні оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің функцияларымен айқындалады. Қаржының пайда
болуынын бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі
болып есептеледі. Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің
экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып
табылады. Қаржы термині екі мағынадан тұрады: материалдық мағынада және
экономикалық категория ретінде.
      Материалдық (ақшалай) мағынада қаржы деп мемлекеттің өз қармағындағы,
меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтады. Бұл жерде айта
кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржы  өте
мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және
ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың қолында күнделікті
өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы – ақшалар болып
табылады. Ал экономикалық категория ретінде қаржы деп мемлекеттің ақшалай
ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың
пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтады.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да функциялары жағынан да айырмашылығы
бар. Ақша – бұл ең алдымен өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға
ортақ балама, ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және
қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға
бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды
және объективті сипатта болады. Қаржының мәні ақша нысанындағы құн
қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар ақша қатынастарының
болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Қаржының
қажеттігі объективті мән-жайдан тауар-ақша қатынастарының болуынан және
қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды .
    Қаржы  жүйесі ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана 
түсуі болып табылады. Қаржы жүйесі  ақша қаражаттарының қорларын құру
және пайдалану негізіндегі қатынастардың   жиынтығын және де осы
қатынастарды үйымдыстыратын органдарды қамтиды. Өзінің тарихи дамуында
қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы
кезінде қаржы жүйесі тек бір ғана буынмен мемлекеттік бюджетпен шектелді.
Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің,
соның ішінде КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет
пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік
берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық
функцияларын орындап отырды. Қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-
экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың
қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынандай үш
бөлікті қамтиды: қаржы қатынастарының жиынтығы, ақша қорларының жиынтығы
және  басқарудың қаржы аппараты.  [7. 52-б]
    Ақша  қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші
субъектілер, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен екі сфераны қамтиды: мемлекеттік бюджетке
жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып,
пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары және
кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын
ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
    Қаржы жүйесі оған кіретін элементтердің  тығыз байланысымен және оның
қосалқы  жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре
алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан өндірістік қатынастардың бір
бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді,
екінші жағынан өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты
элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес
қаржыларды функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды жатқызады: салық,
бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, қаржылық бақылаудың
және басқа қосалқы жүйелер. Сонымен қаржылар ақшалай құралдар қорының
қалыптасу, бөлу және пайдаланумен байланысты қатынастарды көрсетеді.  
 
   
  1.2 Қаржылардың  атқаратын  қызметтері  және  басқа  экономикалық
         категориялармен  өзара  байланысы
 
    Қаржының  мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан
айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана
емес сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның қызметтерін
анықтауды да талап етеді. Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық
өміріндегі рөлдері мен маңызы олардың мына функциялары арқылы көрініс
табады: бөлу, реттеу, ынталандыру және бақылау функциялары. Осы аталған
функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің
барысында жүзеге асырылады.
    Қаржының  бөлу функциясы арқылы қаржының қоғамдық мақсаты жүзеге асады.
Бұл функцияның көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны
мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша
қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әлеуметтік,
экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан
бөлінеді. Қаржының бөлу функциясының қызмет ету объектісі болып жалпы
қоғамдық өнім құны, сонымен қатар ақшалай нысанда сипатталатын ұлттық
байлықтың бөлігі болып табылады. Қаржылық бөлудің субъектілері болып ұдайы
өндіріс үдерісінің қатысушылары және иелігінде нысаналы мақсаттағы қорлары
бар заңды және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорын, бірлестік, ұйым, мекеме,
азаматтар) табылады. Қаржы арқылы бөлу үдерісі материалдық өндіріс, айналыс
және тұтыну салалары тәрізді қоғам өмірінің барлық саласында жүреді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық
табысты және таза табысты бөлумен  байланысты қатынастарды қамтамасыз
етуден, табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан, ақша қорларын жасаудан
туындайды. [5.339-б]
 Қаржының  реттеу қызметі экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің сырттай
тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие
саясатында, әр түрлі экономикалық жеңілдіктер кезінде жүзеге асырады.
    Қаржының  ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әр түрлі
ынталандырғанда жүзеге асады. 
    Бақылау қызметі қаржының бөлгіштік қызметінен туындайды. Бұл функцияның
арқасында ақша қаражаттарының жиыстырылу және бөлу процестерінің заңға
сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының
ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіліп қаржылық
тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы
көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің
барысында іске асады. Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы
кәсіпорынның, фирманың шаруашылық - қаржы қызметіне теңгемен бақылау
жүргізу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі
тиімсіз пайдалануды анықтайды және де кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс
рентабельділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды
болдырмауға мүмкіндік береді.
    Қаржы мәселесі жөніндегі заңнамалардың  бұлжымай сақталуын,
мемлекеттік бюджет, банк алдындағы қаржылық міндеттемелердің, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің есептесу және төлемдер жөніндегі өзара
міндеттемелерінің дер кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық
бақылаудың аса маңызды міндеттерінің бірі. Қаржы жүйесі мен салық
қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет
жүйесінің кіріс және шығын бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынандай түрлері бар: қаржылық 
шаруашылық бақылау, қаржылық - бюджеттік бақылау және несиелік - банктік
бақылау.
      Қаржылық-шаруашылық бақылау фирмала рдың, кәсіпорындардың,
бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша
қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс
тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған. Қаржылық-бюджеттік бақылау
кәсіпорындар табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-
ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін
және де бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың орындалуына қарай берілуін
бақылайды.
    Несиелік-банктік  бақылау фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы
жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің
мезгілділігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың
бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің (өнім, жұмыс, қызметтер
көрсету) жүйесі арқылы жүргізіледі.
    Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары  қорларын қалыптастыру бөлу
және пайдалануды  ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің  іс-қимылдары
мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады.  [8.65-б]
    Қаржы теориясының негізгі мәселесі болып  қаржының баға, еңбекақы,
несие тәрізді  экономикалық категориялармен байланысы  және
осы категориялардың бөлу процесінде қандай тізбек болуы танылады.
1. Баға – бөлу үрдісінде бірінші  түсіп, ондағы бастапқы пропорциялар ды
анықтайды. Бағаның құнның жанында ауытқуы қаржының қызмет ету орнын
белгілейді. Бағаға құнның барлық құрылымдық бөліктері кіреді. Олар кейін
бөлініп, қаржылық ресурстар және қорлар ретінде өзінің экономикалық
нысандарына ие болады.
    Экономикалық  үрдістердің қатаң орталықтандырылған жүйесінде құнның
амортизациялық аударымдары, еңбекақы, материалдық және тағы басқа шығындар,
табыс тәрізді бөліктері белгіленеді, ал нарық жағдайында ұсыныс пен сұраныс
факторлармен анықталады. Баға қаржының қызмет ету жағдайын дайындайды.
    Қаражат шаруашылық жүргізуші субъектілерде  жинақталса, онда
салық көлемі өседі, не қоғамдық өнім өседі, яғни ресурстардың босауына
әкеліп соғады, бұл пайда  нормасы жоғары деңгейдегі салаларға ауысатын
ресурстардың босауына әкеледі. Қаржы бағада берілген пропоцияларды
нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағалық бөлуден айырмашылығы – бағалық бөлудің
объектісі болып жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігі ғана танылады. Қаржы
жалпы қоғамдық өнімнің құнының барлығын бөледі. Қаржылық бөлу бағалық
бөлуге қарағанда екінші ретті болып келеді. Бағалық бөлу былай қарағанда
байқаусыз, ол түсімдердің жалпы көлемінде көрінбейді, ал қаржылық бөлу анық
көрінеді. Бағалық бөлумен, ал қаржылық бөлу және қайта бөлумен сипатталады.

2. Еңбекақы. Бағадан кейін қаржылық  бөлу процесінде еңбекақы қызмет ете
бастайды.
    Қаржы, еңбекақы қоры, басқа да еңбек төлемдері  қорлардың қалыптасуына
жағдай жасайды. Осы категориялар ұдайы өндіріс  үрдісін бір-
бірімен байланыстыра ынталандырып және еңбек күшінің 
ұдайы өндірісінің алғы шарттарын айқындай түседі.
    Қаржы мен еңбекақының әр түрлі әрекеті:
1. қаржылық бөлудің шегі еңбекақыға қарағанда кеңірек, өйткені
еңбекақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысады;
2. қаржы құнның бір жақты қозғалысына қатысады, ал еңбекақы оған
қарсылас еңбектің құны мен оны ақшалай өтеу қозғалысына
қатысады.
    Еңбекақы  арқылы толығымен V және жартылай m бөлінеді. Қаржы арқылы әр
түрлі қалыптасады, ал еңбекақы арқылы сый және еңбекақы қорлары
қалыптасады. Олар еңбекті төлеу қорын құрайды.
    Еңбекақы  – салық төлеудің негізгі көзі болып табылады. Еңбекақының
көзі болып қаржы ресурстары танылады, ал еңбекақы қорын үнемдеген жағдайда,
оның өзі қаржы ресурстарының көзі болып табылады.
    3. Несие. Банк ресурстарын қайта бөлу кезінде қалыптасады, яғни несие
алдын ала бөлінген құнды қайта бөледі. Несие ресурстары өзіндік қаражаттар
мен олардың тұтынылуындағы сәйкессіздіктің бар болуы нәтижесінде пайда
болады. Несие қаржы ресурстарын толтырады және ұдайы өндірістің кеңеюіне
әсерін тигізеді.
    Несиенің  ерекшелігі – олар қайтару шарты  негізінде белгілі бір
мерзімге бірлесе, қаржы ресурстары белгілі бір мақсаттарға жету үшін
өтемақысыз және қайтарымсыз түрде беріледі. Несие арқылы шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен үй шаруашылықтары арасында қаржы ресурстары қайта
бөлінеді. Несие ресурстарының қаржылық ресурстарға салынуы және алынуы
үздіксіз болады.
    Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қорлары  банк шоттарында
шоғырланады және несие  беру үшін олар ссудалық қорлардың  көзі
болып табылады. Қаржы және несие арасында ұқсастық белгілер өте  көп, бірақ
негізгісі болып осы категориялардың өндіріс қорлары мен ұдайы өндіріс
процесінің айналымында кең пайдалануы табылады.         
 
ІІ ТАРАУ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Жалпы мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің негізгі
буыны ретінде  

       Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің жеке экономикалық құрылымын
зерттеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы
қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы
қатынастары - кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық
қатынастардың құрамды бөлігі.
      Мемлекет  қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік
салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап,
пайдаланады.
      Қаржы жүйесін қаржы субъектілерінің (қаржы 
қатынастарына қатысушылар) нысаны бойынша төмендегідей жіктейді:
• мемлекет қаржысы
• шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
• халық қаржысы (үй шаруашылығы).
      Енді  осылардың әрбіреуіне жеке - жеке тоқталып өтемін.
      Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік,
саяси функцияларын орындау  үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз
ететін қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады.
      Экономикалық  мәні жағынан мемлекет қаржысы мемлекеттің, оның
кәсіпорындарының қаржы ресурстарын  қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін
қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлумен байланысты
болатын ақша қатынастарын білдіреді.
      Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы
өндірісті дамытуда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қаржылар әлеуметтік
бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараттары мен
қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық және
басқа қызметтердіі атқаруға жұмсалады.
      Мемлекеттік қаржылардың құрамына мыналар кіреді:
• мемлекеттік бюджет;
• бюджеттен тыс қорлар;
• мемлекеттік несие.
      Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс
пен мемлекеттік басқару  қажеттіктерін қаржыландыруға бағытталған 
елдің орталықтандырылған бюджет қорын  құру және пайдаланумен байланысты
мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және
қайта бөлуге қатысты туындайтын ақша қатынастарын бейнелейтін экономикалық
категория.
      Бюджет  Қазақстанның ғалами жалпы шаруашылық байланыстар жүйесіне
толық кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік
туғызуы керек. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет
мемлекетттің және жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметтері мен міндеттерін
қаржылармен қамтамасыз ету үшін, ақша қаражаттар қорларының шоғырлануы және
нәтижелі жұмсау нысанын ұсынады. Сондықтан бюджет процесінің өзі
мемлекеттік макроэкономикалық саясаттың мақсатына жетуге бағытталған.
       Бюджеттен тыс  қорлар дегеніміз  –  мемлекеттік 
органдардың қол астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай
ресурстардың жиынтығы.
      Мемлекеттік бюджеттен тыс ақша қорлары еліміздің  нарықтық
қатынастарға көшуіне байланысты мемлекеттік қаржылардың маңызды  құрамдас
элементі ретінде көрініс тауып отыр. Осы қорлардың құрылуы еліміздегі
әлеуметтік экономикалық даму процестерінің талаптарына сәйкес келеді.
Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қармағындағы
қаржылық ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру
бір жағынан бюджеттен жұмсалатын шығындарды азайтса, екінші жағынан
айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысатын болды.
      Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты  сипаттамасы өтпелі
кезеңде мемлекеттің  қаржыларын тиімді және мақсатқа сай 
пайдалану болып табылады. Бюджеттен  тыс қорлар тікелей пайдалануға 
қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық
инфрақұрылымға тигізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін
қамтамасыз етуге бағытталған. Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылуына
байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне байланысты
мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді.
      Экономикалық  қорларға экономикалық даму мәселелерін  шешуге арналған
қорлар жатады. Әлеуметтік қорларға қоғамның әлеуметтік мәселелерін  шешуге
арналған қорлар жатады.
      Мемлекеттік қорларға мемлекеттік деңгейде құрылған қорлар, ал
аймақтық қорларға аймақтық деңгейде құрылған қорлар жатады.
      Бюджеттен тыс қорлар өзінің мәні бойынша мемелекеттің кейбір қоғамдық
қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді 
жұмсалатын қаржылық ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып
табылады.
      Оның  негізгі қалыптасу көздері мыналар:
• арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар 
• бюджеттен берілетін субсидиялар
• қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары 
• заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарнамалары 
      Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттар шығындалуының бағыты
қорлардың тағайындалуымен, нақты экономикалық жағдайлармен және өткізілетін
бағдарламалардың мазмұнымен түсіндіріледі. Қаражаттың бір бөлігі
құрылтайшылық қызметке жұмсалады, сондай-ақ бағалы қағаздарға салынады.
Бюджеттен тыс қорлар ақша қаражаттардың қолданылуы көбіне олардың қалыптасу
уақытымен сәйкес келмейтіндіктен, инвестициядан түскен кіріс тиісті қордың
шығынын қаржыландырудың қосымша көздері болып табылатындықтан инвестор және
қаржылық нарықтың қатысушысы ретінде көріне алады.
      1990 жылдардан бастап Қазақстанда әр түрлі мемлекеттік бюджеттен тыс
қорлар жұмыс істеді. Бірақ 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын
орталықтандыру саясатын өткізуге байланысты қорлардың қаражаттары
мемлекеттік бюджетке жинақталды.
      Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры, халықты  жұмыспен қамтамасыз
ету қоры, жол  қоры, экономиканы тұрақтандыру қоры, экономиканы қайта құру
қоры, кәсіпкерлікті  қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры жұмыс жасады.
Сонымен бюджеттен тыс қорлар Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе
жергілікті құзыретті органдардың бюджет қармағына жатпайтын ақша қорлары
нысанында қалыптасып, қатаң мақсатқа бағытталған ақшалай қаражаттар.
      Мемлекеттік несие – мемлекеттік билік  органдарының қарамағына
уақытша бос  ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңды
және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің
шығындарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын несие
қатынастарының жиынтығы. Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың,
кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын шоғырландыру және оны
мемлекеттің бірінші кезекті қажеттіліктерін қаржыландыруға бағыттаумен
анықталады. Мемлекеттік несие мынандай түрлерге жіктеледі: ішкі, сыртқы 
(халықаралық) және  шартты. 
      Ішкі несиеде үкімет, жергілікті билік органдары, кәсіпорындар,
ұйымдар және халық арасында жан-жақты мемлекеттік-несиелік қатынастар
туындайды займ алушы ретінде және несие беруші ретінде.
      Халықаралық несиеде бір жағынан үкімет, жергілікті билік органдары,
екінші жағынан шетел үкіметі, банктері, компаниялары және де халықаралық
қаржы банк ұйымдары қатынасады.
      Несие беруші жақ мемлекет – донор, ал несие алушы жақ мемлекет –
реципиент деп аталады.
      Мемлекеттік несие ақша-несие қаражаттарын қайтару шарты негізінде
қайта бөлу қызметін атқарады. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақтарды
ұйымдастырудың бір нысаны болып табылады.
      Несие көмегімен орташа жинақтар мемлекетте жинақталады және оның
қажеттіліктерін  өтеуге бағытталады. Бұл мемлекеттік  займ облигацияларын
шығарып, оны тұрғындар, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында
орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар мемлекеттік бағалы
қағаздар шығару арқылы да болуы мүмкін.
      Мемлекеттік несиенің тағы бір қызметі – реттеушілік.
Бірінші кезекте мемлекет ақша ағымдарын реттейді, осылайша мемлекет
нарықтағы бәсекеге түсіп, жеке меншік инвесторларды ығыстырады. Бұл белгілі
бір бизнес түріне инвестициялау жүргізуді шектейді. Бір уақытта мемлекеттің
бағалы қағаздарын сатып алу нәтижесінде ақша азаяды. Бұл ақша эмиссиясының
салдарын жою кезінде тиімді.
      Мемлекеттік несиені мыналар үшін пайдаланады:
• бюджет тапшылығын қаржыландыру;
• ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға күрделі қаржы
салымдарын қаржыландыру;
• жергілікті билік органдарының шаруашылықтарын қаржыландыру;

• елдің ақша айналымын реттеу.
      Мемлекет  қаржыларының функциялары экономикалық
категория болып келеді, бұл бөлу мен бақылау функциялары.
      Бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысы  мына төмендегідей
функцияларды орындайды:
• орналастыру;
• қайта бөлгіштік;
• тұрақтандыру функциялары.
      Орналастыру функциясы мемлекеттің тауарлар мен игіліктерді өндіру
және халықты  қамтамасыз ету үшін ресурстарды  бөлуі және орналастыруы
қажет екендігінде  көрінеді. Мәселе шектеулі экономикалық
ресурстарды жекеше және қоғамдық тауарлар арасында оңтайлы бөлуде және
олардың құрылымын, мөлшерін таңдауда болып отыр.
  Қоғамдық  тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың  есебінен
қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері 
шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып
көрінуі мүмкін.
      Фискалдық құралдар арасында бөлініс мыналар  арқылы орындалады:
1. табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға
үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық – трансферттік
тәсілі арқылы;
2. баламалы түрде бөлініс жолдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын
үй сияқты қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын
прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
3. қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа
тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар
сатып алатын тауарларға салынатын салықтармен ұштастыру арқылы
жету мүмкін.
      Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті  сыртқы
сауда мен төлем балансының жай-күйінің нәтижелерін ескере отырып бағаны
тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз етуге
саяды. Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің шығындары мен салық салудағы
өзгерістерге сәйкес қатаң не шектеулі шараларды қолдана отырып мемлекет
жиынтық сұранымға ықпал жасайды.  
 
      

   2.2 Шет мемлекеттердің қаржы жүйесінің  құрамы мен құрылымы 
 
Экономиканың сәтті дамуы мемлекеттің қаржылық-несиелік жағдайымен
анықталады. Экономикалық архитектоникадағы қаржылық және несиелік
қатынастардың рөлі мен орны 21 ғасырда күшейді. Жаңа жүзжылдықта нақты ЖІӨ
өсуі, жұмыссыздық деңгейі, инфляциялық деңгейі, төлем балансының жағдайы,
валюталық бағамның және тағы басқа макроэкономикалық көрсеткіштердің
оптималды деңгейге жету елдің қаржы-несиелік жүйесінің теңдігіне тәуелді
болды.
1990 жылы Мексика, Оңтүстік Шығыс Азия, Ресей және басқа мемлекеттерде
қаржылық салада дағдарыстық құбылыстардың толқыны және несиелік тұрақсыздық
мемлекетте экономикалық үрдістердің тиімді динамикасын қамтамасыз ететін
қаржы-несиелік жүйенің құрылымының қажеттілігін дәлелдеді. Мұндай
жағдайдағы берекелі болып АҚШ, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Канада және
Жапония сияқты әлемдік экономика көшбасшыларының қаржы-несиелік жүйелері
табылады. Бұл елдердің қаржы-несиелік жүйелерінің құрылуында елеулі
айырмашылықтар жоқ, бірақ әрқайсысында банк, ақша, бюджет, қаржы және салық
салаларында қызмет ететін өзіндік ерекшеліктері бар.
Еңбекте әлемнің аса жетім елдерінің  қаржы-несиелік жүйелерінің
үлгілерін құру ерекшеліктеріне, оларға әлемдік ұйымда осындай төмен
жағдайға жетуге және оны бірнеше ондаған жылдар бойы ұстап тұруға мүмкіндік
берген жағдайларға үлкен көңіл бөлінеді. Әртүрлі елдердің қаржы-несиелік
жүйелерін салыстырмалы талдау, әрқайсысының артықшылықтары мен
кемшіліктерін есептеу жаңа мыңжылдықтың талаптарына сай келетін қаржы-
несиелік жүйені құруға мүмкіндік береді.
Қаржы жүйесі экономикалық категория ретінде жеке, бірақ бір-бірімен
байланысты қаржылық және несиелік элементтердің жиынтығын қамтиды. Қаржылық
жүйемен қатар несие жүйесі де өзіндік қалыптастыру механизмдері және оларды
жүзеге асыру ерекшелігін қамтиды.
Қаржы – мемлекеттік функцияны атқаруда таза табысты бөлу және қайта
бөлу, оларды орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға
бағытталу негізінде пайда болатын ақша қатынастары. Оларға тән белгілер:
• тауарлы ақша қатынастардың болуы;
• қаржылық қатынастарға мемлекеттің белсенді қатысуы;
• бөлу процесстерінің реттілігі;
Өндірістік қатынастар жүйесінде қалыптасатын қосымша өнім қаржы
объектісі болып саналады. Қаржының екі негізгі функциясы бар: бөлуші және
бақылаушы.
Бөлуші функция қаржы негізінде туындайтын таза табыстың қозғалысы және
оның жиынтық өнімінің құрамды бөлшектері мен элементтерге ықпал ететін
экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қаржыларды бөлу кеңейтілген қайта
өндіріспен байланысты. Ал қайта бөлу мемлекеттік бюджетке және басқа да
орталықтандырылған қорларға қаржыларды бөлу арқылы мемлекеттік функцияларды
атқаруға бағытталады. Қаржылардың бақылаушы функциясы осы қаржылардың жалпы
ұлттық өнім мен таза табысқа бөлінуін бақылайды. Бақылау екі деңгейде
қарастырылады: макро (мемлекет) және микро (кәсіпорындар). Қаржылық
қатынастар мемлекет пен кәсіпорындардың ақша қаражаттарының
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларын қалыптастыру, қолдану
негізінде пайда болады. Қаржылық қатынастар  бір-бірімен байланысты, бірақ
ерекшеленген бөлімдер мен салалардың қаржылық жүйесін қалыптастырады.
Қаржылық қатынастардың салалары: орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған қаржылар. Орталықтандырылған қаржыларға:
• мемлекеттік бюджет;
• бюджеттен тыс қорлар;
• мемлекеттік сақтандыру;
• мемлекеттік несие кіреді.
Орталықтандырылмаған қаржыларға кәсіпорын қаржылары жатады.
Мекемелердің қаржылары өз кезегінде  материалды өндірістік және өндірістік
емес саладағы қаржылар болып бөлінеді. Шет елдердің қаржы жүйелері мына
элементтерді қамтиды:
• мемлекеттік бюджет;
• жергілікті қаржылар;
• арнайы бюджеттен тыс қорлар;
• мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылары.
Мемлекеттік бюджет – ұлттық табысты қайта бөлудің негізгі құралы. Осы
элемент арқылы ұлттық табыстың 40 %-ға дейінгі бөлігі қайта бөлінеді. Саяси
және әлеуметтік экономикалық қатынастардағы жалпы мемлекеттік шығындардың
маңыздылары және ең ірі кірістері мемлекеттік бюджетті құрайды. Мемлекеттік
бюджеттің негізгі кірістері салықтардан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік қаржы нарығы туралы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын талдау
Экономика пәнінен дәрістер
Инвестициялық бағалы қағаздар нарығы
Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
Қазақстан қонақ үйінде маркетингті ұйымдастыру
Еңбекақының теориялық негіздемесі және аудиті
Сақтандыру нарығы
Пәндер