Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау туралы



I.Кіріспе бөлім
1.1 Қан

II.Негізгі бөлім:
1. Қан алу
2. Физикалық қасиеттері
3.Химиялық қасиеттері

III.Қорытынды бөлім

IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Қан айналым жүйесі адам мен басқа омыртқалы жаңуарларда механиканың көз қарасынан гидравликалық жүйе болып табылады. Бұл жүйенің құрамына камералық насостар кіреді – жүректің оң жақ және сол жақ бөлімдері (көктамырлар, олардың клапандары, қанқалы бұлшық еттер). Жүрек және тамырлар физикалық және физиологиялық факторлардың әсерінен өздерінің геометриялық және механикалық сипаттамаларын өзгерте алады. Қанның ағуы мен қысым тербелмелі түрде өзгереді. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызмет атқаруының математикалық сипаттамасын беру өте қиын, қазіргі заманда қан айналымының биофизикалық зерттеуі көбінесе екі мәселенің шешуімен айналысуда: Қанның тамырлар бойымен ағуын сипаттайтын физикалық заңдылықтарын анықтау.
1) ”Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы”, М.А.Молдағұлова , А.Н.Ермаханова , Ө.К.Есқожаев, А.З.Дюсембаев, А.Т.Қамбарбеков, А.И.Көлдеев, Б.Д.Айтжанов, Ж.І.Қазиев, С.Т.Сиябеков, Алматы .2014

2)Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері : оқу құралы / Қ. Ж. Ахметов. - [б. м.], 2009. - 210 с

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау

Орындаған:Абдрахимов Б
Тексерген:Муратбаев Д.М

2015 жыл

Жоспары:
I.Кіріспе бөлім
1.1 Қан

II.Негізгі бөлім:
1. Қан алу
2. Физикалық қасиеттері
3.Химиялық қасиеттері

III.Қорытынды бөлім

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

І Кіріспе.
Қан айналым жүйесі адам мен басқа омыртқалы жаңуарларда механиканың көз қарасынан гидравликалық жүйе болып табылады. Бұл жүйенің құрамына камералық насостар кіреді - жүректің оң жақ және сол жақ бөлімдері (көктамырлар, олардың клапандары, қанқалы бұлшық еттер). Жүрек және тамырлар физикалық және физиологиялық факторлардың әсерінен өздерінің геометриялық және механикалық сипаттамаларын өзгерте алады. Қанның ағуы мен қысым тербелмелі түрде өзгереді. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызмет атқаруының математикалық сипаттамасын беру өте қиын, қазіргі заманда қан айналымының биофизикалық зерттеуі көбінесе екі мәселенің шешуімен айналысуда: Қанның тамырлар бойымен ағуын сипаттайтын физикалық заңдылықтарын анықтау. Тқанның жеке тамырлардағы немесе тамырлар жүйесіндегі ағуының теориялық және тәжірибелік талдауы. Қан айналымының гемодинамикалық көрсеткіштері көбінесе барлық жүрек-қан тамыр жүйесінің биофизикалық параметрлерімен, ең алдымен жүрек қызметінің өзінің сипаттамаларымен (қанның соққы көлемімен), тамырлардың құрылымдық ерекшеліктерімен (олардың радиусы мен созылу қабілетімен) және қанның өзінің қасиеттерімен (тұтқырлықпен) байланысты. Қан айналым жүйесіндегі бірқатар процесстерді сипаттау үшін физикалық, аналогтық және математикалық модельдеу әдістері қолданылады. Қанның карбонаттык, буфер жүйесі гемоглобиннін, буферлік жүйесінен кейін екінші орында. Ол барлық буферлік қызметтің 10% -ін атқарады. Карбонат жүйесі көмір қышқылынан, натрий және калий бикарбонаттарынан тұрады. Натрий бикарбонаты көбінесе плазмада, ал калий бикарбонаты эритроциттерде болады. Бұл жүйенің буферлік мәні, мынада: қанда қышқыл өнімдер-дің көбеюіне байланысты сутегі иондары бикарбонаттын, анионы-мен қосылып сәл диссоциацияланатын көмір қышқылына айна-лады да қанды қышқылданудан сақтайды:

ІІ Негізгі бөлім.
Қан жүйесі

Қан, лимфа және клеткааралық (интерстициялық) сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Клетка тіршілігі үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері түрақты болуы шарт, тек осы тұрақты-лықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс суырында да, оңтүстіктің шыжығанда да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты. Ішкі түрактылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологі Клод Бернар еді. Организмнін, ішкі сұйықтық ортасының салыс-тырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте кажет, деп мәлімдеді ол 1878 жылы. 1929 ж. америка физиологі В. Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты-басты биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин үсынды. Гомеостаз деп қан көлемі мен кұрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің түрақтылыры, яғни барлық биологиялық константаларын (артериялык қан қысымы, дене температурасы т. т.) айтады.

Клеткалардың тіршілігіне байланысты және олардың айна-ладағы табири құбылыстарымен ойдағыдай қарым-катынас жасауы әрдайым гомеостаздын сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек, тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардын қызметі арқасында, сондай-ақ денедегі арнайы механизмдердіц катысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік түрақтылықтан гөрі салыстыр-малы және динамикалық гомеостаз тән.

Қан -- жан-жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 2о -- 30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке кауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса, не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, денедегі кейбір клеткалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін кан мөлшері азайса, 5 -- 6 минуттан кейін бұзыла бастайды. Қанның негізгі функциялары:

1) Тіршілікке қажет заттарды клеткаларға, тканьдерге жет-кізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шыгарып оты-рады (тасымалдау қызметі).

2) Оттегін өкпеден тканьдерге, клеткалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді (тыныс алу қызметі).

3) Ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды (минералдарды) тканьдерге жеткізеді (трофикалық яғни қоректендіру қызметі).

4) Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен, адам денесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тканьдсрден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне, ішекке апарады. Сөйтіп оларды шығарып тастайды (экскреторлық қызмет).1. Қанның реологиялық қасиеттері Реология (rheos - ағу, ағын, logos - ғылым, грек тілінен) - заттың деформациясы мен ағымдалығы туралы ғылым. Қанның реологиясы (гемореология) дегеніміз қанның тұтқыр сұйықтық ретіндегі биофизикалық ерекшеліктерін зерттеу. Сұйықтықтың ағу формалары сұйықтықтың физикалық қасиеттернен тәуелді. Бұл қасиеттерді бірқатар параметрлер сипаттайды: тығыздық (9.1), мұнда сұйықтықтың массасы, көлем меншікті салмақ (25.29) сұйықтықтың салмағы, көлем ішкі үйкеліс коэффициенті, немесе сұйықтықтың тұтқырлығы. Сұйықтықтың тұтқырлығы (ішкі үйкілес) - сұйықтықтың бір бөлігінің басқа бөлігінің жылжуына қарсыласу көрсету қасиеті. Сұйықтықтың тұтқырлығы ең алдымен молекулалардың қозғалғыштығын шектейтін молекулааралық әрекеттесулерден тәуелді. Егер де ағып жатқан сұйықтық қозғалмайтын бетпен әрекеттесе (мысалы сұйықтықтың түтіктің ішіндегі ағуы, оңдай сұйықтықтың әртүрлі қабаттары әртүрлі жылдамдықтармен ағады. Жылдамдау ағатын қабаттар тезірек аққысы келсе, баяу қабаттары оны тоқтатады. Тұтқырлықтың болуы сұйықтықтың жылжуын шақыратын сыртқы қайнардың энергиясының шашылуына, оның жылуға көшуіне әкеледі. Тұтқырлықсыз сұйықтық (идеалды сұйықтық) абстрактты ұғым. Барлық табиғи сұйықтықтар тұтқырлықпен сипатталады. Тұтқыр ағынның негізгі заңы 1687 ж. И. Ньютонмен ойлап шығарылған: (9.1) мұнда: F [Н] - қабаттар жылжиған кездегі олардың арасындағы болатын ішкі үйкелістің күші; [Па-с] - сұйықтықтың оның қабаттарының ығысуына қарсыласуын сипаттайтын динамикалық тұтқырлықтың коэффициенты; dV dz [1c] - жылдамдық градиенті, яғни ығысу жылдамдығы; S [м2] - әрекеттесетін қабаттардың аудандары. Сонымен ішкі үйкеліс күші жылдам қабаттарды тежейді, ал баяу қабаттарды тездетеді. Динамикалық тұтқырлық коэффициентімен қатар кинематикалық тұтқырлық коэффициені де қарастырылады: ; мұнда - сұйықтықтың тығыздығы. Қан реакциясып өзгертпей бірқалыпты сақтауда эритроциттер мен плазманын, үлкен мәні бар. Қан плазмасында карбонат, фосфат және белок, ал эритроциттерде гемоглобин буферлік қыз-метті орындайдыс Гемоглобин ең күшті буферлік жүйе ретінде үздіксіз жұмыс істейді, қанның барлық буферлік қызметінің 75%-ін сол атқарады. Бұл буферлік жүйе гемоглобин мен калий тұзынан тұрады: ННв. КНв ННвОа КНвО.

Гемоглобин оттегі мен көмір қышқылды газды тасымалдап қан реакциясын (рН) реттеуге қатысады. Қалыпты гемоглобин мен оксигемоглобиннің (ННвСҺ) реакциясы -- қышқыл. Қалыпты ге-моглобиннің ҚЫШҚЫЛДЫРЫ оксигемоглобин қышқылдырынан 80 есе төмен. Қышқылдар тобының гемоглобиннен бөлініп шыруы (диссоциация) оның. оттегіне қаныруына байланысты.

Гемоглобинніқ буферлік қасиеті мынада: гемоглобин қышқыл зат, бірақ көмір қышқылына караранда ол әлсіз, сондықтан ол көмір кышқылына К+ ионын беріп, өзі Н+ ионын қосып алады да, әлсіз диссоциацияланатын қышқылға айналады: КНв + Н^СОз^-ННв + КНСОз. Сөйтіп, тканьде гемоглобин буфері сілтілік қызметін атқарады, көмір қышқыл газ бен сутегін өзіне қосып алады да кышқыл заттардын, қанда жиналуына кедергі жасайды, қанды қышқылданудан сақтайды. Өкпедегі көмір қышқыл газ сыртқа шыққан соң қанның сілтілігі артуы мүмкін, мұндай жардайда гемоглобин қышқыл ретінде қаннық сілтіленуі-не кедергі жасайды.

Қанның карбонаттык, буфер жүйесі гемоглобиннін, буферлік жүйесінен кейін екінші орында. Ол барлық буферлік қызметтің 10% -ін атқарады. Карбонат жүйесі көмір қышқылынан, натрий және калий бикарбонаттарынан тұрады. Натрий бикарбонаты көбінесе плазмада, ал калий бикарбонаты эритроциттерде болады. Бұл жүйенің буферлік мәні, мынада: қанда қышқыл өнімдер-дің көбеюіне байланысты сутегі иондары бикарбонаттын, анионы-мен қосылып сәл диссоциацияланатын көмір қышқылына айна-лады да қанды қышқылданудан сақтайды:

ЫаНСОз + НС1-І-ЬСОз + ЫаС1. Мұнымен қатар артық көмір қышқылы ыдырап, су мен көмір қышқыл газға айналады да, өкпе катты желдснген кезде (гиііервентиляция) сыртқа шырарылады. Қанда сілтілік иондар (ОН~) көбейсе, олар көмір кышқылымен әрекеттеседі де натрий бикарбонаты (ЫаНСОз) мен су пайда болады:

Пайда болған артық өнімдер несеппен бірге сыртқа шырарыла;

Фосфаттық буфер жүйесі фосфор қышқылының бір негіздік ЫаН2РО4 және екі негіздік (Ма2НРО4) түздарынан тұрады. Олардың буфсрлік қызметі қаннын, жалпы буферлік қызметінің 1%-ін ғана алады. Қанға күшті қышқыл құйылса онымен негізді фосфат (Ыа2НРО4) әрекеттеседі де бейтарап тұз бен бір негізді фосфатқа айналады:

Қанға күшті сілті құйылса, керісінше, ол фосфор қышқылының бір негізді тұзымен әрекеттесіп, фосфор қышқылының екі негізді тұзы мен сура анналады:

Жиналған фосфаттар бүйрек арқылы сыртқа шыгарылады.

Белоктық буфер жүйесі -- плазмадағы күшті буферлік жүй-лердіқ бірі. Белоктың буферлік қасиеті оныд молекуласындағы қышқыл мен сілті топтарына яғни амфотерлік реакция беретіні-не байланысты, Белок қышқыл жерде сілті ретінде қышқыл затпен, сілтілі жерде қышқыл ретінде сілтілі затпеи әрекеттеседі.

Жоғарыда аталған буферлік жүйелердің қызметі қанның буферлік мүмкіншілігінің өте жоғары екенін көрсетеді. Жай срітін-ділермен салыстырғанда өте күшті қышқылдар мен сілтілер қан-пың белсенді реакциясын өзгерте алмайды. Мәселен, плазманың рН-ін сілтілік жагына қарай ығыстыру үшін қанға қосылатын натрий сілтісін (ЫаОН) судан 40 -- 70 есе артық қосу керек. Ал кан реакциясын қышқыл ету үшін плазмаға құятын тұз қышқы-лының (НСІ) мөлшері суға қосылатын мөлшерінен 300 -- 350 есе жогары болу керек.

Қанның буферлік касиеті ондағы әлсіз қышқъіл, сілтілі тұз-дарының мөлшеріне де байланысты. Олардың мөлшері қанның сілтілік қоры (резерві) деп аталады. Қанның сілтілік қоры, көмір қышқыл газдың қысымы с. б. 40 мм-ге тең (альвеолалық қу-ыстағы қысымдай) болса, 100 мл қандағы тұздармен байланыс-кан көмір қышқылының мөлшерімен (мл) өлшенеді. Адам қанының сілтілік қоры әдетте ССҺ өлшемімен 50 -- 65%-кс тең. Қанда-гы буферлік жүйелер әлсіз болса, зат алмасуы барысында түзіл-геп қышқыл-сілті өнімдеріц сыртқа шығарып отыратын әрекеттік жуйснің қызметіне қарамастан қаннын. белсенді реакциясы аздап ыгысуы мүмкін. Қанның белсенді реакциясының қыіпқыл жаққа карай ауысуы ацидоз, ал сілтіге қарай ауысуы алкалоз деп аталады.

Қан айналысының үлкен және кіші шеңберлер капиллярларында қанның сілтілі қоры мең рН-і әрқашан аздап ығысуы мүмкін. Басқаша айтқанда қан айналысының үлкен шекбер капил-лярына тканьдерден көмір қышқыл газы келеді, осыған байла-ІІысты вена қаны артерия қанына қарағанда 0,01 -- 0,05 мөлше-рінде қышқылданады, сондай-ақ өкпе капиллярларынан көмір кыпікыл газдыц альвеолалық ауаға шығуына байланысты рН, керісінше қарсы жаққа ығысады.

Қанның құрамы

Қан сарғылттау келген сұйық зат -- плазмадан жәнс онық ішіиде жүзіп жүргсн қан клеткаларынан, яғни формалы элемент-терден тұрады. Қан клеткалары қызыл түтршіктер (эритроциттер) мсн ақ түйіршіктер (лейкоциттер), қан пластинкалары

тромбоциттер. Плазма қац құрамының 52 -- 58%-іне, қан клетка-лары -- 42 -- 48%-не тең

Қан клеткаларынық жалпы гематокриттік көрсеткіші 42 -- 48%, ал қанның әр литрінде 0,42 -- 0,48 литр. Соқғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады.

Плазманың құрамы. Оның 90 -- 92%-і судан, қалганы (8 -- 10%) құрғақ заттардан тұрады, Соңғыларының 8 -- 9%-і органикалық заттар, оның ішінде белок 6 -- 8%; 0,9% -- 1% бей-органикалық (минерал) заттар. Бұлардық көбі ас тұзы (90%). Органикалық заттардың көбі белоктар: альбумин, глобулин (а, р, ү) фибриноген. Альбуминдер мен фибриноген бауырда, глобулиндер бауырда және сүйек кемігінде, көкбауырда, лимфалық түйіндерде түзіледі. Бұлармен қатар плазмада глюкоза, липид-тер, сүт қышқылы, пировиноград қышқылы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан алу мен оның физикалық қасиеттерін анықтау туралы ақпарат
Қанның физикалық қасиеттерін анықтау. Қан алу
Қанды зерттеудің клиникалық маңызы
Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын нығайту
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жайлы ақпарат
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жайлы мәлімет
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау
Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары
Физика және медицина
Ультрадыбыстық зерттеу аппаратының түрлері,құрылысы,жұмыс істеу принциптері жайлы
Пәндер