Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы



1. Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы.
1.1. Зат алмасудың биологиялық мәні
1.2. Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясына сипаттама
1.3. Май алмасуының бұзылыстары

2. Орын толтыру, бейімделу процестерінің морфологиялық көрінісі.
2.1. Регенерация
2.2. Жеке тоқымалар регенерациясы
2.3. Бұлшық ет регенерациясы
2.4. Қан тамырларының регенерациясы
2.5. Эпителийй регенерациясы
2.6. Гипертрофия және гиперплазия
2.7. Атрофия (сему)
Зат алмасу (метоболизм) бір-бірімен тығыз байланысты екі процесстің жиынтығы. Олар :
Ассимиляция - қарапайым заттардан торшалар құрамындағы күрделі органикалық қосылыстар түзіліп, торшалардың құрылымы күрделінеді. Процессте химиялық бос энергиялар пайдаланылады. Ассимиляция эндоэргиялық құбылыс.
Диссимиляция - торшалардағы күрделі қосылыстар қарапайым заттарға ыдырап, энергия босайды, бұл экзоэргиялық құбылыс.
Зат алмасу – тіршілік процесстерінің химиялық қозғалысы.
Зат алмасу кезеңдері:
Алғашқы кезеңі
Болып асқорыту процесі айтылады. Сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттардың организмде механикалық, химиялық, биологиялық өндеуден өтуінен және қорытылуынан басталады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Аграрлық факультеті

CӨЖ
Тақырыбы: Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы.
Орын толтыру, бейімделу процестерінің морфологиялық көрінісі.

Орындаған: Бейбитбаева Н. Е.
Тексерген: Жұмабеков Х. С.
Топ: ВС-203

Семей, 2015 жыл
Мазмұны:
1. Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы.
1.1. Зат алмасудың биологиялық мәні
1.2. Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясына сипаттама
1.3. Май алмасуының бұзылыстары

2. Орын толтыру, бейімделу процестерінің морфологиялық көрінісі.
2.1. Регенерация
2.2. Жеке тоқымалар регенерациясы
2.3. Бұлшық ет регенерациясы
2.4. Қан тамырларының регенерациясы
2.5. Эпителийй регенерациясы
2.6. Гипертрофия және гиперплазия
2.7. Атрофия (сему)

()

1. Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы.
1.1. Зат алмасудың биологиялық мәні
Зат алмасу (метоболизм) бір-бірімен тығыз байланысты екі процесстің жиынтығы. Олар :
Ассимиляция - қарапайым заттардан торшалар құрамындағы күрделі органикалық қосылыстар түзіліп, торшалардың құрылымы күрделінеді. Процессте химиялық бос энергиялар пайдаланылады. Ассимиляция эндоэргиялық құбылыс.
Диссимиляция - торшалардағы күрделі қосылыстар қарапайым заттарға ыдырап, энергия босайды, бұл экзоэргиялық құбылыс.
Зат алмасу - тіршілік процесстерінің химиялық қозғалысы.
Зат алмасу кезеңдері:
Алғашқы кезеңі
Болып асқорыту процесі айтылады. Сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттардың организмде механикалық, химиялық, биологиялық өндеуден өтуінен және қорытылуынан басталады.
Екінші кезеңі
Асқорыту жолынан ыдырау өнімдері қан мен лимфаға сіңуімен екінші кезең басталады. Органикалық заттар ыдырап синтезделіп, қоректік заттар энергия көзі, құрылымдық материал ретінде пайдаланылады.
Үшінші кезеңі
Ол организмде пайда болған ыдырау өнімдерін бөліп шығару.

1.2. Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясына сипаттама
Организмдегі зат алмасу процесінің қарқынына көптеген факторлар әсер етеді. Оған әсер етпейтін бірде- бір не сыртқы, не ішкі факторлар болмайды. Осыған байланысты зат алмасу процесі малдың жасына, жынысына, салмағына, тұқымына, азықтандыру деңгейіне, физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады.
Зат алмасуының типтік алмасуының паталогиясы деп - организмнің белгілен органындағы зат алмасу процесінің дұрыс істемеуінен сол органда пайда болған өзгерістер айтамыз.
Мысал, су алмасуының бұзылуы болғанда қандай патологиялық өзгерістер болады екен?! Соған тоқталып өтсем.
Пайда болу себебіне және даму жолдарына қарай жүректік, бүйректің, бауырлар, ашылулық, қабынулық, уыттық, неирогендік, аллергиялық, лимфогендік ж.б. ісінулер ажыратылады. Жүректік ісіну. Жүректік ісіну жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде веналық тамырларда қан іркіліп қалудан және жүректен шығатын қан көлемі азаюынан болады. Жүректен шығатын қан көлемі азаюы:
1.гипосияға, метоболизмдік ацидозға, капиллярлар кемерлердінің өткізгіштігі жоғарылауына;
2. бұйрек ишемиясына, ренин-ангитензин жүйесі арқылы әлдостеренонның артық түзілуіне, гипернатриемияға, гипоталамуста антидиурездік гормонның түзілуі көбейуне, бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңіріуі артуына әкеледі.
Осы көрсетілгенденр организмде судың ұсталып қалуына, олигоцитемиялық гиперволемияға, сулануға және ісінуге әкеледі.

1.3. Май алмасуының бұзылыстары
Майлардың сіңірілуінің бұзылуы.
Ішектерде тағамдық май сіңірілуі үшін оның эмулсиялануы (лат. emulsus -- сұйықта заттың ерімеген микроскопиялық тамшылары араласқан жағдайда сақталу түрі қажет. Ұлтабарға ет түспеуі немесе оның тым аз түсуі майлардың сіңірілуіне тікелей әсер етеді. Өт жолдарының бітелуі, өт қабығының қабынуы (холецистит) және өт шығару үрдістерінің бұзылыстарымен сипатталатын бауырдың кейбір аурулары кездерінде тағамдық май эмульсияланбауынан сіңірілмейді.
Ауқаттық гиперлипемия. Майлы тамақты көп ішкеннен кейін 2 -- 3 сағаттан соң дамиды да, 4 -- 6 сағаттан соң ең жоғары деңгейге көтеріледі. 9 сағаттан кейін қандағы май мөлшері қалыпты деңгейге жетеді. Ол көк бауыр алынып тасталғанда, гепариннің өндірілуі бұзылғанда ұзақ және жоғары деңгейдегі гиперлипемия байқалады. Ac тұзы, өт қышқылдары гиперлипемияның дамуына әкеледі.
Тасымалдық гиперлипемия бауырда гликогеннің қоры азайғанда (ашығу, қантты диабет ж. б.) байқалады. Бұл кезде май қорларынан, өкпеден, сүйек кемігінен, майлардың бауырға бағытталуы көптеген гормондардың әсерлерінен болады. Ашыққан организмге глюкоза жібергенде бауырда гликогеннің қоры қалыптасып, майлардың бауырға тасымалдануы (тасымалдық гиперлипемия) азаяды.
Бөгелулік (ретенциондық) гиперлипемия -- қаннан майлардың тіндерге ауысуы бегеледі. Босаған май қышқылдары альбуминмеп байланысып (альбуминнің I молекуласы май қышқылының 6 -- 7 молекуласын байланыстырады), қаннан жасушаларға ауысады. Осыдан қанда альбуминнің жеткіліксіздігі (ашығу, бүйрек, бауыр аурулары) кездерінде майдың қанда ұсталып қалуына, гиперлипемияның дамуына әкеледі. Осындай жағдай гепариннің жеткіліксіздігі кездерінде байқалады (атеросклероз, қантты диабет ж. б.).

1. Орын толтыру, бейімделу процестерінің морфологиялық көрінісі.
Орнын толтыру процестерінің морфологиялык көріністері әртүрлі оларга: регенерация, гипертрофия және гиперплазия про- цестері жатады. Ал бейімделу процестеріне: атрофия, метаплазия және орнын толтыру жатады.

2.1. Регенерация
(лагынша - regeneratio - кайта туу, жацару)
Өлген торшалардың, тоқыма элементтерінің, ағза қызметінің жаңарып, қайта қалпына келуін атайды.
Көптеген бейімделу реакцияларының негізіне регенерация жатады. Организмде жүріп жатқан патологиялық процестер, ағза қызметінің бұзылуына, олай болса, торшалардың түрлі қүрылымдық өзгерістеріне алып келеді. Осы жойылған қүры- лымдар өз қалпына келгенде ғана, ағза қызметін әрі қарай жалғап, қоршаған орта талаптарына сай әрекет ету мүмкінші- лігіне ие болады.
Регенерацияның үш түрі бар: 1) физиологиялық; 2) репера- тивтік; 3) патологиялық регенерация. Физиологиялық регенерация ешбір әсерсіз қалыпты жағдайда өтеді. Физиологиялық регенерация тозығы жеткен тоқымалар мен торшаларды жаңартуға бағытталған. Оның мысалы ретінде терінің, ішек-қарын, тыныс алу жүйелерінің эпителийінің үздіксіз алмасып тұруын келтіруге болады. Егер де осы процестер уақтылы өтпесе, шырышты қабық- тарда жара пайда болып, әртүрлі микробтар тікелей қанға өтіп кетер еді. Демек, регенерация шырышты қабықтардың бүтіндігін, олардың қорғаныш қызметін қамтамасыз етеді, ішкі және сырт- қы орта тұрақтылығын қалпына келтіреді. Тіршілігі жойылған қан элементтерінің ыдырап, орнына жас элементтердің үздіксіз пайда болып тұруы да физиологиялық регенарация түріне жатады.
Репаративтік регенерация торшалар мен тоқымалардың әртүрлі себептерге байланысты зақымдануы нәтижесінде пайда болады.
Регенерация процесі барлық жан-жаңуарларда бірдей өт- пейді. Мысалы, бақша ұлуының басын кесіп тастаса орнына жаңа бас пайда болады. Кесірткенің үзілген қүйрығы қайтадан өсіп шығады. Көпке дейін толық регенерация (реституция) деп, осы- лайша жоғалған ағза орнына сол тектес жаңа ағзаның пайда болуын түсініп келдік. Бірақ эволюцияның ең жоғары сатысы- на көтерілген сүт қоректілерде де, адамда да бұл секілді жаңару жоқ. Көпке дейін соған қарап даму процесінің ең жоғарғы саты- сындағы организмдерде регенерация мүмкіншілігі жоғалған не өте төмендеген деген ұғым-қағида болды. Дегенмен, көптеген зерттеулер нәтижесінде, әсіресе кейінгі 20-30 жыл ішінде, бұл организмдерде регенерацияның басқа, көп уақытқа дейін анық болмаған түрлері бар екені анықталды. Осы мәселені толық шешуде Д. С. Саркисовтың және оның шәкірттерінің орны ерекше. Олар электронды микроскопты пайдалана отырып, регенерация процесінің жаңа зандылықтарын ашты, торша ішіндегі регенерация - регенерация процесінің жан-жақтылы- гын анықтады. Осы зерттеулер нәтижесінде толық регенерация болмаған жағдайда ағзалар мен торшалар қызметі қалайша қал- пына келеді деген сүраққа толық жауап алынды.
Ағза қызметінің қайтадан жаңаруы үшін, оның сыртқы пішінінің қайта қалыптасуы шарт емес. Мысалы, бауырдың жарты бөлігін алып тастағанда, кесілген жерде тыртық пайда болады (субститутция - жартылай регенерация). Ал бауырдың қызметі қалған торшалардың бөлінуі, көбеюі және торша іші ультра құрылымдарының жаңаруы нәтижесінде өз қалпына келеді.
Торша іші регенерацияның өзі бірнеше деңгейде өтеді:
Органоид ішіндегі регенерация. Торша ішіндегі көп- теген органеллаларга тән бұл процесті тек қана электронды микроскоп арқылы анықтауға болады.
Молекулалар регенерациясы (молекулалардың жаңаруы). Бұл процесті көбінесе биохимиктер, генетиктер зерттейді.
Регенерация түріне қарап, ағзаларды бірнеше топтарға белуге болады (2-ші кестені қараңыз).
Ағзалардың кейбіреуінде (сүйекте, эпидермисте және т.б.) регенерация тек қана торшалардың бөлінуі аркылы көбеюімен жүреді. Басқа бір ағзаларда (бауырда, бүйректе, өкпеде және т.б.) торша регенерациясы мен торша іші регенерациясы катар жүреді.
Миокардта негізінен торша іші регенерациясы үшыраса, мидағы ганглиозды торшаларда тек қана торша іші регенерациясы аркылы қайта жацарады.
Сонымен, жоғарғы сатыдағы организмдерде регенерация процесі жоғалып кетпегендігі, оның тек басқа түрде өтетіндігі анықталды. Тіпті әрбір ағзада, оның құрлымдық-қызметтік ерек- шеліктеріне қарап, регенерация түрлері өзгеше болады.
Регенерация процесінің морфогенезі екі кезеңді қамтиды: 1. пролиферация; 2. дифференциялау. Бірінші кезеңде жас, әлі толық жетілмеген торшалар саны көбейеді, ал екінші кезенде олар белгілі бір бағытта жетіліп, сол жердегі торшалардың ор- нын басады.
1 -кесте
Ағзалардмц регенерация түріне қарай жіктелуі
(Д.С.Саркисов бойынша)
Торшалық
регенерациясы
тән
Торшалық және торша ішілік регенера- циясы (аралас) тән
Торша ішілік регенерация тән

негізінде
тек қана
Сүйектер
Эпидермис
Ішек-қарын,
тыныс және зәр шығару
жолдарының шырышты
қабығы
Эндотели
Мезотелий
Болбыр дәнекер тоқыма Қан түзейтін жүйе
Бауыр
Бүйрек
Өкпе
Бірыңгай салалы және қанқа бұлшық еттері
Вегетатив нерв жүйесі Үйқы безі
Ішкі секреция жүйесі
Көбінесе - миокардта
Тек қана -
орталық
нерв
жүйесінің
ганглиозды
торшала-
рында

Патологиялық регенерация реперативті регенерацияның бүрмаланған түрі. Әртүрлі факторлар әсерінде регенерация процесінің қалыпты барысы өзгереді: не ол жеткіліксіз болған- дықтан жоғалған тоқыманың орны толмайды (гипорегенерация), не шамадан тыс өсіп кетеді (гиперрегенерация). Кейбір жағдайда бір тоқыманың орнын екінші тоқыма басады (метаплазия).
Гипорегенерацияның мысалы етіп аурудың әлсіздігі, витамин- дердің жеткіліксіздігі, нервпен реттеудің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын, үзақ уақыт бітпейтін жараларды атауға болады.
Гиперрегенерация кезінде терінің жарақаттанған жерінде регенерация процесі уақтында тежелмей, сол жердегі тоқыма шамадан тыс, ет тәрізді (жабайы ет) өсіп кетеді. Осылайша толық жүрмеген регенерация түрлерін субститутция дейді.

1.2. Жеке тоқымалар регенерациясы
Дәнекер тоқыма регенерациясы сол жарақаттанған жердегі жас мезенхима торшаларының және майда қан тамырларының көбеюімен басталады. Жаңа пайда болған тоқыма жара үстінде бүртіктеніп тұрғандықтан грануляциялы (granulum - дән) тоқы- ма деп аталады. Оның негізі лимфоцитке үқсас полибластар деп аталатын ірі торшалар. Микроскоппен қарағанда бұл жерде көпте- ген капиллярларды, олардың арасында лейкоцит, моноцит, лимфоцит, лаброцит торшаларын көреміз. Бүл жерде фибробласт тор- шаларының саны бірте-бірте көбейіп, олар тропоколлаген және глюкозамингликандар түзеді. Регенерация нәтижесінде әуелі ар- гирофильді, кейін коллагенді талшықтар пайда болады. Ал қан арқылы келген элементтер мен капиллярлар саны, дәнекер тоқы- ма мөлшері көбейген сайын азая береді. Бара-бара грануляциялы тоқыма жетілген (қатайғаң) талшықты тоқымаға айналады.
Сүйек тоқымасының регенерациясын сүйек сынғанда бақы- лауга болады. Сүйек регенерациясының жылдамдығы сүйек сы- нықтарының қаншалықты өз орнына салынуына және берік бекітілуіне байланысты. Тері бүтіндігі бүзылмаған жағдайда (жабық сынықтар) сынық тезірек бітеді. Сонымен қатар, сынық- тың уақтылы бітуі жасқа да байланысты. Сүйек сынғанда қан тамырлары, жүмсақ тоқымалар жарақатганып, оның айналасына қан құйылады. Осы жерде мезенхима және қан элементтерінен уақытша түзілген дәнекертоқымалы шор пайда болады. Сонымен қатар сүйектің периост ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы жайлы ақпарат
Жануарлар организмдерінің бейімделу процесі
Зат алмасудың типтік бұзылуының патологиясы жайлы мәлімет
Жүйке жүйесінің жалпы патологиясы
Бауырдың түйіршікті дистрофиясы
Зат алмасудың тиіптік бұзылуының патологиясы
“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер
Клиникалық биохимия пәні
Тыныс алу жүйесінің патологиясы
Белсенді әсер ететін заттар
Пәндер