Былғары мен тері



Былғары мен терінің сипаттамасы және жіктелуі
Аяқ.киімге арналған былғары.
Ер.тұрмандық былғарылар.
Техникалық былғары.
Былғары және тері өндірісінің мақсаты мал терісінен халық тұтынатын бұйымдар даярлауға қажетті былғары мен үлбір жасау болып табылады. Былғары мен тері технологиясы – белгілі тұтынымдық қасиеттері бар шалафабрикат алғанға дейінгі теріні өңдеу кезінде жүретін химиялық, физика-химиялық және механикалық процестердіңмәні мен оларды жүзеге асырудың тәсілдері туралы ғылым. Былғары мен тері ұғымдарына анықтама. Былғары алу кезңнде теріден түк, қыртыс және тері асты клетчаткалары сылынып тасталады, былғарыны өңдеу үшін кейде оның бет және астыңғы қабаттарының бір бөлігі алынып тасталады.
«Былғары және тері технологиясы» Ө.Мәдиев, Қ.Айтөленова

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Аяқ-киімге арналған былғары. Ер-тұрмандық былғарылар. Техникалық былғары.

Орындаған: Серікбаева Б.Б
Тобы: ТК-421
Тексерген: Бауыржанова А.З

Семей 2015
Былғары мен терінің сипаттамасы және жіктелуі
Аяқ-киімге арналған былғары. Ер-тұрмандық былғарылар. Техникалық былғары.

Былғары және тері өндірісінің мақсаты мал терісінен халық тұтынатын бұйымдар даярлауға қажетті былғары мен үлбір жасау болып табылады. Былғары мен тері технологиясы - белгілі тұтынымдық қасиеттері бар шалафабрикат алғанға дейінгі теріні өңдеу кезінде жүретін химиялық, физика-химиялық және механикалық процестердіңмәні мен оларды жүзеге асырудың тәсілдері туралы ғылым. Былғары мен тері ұғымдарына анықтама. Былғары алу кезңнде теріден түк, қыртыс және тері асты клетчаткалары сылынып тасталады, былғарыны өңдеу үшін кейде оның бет және астыңғы қабаттарының бір бөлігі алынып тасталады. Бахтарма немесе бахтармалық қабат деп тері асты клетчаткалар жинақталған бетті айтады.Былғары - негізінен талшықты құрылымы сақталған , бірақ оның құрылымдық элементтерінің физикалық, физика-химимиялық қасиеттері былғарыны қолдану жағдайына сәйкес өзгертілген мал терісінің өзеңі. Тері-талшықты құрылымы негізінен сақталған, тері асты клетчаткасы, кей жағдайларда өзеңнің бір қабаты алдынып тасталып, бірақ талшықтарының, сондай-ақ түкті жабынның физикалық, физика-химиялық қасиеттері түкті жабынның атқаратын міндетіне қарай үзгеріске ұшыраған мал терісі.
Былғары 4 класқа бөлінеді:
I. Аяқ киім былғарысы. Ол өзінше 2 топқа бөлінеді:
1. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары;
2. Аяқ кимнің төменгі бөлінгіне арналған былғары.
II.Ер-тұрмандық былғары 2 топқа бөлінеді:
1. Жегуге арналған былғары;
2. Адамға және жылқы малына қажетті саймандық былғары.
III. Техникалық былғары 3 топқа бөлінеді:
1. Қозғалтқыш таспалық былғары;
2. Машина бөлшектеріне қолданылатын былғары;
3. Әртүрлі техникалық мақсаттарға қолданылатын былғары.
IV. Киімдік-галантереялық былғары 2 топқа бөлінеді:
1. Киімдік былғары;
2. Галантериялық былғары.
Осы жалпы жіктелуден басқа былғары шикізаттың түріне, өңдеуіне, илеу тәсілі мен сипатына, қалыңдығы мен ауданына байланысты топтастырылады.
Аяқ киім былғарысы

Аяқ киімнің төменгі бөліне арналған былғары мүйізді ірі қараның, түйенің, шошқаның, су жануарларының терісі мен жылқының сауыр терісінен жасалады. Көн ұлтандық және ұлтарақтық болып бөлінеді.
Көн-ауданы жағынан алғанда тұтасжәне жартылай былғары, олардың түсі табиғи немесе өңделген түрде болады. Көн былғарысы қалыңдығына қарай 6 санатқа бөлінеді, I санаттың қалыңдығы 5мм-ден артады, VI санаттікі - 2,6-3 мм.V пен VI категория ұлтанға жарамайды. Ол ұлтарақ үшін қолданылады.
Аяқ киімнің үстіңгі бетіне бекіту тәсілі бойынша табан былғарысы екіге бөлінеді:
1. Шегелеу немесен бұрандалау тәсілімен бекітілетін табан былғарысы. Мұндай былғары қалың, қатты және қалың болуы керек.
2. Жіппен тігу немесе желімдеу тәсілімен бекітілетін былғары.
Бұл былғарының қалыңдығы қаттылығы және тығыздығы табан былғарысынан сәл жұқалау орташа болуы керек. Ұлтарақтық былғары физика-механикалық басқа гигиеналық талаптарға да сай болуы қажет.
Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған (халық арасында-бас былғарысы), мүйізді ірі қараның, қойдың, ешкінің, шошқаның терілерінен, сондай-ақ, жылқы терісінің алдынғы жағынан жасалады. Ол сан рет иілі немесе созылуға, кернеу мен қажалуға, ылғал, тер, шаң, химиялық заттар мен жоғары температура әсеріне төтеп беруге тиіс.
Аяқ киімнің беті ретінде былғарынығ құндылығы оны, ауа, су откізбеуге қабылеттілігімен, серпімділік пластика қасиеттерімен айқындалады. Былғарының жақсы пластикалық қабілетіне байланысты, аяқ киімнің басықажетті қалыпқа жақсы көндігеді және кие келе жымдасып аяқтың формасына қалыптасады, сондықтан ол формасын ұзақ сақтайды.
Өте созылғыш былғарыдан жасалған аяқ киім, өз формасын тез жоғалтады (тапталып қалады), ал созылмалығы нашар былғарыдан жасалған аяқ киім нашар қалыптасады әрі кигенде аяқты қажайтын болады. Аяқ киімнің үстінгі бөлігіне арналған былғары екі түрге бөлінеді:
1. Бұрандалау және шегелеу тәсілдерімен бекітілген былғары ауыр аяқ киімдердің үстінгі бөлщектерін жасауға арналып, юфть деп аталады. Юфть аяқ киімге және сандал жасауға деп екіге бөлінеді. Ол мүйізді ірі қараның, жылқы мен шошқаның терісін ерекше өңдеу арқылы алынады.
Аяқ киімге арналған юфть су өткізгіштігі өте төмен, созылмалы, илікпелі және созылмалы болуы керек.
Сандал жасауға арналған юфть аяқ киімдікімен салыстырғанда майлы заттары аз, серпімділігі күшті біршама жұмсақ және созылмалылығы аздау болуы керек.
2. Жіппен тігу және желімдеу тәсілдерімен бекітілетін аяқ киімнің үстінгі бетінің былғарыларына хроммен иленген былғары жатады. Олар шикізаттың түріне қарай , бұзау, торпақ, тайынша, бұкқа шошқа терісінен жасалады.
Ауданы 60 дмкв жетпеген ешкі былғарысы шевро деп, ал қой былғарысы шеврет деп аталады. Былғарының ұстағанда қаттылғы сезілмеу керек, жақсы өңделген, майынан арылған, біркелкі боялған, бетінде ақауы жоқ, бүкіл ауданының қалыңдығы бірдей, бахтармасы жұмсақ және ауа мен бу өткізгіштігі жеткілікті болуы қажет. Жалпы аяқ киімнің үстіңгі былғарысы тұтас және жартылай былғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар
Былғары өндірісінің сипаттамасы мен жіктелуі
Былғары және тері өндірісінің шикізаты
Былғары мен терінің сипаттамасы және жіктелуі
Былғары және тондық- мех тері шикізатының түрлері
Жасанды былғары өндірісі
Аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хром былғары
Былғары өндірісінің шикізаты
Ірі қара мал шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы
Былғары және тері өндірісінің шикізаты жайлы мәлімет
Пәндер