Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек туралы ақпарат


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы :
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Орындаған: Мукатаев Е. Б
Тобы: ВС-303
Тексерген :Ахметжанов О. Н.
Семей 2015 жыл
ЖОСПАР:
I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Электр жарақаты
- Электр тогын алған жануарлардың белгілері
- Электр тогынан жарақат алған малға алғашқы ветеринариялық көмек
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Электр тоғының немесе найзағайдың - атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.
Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы- организмге термиалық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.
Электр тоғы өткен кезде малдың жалпы белгілері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.
Электр тогынан зақымдану олар техникалық немесе атмосфералыық электр тогы әсер етуінің нәтижесінде туындайды. Электр приборларын малмен жұмыс істегенде немесе малдың абайсызда токка түсуінен электр жарақаттарына соқтырады. Ток соғуы организмге термиялық, электролиттік және механикалық әсерлерден тұратын күрделі физикалық химиялық процесс. Ток әсері күші 3-5 мА тең болған жағдайда сезіле бастайды, ал күші 20-25 мА тең ток бұлшық еттердің еріксіз қысқаруына соқтырады. Электр тогы соққанда малдың өліміне және салданып қалуы әбден мүмкін . Электр тогы соғуының себептерін және фактілерін кейде анықтау өте қиын болады, сонымен қатар электр жарақатын зақымданудың басқа түрлерімен (дене бетінің шағын бөлігінің термиялық түйісу күйіктері, электр тогы соғып биіктен құлаған кездегі сынықтар, т. б. ) жеңіл шатастырып алуға болады.
Электрлік жарақаттанулар тері қабаттарының тереңдігі артатын, сондай-ақ нөсер кезінде атмосферада электр зарядтарының едәуір жинақталуы нәтижесінде найзағай ұруы мүмкіндігі туындайтын көктем-жаз және күз мезгілдерінде жиі кездеседі. Бұл жағдайда найзағайдың жерге өту жолы даладағы жалғыз ағашқа, ормандағы ең биік ағашқа немесе кез келген металл конструкциясына бағытталуы мүмкін. Сондықтан нөсер жаңбырда малдардың олардың астында тұру қауіпті. Жайлардың ішінде найзағайдың зақымдаушы әсерінен сақтану үшін терезелерді, самалдатқыштарды жабу, барлық электр приборларын желіден ажырату қажет.
Электр тогының өлімге соқтыратын қауіпті зақымдауы оның кернеуі 127-220В және төмен болғанда туындауы мүмкін. Кернеуі 1В-тан жоғары ток соққанда мал кең көлемдегі күйік нәтижесінде өліп кетуі мүмкін. Төменгі вольтты токтарды қауіпсіз деп есептеуге болмайды. Бірдей кернеулер кезінде айнымалы ток тұрақтыға қарағанда қауіптірек екені байқалған. Кернеуі неғұрлым жоғары ток соққанда малдың электрлік күйіктердің көптеген орындары болады.
Дене арқылы өтетін ток күші оның кернеуіне тура пропорционал және тері қабаттары мен оны жерден ажыратып тұрған заттардың кедергісіне кері пропорционал. Организмнің электрлік кедергісі ең бастысы оның тері кедергісіне байланысты және 2000-нан 2 Омға дейін аралықта болады. Терінің белгілі бір орындағы қарсылығы едәуір ауытқуда болуы мүмкін. Тері неғұрлым жұмсақ әрі ылғал болса, соғұрлым оның қарсылығы кедергісі төмен. Ішкі органдардың электрлік кедергісі 500-1000 Омды құрайды.
Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:
Клиникалық белгілер. Электр тогымен зақымданған жануарлардың клиникалық белгілері бойынша мынадай формада білінеді:
- Апоплексикалық
- Ауыр
- Жеңіл
Апоплексикалық форма жанурларда өте күшті электр тогы мен найзағай соққанда көрініс табады. Токтың әсерінен жануар құлап, бірден өледі. Кейбір жануарларда шоктың ауыр түрі орын алады, ондай жануарлар толығымен рефлекстер мен сезімталдығынан айырылып, аяқ қолдарын бауырына жинап алып жерде қозғалыссыз жатады. Клиникалық зерттеу кезінде жануарлардың жүрек соғысы мен тыныс алуы байқалмайды.
Ауыр формада жануар құлап, аяқ-қолдары сіресіп қалады. Жарақаттанған жануар шокқа ұшырап, рефлекстері қалыпты болмайды, жүрек қан тамырларының жетімсіздігі, өкпесі ісініп, несеп пен нәжісті еріктен тыс шығару байқалады. Жарқаттау көзін бейтараптағанда, жануар орынынан тез тұрып, есін жинайды, артынша элекрто жарақаттың салдары біртіндеп пайда болуы мүмкін. Токпен ірекеттескен тері бөлігінде жарақат қалып қояды.
Жеңіл форма возомоторлық ауытқушылықтар, қаңқа бұлшық еттерінің тонусының артуымен ерекшеленеді. Жарақаттау көзінен жануарды босатқан соң, барлық клиникалық белгілер жойылып, жануар тынышталады.
Алғашқы көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі- зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.
Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы ветеринариялық көмек оқиға болған жерде жедел және үздіксі көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайында жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.
Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі-дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-4 мл 25пайыз ерітіндісі, кофеиннің 1 мл 5 пайыз ерітіндісі ) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (1 мл цититон, терінің астына лобелиннің 1 мл 1 пайыз ерітіндісі ) берумен орайластыру қажет.
Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан жануарды жерге көміп тастауы керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады. Найзағай соққан жануарды жерге көмуге мүлдем тиым салынады! Зардап шегушіні жерге көміп тастау қосымша қолайсыз жағдайды туғызады: тыныс алуды нашарлатады, зардап шегушінің денесін суындырады, қан айналымын қиындатады, ең бастысы пәрменді көмек көрсету уақытын созады. Жылыту, жасанды демалдыру, жүректің жабық сылауы, өз уақытында тасымалдау-зардап шегушіні құтқарудың бірден-бір ықтимал нұсқасы болып табылады.
Есінен танған жануардың танауына нашатыр спиртіне малыңған тампонды жақындатады, тері астына, вена ішіне адреналин егуге болады.
Өлімге ұшыраған жануарлар денесін техникалық утилизацияға жібереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz