Қазандықтардың арматурасы


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : " Қазандықтардың арматурасы. Қазандық агрегат арматурасының классификациясы "

Орындаған: Аманжолов Қ. С

Тексерген: Тоимбаев А. Б

Семей қ. 2015 ж.


Мазмұны

Кіріспе3

1 Қазандықтардың арматурасы4

Қорытынды9

Қолданылған әдебиеттер тізімі10


Кіріспе

Қазандық қондырғы - бу немесе ыстық су өндіру үшін қажет құрылғылардың жиынтығы. Қазандық қондырғыны жылу электр стансасының жеке бір құрылымы ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар ол жеке қызметтер (жылыту және ыстық сумен қамдау, технологиялық бумен және ыстық сумен қамдау) атқара алады.

Міндетіне сай қазандық қондырғы бу немесе су ысытушы қазанннан және оның жұмысына қажет қосалқы жабдықтардан тұрады. Қазандық қондырғының тізбектей байланысқан элементтері бірнеше жолдарды (тракт) құрайды. Бу су жолы деп - қондырғылардың бір-бірімен тізбектей байланысқан элементтер (қазанның қызатын беттері, құбырлар, дағыра ажыратқыш, қазанның құрамына кіретін бу салқындатқыштар, жылуалмастырғыштар, тығындаушы және реттеуші арматуралар) жүйесін айтады. Аталған элементтер арқылы қыздырылатын жылутасығыш қозғалады. Газ- ауа жолы бірнеше тізбектей байланысқан ауа және газ жолдарынан құралады. Ауа жолының құрамына атмосферадан ауаны сорып алып, қыздыратын және ошаққа жіберетін қондырғылар жиынтығы (үрлегіш вентиляторлар, ауа қораптары, ауа қыздырғыштар және оттық құрылғылары) кіреді. Газ жолының құрамына қазандық қондырғының жану өнімдерінің қозғалысын қамтамасыз етуші элементтер ( ошақ, және ошақтың басқа газ жолдары, түтін газдарын тазалаушы құрылғылар, түтін сорғыштар) жиынтығы кіреді.

Бу (су ысытушы) қазан - органикалық отын жанғанда бөлінетін жылуды қолданып, тағайындалған параметрлері бар буды (немесе ыстық суды) өндіруші құрылғы. Негізгі элементтері - ошақ және жылу алмастырғыш беттер.


1 Қазандықтардың арматурасы

Бу өндірулік, т/сағ (немесе кг/с) деп уақыт бірлігінде бу қазанының өндіретін бу мөлшерін айтады. Қазанды есептеу номиналдық (көрсетілген) өндірулікте жүргізіледі. Көрсетілген (номиналдық) өндірулік дегеніміз есептік отынмен жұмыс істегенде бу мен қоректік су көрсеткіштерінің көрсетілген мәндерінде ұзақ уақыт орын алатын қазанның ең үлкен жүктемесі. МЕМҮЛ (ГОСТ) бойынша булық қазандар түрлерінің мынандай белгілері алынған: П-тура ағынды қазан (прямоточный котел) ; Е- өзіндік айналымы бар (естественная циркуляция) ; Пр-айналмасы мәжбүрлі (принудительная циркуляция) ; Пп-тура ағынды екінші рет аса қыздыруы бар (прямоточный котел с вторичным перегревом пара) ; Еп- өзіндік айналмасы бар және екінші рет аса қыздыруы бар; бірінші сан - бу өндірулік, т/сағ; екінші сан - бу қысымы, кгс/см2 (1 кгс/см2 » 0, 1 МПа) .

Бу қазандығы автоматты басқаруға күрделі объектілер қатарына жатады, басқару параметірлері мен басқару әсерлері көп болып келеді. Бу қазандығының ошағына отын мен ауа беріліп, түтін газдары сорылады, қазан барабанына қоректеуші су беріліп, қанаққан бу алынады.

Бу қазандығының процестерінің басқаруын мынадай контурларға ықшамдауға болады:

1. Бу қазандығынан шыққан су буының қысымын реттеу.

Уақыттың әр мезетінде бу қазандығының ошағында нақты көлемде бу қолданушыға керек мөлшерде пайда болу үшін жағылатын отын көлемі анықталып отыруы керек. Бұл шарттың орындалу көрсеткіші ретінде бу қазандығынан шыққан су буының нақты мөлшерде сақталуы болуы керек. Егер көрсетілген көлемнен отын бу қазандығына көп берілсе, жылу бу қазандығында жиналып су буының қысымының артуына кеп соғады. Сонымен қатар керісінше отын көлемі керек межерден төмен болса, су буы жылуды қазандықтан ала бастап, қазандық температурасын төмендетіп, сонымен қатар бу қысымын да жоғалта бастайды.

Осы жолмен, бу қазандығына берілетін отын көлемі бу қазандығынан шыққан су буынының қысымы тұрақты болу үшін басқарылуы керек. Басқару әсері бу қазандығына берілетін отын көлемін реттейтін клапанның бекітпесінің орналасуын басқаратын, электр қозғалтышы бар клапан атқарады [1] .

2. «Отын-ауа» қатынасына байланысты бу қазандығының ошағына берілетін ауа көлемін реттеу.

Отын шығынын экономикалық тиімді ету жолын бу қазандығының ошағына берілетін ауа көлемін реттеу үлкен мыңызы бар.

Ауа көлемі керекті мөлшерден кем болған кезде отынның толық жанбау әрекеті орын алады, мұның салдарынан экологиялық зияны да арта түседі. Ауаның тым көп мөлшерінде отын толық көлемде жанғанымен, бу қазандығының ошағынан шыққан жану әрекетінің қалдықтарында адам ағзасына зиянды азот екі оксиді пайда болады. Сондықтан «отын-ауа» қатынасын оптималды шектерде ұстап тұру үшін бу қазандығының ошағына берілетін ауа көлемін реттеп отыру керек, бұл басқаруды желдеткіштің ошаққа берілетін ауа көлемін реттеумен жүзеге асыруға болады.

3. Бу қазандығының ошағындағы жоғарғы бөлігінде қалыптыдан төмен ауа қысымын бақылау, реттеу.

Газ қысымының қалыптыдан төмендігі бу қазандығының ошағының жоғарғы жағында төменгі шетпен салыстырған кезде 0, 1 кПа артық болады. Сондықтан отын жану камерасының жоғарғы жағында қалыпты көлемде ауа қысымының қалыптыдан төмен болуын қамтамасыз етеді. Егерде камерада жоғарғы бөлігінде ауа қысымы қалыптыдан төменділгі қамтамасыз етілмесе, от камераның төменгі жағына ысытылып камераның төменгі жағының оттануына және бу қазандық орнатылған бөлменің ыс пен түтінге толуына келіп соғуы мүмкін. Сонымен қатар ауа қысымының тым төмендеуі от жану камерасына көп көлемде ауа сорылуына, ал ол өз мезетінде жылу энергиясын жану реакциясы қалдықтарымен - q2 қоса артық мөлшерде жылу энегиясының шығынына әкеліп соғады. Қалыптыдан төмен қысымды реттеу үшін түтін сорғыш құрылғысының бағыттаушысы басқаруды жүзеге асырады.

4. Бу қазандығының барабанының су деңгейін реттеу, басқару.

Су буының қазандықтан шығу мен судың қазандыққа келу мөлшерінің қатынасының көрсеткіші ретінде, қазандық барабанындағы су деңгейі болып табылады. Қазандықтың жұмысының сенімділігі қазандық барабанының су деңгейінің басқарылуымен анықталады. Су деңгейінің бекітілген мөлшерден төмендеуі жылуды суға беретін экран қабырғаларындағы су құбырларындығы айналымды нашарлатып, құбырлармен экранның аса қызуынан бүлінуі орын алуы ықтимал. Ал деңгейдің тым жоғары болуы, ішкі мембраналық сепарациялық құрылғының тиімділігін төмендетуі мүнкін.

Басқарушы әрекет бу қазандығына берілетін су көзіне қойылган реттеуіш қалыпын

өзгертумен жүзеге асырылады. Нақты уақытта қолданылған ТГМЕ-464 бу қазандығының автоматтандыру жүйесі оқшауланған өлшеу құрылғыларын қолдана отырып келесі көрсеткіштерді басқаруға мүмкіндік береді [1] :

1. жану камерасына дейінгі ауа мен газ қысымы;

2. бу қысымы;

3. барабандағы су деңгейі;

4. су көзінен алынған су температурасы және жану реакциясынан туындаған газдар температурасы;

5. жану камерасындағы қалыптыдан төменгі ауа қысымы;

6. газ шығыны;

7. ауа шығыны.

Нақты уақытта қолданылған автоматтандыру жүйесінің кемшіліктері:

1. тек оңай басқару алгоритимдерін қолдану мүмкіндігі;

2. автоматтандыру жүйелеріне тек оқшау орналасқан қалқандарды қолдану мүмкіндігі;

3. автоматтандырудың төмен деңгейі мен өлшеуіш, түрлендіргіш құрылғылардың көптігі,

бұл өз орында экономикалық тұрғыдан тиімсіз;

4. жүйе заманға сай еместігімен қатар, жүйе құрылғылары тозуы орын алған. Сондықтан

қазандықтың экономикалық параметрлері мен өнімділігі төмендеп кеткен. Қазандыққа берілетін жүктеме де төмендетілген, жүйенің сенімділігі төмендеген.

Осы жолмен, ТГМЕ-464 қазандығы өндіріс қауіптілігі жоғары объект болып табылатындықтан, қазандықтың сенімді әрі экономикалық тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жаңа автоматандыру жүйесінің қолданысқа енуін қамтамасыз ету керек. Құрастырылған автоматтандырылған жүйе “3-Энергоорталық”-тің өндірістік пайдаланылуына енгізілуі мүмкін, экологиялық мониторингтің екі деңгейлік жүйесі және жоғарғы сенсорлық технология саласында ең соңғы және жаңа жетістіктерін қолдана отырып жану процесін оптималдау және ақпаратты компьютерлік талдау. 1 суретте ТГМЕ-464 бу қазандығының автоматты басқару (АБЖ) схемасы келтірілген. Жылу станциясында ТГМЕ-464 үш бу қазандығы жұмыс жасайды, олар тәулік бойы және көп көлемде энерготасығыш (газ және мазут) қолданысында жұмыс жасайды. Осының арқасында қоршаған ортаға айтарлықтай көлемде зиянды заттар шығады: СО, SО2, NO, NО2, CnНm, шаң

Бу қазан - органикалық отын жанғанда бөлінетін жылуды қолданып, тағайындалған параметрлері бар буды (немесе ыстық суды) өндіруші құрылғы. Негізгі элементтері - ошақ және жылу алмастырғыш беттер.

Егер қазан ошағында тікелей органикалық отынды қолданбай басқа техникалық құрылғылардың (газ турбиналық қондырғының ГТҚ, технологиялық қондырғылардың) газдарын пайдаланса, мұндай қазанды пайдалагғыш қазан деп атайды. Кейбір жағдайларда пайдаланғыш қазанның ошағы және ауа қыздырғышы болмайды, оның негізгі элементтерін - қызатын беттері құрайды.

Қазан және оның жұмысын қамтамасыз ететін көмекші жабдықтар: отын дайындау құрылғылары, қазанға қоректік су беретін қорек сорғылары, жағу үшін ауа беретін үрлегіштер, жану өнімдерін мұржа арқылы әуеге (атмосфераға) шығаратын түтін сорғыш, күлұстағыш, күлқожшығару құрылғылары және т. б. қазандық қондырғысын құрайды. Қазандық қондырғы жұмысы толығымен механикаландырылған және автоматтандырылған.

Қатты отынды тозаң түрінде жағатын дағыралы бу қазаны бар бу турбиналық электр стансаның бу өндіру тәсілдемелік (технологиялық) сызбасы 2. 2-суретте көрсетілген.

1 - отын тиелген вагон; 2- отын түсірілетін шанақ; 3 - отынды ұсақтау буыны; 4- қазандықтың ылғалды отын шанағы; 5- отынды ұнтақтаушы диірмен; 6- эксгаустер; 7- қазан дағырасы; 8 - бу қыздырғыш; 9- экономайзер; 10- ауа қыздырғыш; 11- вентилятор; 12- деаэратор; 13- қоректік су сорғысы; 14- күл ұстағыш; 15- түтін сорғыш; 16 - түтін бағаны; 17- таспалы тасығыш; 18 -көмір үйіндісі; 19- күл шығару жүйесінің багерлық сорғылары. а- қоректік су; б- аса қызған бу; в - жану өнімдері; г - шлак пен күл.

2. 2 - сурет. Дағыралы қазанда бу өндірудің тәсілдемелік сызбасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазандықтардың арматурасы. Қазандық агрегат арматурасының классификациясы жайлы
Қазандықтардың арматурасы қазандық агрегат арматурасының классификациясы туралы ақпарат
Қазандықтардың арматурасы. Қазандық агрегат арматурасының классификациясы
Қазандықтардың арматурасы. Қазандық агрегат арматурасының классификациясы туралы
Қазандықтардың арматурасы.Қазандық агрегат арматурасының классификациясы жайлы ақпарат
Қазандық құбыр жүйесінің салмағы
Қонақ үйдегі жылыту жүйесі
ГТУ Н – 25 негізіндегі бу-газ қондырғысын пайдалана отырып Ақтау ЖЭО жұмысының тиімділігін арттыру
Жылыту жүйелерінің элементтері
Қазандардың құрылмасы, классификациялары жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz