Пайданы есептеу түрлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Пайданы есептеу түрлері
Дайындаған: Абилкасова А. Д
ЛД-211тобы
Тексерген: доцент Тойкин С. Х
Семей
2015
Жоспар:
Кіріспе
1. Пайданы есептеу түрлері және әдістері
2. Пайда факторлары
3. Пайда теориясы және оның эволюциясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Пайда - экономикалық теорияда ең күрделі және қарама-қайшы мәселелердің бірі болып табылады. Пайданың қайнар көзі және оның экономикадағы өсуі туралы сұрақтар пікір-таласты тудырады. Орыс сөзі "пайда" В. Дальдің "түсіндірме сөздігінде", "өсім", "көбею", яғни бастапқы жұмсалған капитал санына "үстеме" деп түсіндіріледі. Бұл үстеме тауар өндірілгенде емес, сонымен бірге сатылады да көрінеді. Сондықтан пайданы тікелей коммерциялық қызметтегі табыспен байланыстырады. Пайда- тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда - кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т. б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т. б. қамтылады. Шығыстар (шығындар) - активтердің немесе олардың құнының азаюы не меншікті капиталды азайтатын, оны меншік иелері арасында бөлісумен байланысты емес міндеттемелердің көбеюі нысанында есепті кезең ішінде экономикалық тиімділіктердің азаюы. Шығыстар негізгі қызмет пен негізгі емес қызмет үдерісінде пайда болған шығыстарға бөлінеді. Негізгі қызмет шығыстары өнімнің (орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын қамтиды, ал негізгі қызметке жатпайтын қызмет шығыстарына, мысалы, негізгі құрал-жабдықты өткізу нәтижесінде пайда болған шығасы, төтенше жағдайдан келтірілген залалдар, т. б. жатады.
1. Пайданы есептеу түрлері және әдістері
Пайда - кәсіпорынның мақсаты және қозғаушы күші. Пайданың шығар көзі қажетті өнімнің бір бөлігі мен қосымша өнім. Пайда кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетін қорытындылайтын негізгі көрсеткіш. Пайда категориясын қарастырғанда экономикалық (ата) және бухгалтерлік пайданы ажырата білу қажет. Бұл ұғымның пайда болуы шығындардың ішкі және сыртқы (жоғарыда айтылған) болып шектелуінде.
Экономикалық (таза) пайда - кәсіпорын сатқан өнімнен түскен ақшадан (толық түсім) ішкі және сыртқы шығындар сомасын (оған орта пайда да қосылады) алып тастағанға тең. Ал, бухгалтерлік пайда - кәсіпорын сатқан өнімнен түскен ақшадан сыртқы өндірістік шығын көлемін алып тастағанға тең.
Маркстік көзқарас. Пайданың мәні К. Маркстың Капиталының ІІІ-томында зерттелген. Маркстың ұжырымдауынша пайда қосымша құнның өзгерген түрі. Бұл өзгеру қосымша құнды өзгермелі капитал жасағанмен, ол барлық авансыланған тұрақты және өзгермелі капиталдың туындысы ретінде болады. Себебі өндіріс құрал-жабдығының иесіне жұмыс күшінің қалай пайдаланғаны ғана емес, құрал-жабдықты қалай тиімді пайдаланғаны да қажет. Сондықтан пайданың көлемі (мөлшері) тауар құны мен оның өндіріс шығындарының айырмасы ретінде анықталады (егер туар құны бойынша сатылса) . Ескеретін жәй, пайданы тауар өндірушілер тек тауарды сатқаннан соң алады. Сондықтан, сатылған қосымша құн ақша түрін қабылдайды (ауысады) да, пайдаға айналады (өзгереді), Пайда сатылған қосымша құн ретінде болғанымен соңғысы сұраныс пен сұраныстың әсерінен ауытқиды. Міне осы ауытқу тауар өндірушілер алатын пайда мөлшерін, анықтап, оларды кедей және бай деп жіктейді, бір саладан екінші салаға капиталдың ауысуына әкеліп соқтырады, жеке пайда нормасын орта пайдасымен теңестіріп, өндіріс бағасын құрайды, оның айналасында нарықтық баға ауытқиды. Пайда, қосымша құн сияқты төленбеген жұмысшы еңбегінің нәтижесі, сондықтан адамды қанаудың арқасында пайда болады.
2. Қазіргі экономикалық ілім көзқарасы. Олардың көзқарасы бойынша пайда, өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал) пайдаланудың нәтижесі. Сондықтан, пайда және кәсіпкерлік табыс, кәсіпкерлердің атқарған қызметтерінің нәтижесі ретінде қарастырады. Осыған байланысты төмендегідей анықтамалар береді:
-пайда кәсіпкер іс-әрекетінің қызмет ақысы:
- пайда кәсіпорынды басқарудағы жаңашылдығы, таланты үшін төленетін ақысы;
- пайда нарықта өндірушілердің (сатушылар) монополиялық жағдайынан пайда болатын табыс.
Ескеретін жәй, кәсіпкер міндетті түрде пайда алуы керек, олай болмаса, ол нақты бір өндіріс саласына ақша жұмсайды. Қарастырылған екі көзқарастар да өмір сүруге құқылы К. Маркстың көзқарасындағы кемшілік - пайданың мәнін тікелей жеке меншікпен, сонымен байланысты жұмышыларды қанау деңгейімен байланыстыруы. Бірақ практика көрсетіп отырғандай, мәселе жеке меншікте және төленбеген еңбекте емес, пайданы кімдер пайдаланады, яғни меншік пен басқару қатынасында болса керек. Екінші көзқарастың кемшілігі кәсіпкердің не үшін пайда алатынын анықтай отырып, оның шығатын көзін (источник) анықтамайды.
- Белгілі жәй, нарықта алынбайды, себебі бұл жерде тауар айналымы: Т-Т. Бұл жерде түскен пайда қайта бөліндеі. Осыған байланысты шындыққа жақын К. Маркстың дәлелдегені; пайда өндіріс нәтижесі.
Жалпы пайда - кәсіпорынға түсетін жалпы өнімнің бір бөлігі, ол сан жағынан сатылған өнімнен түскен ақшадан (салықтар және т. б. ) Таза пайда кәсіпорын иелігіне қалады да, шаруашылықтың ішкі қажеттіліктеріне жұмсалады. Пайда өндіріс сферасында жасалады. Өзінің ерекше экономикалық түріне айналым сферасында ауысады, атап айтқанда өндірілген өнімді сату процесінде. Пайда айналым сферасында тауар өндірушілер арасындағы бәсекелік күрес, сұраныс мен ұсыныстың тауар нарығының конъюктурасына орай өзгерістеріне байланысты қалыптасады.
2 Пайда факторлары
Пайда және оны белгілейтін факторлар - Нарық экономикасының құндық инструменттерінің жалпы жүйесінде пайда маңызды орын алады. Ол фирманыңэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оның қаржылық төуелсіздігіне кепілдік береді. Нарық жағдайында пайда нені, қалай және қандай көлемде өндіру керек деген мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондықтан өндірілген (сатылған) тауарлар мен қызметтердің саны қанша және олардың бағасы қандай болғанда барынша мол пайда түседі деген сауал өндірушілерді ынталандырады
Пайда теориясы
классикалық мектеп қалыптасқаннан бері, барлық ірі экономистердің оқулықтарынан орын алған.
XX ғасырда экономикалық ғылымдағы пайда жөнінде мынадай негізгі теорияларды атауға болады:
- Өндіргіш капитал теориясыпайданы өндірістің қандайы болмасын. соның міндетті түрдегі факторы болып табылатын капитал әрекетгерінің нәтижесі дейді;
- Ұстамдылық теориясы. Бұл теория пайда өз капиталын тұтынуды кейінге калдырғаны үшін, өндіріске жұмсаған қаражаттардың тиімділігін күтудегі қауіпке тәуекелділік жасағаны үшін, капиталистерге сыйлық болып табылады дейді.
- пайда кәсіпкерлік іс-әрекеттердің барлық түрлерінен түсетінеңбекке сәйкес табыс;
- пайда монополияның болуының нәтижесі.
Осы аталған теориялардың ортақ көрсеткіші - ол пайданың көзін кәсіпкердің іс-өрекетінің нәтижесі деп тану.
Фирманың пайдасы белгілі қызметтер атқарады. Олардың негізгілері:
- бөліп тарату- орындауға арналған бағдарлама мен стратегияларды қаржыландыру мақсатымен ақшалай қаражат қорларын құру, капиталдың оптималдық құрылымыы қолдау, банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету;
- ынталандыру- өндіріс шығындарын төмендету, инновация мен техникалық жаңалықтар енгізу.
Пайданы алдымен тауардың нарықтық сату бағасы мен оны өндіру үшін жұмсалған шығындардың айырмасы деп қарауға болады. Пайданың мынадай түрлері бар:
- бухгалтерлік пайда- сыртқы шығындарды өтеген соң, яғни жеткізушілерге ресурстар үшін төлем жасаған соң, жалпы ақша түсімінен қалған табыстың бөлшегі;
- экономикалық (таза) пайда- фирманың жалпы табысынан барлық шығындарды (сыртқы, ішкі) алып тастағаннан соң калғаны;
- баланстық пайда- өнімді өткізуден түскен түсім мен материалдық шығындар, амортизация және жалақы сомасының айырмасы. Кейде баланстық пайданы жалпы пайда деп атайды. Өйткені осы пайда кәсіпорын құралдарын бөліп жөне пайдаланудың көзі болып табылады.
Осымен қатар, экономикалық әдебиетте жалпы, әдеттегі, шекті, барынша мол пайда деген түсініктер бар.
Экономикалық бағытта сатудан түскен ақша түсімі мен жіберіп алған мүмкіндіктердің шығындары арасындағы айырмадан пайда болғанда, фирма жалпы табыс пен жалпы шығындар арасындағы айырмасын барынша көп етуге тырысады. Есте болатын жағдай - өнімнің әр қосымша бірлігін ондіру жалпы шығындарды өсіреді (МС шекті шығындар көлеміне) және жалпы ақшалай түсімді (MR шекті ақша түсімінің колеміне) арттырады. Егер фирма өндіріс көлемін өсірсе жалпы пайда өседі, бірақ ол белгілі бір шекке жеткенше - шекті ақшалай түсім шекті шығындардан артық болғанша өседі. Шекті шығындар шекті ақшалай түсімнен арта бастаса пайда төмендейді. Сондыктан пайданың бірінші шарты: шекті ақшалай түсім шекті шығындарға тең болуы керек:
MR=MC
Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы барынша мол етіп жатқан фирмалардың іс-әрекеттерін салыстырып көрейік. Фирмалар қимылдарының айырмашылықтары сұраныс функциясының әр түрлі сипаттамасымен байланысты болғандық, тандабыстың функциясының сипаттамасының әр түрлі болуымен байланысты.
3. Пайда теориясы және оның эволюциясы.
Әрбір дәуірдің есті өкілдерін пайда теориясы толғандырды және әр дәуір оны өзінше анықтады, сөйтіп осы теорияға өз көзқарастарын білдіріп толықтырды. Пайданың қайнар көзін түсіндіру талпынысының алғашқылары болып XV-XVII ғасырларда мерканталистер жасаған. Олардың пайымдауынша, пайда сыртқы саудада туындаған. Тауарды шет елде жоғарғы бағамен сату арқылы адамдар пайда табады. Пайда теориясына экономнкалық теория классиктері А. Смит пен Д. Рикардо сүбелі үлес қосты. Пайданың қайнар көзін олар өндірістен таба білді. А. Смит өзінің басты еңбегі «Табиғатты зерттеу және халықтар байлығының себептері» (1776 ж) деген еңбегінде былай деген: «жұмысшылардың материалға қосқан құнының өзі екі бөлшекке бөлінеді, біреуі олардың жалақысын төлеуге, екіншісі -кәсіпкердің пайдасын төлеуге кетеді. А. Смит пайданы кәсіпкердің жалдамалы жұмысшы еңбегі өнімнен шегеру ретінде қарастырған. А. Смит ойын былай қорытындылаған: пайда - бұл жұмысшының төленбеген еңбегі, алайда оның қорытындылары қарама-қайшылықта болды. А. Смит өнім құнының осы бөлігі кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын «марапаттау» ретінде жүзеге асқанын айтқан. А. Смиттің пайданы- бұл кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын марапаттау идеясы өзінің ізбасарлары тапты: кейініректеу «ұстамдылық», «күтушілік», «тәуекелділік» теориялары пайда болып, бірақ ол теориялардың мәні - пайданың нағыз қайнар көзін жасыруында болды. Д. Рикардо өзінің пайдаға көзқарасын «Саяси экономия және салық салуды бастау» деген еңбегінде баяндаған, онда ол жалақы мөлшері мен пайда бір-біріне кері қатынаста болатындығын дәлелдеуге тырысқан. «…Пайданың жоғарылуы немесе темендеуі, жалақының төмен немесе жоғары болуымен байланыстылығын» айтқан. Демек, Д. Рикардоның айтуынша, пайда - бұл жұмысшылар өндірген қосымша құн.
К. Маркс өзінің «Капитал» деген еңбегінде пайданы егжей-тегжейлі қарастырып қомақты үлес қосты. Ол былай деген: «Пайда қосымша құнның өзгерген түрі», сөйтіп барлық авансыланған капитал қызметі нәтижесінің түрін бейнелеген. К. Маркс пайданын нағыз қайнар көзі ретінде жалдамалы жұмысшыға төленбеген қосымша еңбекті есептеген.
Маркстың ойы бойынша, сыртқы құбылыста көрінетін нәрсе сол-пайда айналым сапасында тауарды сатқан кезде өмірге келеді. Шын мәнінде пайда бұл өткерілетін қосымша құн, бұл қосымша құнның өзгерген түрі және өндіріс саласында жалдамалы жұмыс күшімен жасалады.
Қорытынды
Осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе мынадай анықтама беруте болады: пайда - кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т. б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т. б. қамтылады. Қорыта айтатын болсам пайда сандық тұрғыдан қарағанда тауар құнынан өндіріс шығындарына шегергенде қалған артық бөлігі. Ал саналық тұрғыдан алғанда пайда қосымша құнның өзгерген формасы. Рыноктың пайдаға ықпалын жалпылама түрде былайша сипаттауға болады: егер тауар құнынан жоғары бағамен сатылатын болса (сұраныстың ұсыныстан арту жағдайында), өткізілген пайда өндірілген қосымша құннан көп болады (Р > m) ; егер тауар бағасы құннан төмен болса (тауарларға ұсыныс сұраныстан асып кетсе), өткізілген пайда мөлшері өндірілген қосымша құннан кем болады (Р < m) . Ал егер тауарларға сұраныс ұсынысқа сай келсе, баға құнымен теңеседі, капиталистер алатын пайда массасы, өндірілген қосымша құнмен тең болады. Қосымша құнның пайдаға айналуы, қосымша құн нормаларыныц пайда нормасына айналуын да түсіндіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz