Әлеуметтік жоспарлау және жобалау негіздері
1. Әлеуметтік алдын.ала болжаудың ролі мен мәні.
2. Алдын.ала болжай білу, алдын.ала білу қажеттілігі
3. Ғылыми анықталмағандықтың топтық түрлері. Әлеуметтік алдын.ала көре білудегі интуицияның ролі

Қазіргі таңда әлеуметтік алдын-ала болдаудың мәні зор, өйткені ол –нақты әлеуметтік процестердің дамуының перспективасын ерекше нақтылықпен айтуға қол жеткізіп отыр, сонысымен қоғамдағы көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуге көмегін тигізіп отыр. Алдын-ала болжау биологиялық не әлеуметтік жүйелердің мінез-құлқының арнаулы түсінігі, жалпы теориясы болып табылады және адам практикасы мен жалпы өмірдегі қажетті нәрсе. Адам өзінің алдындағы жоспарлары мен үміттерін құра отырып, өзінің күнделікті өмірінде болашаққа көз жүгіртуге мұқтаж, ол болашақ пен бүгінгіні болжағанда ылғи қорқыныш пен үміт сезімдерін қатар ұстап, соның арасында толқып отырады. Адамға алдын-ала болжау неге керек? Алдын-ала болжау оның дәл қазіргі уақыттағы жай-күйінің анық еместігіне, тұрақсыздығына, оларды шешу үшін оның өткенге, бүгінге, болашаққа ізденіс әрекетін жасауымен байланысты. Алдын-ала болжау әруақытта өткен мен бүгінгі потенцияға, қабілет, ресурстар мен жағдайларға сүйенеді, оның ғылыми және ғылыми емес, эмпирикалық түрлері бар. Сөйтіп, алдын-ала болжау дегеніміз қазіргі кездегі белгісіз не жоқ , бірақ болашақта болуы және зерттелуі мүмкін табиғат құблыстарын, қоғамдық өмірді, психологиялық жай-күйді анықтайтын, сипаттайтын теориялық әрекеттің (қызмет) түрі.
1. Гершунский Б.С. Педагогическая пргностика:методология, теория, практика.-Киев, 1986.
2. Тощенко Ж.С.Социология.-М.,1999.
3. Дридзе Д.М., Орлова Е.А. Основы социокультурного проектирования.-М.,1995.
4. Математическое моделирования социальных процессов//Отв. Ред.Кулагин А.С.-М.,1995.
5. Ромошенко И.В. Социальное и экономическое прогнозирование.-Спб., 2000.
6. Дутченко В.С. Инновационные технологий. Учебно методическое пособие.-М.,1996.
7. Социальная инженерия.сборник трудов//Под ред.Ю.М.Резника и В.В.Щербина-М.,1996.
8. Марков А.П., Бирженюк П.И. Основы социокультурного проектирования. Уч. Пособие.-Сибирь, 1997.
9. Курбатов В.И., Курбатова О.В. Социальное проектирование. – Ростов на Дону, 2001.
10. Добров Г.М. Рабочая книга по прогнозированию.-М.,1998.
11. Основы социального прогнозирование. Учебно-методическое пособие//Под ред. Г.Е.Шепитько.-М.,2001.

Seven
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
OӨЖ
Тақырыбы: Әлеуметтік жоспарлау және жобалау негіздері
Орындаған: Мұхатбек Т.Қ
ГМУ-209
Тексерген: Темиргалиева А.С

2015
ӘЛЕУМЕТТІК ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ.
1. Әлеуметтік алдын-ала болжаудың ролі мен мәні.
2. Алдын-ала болжай білу, алдын-ала білу қажеттілігі
3. Ғылыми анықталмағандықтың топтық түрлері. Әлеуметтік алдын-ала көре білудегі интуицияның ролі
1. Қазіргі таңда әлеуметтік алдын-ала болдаудың мәні зор, өйткені ол - нақты әлеуметтік процестердің дамуының перспективасын ерекше нақтылықпен айтуға қол жеткізіп отыр, сонысымен қоғамдағы көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуге көмегін тигізіп отыр. Алдын-ала болжау биологиялық не әлеуметтік жүйелердің мінез-құлқының арнаулы түсінігі, жалпы теориясы болып табылады және адам практикасы мен жалпы өмірдегі қажетті нәрсе. Адам өзінің алдындағы жоспарлары мен үміттерін құра отырып, өзінің күнделікті өмірінде болашаққа көз жүгіртуге мұқтаж, ол болашақ пен бүгінгіні болжағанда ылғи қорқыныш пен үміт сезімдерін қатар ұстап, соның арасында толқып отырады. Адамға алдын-ала болжау неге керек? Алдын-ала болжау оның дәл қазіргі уақыттағы жай-күйінің анық еместігіне, тұрақсыздығына, оларды шешу үшін оның өткенге, бүгінге, болашаққа ізденіс әрекетін жасауымен байланысты. Алдын-ала болжау әруақытта өткен мен бүгінгі потенцияға, қабілет, ресурстар мен жағдайларға сүйенеді, оның ғылыми және ғылыми емес, эмпирикалық түрлері бар. Сөйтіп, алдын-ала болжау дегеніміз қазіргі кездегі белгісіз не жоқ , бірақ болашақта болуы және зерттелуі мүмкін табиғат құблыстарын, қоғамдық өмірді, психологиялық жай-күйді анықтайтын, сипаттайтын теориялық әрекеттің (қызмет) түрі.
2. Болашақ туралы байлам айтуға негізделген көптеген терминдер кездеседі, мысалыға пайғамбарлық, сәуегейлік, алдын-ала білу, сезу, көру, айту, алдын-ала болжау. Бұлардың әрқайсысының қандай-да бір ерекшелікті көрсетеін қасиеті, өзіндік мәні бар. Соның ішінде, алдын-ала болжау болашақ туралы пікірлердің ортақ, туыстық түсінігі болып табылады, яғни бұндай пікірлердің басқа түрлерін өзіне енгізеді. Бұнымен бірге бұл сөздің көмегімен бұндай пікірлердің негізділігіне, обьективтілігіне көңіл аударады. Бұл ұғымның екі мағынасы бар, ол: 1) зерттеудің прогностикалық процесін; 2) болашақ туралы алынған қорытынды білімді көрсету үшін қолданылады.
3. Алдын-ала болжаудың ғылыми, ғылыми емес, эмпирикалық сияқты түрлері бар. Ғылыми емес болжау фантастикалық, іске аспайтын, жасанды құрастырылған өзара байланыстарға негізделеді, оның басты мақсаты адамның көзқарасы мен мінез-құлқын бақылауға ұмтылу болып табылады, оның фактілік негізі жоқ. Түс жору, бал ашу, астрология, әлеуметтік утопияларды осы топқа жатқызуға болады.
Ғылыми алдын-ала болжау деп ғылыми теорияның негізінде алынған нәтижені атаймыз, ол ең алдымен қоғамдық дамудың заңдылықтарын жүйелі ой елегінен өткізуге құрылған. Тек реалды жағдайды талдаудан шыққан алдын-ала болжау ғана барынша сенімді және болашақтың қажетті және ықтимал тенденцияларына барынша толық ене алады. Ол тек обьективті заңдарды тануға сүйенеді, оның нәтижелерін тексеруге, жөндеуге, одан әрі дамытуға болады. Бірақ, ол болашақ туралы дәл және толық ғылым болып табылмайды, тек өткен мен бүгінді салыстыра қарау арқылы ғана болашақты айта алады.
Эмпирикалық алдын-ала болжау деп адамның күнделікті тәжірибесіне сүйенген, тұрақтылық пен фактілік өзарабайланысқа негізделген болжауды айтады. Бірақ, ол ғылыми теорияға не тәжірибені бағалауға сүйенбейді. Бұған халық ырымдарын жатқызуға болады. Әдетте бұл болжаулар күмәнды және айқын емес, бірақ бұл жағдай олардың жүзеге асу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Болжау әдістері
1.Болжау әдістерінің топтамасы
2.Жалпы ғылыми және жеке әдістер (эксрополяция, сараптық баға беру, дельфи, сараптық жұмыс, болжамдық сценарий, эдип нәтижелілік, морфологиялық синтез,оптималді шешімдерді таңдау, анология, гипотезе, логика, дедукция, индукция, математикалық теориялар)
3.Болжаудың типтік әдістемесі мен болжаудың мүмкіндіктері
Әдіс дегеніміз - бірдеңеге апаратын жол деген мағынаны білдіреді. Ал, болаудың әдістері деп болжанатын обьектінің мәліметтері мен оның сыртқы және ішкі байланыстарын талдау негізінде сол обьектінің болашағы туралы белгілі бір дәрежеде сенімді пікір шығара алатын әдістер мен тәсілдер жиынтығын айтады. Қазіргі таңда ғылымда болжау әдістері өте көп, 150-ден астамы белгілі екен. Бірақ, олардың барлығы қолданыла бермейді, өйткені олардың көпшілігі бір нюансты ашу үшін ғана керек.
Жалпы болжау әдістерін үлкен үш топқа бөлуге болады: 1) формалдану деңгейі бойынша; 2) әрекет ету принципі бойынша; 3) болжамдық информацияны алу тәсілі бойынша.
Формалдану деңгейі бойынша әдістерді 1) интуитивтік; 2) формалды деп бөлуге болады. Интуитивтік әдісті болжау обьектісі күрделі болғанда, яғни оға, көптеген факторлардың ықпалын есепке алу мүмкін емес кезде пайдаланылады. Оған комиссия, миға шабуыл, Дельфи әдістері енеді. Бұл әдістер тобы ұжым болып ойлауға құрылған, яғни нәтижелер дәл, идеялар көбірек болғанға бағытталады. Формалдық әдістер тобына экстраполяция және моделдеу енеді.
Болжамдық ақпатартты алу тәсілдері бойынша әдістер анкеталаудан, интервью алудан, тарихи-логикалық, сценарий жазу, ассоциативті моделдеуден тұрады.
2. жалпы ғылыми әдістер деп барлық ғылым түрлеріне ортақ әдістерді айтады. Олардың қатарына дедукция ( ), индукция ( ), тарихи кешен, анолог табу әдістерін жатқызуға болады.
Сол сияқты әрбір ғылымның өзіне ғана тән әдістері болады, оларды жеке ғылыми әдістер деп атайды. Ендеше, болжаудағы ең көп таралған әдістерге тоқталайық:
1.Экстраполяция әдісі болжанатын обьектінің динамикасын зерттеуге негізделген және обьектінің өткен мәндерін үзіліссіз талдайды. Экстраполяцияда белгілі бір құбылыстың (процесстің) бір ғана бөлігін зерттеу арқылы шыққан нәтижені зерттелмеген екінші бөлігіне де қолданылуға болады. Әлеуметтік салада бұл әдіс арқылы өткен оқиғалар мен жағдайларды қазіргі таңдағы және болашақтағы қайталану тенденцияларын есепке ала отырып болжайды. Экстраполяция халықтың болашақтағы саны, жасқа сай ерекшеліктерін және жанұялық құрамын болжау арқылы демографияда қолданылады. Осы әдіс арқылы халықтың болашақтағы жасару немесе қартаю ерекшеліктерін есептеу болжамы жасалынады, туылу, өлу, некелесу кезеңдері қазірден ондаған жылдарға дейінгі аралыққа болжам жасалынады.
Компьютерлік бағдарламалар көмегімен көптеген формулаларды қолдану арқылы графиктерге сәйкее экстраполяция құрастыруға болады. Бірақ әлеуметтік болжау барысында экстраполяцияны қолдануымызға бірнеше шектеулер бар. Бұл шектеулер нақты дәл модельдеу мүмкіншілігін бермеуге байланысты, өйткені әлеуметтік процестер бірқалыпты даымайды, кейде қарқынды тез дамымайды, кейде дамымай тоқтап қалса, кейде бірқалыптылықты көрсетеді. Сондықтан әлеуметтік процестерді экстраполяция арқылы болжау көптеген қателіктерді туындатуы мүмкін.
2.Модельдеу - обьектілерді олардың анологында заттай немесе ойша танып, зерттеу дегенді білдіреді.
Объектінің аналогтына мысалға оның макеті (кішіреййтілген, көлемі өзгертілген немесе үлкейтілген), сызбасы, схемасы жатқызуға болады. Әлеуметтік салада көбіне ой арқылы модельдеу қолданылады. Модельдеумен жұмыс барысында анық әлеуметтік объектіні ойша дубликатын құрастырып, адамзатқа тән қате шешімдерден құтқара аламыз. Ойша модельдеудің негізгі ерекшелігі-ол қандай да болмасын сынаулардан өтіле бергендігінде.
Әлеуметтік жобалауда, яғни ойша жасалған мағлұматтар арқылы болжам жасауда аталған жобаның дәл, кемшіліксіз болуын анықтауды талап етеді.
Модельдің ең үлкен кемшіліктерінің бірі- ол қарапайымдыылығында. Модельдееудің, яғни объектінің сипатындағы белгілі бір қасиеттері есепке алынбайды. Әлеуметтік жобалау мен болжау процестерінде модельдеу әдісін қолдануда көптеген қателіктер жіберілуі мүмкін. Мектеп кезеңінен қалған бір түсінік бар, ол модель тек математика ғылымыда ғана қолданылады деген қате түсінік, өйткені модель жаратылыстануда да қолданылуы мүмкін. Осы жағдайда әлеуметтік жобалауды да ескерген жөн. Модельдеу әдісі арқылы жобалаудың міндеттерін жұмсартуға болады.
Әлеуметтік жобалаудағы математикалық емес модельдердің маңыздылығы өте жоғары. Модель басқарудың ыңғайлы шешімдерін таңдап қана қоймай, қақтығыс жағдайларын модельдеуге, келісімге келу әдістерін дұрыс шешім қабілдау мәселелерін модельдейді.
Соңғы уақыттарда әлеуметтік жүйені талдау және модельдеу жеке әлеуметтік пәнге айналып жатыр (математкиалық бағдарламалармен қамтылған жеке пәнге).
3.Сараптық баға беруде қоғамның белгілі бір сферасы (рухани, саяси, әлеуметтік) не оны құратын элемент (білім беру, медицина, мәдениет) , не компоненті ( жастарды, пенсионерлерді әлеуметтік қорғау, т.б.) қарастырылады. Аталған жағдайлар бойынша қанағатсыз жағдайлар нақтыланып, оған жауап беретін мекемелер жұмысына талдау жасалынып, баға беріледі. Әлеуметтік жобалауда сараптық баға беру алдын ала болжанған мәселелерді шешумен айналысып қана қоймай, парамерті төмен дәрежеде анықталған дүниенің бәрін анықтауды талап етеді. Сараптық бағалауды арнайы ғылыми - аналитикалық орталықтар іске асырады. Қоғамдағы тұрақсыздық сараптық баға беру қызметіне сұранысты күшейтуде.
Эксперттік бағалау әдістемесі мынандай кезеңдерден тұрады: 1) проблема анықтау; 2) эксперттік бағалаудың критерийлерін жасау; 3) экспертиза нәтижелерін жариялайтын формаларды анықтау, олар конференция, дөңгелек стол, публицистика, т.б. болуы мүмкін.
4.Дельфи әдісін (Грекиядағы арал атымен аталған) РЭНД зерттеу орталығының эксперті Олаф Хельмер ( математик) ойлап тапқан. Бұл әдіс жекелеген эксперттердің пікірлерін үйлескен топтық пікірге жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті басқа эксперттік әдістерден төмендегідей үш ерекшелігі ажыратады: 1) эксперттің анонимдігі; 2) сұрау салудың алдыңғы тур нәтижелерін пайдалану мүмкіндігі; 3) топтық жауаптардың статистикалық сипаты, яғни нәтижесінде қарастырылатын проблема бойынша коллективтік пікірді көрсететін эксперттердің пікірлерінің диапазоны қалыптасады .
5. Сценарий әдісі терминін алғаш рет 1960 жылы футуролог Х.Кан әскери саладағы стратегиялық мәселелерді шешу үшін қолданған. Сценарий әдісі шындыққа жақын болжамдарды есепке ала отырып құрылған болашақтың картинасы. Сценарий әдетте алдын-ала болжам мен болжам обьектілерінің дамуы бойынша бастапқы материалдар негізінде жасалады. Бастапқы материалға ғылыми және өндірістік бағалаудың негізгі көрсеткіштерін жатқызамыз. Сценарий - бұл міндетті жүйелі, детальді шешуді көздейтін картина, онда мүмкін болатын кедергілер, маңызды кемшіліктер анықталып, тіпті жүргізіліп отырған жұмысты тоқтату мүмкіндігі не одан әрі жүргізу мәселесі де алдын-ала шешіледі.
6.Миға шабуыл әдісі - коллективтік жұмысқа құрылған, қысқа уақыт ішінде обьектінің дамуының мүмкін варианттарын анықтауға бағытталған, коллективтік идеяға (миға шабуыл) негізделген әдіс. Миға шабуыл әдісіне идеяларды коллективтік генерациялау және проблемаларды творчестволық тұрғыдан шешу тән. Миға шабуыл таңдалған тақырып бойынша кез-келген идеяны генерациялаудың еркін, құрылымдық емес процесі. Қатысушылардың саны 6-12 адам болуы керек, мүмкіндігінше әртүрлі мамандық мен кәсіп иелерінің басын біріктірген жөн.
7. Эдип нәтижелік (ертедегі Эдип патшасы атымен аталған) - бұл ақпараттың өзі қатысты обьектінің жағдайына ықпал ету мүмкіндігі. Ол төмендегідей ережелермен сипатталады: 1) индетерминизм (таңдау мүмкіндігін қолдайды), 2) болашақ реалды өмір сүрмейді (потенциалды болуы мүмкін), 3) болашақ өзгермелі. Бұдан шығаратын қорытынды болмыс өзгере отырып, фундаментальді заңдар мен принциптер негізінде белгілі бір тұрақтылықты сақтауы керек.
Болжаудың мазмұны, түрлері, технологиясы
1.Болжаудың түрлері (әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-мәдени, ізденістік, нормативтік)
2.Әлеуметтік болжау обьектілері, социологиялық аспектісі
3.Әлеуметтік болжау жүргізудің технологиясы
1. Болжау - грек тілінен аударғанда алдын-ала білу дегенді білдіреді. Өзінің зерттейтін обьектісінің сипатына қарай болжаудың түрлері де көп, енді соларға тоқталайық:
1) Әлеуметтік - экономикалық болжам халықтың өмір сүру деңгейінің динамикасын, табысын, халықтың азық-түлік өнімдері мен өндірістік емес товарларды тұтынуын, әлеуметтік инфраструктура салаларының дамуын, демография, халықты еңбекпен қамту, жалпы әлеуметтік салаға қатыстының барлығын зерттейді.
2) Әлеуметтік - саяси болжам елдің саяси даму бағытын, қоғамды демократияландыру процесін, оған кең халық қабатының қатысу мәселелерін, ірі саяси проблемаларды қоғамның кең қабатының мүдделерін есепке ала отырып шешілу жағдайларын зерттейді.
3) Әлеуметтік-мәдени болжам әлеуметтік мәні бар құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен ережелерін, идея, сенім мен әдет-ғұрыптар жүйесін зерттейді.
4) Экономикалық болжам халық шаруашылығының даму перспективасын, оның салаларын, өндірістің орналасуын, өндірістің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, оның жаңа түрлерін игеруді, өндірісті қаржыландыру мәселелерін зерттейді.
5) Ғылыми-техникалық болжамдар ғылыми-техника прогресс жетістіктерін, зерртеудің, техника мен технологияның жаңа түрлерінің дамуы мен қолданылуын, ҒТП салдарын қарастырады.
6) Сыртқы экономикалық болжамдар шетелдермен ынтымақтастық перспективаларын, ұллтық экономиканың әлемдік шаруашылықққа интерациялануын, экспорт пен импортты рационализациялау болашағын зерттейді.
Бұдан басқа проблемалық-мақсаттық белгілері бойынша болжамды ізденістік және нормативтік болжамдар деп бөледі. Бұлар болжам не үшін жасалады деген сұраққа жауап береді. Ізденістік болжам (зерттеушілік, генетикалық) - бұл құбылыстың болашақтағы мүмкін жағдайын анықтайтын болжам. Ол әрекет етіп тұрған тенденциялар сақталған жағдайда ненің ықтималдығы басым деген сұраққа жауап береді. Бұндай болжамның мысалына ауылшаруашылығы мәдениетінің өнімділігі немесе қоғамдағы неке мен айырылысу саны болжамдары жатады.
Ізденістік болжамда болжамдау бүгінгі күннен басталып, қолдағы бар ақпараттарға сүйенеді және біртіндеп болашаққа енеді. Ізденістік болжамның екі түрі бар: 1) экстраполяциялы (дәстүрлі); 2) альтернативті (жаңашыл). Экстраполяциялық көзқарас экономикалық және әлеуметтік даму бірқалыпты және үздіксіз жүреді, сондықтан болжам өткеннің болашаққа жай ғана проекциясы деген пікірге сүйенеді. Бұл әдіс кең қолданысқа ие. Ал, альтернативтік көзқарас әлеуметтік жағдайдың ішкі және сыртқы ортасы тұрақты өзгерістерге ұшырап отырады деген пікірге сүйенеді, яғни қоғамның дамуы секірмелі жіне үзілісті де болуы мүмкін дейді. Сондай-ақ, қоғам үшін болашақ дамудың белгілі бір саны өмір сүреді дейді.
Нормативтік болжам (программалық, мақсаттық) - болжамдау обьектісінің болашақтағы мақсат ретінде қабылданып отырған мүмкін болатын жағдайына қол жеткізудің мерзімі мен жолдарын анықтау үшін қажет. Бұндай болжау алдымыздағы мақсатұа қандай жолмен жете аламыз деген сұраққа жауап береді. Мысалыға, халықтың ет өнімдерін пайдалану динамикасының болжамын қазіргі пайдаланылып отырған норманы есепке ала отырып жасайды. Негізгі қолданылатын әдіс интерполяция болып табылады.
2. Болжамдаушының алдында тұрған біріншікезектегі мәселе - ол болжамдау обьектісінің шекарасын сауатты анықтау болып табылады.
Болжаудың обьектісі дегеніміз адамның танымдық және практикалық қызметі бағытталған кез-келген құбылыс не процесс болуы мүмкін, яғни қызмет қарқынына қарай болжаулар мегажобалар, аймақтық, салалық, микроэкономикалық, ал мазмұндық сипатына қарай әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, экологиялық-экономикалық, ғылыми-техникалық, психологиялық, географиялық, этникалық, заңдық, әскери, мәдени-эстетикалық, медициналық, әлеуметтік білім беру - педагогикалық, архитектура - қала салу, ішкі-сыртқы саяси деп бөлінеді. Мысалы әлеуметтік жұмыстағы болжау арқылы бір не басқа жағдайдың, жеке тұлғаның, отбасының, коллективтің жағдайының даму спецификасын көруге болады.
3.Әлеуметтік технологияның екі мәні бар:
1) Практикалық міндеттерді шешуде бір не басқа ғылымның теориялық қорытындыларын пайдалану, 2) Әлеуметтік даму процесіндегі алға қойылған мақсатқа жету үшін бір не басқа әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қолданылатын әдіс, тәсілдер, әсер етудің жиынтығы. Бұл әлеуметтік технологияның нақты сипаты.
Әлеуметтік технологида екі форманы бөліп қарауға болады: 1) процедура мен операциялардан тұратын бағдарлама (қызметтің құралы мен тәсілдері ретінде), 2) бұндай бағдарламаға сәйкес құрылған қызметтердің өрісі. Сонда, әлеуметтік технология дегеніміз әлеуметтік қызметті рационалды іске асырудың тәсілі. Төмендегідей әлеуметтік технологиялар бар: глобалды, инновациялық, шашыраңқы, аймақтық, универсалды, психологиялық, информациялық, интеллектуалдық, тарихи, демографиялық, келісімдік, жанжалды шешу, саяси-әкімшілік басқару, психофизикалық.
Әлеуметтік болжау және моделдеу
1.Моделдеу-әлеуметтік болжау әдісі ретінде
2.Моделдердің функциялары, түрлері, мәні және оған қойылатын талаптар
3.Әлеуметтік процестерді моделдеу ерекшеліктері
1.Өмірдегі обьектілер мен процестердің көпқырлылығы мен күрделілігі сондай, оларды зерттеудің ең жақсы тәсілі шындықтың бір шетін бейнелейтін бір модель құру болып табылады, өйткені ол шындықтың өзінен соншалықты қарапайым, оны зерттеу шындықтың өзін зерттеуден әлдеқайда қарапайым.
Модель, моделдеу терминінің қазіргі таңда анықтамалары көп. Соның бір-екеуіне тоқталайық: 1) Кеңестік энциклопедиялық сөздікке сүйенсек, модель - бұл басқа бір құрылымның құрылысы мен әрекетін ғылыми, өндірістік не практикалық мақсатпен имитациялайтын (еліктеу), елестететін құрылым;
2) Модель қандай-да бір обьектінің, процестің, құбылыстың өкілі не орынбасары ретінде қолданылатын кез-келген образ;
3) Модель обьектінің шындықтағы өмір сүру формасының біршама өзгеше бейнесі.
Моделдеу методының төмендегідей мақсаттары бар: 1)нақты бір обьектінің құрылымын, қасиетттерін, құрылысын, даму заңдары мен оның қоршаған ортамен өзара әрекеттесу формаларын түсіну;
2) Алға қойылған мақсаттар мен белгілерді басқарудың ең жақсы әдістерін анықтау, обьектіні басқару;
3) Обьектіге ықпал ететін тәсілдер мен формаларды іске асырудағы тікелей және жанама салдарларды болжамдау.
Әлеуметтік моделдеу - өмірде болып жатқан процестер мен феномендердің анологы ретінде модел құру, одан әрі оларды жобалау мен болжамдау. Әлеуметтік моделдеудің обьектісі тек қоғам ғана емес, сонымен бірге жеке әлеуметтік тұлға, әлеуметтік топ, ұжым, институттар, әлеуметтік организм және әлемдік қауымдастық болып табылады.
Әлеуметтік обьектіні динамикасында моделдеу үшін процесс ұғымы қолданылады. Процестің бірнеше түрі бар күштеу және ерікті, қайтатын және қайтпайтын, жоспарланатын және жоспарланбайтын, ой-елегінен өткізілген және өткізілмеген, ұйымдасқан және стихиялы. Сондай-ақ, қозғалыс векторы бойынша сызықтық, сатылық, циклдық, спиралдық деп бөлінеді. Қандай-да бір моделді жасағанда белгілі бір процесс түріне акцент жасалады.
Әлеуметтік моделдеу әлеуметтік сегменттер (бөлім, мүше) мен процестерді, құрылымдарды, жалпы қоғамды зерттеуде көп қолданылатын қажеттті әдіске айналып отыр. Моделдеу қоғамдық өмірді зерттеуді тиімді жүргізуге, оның жабық, жасырын қайшылықтарын анықтауға және соған сай әлеуметтік шындықты болжамдау мен жобалаудың мүмкіндіктерін береді. Екінші жағынан, әлеуметтік моделдеу әлеуметтік шындықты қоршаған құбылыстар мен процестерді алдын-ала нәтижелі көре ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz