Киімге қойылатын талаптар туралы



Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Киім жайлы жалпы түсінік
2.2 Киімге қойылатын талаптар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған.
Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді.
1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Инженерлік-технологиялық факультеті

Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы
кафедрасы

БАӨЖ

Тақырыбы: Киімге қойылатын талаптар

Орындаған: Мақұлжанова Ақжан

Топ: ТК-321

Тексерген: Бауыржанова А. З.

Семей, 2015

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

2.1 Киім жайлы жалпы түсінік

2.2 Киімге қойылатын талаптар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері.
Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның
тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін
маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс
өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған.

Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді. Адамзат палеолит дәуірінде
тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни
өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін – иықтан, мықыннан
киілетін киім түрлері пайда болды. Тігіссіз киім адам денесіне оралады,
байланады. Мысалы, үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка;
римдіктер тога; ежелгі гректер гиматий; солтүстік халықтары теріден
жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз
жәндіктерінен Киім дайындады. Аяқкиім түрлі ағаш, тері, көннен жасалады.
Кеуделік киім пішілуіне қарай тұйық (орыс косовороткасы, эскимос анорин і),
алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып келеді.

Қазір дүние жүзінде адам денсаулығына әсер ететін жағдайларға көңіл
бөлінуде. Адамдар табиғаттың әсерінен қорғану үшін өздеріне қажетті киімдер
киеді. Бірақ өндірушілер мен тұтынушылар сәнге көп көңіл бөліп, адам
денсаулығына зиянды жақтарын ескере бермейді.

Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге
мүдделі. Киім адамға ең қажетті зат болып табылады, сондықтан да оған
қойылатын талаптар да гигиеналық, техникалық, эстетикалық және экономикалық
тұрғыдан бөлініп қаралады.

Гигиеналық талаптардың өзі – адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа
мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиетті, кір жұқтырмаушылық, киіске
ыңғайлылығы, су сіңірушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналқ
көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына
байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал
өткізбейтін қасиеттері болады, киюге ынғайлы, жууға жеңіл болуы тиіс. Қысқы
киім жылы, плащтар су өткізбейтін болуы керек.

Киімге қойылатын техникалық талаптардың – тігін материялдарының сапасы
мен киімді дайындауға қойылатын талаптар. Киім мейілінше тозбайтын
жыртылмайтын жууға және химиялық тазалауға төзімді болуы шарт.

Киімге қойылатын эстетикалық талаптары сәнділікке байланысты. Қандай
мақсатқа тігілген киім болса да ыңғайлы және әдемі болуы тиіс .

Сонымен, табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталардан
тігілген киімдердің қасиеттерінің айырмашылықтары бар, бұл айырмашылықтары
киімнің белгілі бір түрлерін: іш киім, костюмдер, көйлектер, сыртқы
киімдерді дайындау барысында, оларды саралап  қолдануын анықтайды. Іш киім
тер мен теріден бөлінетін басқа да заттарды сіңіріп, тері мен киімнің
бірінші қабатының арасында жақсы желдетілуді қамтамасыз етуі, теріні
тітіркендірмей, оны ластанудан қорғауы тиіс. Мұндай талаптарға,
гигроскопиялылығы, гидрофильділігі жоғары, ауа- және су буларын жақсы
өткізетін, мақта мен зығыр маталары сай келеді. Олардың жұмсақтығы мен
серпімділігі матаның құрылымы трикотажды (тоқылған) болғанда жоғарылайды.

Синтетикалық маталардың бірқатар жақсы қасиеттері бар: иілімділігі
жоғары, берік, жууға, пішінің өзгертетін әсерлерге, химиялық және
биологиялық факторлардың әсеріне төзімді. Бірақ, бірқатар кемшіліктері де
бар, соларға байланысты іш киімдерді дайындау үшін синтетикалық маталардың
қолданылуы шұғыл шектеледі. Бұл кемшіліктеріне ең алдымен, төмен
гигроскопиялылығы мен гидрофобтылығы жатады, нәтижесінде су булары мен
басқа да бөлінген газ тәрізді заттарды матаның талшықтары
сіңірмейтіндіктен, олар саңылауларда жиналып, киім асты кеңістіктің
желдетілуіне кедергі жасайды, бұл ондағы ылғалдылықтың жоғарылауына және
адам денесінің жаз уақытында тез қызуына, ал қыста - тез салқындауына әкеп
соғады.

Бұнымен бірге, синтетикалық маталардың теріс қасиеттеріне статикалық
электрлікті жинауға қабілеттілігі және жоғары липофильділігі жатады,
осының нәтижесінде, олар жағымсыз иістерді өздеріне ұстап қалады және
жуғанда жақсы тазармайды. Матаның бетінде статикалық электрліктің жиналуы
адамда шаншу сезімдерін туғызады, қан тамырларының жиырылуы басым
жүретінвегетативтік-қан тамырлары қызметінің бұзылуы, тез дамитын қажу,
бас ауруын тудырады. Электрленген киім денеге жабысып қалады, өзіне шаң
мен микроағзаларды тартады. Полимерлік маталардың химиялық тұрақтылығының
төмендеуі, киім асты кеңістігінде бос мономерлердің де, сол сияқты мата
дайындау үрдісінде қолданылған басқа да заттардың бөлінуіне әкеп соғады.
Олар ағзаға тітіркендіретін, тері арқылы сіңетін және сенсибилизациялаушы
әсер етуі мүмкін.

Синтетикалық маталардан жасалған іш киімдердің қолайсыз әсерлерін
ескере отырып, 3 жасқа дейінгі және жаңа туған балаларға бұл маталардан іш
киім тігуге рұқсат етілмейді. Бұл жастағы балалардың денесіне жанасатын
киімдеріне (ползунки, колготки) 20% ғана синтетикалық ацетат талшықтарын
қосуға, сонымен қатар, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған іш
киімдеріне мақта-сиблонды матаны (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға
рұқсат етіледі.

Іш киімдерді дайындау үшін, сондай- ақ, табиғи жібек пен вискоза да
қолданылады. Вискозадан жасалған маталар жоғары гигроскопиялылығымен,
ылғал сыйымдылығымен сипатталады, бірақ, матаны ылғалдағанда, ылғалдың
ұзақ уақыт булануы нәтижесінде теріден жылу берудің жоғарылауына және
дискомфорттық құбылыстардың пайда болуына әкеп соғады. Ацетатты маталарды
іш киімдерге қолдануға болмайды, өйткені, вискозаға қарағанда,
гигроскопиялылығы мен ылғал сыйымдылығы төмен болады, олар және
электрленеді.

Киімнің екінші пакеті болып табылатын, костюмдер мен көйлектерге
қойылатын гигиеналық талаптар орындалатын жұмыстың түрі мен жылдың
мезгіліне байланысты болады. Жаздық киімдерге арналған маталар жұмсақ, ауа-
және бу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғал сыйымдылығы,
гидрофильділігі және жылу өткізгіштігі жоғары болуы керек. Мұндай
қасиеттер киім астылық кеңістіктің жақсы желдетілуіне және дененің қатты
қызуын болдырмауға мүмкіндік береді. Табиғи маталарды (мақта қағазды,
жібек, зығыр) басым қолданған орынды. Табиғи және жасанды аралас
талшықтардан (вискоза, ацетат) жасалған маталарды да қолдануға болады.

Жылдың суық мезгілінде киетін киімнің 2- қабатының жылу сақтайтын
қасиеті жоғары болуы керек. Киімнің мұндай түрлерін дайындау үшін,
қоланылатын маталардың ішінде, басқаларға қарағанда, жүннен жасалған
маталар жақсы деп саналады. Жүн матасының саңылаулылығы (саңылаулардың
көлемі - 92%) мен гигроскопиялылығы жоғары, ауа-және бу өткізгішігі
жеткілікті.

Жүннен жасалған маталарды ылғалдаған кездің өзінде де, іші ауаға
толы, бос саңаулалары едәуір мөлшерде сақталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрмыстық киімдердің жіктелуі
Сәндік қолданбалы өнер және дизайн
Балаларға арналған киім топтамасын үлгілеу
Құрастыру сызбасын тұрғызу
Шаңғы аяқ киімдеріне гигиеналық талаптар
Киім және костюм қызметі. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар. Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы
Қазақ қыз ұлттық киім сән үлгілерінің конструктивті ерекшеліктері
Аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хром былғары
Бұйымның сырт көрінісінің сипаттамасы
Жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу жолдарын ашып көрсету
Пәндер