Әлемнің бай адамдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Әлемнің бай адамдары. Марк Цукерберг.
Орындаған: Жумагалиев А. А
Топ:ОП-413
Тексерген: Есенбекова З. Ж
2015ж
Жоспар
- Өмірбаяны
- Facebookтың жасалуы
- Марк Цукерберг табысының сыры
- Цитаталары
Марк Цукерберг
Марк Цукерберг (Марк Эллиот Цукерберг, мамырдың 14, 1984 жыл) - АҚШ бағдарламаушысы, Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, және соның басқару кеңесінің төрағасы, филантроп. 2011 жылға сәйкес оның жеке қаражаты $17. 5 миллиард деп есептеледі. [4] Facebook негізін 2004 жылы Гарвард университетінің студенті Марк Цукерберг қалаған болатын. «Time» журналы аталған желінің негізін қалаушы сол кездегі 26 жастағы Марк Цукербергті «Жыл адамы - 2010» атағымен марапаттады.
Марк Цукерберг - Facebook танымал әлеуметтік желісінің негізін қалаушы әрі соның өңдеушісі, тарихтағы ең жас миллиардер. Ол америкалық Time журналының версиясы бойынша 2010 жылы «жыл адамы» деп танылды. Журнал 26 жасар миллиардердің неліктен таңдалғанына былай: «ол жарты миллионнан астам адамдарды біріктірді және олардың әлеуметтік қатынастарының картасын жасады, ақпарат алмасудың жаңа жүйесін жасап, біздің өмірімізді өзгертті», - деп түсініктеме береді.
Осы әлеуметтік желі 2011 жылдың наурызында өзінің ең жоғары нарықтық құнына жетіп, $85 млрд-қа бағаланды.
2010 жылы Facebook-ты пайдаланушылар саны 500 млн. адам-нан асты, ал Цукерберг бейнесін «мифологиялаған» Голливуд - 2010 жылдың жазында Facebook -тың құрылуы мен дамуы жайлы «Әлеуметтік желі» деп аталатын фильмді экранға шығарды.
Жас миллиардердің өзі былай дейді: «Әлеуметтік құрылымдар бәрінен жоғары тұратын әлемде виртуаль-ды, қол жетімді досье - ақпараттық бомбамен бірдей. Жалпы миы бар адам өз уақытының көбісін және жетістіктерінің нәтижесін жұмыс берушіге бере отырып, өзіне жұмыс істемеуге моральдық құқы жоқ. »
Facebookтың жасалуы
Гарвардтың ішкі компьютерлік желісінде студенттер өздерінің суреттері мен жеке мәліметтерін салатын тарауы болатын. Фотолар әдеттегі алдынан және жанынан түсірілген беттердің ширыққан кескіні еді. Осыны жөндегісі келген жас Марк кездейсоқ екі суретті таңдап және соларды салыстырып, соның тартымдысын анықтауды ұсынатын бағдарлама жазып, осы сайтқа орналастырды. Содан бастап салыстырмалы талдау жасаудан желі босамады.
Бірінші күннің кешінің өзінде сайтты төрт мыңға жуық адам қарады. Қараушылар саны жиырма мыңнан асқанда сервер ауыртпа-лықты көтере алмай істен шықты. Марк компьютерді бұзғандық жөніндегі комиссияға шақырылды. Әрине бұл жағдай үшін Цукербергтің басынан ешкім сипай қойған жоқ, тиісінше жазалан-ды. Міне сол кезде-ақ ол мұндай нәрсе жұртта қатты қызығушылық тудыратынын байқады. Гарвардта әлі күнге дейін осы шатаққа түсініктеме беруден қашқақтайды. Міне осылай келешек коммуникациялық кереметтің негізі қаланған болатын.
Марк 2004 жылдың 4 ақпанында Гарвард студенттерінің бір-бірімен пікір алысатын сайты ретінде ойластырған «The Facebook» деген әлеуметтік желісін іске қосты.
«The Facebook» студенттер арасында негізінен жоғары оқу орындарында бұрыннан бар топтар, курстар мен тусовкаларды оффлайн бойынша өздерінше ұйымдастыруға қолайлылығы жағынан тиімді болды. «The Facebook»-ты ашып алып биыл таныстардың қайда тұратынын, қандай әдемі қыздар барлығын, жаңадан оқуға түскендер кімдер және т. басқаларды тез білуге мүмкіндік көп. Міне бұл бастамасы ғана болатын.
Сайт іске қосылғаннан кейін Цукерберг баспасөзге арнап былай деді: Facebook бар болғаны бір аптада жазылып бітті, ал бұл идея басымда пісіп жетілген еді және ол «кассадан кетпей жатып» тезарада жүзеге асырылды. Бұл жобамен айналысып, оны іске асыруда оған оның курстастары Эдуардо Сэверин, Дастин Московиц, Эндрю Мак Коллум және Кристофер Хьюз көмектесті. Цукерберг құрған әлеуметтік желі кампус (ол кезде әлі «кластастар» мен «твиттерлер» пайда болмаған) шекарасынан тез шығып кетті, сол 2004 жылдың көктемінде оған Плюш лигасының бүкіл колледждері енді.
Пайдаланушыларға желіде өзінің суреті мен кезкелген ғылыми және шығармашылық қызығушылығынан бастап, гастрономиялық және махаббат оқиғалары жайлы материалдарын да орналастыру ұсынылды. Сол сияқты оған суреттер, суреттер, суреттер . . . қанша болса да енгізе беруге болатын.
Марк Цукерберг табысының сыры
Марк Цукербергтің басқа айтулы миллиардерлерден ерекшелігі, ол өз құпиясын ашуға асығар емес. Сондықтан көптеген мамандар Facebook негізін қалаған тұлғаны өздерінше талдауға, сол арқылы 28-ге енді толатын жас адам қалайша адамдардың 99 пайызының қолынан келмеген жаңалықты жасай алғандығын түсінуге тырысады.
Ең алдымен, Марктің технологиялық алға басу мен шығарма-шылық стратегия арасындағы айырмашылықты әрқашан түсіне білгендігін атап айту керек. Егер ол өзінің соңғы салада мықты емес екендігін сезсе, онда жұмыстың осы саласын білікті менеджерге сеніп тапсырады. Әрине оны менеджмент саласынан хабарсыз деуге болмас, өйткені оның командасына басқа ірі компаниялар жылдар бойы қолына түсіре алмай жүрген небір үздік мамандар келіп, қосылып жатады. Міне содан да көпшілік Цукербергті келісімді жүргізе білудің айрықша тетіктерін меңгерген тұлға деп санайды.
Марк Цукерберг өте талапшыл басшы. Ол пікір таластыруды жақсы көреді, қызметкерлерін сирек мақтайды, бірақ олардың істі жан-тәнімен беріліп атқаруы үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге даяр. Содан да болар, Марктің командасынан немқұрайлы адамды таба алмайсыз.
Көптеген психологтар Марктің осы қарапайымдылығы мен күй талғамайтындығы, оның ең басты миссиясы - Facebook желісін дамытумен басы бүтін шұғылдануына мүмкіндік жасауда деп санайды.
Қазірдің өзінде оның іскерлік келісімдер кезіндегі аңқаулығы мен кейбір олақтықтары жайлы аңыздар баршылық. Бірде ол 8. 00-ге белгіленген Microsoft өкілімен кездесуге: «Мен ол уақытта әлі ұйқтап жатамын», - деп бармай қалыпты. Бірде Цукербергті Yahoo-мен бірлесіп жұмыс істеу мәселесін талқылауға шақырса, ол маған бұл күні құрбым келуі керек деген көрінеді. Маркқа миллиардтаған долларға жасалатын мәміле жайлы әңгіменің қай-қайсысы да әсер етпейді.
Асығудың қажеті жоқ - бұл қағиданы Цукерберг Microsoft-тан ұсыныс түскен мектептік жылдардан бері жақсы меңгерген. Бүгінгі күні Марк өзіне ерекше сенімді, ал ақшалар бұрынғысынша оның алақанына құйылып жатыр. Әлемнің ең жас миллиардері қазір миллиондаған адамдардың табынатын піріне айналып, сол жеткен адам айтқысыз биікке қол жеткізуге тырысуда. Бірақ ол елден ерек бірегейлердің ғана қолынан келмек іс қой . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz