Мотив және мотивация туралы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Реферат
Тақырыбы: Мотив және мотивация
Орындаған: Акчалова А. Пх-315 тобы
Тексерген: Едігенова А. Ж.
Семей қаласы, 2015 жыл
Жоспар:
- Мотив түсінігіне анықтама
- Мотивация туралы теориялар
- Мотивацияға жалпы сипаттама
- Пайдаланылған әдебиеттер
Мотив және мотивация отандық және шетел психологиясы мен педагогика ғылымдарында көкейкесті мәселе болып табылады. «Мотив» термині (француз сөзі) қазақшада «түрткі» деген мағынаны білдіреді. Бұл мҽселенің көкейкесті болуының бір себебі, күнделікті өмірге психологиялық зерттеулерді енгізу, яғни адамның қылықтарының пайда болу себебін анықтау қажеттігінен туындаса, екінші жағынан адамның күнделікті әлеуметтік тіршілік жағдайында әрекет жасауымен, оның ішкі мотивациялық жағдайының арасындағы байланысты анықтаудың қажеттігімен түсіндіріледі.
Мотив туралы айтылған соң міндетті түрде мотивация мәселесі айтылуы қажет. Ең әуелі мотивация туралы теориялар ежелгі грек ғалымдары Аристотель, Демократ, Гераклит, Лукреций, Платон, Сократ жҽне т. б. тәрізді ғұламалардың зерттеулерінен орын алды.
Мысалы, Демокрит қажеттілікті адамның сөйлеуге, тілінің дамуына және еңбек етуге деген тілегін қалыптастыруға деген негізгі күш ретінде қарастырған. Грек ғалымы К. Гельвеций - адам белсенділігінің негізі құштарлықта екендігін көрсеткен.
XXғ. 20 жылдары батыс психологиясында тек адамға ғана қатысты мотивация теориялары пайда бола бастады. Мысалы, Курт Левин (1926), Г. Олпорт (1937), Г. Мюррей (1938), А. Маслоу (1954) .
ХХғ. екінші жартысында мотивацияға қатысты концепциялар Дж. Роттер (1954), Г. Келли (1955), Х. Хекхаузен (1955), Дж. Аткинсон (1964) жұмыстарында орын алады.
Мотивация мәселесін шетелдік ғалым Р. Кеттел де (1957) қарастырған. Сонымен қатар, бұл мҽселе саналылық жҽне санасыздық туралы Зигмунд Фрейдтің зерттеуінен де қажеттілік ретінде орын алады. Дәл осы бағытта өзінің теориясын У. Макдауголл (1923) да ұсынды. 1957 ж. Ж. Нютеннің жұмысында мотивация организмнің белсенді болу себебін түсіндіруде қолданылған.
Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде мотив түсінігіне біраз анықтамалар берілген, мәселен: мотив мақсат ретінде (А. Н. Леонтьев) ; мотив қажеттілік ретінде (С. Л. Рубинштейн, Л. И. Божович, А. К. Ковалев, К. К. Платонов) ; мотив адамның ниеті ретінде (Д. А. Леонтьев) ; мотив тұлғаның тұрақты қасиеті ретінде (М. Ш. Магомед- Эминов, В. С. Мерлин) ; мотив ынталандырушы ретінде (И. А. Джидарьян, В. Н. Мясищев) ; мотив өзін белсендіруге деген қажеттілік ретінде (А. Маслоу) ; адамды әрекет жасауға итермелейтін түрткі ретінде (Қ. Жарықбаев, Т. Тҽжібаев) .
Осы берілген анықтамалар әр түрлі айтылып тұрғанымен олардың мағыналары бір- біріне жақын, яғни мотивті адамды әрекет жасауға итермелейтін түрткі ретінде қарастырады.
Мынадай қарапайым мысал: мұғалімнің оқушыға сұрақ қоюы, оның оған жауап беруіне себеп болады немесе дау-жанжалдың туындауына әкелуі мүмкін.
Мотивация түсінігі мотивке қарағанда кең мағынаны білдіреді. Қазіргі психологияда мотивация түсінігі екі мағынада қолданылады:
1) адам қылықтарын анықтайтын факторлардың жүйесі ретінде (мақсаты, мотивтері, ниеті, толқуы және т. б. ) ;
2) адамның қылықтарын белсендіретін жҽне ынталандыратын үрдістің сипаты ретінде.
Демек, осы айтылғандарға сүйенсек, мотивация дегеніміз жеке тұлғаның белсенділігін, қылықтарын анықтайтын факторлар жүйесі жҽне мотивтердің құрылу, қалыптасу үрдісі болып табылады.
Сонымен адамның мотивациялық аймағының құрылымы адам әрекеттері мотивтерінің көп түрлілігімен сипатталады . Осы мотивтер адам өмірінде бірнеше қызметтерді де атқарады: ынталандырушы, бағыттаушы, реттеуші жҽне т. б. Яғни оқушының оқу іс-әрекетін алатын болсақ оның іс-әрекетін ынталандырады, бағыттайды жҽне оны реттейді. Оның өзіне тән қасиеттері де бар: күші және тұрақтылығы. Егер оқу озаты болған оқушы 5 орнына 2 немесе 3 алып қалса, онда оның мотивінің күші 4-ке қарағанда күштірек болады.
Демек, жеке тұлғаның мотивациялық аймағына талдау жасау, оның неменеге талпынатынын, ол оған неге керек екендігін және оның іс-әрекетінің мақсаттылығын анықтап білуге көмектеседі. Осы жерде мынадай орынды сұрақ туындайды: Қазіргі оқушы неге талпынады? Қазіргі оқушының қызығушылығы қандай? Қазіргі оқушы неменеге ұмтылады?.
Осыған сәйкес, мотивациялық аймақты зерттеу мәселелері туралы айту керек: 1) мотивтердің өзара байланыстылық мәселелері; 2) мотивтердің мәні, табиғаты, құрылымы; 3) мотивациялық бағдарлаудың өзара байланыс мәселелері; 4) мотивтердің дамуы мәселесі; 6) мотив түрлерінің критерийлері мен көрсеткіштер мәселесі; 7) тұлғаның мотивациялық аймағын диагностикалау мәселелері.
Жалпы мотивация мәселесі бойынша, нақтырақ айтқанда оқу іс-әрекеті мотивіне байланысты шетелдік жҽне кеңес одағы ғалымдарының бірқатар зерттеулері бар. ХХ ғасырда кеңес одағы психологтары да адам әрекетіндегі мотивация мәселесін қарастыра бастады. Мәселен, А. Ф. Лазурский, Л. С. Выготский, Н. Н. Ланге, В. М. Воровский және т. б.
Мотив жҽне мотивация мәселелерін бір-біріне ұқсас мәселелер деп қарастыруда орын алған (А. Б. Орлов (1989), В. А. Иванников (1985, 1991), Л. И. Божович (1968), А. Г. Ковалев (1969), А. Н. Леонтьев (1971, 1975) және т. б. ) .
Орыс оқымыстысы Н. Г. Чернышевский адам өміріндегі қажеттілікке баса мән берді. Көптеген жұмыстарда қажеттілік адам әрекеттерін, іс-әрекетін, қылықтарын қозғаушы ретінде қарастырылады.
Қажеттілікті мотив орнына қабылдау, адамның белсенділігін көрсетуге талпынуымен түсіндіріледі. Бұлардан басқа, орыс психологы С. Л. Рубинштейннің пайымдауынша, қажеттілік мазмұнында адамды өзінің керегін қанағаттандыру мақсатымен жағдайды қайта құруға бағыттайтын белсенді талпынысы орын алады. Адамның қажеттілігінің барлығы нақты бір іс-әрекетпен айналысу барысында қанағаттандырылатыны түсінікті жайт.
Ғалымдардың пікірін қарап саралай отыра, қажеттіліктер мен мотивтер арасындағы сәйкестікті келесі жайттармен жүйелеуге болады:
1) қажеттілік пен мотивтер арасында алыс жҽне тікелей қатынастар болуы мүмкін;
2) қажеттілік мотивтің пайда болуына түрткі болады;
3) қажеттілік өзін қанағаттандыратын зат табылған соң мотивке айналуы мүмкін;
4) қажеттілік мотивтің бөлімі (В. А. Иванниковтің пікірінше, егер түрткі мотив болса, онда осы түрткінің бөлігі қажеттілік болады) ;
5) қажеттілік дегеніміздің өзі мотив (Л. И. Божович, А. Г. Ковалев, К. К. Платонов, С. Л. Рубинштейн және т. б. ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz