Жұпсыз жібек көбелегі: зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау әдістемесі және күресу шаралары



Өсімдіктің зақымдалуы
Зияндылығы
Биологиясы
Анықтап табу әдісі
Күресу шаралары
Морфологиясы, Имаго
Анықтау және теңестіру
Күрес шаралары
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Өсімдіктердің зақымдалуы:Жұпсыз жібек көбелегі 300-ге жуық өсімдік түрлерін зақымдайды. Оның ішінде барлық жапырақты ағаштарды, қылқан жапырақтылардың кейбір түрлерін,бұталардың көптеген түрлерін зақымдайды. Әр бір аймақтарды зиянкестің жемдік өсімдіктері бірталай ажыратылады.Қазақстанның таулы аймақтарында жұпсыз жібек көбелегі әдеттегі түрі болып табылады. Республика аймағындағы ормандарда саксаульниктерден басқа барлық жерлерде таралған. Қазақстанның солтүстік аймақтардағы қайың ағаштарына және Қазақстанның оңтүстігі , батыс- шығыс аймақтардағы орман ағаштары және жеміс ағаштарына орасан зор зиян келтіруде.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Жұпсыз жібек көбелегі: зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау әдістемесі және күресу шаралары

Дайындаған: Болысбеков М.Н
ЛД-211тобы
Тексерген: Сагандыков С

Семей 2015
Жоспар:
Өсімдіктің зақымдалуы
Зияндылығы
Биологиясы
Анықтап табу әдісі
Күресу шаралары
Морфологиясы, Имаго
Анықтау және теңестіру
Күрес шаралары
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер

Өсімдіктердің зақымдалуы:Жұпсыз жібек көбелегі 300-ге жуық өсімдік түрлерін зақымдайды. Оның ішінде барлық жапырақты ағаштарды, қылқан жапырақтылардың кейбір түрлерін,бұталардың көптеген түрлерін зақымдайды. Әр бір аймақтарды зиянкестің жемдік өсімдіктері бірталай ажыратылады.Қазақстанның таулы аймақтарында жұпсыз жібек көбелегі әдеттегі түрі болып табылады. Республика аймағындағы ормандарда саксаульниктерден басқа барлық жерлерде таралған. Қазақстанның солтүстік аймақтардағы қайың ағаштарына және Қазақстанның оңтүстігі , батыс- шығыс аймақтардағы орман ағаштары және жеміс ағаштарына орасан зор зиян келтіруде.
Зияндылығы:Ең қауіпті популяция сібірлік,зауральдік , киыршығыстық және қырғыздық болып табылады.Жұлдыз құрттары көп шоғырланған жерлерде жапырақтың зақымдалуы 80-90 % ға дейін жетеді.6-10 жылда жаппай көбейуінің салдарынан зиянкестің өлуіне әкеп соғатын ауру қоздырғыш вирустық-бактериялдық аурулардан зиянкестің өлетіні белгіленген.Жұпсыз жібек көбелегінің әдетте жаппай көбеюі өзінің талғамына қайың,пісте,алма,долана және жаңғақ өсімдіктерінде басталады.Зиянкестің көбейуіне байланысты қасында өсіп тұрған басқа өсімдік түрлеріне орасан зор зиян келтіреді.Ағаштар көбінесе гүлдеу немесе бұтақтану кезеңінде көп зақымдалады. Кіші жастағы жұлдыз құрттар бүршіктермен азықтанып жапырақтарын ойып-ойып жейді.Ал соңғы екі жасқа келгенде жапырақты түгелдей дерлік жеп қояды.
Биологиясы:Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының бұйра көбелектер (Orgyidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған. Оқтың-оқтың орасан көп болып өсіп-өніп жеміс ағащтары мен сәндік ағаштарына және орман ағаштарына және орман ағаштарының көптеген түрлеріне зор зиян келтіреді.
Бұл тұрдің ұрғашылары мен еркектері бір-бірінен сыртқы пішініне қарап оңай ажыратуға болады, яғни жыныс деморфизмі айқын көрінеді. Ұрғашысы еркегіне қарағанда ірі,алдыңғы және артқы қанаттарының түсі ақшыл-сары, құрсағының ұшын сарғылт қоңыр түсті қалың түк басқан, мұртшалары қара,ара тісі тәрізді болады.

Еркегі ұрғашысынан бір жарым есе кіші, алдыңға қанаттары қара сұр, мұртшалары қауырсын тәрізді, құрсағы жіңішке,оның ұшында шашақ тәрізді болып топтанған ұзын түктер болады.Ұрғашысының қанаттарының өрісі 75 мм, еркектерінікі -45мм жетеді.
Көбелектің жұлдыз құрттары қоңырқай сұр түсті, арқасында бойлай орналасқан сарғылт түсті 3 жіңішке жолақ болады. Ол жолақтардың екі жағында екі қатар болып, сүйел тәрізді төмпешіктер орналасқан. Олардың алдыңғы бесеуінің түсі көк, қалғандары қызыл. Ол төмпешіктердің әрқайсысында топ-топ болып шыққан ұзын қылшықтар бар .
Жаздың орта кезінде ұрғашы көбелектер жұмыртқалауға кіріседі.Жұмыртқаларын әр түрлі ағаштардың діңіне, қашаларға, шарбаққа, ірі тастарға, үйлердің керегесіне топтап орналастырады.Әр топтағы жұмыртқалардың саны 500 жетеді және одан да асады. Жұмыртқа тобын көбелек өзінің бауыр түктерімен жауып тастайды.Сондықтан жұмыртқа тобының көрінісі ақшыл-қөңыр түсті киізден жасалған жастықшаға ұқсайды.
Денесіндегі ұзын қылшықтарының көмегі арқылы жас жұлдызқұрттар желдің екпінімен едәуір қащықтыққа дейін таралыды. Жаздың бас кезінде жұлдызқұрттар ағаштардың қуыстарында,қабықтың жарықтарында және бұтақшалар мен жапырақтардық арасында қуыршаққа айналады. Қуыршағы алтын тәрізді түетр басқан қара-қоңыр түсті болады. 10-15 күнен соң қуыршақтан көбелек ұщып шығады.Зиянкес жылына бір генерация беріп өсіп өнеді.
Анықтап табу әдісі: Жұпсыз жібек көбелекті анықтау үшін ағаш діңін адамның кеуде түсы биіктіке дейін тексеру жүргізіп, жұмыртқалауының есебін жүргізу крек.Зиянкестің болуының сенімді белгісі, жүлдыз құрттың экскрементерінің қалуы. Оған есеп жүргізу үшін бағдарлы жүріс бойынша 0,5х0,5 немесе 1х1 м алаңшаларды қойып есеп жүргізеді.Алаңшаны жақсы дамыған ағаштың астына қояды. Алаңшаны алма ағаштың және өсімдіктің жабыныннан тазартады.Немесе арнай жасалған 8-10см коломерлі жәшікті қоюға болады. Түбін марьля материялымен тартып қояды.Алаңшаларды тексеру есеп жүргізу кезінде жүзеге асырылады Зиянкестің пайдаболуы немесе ұшып келуі мүмкін аймақтарда және оларға іргелес телімдерді залалданған немесе заладанбағанын түпкілікті көзмөлшерімен тексеру ұйымдастырып ферамондық ілгіштер арқылы аулап алады.Жапырақтарда кемірілген, эксперементам, жарақаттар жұлдызқұрттар көбелектер мен жұмыртқалары арқылы рекогносцировалық қадағалау жүргізіледі. Рекогносцировалық қадағалау дегеніміз - ормандағы пайда болуы мен көбейуі мүмкін зиянкестерді немесе ауруларды залалданған аймақтың лtсопатололгиялық жағдайына жылсайын жүргізілетін жүйелік бақылау дейміз.Бұл бақылаудың негізгі мақсаты ол уақытысында жүргізілетін. Шаралар арқылы зиянкестердің динамикалық өсу популяциясын бақылау арқылы жаппай көбейуі мүмкін ошақ аумағаын уақытысында анықтау.Стационарлық қадағалау түпкілікті сынақ алаңшаларында жүргізіледі.Анықтау барысында әр 50 га ошақ аумағына 10 ағаштың біреуіне бір сынаманы қояды. Ұсақ ошақ аумақтарында сынаманың санын көбейтеді. Стационарлы және нақты анықтаулары арқылы жүргізіледі.Былтырғы жұмыртқалауын мөлшерін белгілеп, осы жылғы сау немесе басқа құрт-құмырсқалар,құстар кеміргіштер мен зақымдалған жұмыртқаларды өлшеу немесе қалаулардың санын санау арқылы жұмыртқалардың санын анықтайды.Анализ жүргізу арқылы жұмыртқалардың өміршеңдігін анықтайды.Сау жұмыртқалардың санын орташа бір ағашқа есептейді.Қадағалау және анықтау кезінде синтетикалық феромондық тұзақтар қолданылады ( приложение 11 ).
Рекогносцировалық және түпкілікті анықтау нәтижесінде жұпсыз жібек көбелегін жою шараларының жобасы жасалады.
Күресу шаралары: вирустық препараттар мен зиянкестің жүлдыз құртарын жою.Орман ағаштарында синтетикалық препараттардану кезінде арнай тізімге сәйкес жұмыс жүргізу.Комсток сымыры. Дернәсілдерінің туылуы наурыз айының аяғында сәуір айының басында жалпы қолайлы және орташа ауа температурасы 260 0С - қа жеткенде, тұт ағашының бүршік жару және бірінші жапырақтарының шығу кезеңіне тура келеді. Топыраққа, дуалдарда қыстап шыққан жұмыртқаларға қарағанда , ағаш діңінде қыстап шыққан жұмыртқалардан дернәсілдер ерте шығады. Жаңа туылған дернәсілдер мал азықтық өсімдіктердің жаңа шыққан жапырақтары мен сағақтарына жорғалап барып шоғырланады. Олар кешірек механикалық жарақаттанған қабықтардың сағаларына, сабақтарына ағаш діңінде шоғыр құрады.
Бір жастағы дернәсілдің дамуы 12-16 күнге, екі жастағы дернәсіл 10-12 күнге, ал үш жастағы дернәсіл 8-14 күнге созылады. Еркектерінің ұшуы аналық дернәсілдердің үшінші түлеуінен кейін басталады.Ересек аналықтары жұмыртқа салар алдында қоректенуін тоқтатып, ағаштың сабақтарынан, діңінен, және топырақтан жұмыртқа салуға қолайлы орын іздейді.
Жұмыртқа салу кезеңі бірнеше күнге созылады.
Комсток сымыры жоғарғы өсімталдықпен айқындалады: әр аналығы орташа есеппен 300 жұмыртқаға дейін салады. Аналықтары жұмыртқаларын қолайлы жерлерге қабық астына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұпсыз жібек көбелегі: зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау әдістемесі мен күресу шаралары
Ауылшаруашылық өсімдіктерінің карантині
Американдық ақ көбелегі: зияндылығы, биологиясы, анықтау әдістемесі және күресу шаралары
Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің карантинді зиянкестерінің таралуы, биологиясы және қорғау шаралары
Күнбағыс зиянкестері
Қызанақ дақылын өсіру технологиясы. Көкөніс дақылдарына зиян келтіретін бунақденелілердің таралуы, биологиясы,зияндылығы
Картоп дақылын өндіру
Қабыршақ қанаттылар, көбелектер
Күнбағыстың түрлері
Жеміс ағаштарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын күресу шаралар жүйесі
Пәндер