РИП тасымалдау және сақтау, есепке жауапты міндеттері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік-технологиялық факультеті
Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: РИП тасымалдау және сақтау, есепке жауапты міндеттері
Орындаған: Серікқан Е. Е.
Топ: ТФ-205
Тексерген: Нургалиев Д. Н.
Семей2015
Мазмұны
Кіріспе3
РИП тасымалдау және сақтау, есепке жауапты міндеттері4
Қорытынды11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі12
Кіріспе
Мен осы өздік жұмыста радиоизотопты аспаптар туралы қарастыратын боламын, қысқа айта кетсем: радиоизотопты аспап - әрекет ету принципі иондаушы сәулеленудің бақылау нысанымен әрекеттесу нәтижелерін пайдалануға негізделген, өзінің құрамында жабық радионуклидті сәулелену көзі бар радиациялық-ақпараттық құрылғы.
РИП тасымалдау және сақтау, есепке жауапты міндеттері
Радиоизотопты аспап - әрекет ету принципі иондаушы сәулеленудің бақылау нысанымен әрекеттесу нәтижелерін пайдалануға негізделген, өзінің құрамында жабық радионуклидті сәулелену көзі бар радиациялық-ақпараттық құрылғы.
Радиоизотопты аспаптардың жалпы тағайындалуы және әрекет ету принципі
1. 1. Иондаушы сәулелену көзді блоктары бар, детектирлеу және ақпаратты өңдеу блогы бар радиоизотопты аспаптар (РИА) өндірістің әртүрлі салаларында технологиялық процестерді автоматты бақылау және басқаруға негізделген.
1. 2. РИА келесі бақылау түрлерін атқарады:
• қатты және сұйық материалдардың деңгейін түйісусіз позициялы бақылау;
• орын ауыстырғыш тасу құралдары және заттарды бақылау;
• тығыздығы бойынша ажыратылатын (1, 2 реттен кем емес), екі ортаның бөлігінің шекарасын бақылау;
1. 3. РИА әрекет ету принципі гамма-сәулелену дозасы қуатының немесе альфа, бета-бөлшектердің бақыланатын ортаның иондаушы сәулелену көзі блогы және детектирлеу блогы арасындағы тығыздықтың өзгеру нәтижесінде ағын тығыздығының өзгерісін тіркеуге негізделген.
1. 4. Жабық радиоизотопты альфа-, бета-, гамма-сәулелену және нейтрондар көздері бар блоктар сәулелену шоғырын қажетті бағытта қалыптастыру және қызметкерлерді иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істегенде, сақтағанда және тасымалдағанда қорғау.
РИА жасауда, тасымалдауда, сақтауда, орнатуда және пайдалануда радиациялық қауіп келесі факторлармен анықталады:
- гамма-сәулеленумен және тежеуші сәулеленумен;
- рентгендік сәулеленумен;
- альфа - және бета- сәулеленумен;
- нейтрондар ағынымен;
- құрал-жабдықтар, РИА сәулелену көздері блоктарының жұмысшы бетін радиоактивті ластау.
Қорғаныс шаралары адамға жоғарыда айтылған сәулелену түрлерінің бәрі әрекет етумен жүзеге асырылады және сәулеленудің қосынды экспозициялық дозасының рұқсат етілген деңгейге дейін төмендетуге бағытталған.
РИА-ды дайындау, транспорттау, сақтау, орнату және эксплуатациялау жүзеге асрылатын өндірістерде А және Б санаттарына жататын адамдардың тізімі анықталады.
А санаты ТУ келісіп орнатылады. Оған РИА-ды дайындау, орнату және реттеумен айналысатын аламдар жатады. Б санатына РИА эксплуатациялайтын қызметкерлер жатады.
РИА радиациялық қауіпсіздік дәрежелеріне байланысты келесі топтарға жіктеледі: 1-ші топ - белсенділігі 5 мКи дейін альфа және бета сәулелер көзі бар РИА; 2-ші топ - белсенділігі 5-50 мКи дейін альфа және бета сәулелер көзі бар РИА, 2-25 Ки тритийді пайдаланатын жарық белгілер; 3-ші топ - РИА бетінен 1м қашықтықта 0, 23 мкР/с артық сәулеленудің экспозициялық дозасының қуатын шығаратын гамма-сәулелену көздері бар РИА және белсенділігі 25 Ки жоғары тритийді пайдаланатын жарық белгілер.
РИА бетінде сәулеленудің экспозициялық дозасының қуаты 10 мР/сағ, ал бетінен 1м қашықтықта 0, 3 мР/сағ аспауы тиіс.
РИА жұмысын ұйысдастыру РИА-ға негізгі сакнитарлық-техникалық талаптар, есептеу, сақтау, тасымалдау, орналастыру және эксплуатациялау ережелері жазылған «Радиоизотопты аспаптардың құрылғысы және эксплуатациялаудың санитарлық ережелерімен» сәйкес қатаң жүзеге асырылуы тиіс. РИА алған өнеркәсіп көздердің болктарын сақтауды арнайы бөлінген жеке бөлмеде ұйымдастыруы қадет. Бұл бөлменің сыртқы қабырғалары және есіктерінің сәулеленуінің дозасының қуаты 0, 3 мбэр/сағ аспауы керек.
Радиожиілікті аспаптарды орнаоастыруға және қауіпсіз эксплуатациялауға талаптар РИА тобына байланысты орнатылады. 3-ші топтағы РИА үнемі жүмыс орындарынан максимал алыстатылған жерлерде орналастырылады.
2-ші және і-ші топтағы РИА пайдалану кезінде келесі талаптарды орындау керек: сәулелену шоғыры қызметкерлерге ең қауіпсіз жаққа бағытталуы керек; РИа орнату қызмет көрсететін қызметкерлерге және басқа да адамдар үшін қауіпсіз қашықтықта болуы тиіс.
Сәулелену көздерінің блоктарының бетінен 1м-дан кем қашықтықта өызметкерлердің максимал болу уақыты шектеледі. РИА-ды орнатуды және реттеуді жүргізетін өнеркәсіп міндетті түрде дозиметрлік өлшеулерді жүзеге асыруы тиіс: сәулелену көздерінің блоктарының сыртқы бетінде, РИА қодырғыларының орындарына жақын орналасқан жұмыс орындарында және сәулелену көзінің блогының сыртқы бетінен 1м қашықтықта.
Сонымен қатар радиоактивті сәулелер бұйымдардың немесе дайындаулардың ішкі құрылысын жасырын дефектілер болуына сәулелендіруге қолданылады. Ол гамма дефектоскопия деп аталады. Ол дәнекерлеу, балқыту сапасын бақылау, сызаттарды, шұңғылшаларды, олардың формаларын және мөлшерлерін анықтау үшін кеме жасауда, машина жасауда, металлургияда, арналы өткізгіш құбырларды, жылу және атом электр станцияларын жасауда кең қолданылады.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады
Құжаттарды ұсыну
Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары өтiнiш берушiде:
- Қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған лицензиясының.
- Тиiстi бiлiмi және мәлімделген жұмыс бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес (өтініш берушінің бұйрығымен) мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жiберiлген техникалық басшылардың, мамандардың бiлiктi құрамының.
- Өтініш беруші бекiткен жұмыстың негізгі әдістерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын мәлімделген жұмыстарды орындау регламентiнiң.
- Ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегi радиациялық қорғау бағдарламасының.
- Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, ықтимал авариялардың алдын алу және жою жөніндегі нұсқаулықтар мен жоспарлардың.
- Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау жүйесінің (өтініш беруші бекіткен есепке алу және бақылау жөніндегі нұсқаулықтар, қабылдау-беру актілері, беру, есепке алу және сақтау журналдары) .
- Персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есептеу жүйесiнiң (үй-жайларының, аспаптар мен құралдарының, өлшеу әдістемесінің) немесе персоналға жеке дозиметрлік бақылауды жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шарттың.
- Радиациялық қауіпсіздік және жұмыс орнында радиациялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің (қызмет туралы бұйрық пен ереже, радиациялық бақылау жүргізу кестесі, өлшеу құралдары) .
- Тасымалдау кезеңiнде ядролық материалдарды, иондаушы сәуле шығару көздерiн, радиоактивті қалдықтар мен радиоактивті заттарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жүйесінің.
- Ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес тасымалдау кезеңiнде авариялық жинағының және аварияны жою құралдарының.
- Ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының.
- Көлiкке арналған санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының.
- Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның ерекше түрдегi радиоактивтi материалдың буып-түйетiн жинағының конструкциясын бекiткенi туралы құжаттың.
- Қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың.
- Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың.
- Мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.
Адамдардың сәулеленуге шалдығудан алатын ұжымдық дозасына радиацияның
- медицинада қолданылатын;
- өнеркәсіптің түрлі салаларында қолданылатын;
- ядролық сынақтармен байланысты техногенді көздер;
- атом (ядролық-отын циклінің кәсіпорны - ЯОЦ) жұмыс істеумен және ондағы апаттармен (мысалы, Чернобыль АЭС) байланыстыжасанды көздері де өз үлесін қосады:
Өнеркәсіп пен медицинаның түрлі салаларында қолданылатын иондаушы сәулелену көздерінің сипаттамасына тереңірек тоқталамыз.
Бұл, ең алдымен, иондаушы сәулеленудің жабық көздері, олар әсер ету сипаты бойынша шартты түрде 2 топқа:
а) үздіксіз әсер ететін сәулелену көздеріне;
б) сәулеленуді оқтын-оқтын(кезеңді) шығаратынкөздеріне бөлінуі мүмкін.
Бірінші топқа, қолданылуы әр түрлі γ-қондырғылар, нейтронды, β- және γ-сәулелерін сәулелендіргіштер, екінші топқа - рентген аппараттары мензарядталған бөлшектерді үдеткіштер (соңғысында, бөлшектерді 10 МэВ-тан артық энергияға дейін үдеткен кезде, жасанды белсенді заттар түзілуі мүмкін, бұл кезде белсенді изотоптардың ағзаға түсуінің потенциалды қауіпі пайда болады) . Жабық көздері, қолданылатын салалар және қолдыналатын түрлері 1- кестеде берілген.
1 - кесте Иондаушы сәулеленудің жабық көздерінің қолданылуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz