Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы



Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1.Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
2.Негізгі абиотикалық факторлардың . жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні.
3.Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Табиғаттың ұзақ та, тарихи дамуы барысында адамзат баласы табиғат пен бірге үндесіп, тіршілік тауқыментін бірге тартып, қиын да күрделі кезеңнен өтіп, қатар дамыды. Осы уақыт аралығында адамның санасын табиғи ресуртарды пайдалану, шикізат қорларын өндіру, өңдеу және соның салдарынан туындайтын экологиялық апаттарды жою, қоршаған ортаны қорғау сияқты мәселелер толғандырды. Осыған орай, туындаған экологиялық проблемаларға байланысты бүкіл қоғамның иесі – адамның көзқарастары әртүрлі болды. Жер Ананың қойнауынан, табиғи байлықтар мен ресурстарды адамзат су ша сапырып, үнемшілдік ұғымын артқа тастап, астамшылық пен ысырапшылыққа жол берді.
1. А. Нұрғызарынов, Ж. Шілдебаев «Экология және тұрақты даму» Оқулық. – Астана. 2014 ж. 8-20 беттер.
2. Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева «Экология».Оқулық. – Алматы. 2011 ж. 24-25, 27-38 беттер.
3. С.Д. Фазылов, А.Нухұлы, А.М. Ғазалиев «Экология» Лекциялық курыс. – Павлодар. 2005 ж. 60-бет.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Аграрлық факультететі Ветеринарлық Медицина Кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.

Орындаған: Ахмадиева А. Ж.
Тексерген: Мурзалимова А. К.
Тобы: ВМ - 401.

Семей, 2015 ж.

Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1.Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
2.Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні.
3.Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Табиғаттың ұзақ та, тарихи дамуы барысында адамзат баласы табиғат пен бірге үндесіп, тіршілік тауқыментін бірге тартып, қиын да күрделі кезеңнен өтіп, қатар дамыды. Осы уақыт аралығында адамның санасын табиғи ресуртарды пайдалану, шикізат қорларын өндіру, өңдеу және соның салдарынан туындайтын экологиялық апаттарды жою, қоршаған ортаны қорғау сияқты мәселелер толғандырды. Осыған орай, туындаған экологиялық проблемаларға байланысты бүкіл қоғамның иесі - адамның көзқарастары әртүрлі болды. Жер Ананың қойнауынан, табиғи байлықтар мен ресурстарды адамзат су ша сапырып, үнемшілдік ұғымын артқа тастап, астамшылық пен ысырапшылыққа жол берді. Ормандар оталып, өсімдіктер құрып, жануарлар қырылып, бағалы мұнай-газ, әртүрлі рудалар, көмір қоры есепсіз алынды. Бірақ осы болмашы өткінші пайда үшін табиғатқа зор нұқсан келтірілді. Биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, табиғатты қорғау және оны қалпына келтіру, экология ғылымының алдында тұрған ұлы мақсаттардың бірі болды. Табиғатты сақтау үшін экологиялық факторлар мен оның қызметінен хабардар болу өте маңызды. Ал экологиялық фактор дегеніміз организм үшін қажетті немесе зиянды әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әртүрлі жауап береді. Бұл экологиялық фактордың өзі үш негізгі топқа жіктеледі. Олар: абиотикалық, биотикалық және антропогендік. Ең алдымен абиотикалық факторлар деп - организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығын айтамыз. Олар - химиялық (атмосфераның химиялық құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер және т.б) және физикалық (температура, қысым, ылғал, жел радиация т.б.) деп бөлінеді. Сол сияқты жердің бедері, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, ғаламдық сәулелер, т.б. факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді. Биотикалық факторлар дегеніміз - тірі организмдердің бір-біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер жиынтығы болып табылады. Антропогендік факторлар дегеніміз - қоршаған ортаға тигізетін адамның іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам өзінінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып, табиғаттың тепе-теңдігін сақтау мәселесі ғаламдық проблемалар деңгейіне көтеріліп отыр.
Төменде берілген өзіндік ізденіс жұмысымда стенобионттық және эврибионттық организмдерге анықтама бере отырып, оларға шағын мысалдар келтірдім. Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және экологиялық мәнін, абиотикалық фактордың сигналдық мәні жөнінде деректер келтірдім.

Негізгі бөлім.
1.Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Түрлердің мекен ету ортасының факторларының қандай да бір ауытқу диапазонына бейімделуге қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды. Эколгиялық валентілігі төмен түрлерді стенобионтты (грек тілінен аударғанда stenos - тар) ал төзімділігі жоғары түрлер эврибионтты (грек тілінен аударғанда eyros -кең) деп атайды. Стенобионттылық пен эврибионттылық ағзада өзінің тіршілігін сақтауды пайда болатын, әр түрлі бейімделу типтерін сипаттайды. Мысалы, температураға қатысты эври және стенотермді ағзалар; тұздардң концентрациясына байланысты эври және стеногалилі; жарыққа - эври және стенофотты, тамақ түріне байланысты эври және стенофагты ағзаларды бөліп көрсетуге болады.
Стенобионтты организмдердің таралу аймағы шектеулі болады. Шектеулі фактор абиотикалық немесе биотикалық болуы мүмкін. Мәселен, Іле Алатауының шыршалы орманында тіршілік ететін ақ тиін үшін шектеуші фактор - қорек. Сол сияқты жеміс жидегі мол тоғайларда тек дәнмен қоректенетін құстар басым болады. Әсіресе сексеуіл ормандарды мекендейтін жорға торғай, Іле Алатауының батыс бөлігінде және Ақсу-Жабағалы қорығында кездесетін жұмсақ торғай, Алакөлдің реликті шағаласы, шөл шөлейтті құмды аймақтың сәні - қарақұйрық, т.б. аң мен құстар таралуы шектелген стенобионтты түрлерге жатады. Стенобионтты организмдердің эврибионтты организмдерден айырмашылығы таралу аймағының шектелуіне байланысты морфологиялық, физиологиялық және эколоиялық жағынан бейімделу ерекшеліктері басымырақ болады. Оған тән белгілер түсінің ортаға қарай ұласуы, түнге қарай активті тіршілігі, ін қазу, суды үнемдеу, т.б. қасиеттері жатады.
Эврибионттар (грек. eurys - кең, ауқымды және bіontos - тіршілік ететіндер) - сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі өзгерістеріне бейімделе тіршілік ететін өсімдіктер немесе жануарлар. Қоңыржай белдеулердегі құрлықта мекендейтін жануарлардың көпшілік түрлері температураның, ылғалдылықтың, Күн радиациясының, т.б. қоршаған орта факторларының едәуір ауқымды өзгерістерін елемей тіршілік ете береді. Эврибионттардың сыртқы орта факторларының ауқымды түрдегі ауытқуларға бейімделуі олардың жоғары деңгейлік төзімділігімен немесе оларда болатын орфофизиологиялық механизмдер арқылы анықталады. Мұндай бейімделушілік белгілер мен қасиеттер арқылы Эврибионттар өздерінің ішкі орта жағдайларыныңгомеостазын белсенді түрде сақтай алады. Эврифагтар - әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар - әр түрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер.
Табиғатта организмдердің көпптеген түрлері жэологиялық факторлар жиынтығына, оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. Яғни, олар қолайсыз ээкологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Организмдердің бұл тобын эврибионтты түрлер дейді. Мәселен, Қазақстанға жерсіндірілген ондатра, көгілдір түлкі, бұлғынды, ал кездкйоқ жолдармен енген коларода қоңвзвн, аққанатты американдық көбелекті, т.б көптеген арамшөптерді мысалға келтіруге болады.
2.Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні.
Абиотикалық факторларды тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі бейорганикалық табиғаттың компоненттері мен құбылыстары құрайды. Негізгі әсер етушілерге климаттық, сонымен бірге әр түрлі организмдер тіршілік ететін топырақтық немесе эдафостық және сулы орта факторлары жатады. Негізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және ылғалдылық жатады.
Жарық. Жарық - тірі организмдер үшін негізгі факторлардың бірі. Күн сәулесінің барлық мөлшерінің 50% ғана бізге көрінсе, қалған бөлігін көрінбейтін инфрақызыл және ультракүлгін түсті сәулелер құрайды. Жарық, әсіресе жасыл өсімдіктер үшін өте қажет. Фотосинтезді химия тілімен көрсетсек:
6СО2+12Н2О ------- С6Н12О6 +6 О2 + 6 Н2О,
Мұндағы СО2 - көмір қышқылының молекуласы; Н2О - су молекуласы, О2 - оттегі молекуласы; С6Н12О6 - глюкоза молекуласы - қарапайым органикалық зат.
Атмосферадағы көмірқышқыл газының (СО2) мөлшері тұрақты (0,03%) бола отырып, фотосинтездің жүру процесін, жылдамдығын тездетуге әсері мол, ал су мен күн энергиясы жер бетінің бедеріне қарай өзгеріп отырады. Тірі организмдер үшін жарықтың мол түсуі, сапасы мен мөлшері үлкен рөл атқарады. Организмдердің қалыпты тіршілігі үшін жарық режимінің тұрақтылығы, жиынтығы қажет. Өсімдіктердің жарық режиміне қатысты бірнешеэкологиялық топтары бар.
Жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер) - ашық күн сәулесі түсетін жерлерде өседі. Гелиофиттер - тура түскен күн сәулесін қажет ететін өсімдіктер.Мұндай өсімдіктерге бақажапырақ, тұңғиық, балқарағай, акация қайың, бозкілем, т.б. жатады. Жарық сүйгіш өсімдіктермен көлеңкеде өсетін өсімдіктердің ішкі құрылысында айтарлықтай айырмашылықтар болады. Мысалы, Жарық сүйгіш өсімдіктердің эпидермис клеткаларының қабықшалары қалың және лептесіктері (устьицелері) көп болады. Жапырақ клеткаларында хлоропластар өте көп (50 - 300). Жарық сүйгіш өсімдіктердің жапырақтарының бетінде көптеген ақ түсті түктер, төмпешіктер болады, ол тура түскен күн сәулесін кері шағылыстырып, өсімдіктен судың көп булануына кедергі жасайды.

Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) - қалың орман-тоғайлардың төменгі қатарында өседі.

Жарыққа орташа талапты өсімдіктерге (факультативті гелиофиттер) сирек және ашық далалы орман өсімдіктері жатады. Жарықты қажет етуге байланысты өсімдіктердің тамыр, сабақ, жапырақ мүшелеріне бейімделу ерекшеліктері байқалады. Бұл топқа көбінесе орман өсімдіктері жатады.

Жарық жануарлар үшін бағдарлау қызметін атқарады. Жануарлардың даму эволюциясының нәтижесінде жарықты сеезгіш мүше және күрделі көздер пайда болған. Жануарлардың күндіз және түнде тіршілік ететіндері бар. Кейбір түрлері тек қараңғыда ғана өмір сүруге бейімделген. Оларға топырақ астында, үңгірлер мен індерде және паразиттік жағдайда тіршілік етуге бейімделген жануарларды жатқызамыз. Кейбір аң мен құстарға жарықтың ұзақтығы аз немесе мол түсуі олардың орын ауыстыруына ықпал етеді. Мәселен, кейбір сүтқоректілер, құстар жылы жаққа орын ауыстырады. Жануарлар әлемінде денесінен жарық шығаратын құбылыс болады. Оны билюминесценция дейді. Бұл организм денесіндегі күрделі органикалық қосылыстардың тотығу процесінің нәтижесі. Билюминесценция көбінесе суда тіршілік ететін басаяқыт моллюскалар, балықтар, т.б. организмдер тән болса, ал құрлықта насекомдар жиі кездеседі. Аталған организмдерге жарық бағдарлау ғана емес, жауынан қорғану немесе жемтіктерін еліктіруге негізделген бейімделушіліктің жоғары формасы болып табылады.
Температура. Организмдердің тіршілігі мен дамуы және таралуы үшін қажетті факторлардың бірі. Сондықтан организмдер төменгі немесе жоғарғы температураға бейімделе отырып өзінің қалыпты тіршілігін үйлестіріп отырады.
Жылу режимі қазақстан жағдайында оңтүстіктен солтүстікке қарай өзгеріп отырады. Өсімдіктер мен жаніарлар жылуды түрліше қабылдайды және уақыт пен жыл маусымдарына байланысты әр түрлі талап қояды. Мәселен, жылу өсімдіктер үшін ауа райының қолайсыз мезгілінен сақтап қалу үшін қажет. Суықтан немесе ыстықтан қорғану үшін өсімдіктердің әр түрлі табиғат аймақтарына бейімделген формалары келіп шыққан. Мәселен, тундра өсімдіктері аласа әрі жербеттенген болып келсе, тропика иенсубтропика өсімдіктері өркен,жапырақтарының түрі өзгеріп, қурап немесе кеуіп кетуден сақтануға бейімделген. Шөл-шөлейт жерлерде өсетін өсімдіктер де жылудан қорғану үшін сабақ, жапырақ, тамыр, т.б. мүшелерінің түрін өзгерткен. Мәселен, Қазақстанның шөл-шөлейт аймақтарында өсетін сексеуіл, қылша, түйесіңір, құм акациясы, теріскен, жантақ, ақжусан, изен, т.б. өсімдіктерді атауға болады. Жоғарғы немесе төменгі температура өсімдіктерді анатомиялық-физиологиялық бейімделуге де күшті әсер етеді. Мәселен, жоғарғы температура өсімдіктерде транспирация процесін, клеткада тұз жинауды тездетіп, лептесік арқылы суды буландыруды азайта түседі. Температураның төмендеуі өсімдік клеткасындағы қант, т.б. органикалық заттарды көбейте түсіп, суыққа төзімділігін арттырады.
Жануарлар үшін режимі ерекше рөл атқарады. Температураның өзгеруіне қарай жануарларда көптеген морфологиялық бейімделу нышандары айқын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні жайлы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлар туралы ақпарат
Абиотикалық факторлар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні туралы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер туралы мәлімет
Пәндер