Астық түйірлері массасының физикалық қасиеті



I. Кіріспе
II. Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы
III. Астық массасының қуыстылығы
IV. Астық массасының сорбциялық қасиеттері
V. Астық массасының жылулық.физикалық және масса айырбастау
VI. Пайдаланылған әдебиеттер
Астық қорының толық сақталуы дәннің күйіне көп тәуелді. Астық дайындаушы мекемелерге алуан түрлі дақылдардың астық топтары әр түрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейінде, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүмкін. Қоймада орналастыру, егін жинағаннан кейінгі өңдеу әдістері, сақтау ережелері мен тәсілдері, мақсатты пайдалану т.б. түскен астық топтарының сапасына байланысты өзгереді. Астық егін алқабында қалыптастырылады және көптеген факторларға, сорттық ерекшеліктеріне, өсімдіктердің даму жағдайлары мен дәннің қалыптасуына, егін жинау ерекшеліктеріне, егін жинағаннан кейінгі алғашқы кезеңде, астықтың сақталу жағдайларына, астық қабылдау кәсіпорындарына оны жеткізу жағдайларына тәуелді болып табылады.
1.О. Нәлеев– Астық сақтау технологиясы (оқулық) Алматы, 1993ж
2.Мұсынов Қ.М.,Мұқатова Ш.Қ., Ысқақов М.Ә. – «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы». Астана, 2004ж.
3. Щепетков Н.Г., Ысқақов М.Ә., Әрінов Қ.К., КариповР.Х. - «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, қайта өңдеу және стандарттау технологиясы». Астана, 2001ж.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясыкафедрасы

Тақырыбы: Астық түйірлері массасының физикалық қасиеті.

Тексерген:Нургазезова А.Н
Орындаған: Төлегенова А. ТП-415

2015жыл
Мазмұны:
I. Кіріспе
II. Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы
III. Астық массасының қуыстылығы
IV. Астық массасының сорбциялық қасиеттері
V. Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау
VI. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Астық қорының толық сақталуы дәннің күйіне көп тәуелді. Астық дайындаушы мекемелерге алуан түрлі дақылдардың астық топтары әр түрлі сапа көрсеткіштерімен келіп түседі: мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес, немесе шектеу кондициясының деңгейінде, немесе одан жоғары мөлшерде ауытқулармен болуы мүмкін. Қоймада орналастыру, егін жинағаннан кейінгі өңдеу әдістері, сақтау ережелері мен тәсілдері, мақсатты пайдалану т.б. түскен астық топтарының сапасына байланысты өзгереді. Астық егін алқабында қалыптастырылады және көптеген факторларға, сорттық ерекшеліктеріне, өсімдіктердің даму жағдайлары мен дәннің қалыптасуына, егін жинау ерекшеліктеріне, егін жинағаннан кейінгі алғашқы кезеңде, астықтың сақталу жағдайларына, астық қабылдау кәсіпорындарына оны жеткізу жағдайларына тәуелді болып табылады.
Қабылдау мекемелеріне түсетін әр түрлі дақылдардың астық массасы құрамы бойынша біркелкі болмайды және түрлі-түрлі құрауыштардың жиынтығын құрайды.
Негізгі құрауыш - астық тобы деп аталған дақылдардың (бидай, арпа және т.б.) дәндері немесе тұқымы. Астық массасының әрбір дәнінің өзіне тән морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтары болады. Олар аналық өсімдіктер мен масақта әркелкі орналасады, толысу кезеңі де әр мезгілде жүреді.
Егін жинағанда астық массасында уатылған дәндер, басқа дақылдар мен арамшөптердің тұқымдары, қылтықтары, құм, шаң т.б. да ұшырасады. Астық массасында әрқашанда микроорганизмдер де болады. Жекелеген дәндер, тұқымдар мен астық массасының қоспалары пішіні мен көлемі бойынша біркелкі болмайды және қоймаға олар тығыз орналаспайды. Қатты құрауыштардың арасында ауамен толтырылған саңылаулар болады, ал олар сақтаудағы астық массасының барлық құрауыштарына әсер етеді. Залалданған астық массасында зиянкестер ( жәндіктер, кенелер) болуы ықтимал.
Барлық астық топтары, дақылына қарамай, мынадый физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді: сусымалдығымен, өздігінен сұрапталынуымен, қуыстылығымен, газдар мен булардың сорбциясы және десорбциясы, жылулық-физикалық және масса алмасу қасиеттерімен. Астық массасының қасиеттерін ескермей астық сақтау, өндірістік үлкен шығындарға ұрындырады.

Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы
Астық және астық массасының горизонталь жазықтыққа бұрыш жасай орналасқан бетте жылжуын олардың сусымалдығы деп атайды. Астық массасы жақсы сусымалылығымен ерекшеленеді, ал мұны конвейер, нория т.б. құралдармен орын ауыстырғанда, шанақтар мен силостарға астықты тиегенде және түсіргенде пайдаланады. Астық массасының сусымалылығы элеваторда, ұн, жарма, құрама жем зауыттарында шанақтармен силостардың ең төменгі иілу бұрышын (еңкіштігін) анықтайды, оны астық қоймаларының беріктігін т.б. есептегенде ескереді.
Әдетте астық массасының сусымалығын үйкеліс және табиғи көлбеу бұрышын өлшеу жолымен анықталатын, сыртқы және ішкі үйкеліс коэффициенттерімен сипаттайды.
Үйкеліс бұрышы деп астық массасының белгілі бір жазықтық бетінен жылжи бастайтын ең төменгі бұрышты айтады.
Табиғи көлбеу бұрышы деп астық массасының горизонталь жазықтыққа, мәселен, қойма еденіне еркін түсу нәтижесінде пайда болатын конус диаметрі мен табанының арасындағы бұрышты айтады. Астық массасының сусымалылығына көп факторлар әсер етеді: түйіршікті құрамы мен түйіршіліктілік сипаттамасы, дән бетінің күйі мен сипаттамасы, ( пішіні, көлемі, ылғалдылығы, қоспалардың мөлшері және олардың құрамы, дән ағатын құбырдың материалы, пішіні мен оның бетінің күйі).
Пішіні шар тәрізді жылтыр бетті дәндерден тұратын астық топтары ( тары, май, бұршақ, ас бұршақ) барынша сусымалы. Бұл пішіннен ауытқығанда астықтың сусымалылығы баяулайды. Ұзынша келген, жұқа, әжімді қабықшалары немесе гүл қауыздары бар дәндердің (астық массасының) сусымалылығы шамалы. Жеңіл және ұсақ, немесе беттері кедір-бұдырлы қоспалар астық массасының сусымалылығын төмендетеді. Астық массасы ылғалдылығының жоғарылауы оның сусымалылығын азайтады және табиғи көлбеу бұрышын арттырады. Сақтаудағы астық массасының артық тығыздалуы да сусымалылықты төмендетеді және астық күйінің жанама көрсеткіші қызметін атқарады.Силостарды толтырғанда өздігінен сұрыпталу барынша көп байқалады. Бұған қозғалыстағы бөліктерге көрсететін ауа кедергісі мүмкіндік береді. Ірі, ауыр дәндер және жоғары тығыздықтағы басқа бөліктер жеңілдеріне қарағанда силосқа тігінен, әрі үлкен жылдамдықпен түседі. Олар силостың орта бөлігін толтырады. Ұсақ, ұрылған, семген дәндер және жеңіл қоспалар құйындатқан ауа ағынымен силос қабырғаларына қарай әкетіледі, немесе астық массасынан түзілетін конус бетімен сырғиды.
Өздігінен сорттаудың нәтижесінде силостың ортасында шөмшармен аз ластанған, натурасы, (көлемдік массасы) жоғары, құнды астық шоғырланады; силостың қабырғаларына таяу маңда ылғалдылығы жоғары, жеңіл органикалық қоспалар, шаң, тозаң, арамшөптердің тұқымдары, семген, уатылған дәндер жинақталады да, силостың бұл бөлігіндегі астықтың сапасы нашарлау болады. Силостан астық массасын қотару оны толтыру кезіндегі өздігінен сұрыпталудың зардаптарын жоя алмайды. Астық силостан ағып шығу сипаты астықтың араласуына мүмкіндік жасамайды.
Сонымен, астық массасының өздігінен сұрыпталуы - қолайсыз құбылыс. Қоймалардағы астық топтарының біркелкілігінің бұзылуы силостағы және ондағы астықты жөнелткенде, астық сапасын дұрыс бағалауды қиындатады, сонымен бірге жоғары тіршілікті құрауыштар шоғырланған үйінді бөліктерінде әр түрлі физиологиялық және микробиологиялық процестердің дамуына мүмкіндік жасайды. Мұның өзі астық массасында өдігінен қызу, басылып қалу т.б. алғы шарты болып табылады.

Астық массасының қуыстылығы
Қоймаларға немесе силостарға орналастырғанда астық массасы тығыз масса түзбейді: оның қатты құрауыштарының аралықтарында ауамен толтырылған бос аралықтар (қуыстар) болады. Дән және басқа қатты бөліктер мен қоспалар, басқа мәдени өсімдіктердің тұқымдары т.б. толтырылған астық массасы көлемінің бір бөлігі астықтың орналасу тығыздығын сипаттайды. Астық массасының ауамен толтырылған бөлігін қуыстылық деп атайды. Астықты орналасу тығыздығы мен қуыстылығын жалпы көлеміне пайыз мөлшерімен көрсетеді.
Астық массасында қуыстылық пен ауаның болуы қуыстылықтың сапалық маңызын айғақтайды. Ауаның қуыстарымен қозғалуы конвенция жолымен жылудың тарауына, астық массасында ылғалдың бу түрінде ауысуына мүмкіндік жасайды. Сақтау кезеңінде астық массасының ылғалдылығы мен температурасы өзгереді. Астық массасындағы физиологиялық мен микробиологиялық процестердің сипаты дәнаралық кеңістіктегі ауаның мөлшері мен құрамына тәуелді. Қуыстылықтың арқасында астықты кептіруге, белсенді желдетуге және газация жасауға мүмкіндік туады.
Астық массасының қоймаларда орналасуының қуыстылығы мен тығыздығы астық массасының қатты құрауыштарының пішініне, серпімділігіне, мөлшеріне және бетінің күйіне, ондағы қоспалардың шамасы мен түріне, астық тобының массасына және ылғалдылығына, қойманың пішіні мен сиымдылығына, сақтау мерзімінің ұзақтығына байланысты.
Ірі, ұсақ, жіңішке және қысқа дәндерден, әрі басқа бөліктерден тұратын астық массасы тығыз орналасады және біркелкі астық массасына қарағанда қуыстылығы төмен болады. Ылғалды және дымқыл астық шамалы тығыздықта орналасады, әрі басқа жағдайлар бірдей болғанда құрғақ астықпен қимасы үлкен қоймада, кішісіне қарағанда тығызырақ орналасады. Сақтау мерзімі ұзарған сайын астық массасының тығыздығы артады да, қуыстылығы төмендейді. Сонымен астық массасының қуыстылық мөлшері мен орналасу тығыздығы айтарлықтай деңгейде өзгеріске ұшырай алады.

Астық массасының сорбциялық қасиеттері
Астық массасы былайша алғанда жақсы сорбент: ол қоршаған ортаға әр түрлі заттар мен газдардың буларын сіңіру қабілетімен ерекшеленеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыңайтқыштар туралы негізгі мәліметтер
Топырақ эрозиясы және онынен күресу шаралары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданының климаты
Қауынның өсіру технологиясы
Қазақстанда аудандастырылған Жоңышқа сорттары
Ірімшік жасау
Бидайды ұнтақтау кезінде алынатын өнімдер
Астық массасының физикалық қасиеттері
Астық массасының жылу - физикалық қасиеттері
Қазақстанның тегіс жер топырағы
Пәндер