Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жүйесі


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау

Орындаған: Ақжолов. Е. Н

Тексерген: Мұратбаев Д. М.

Топ: ВС-303

Семей 2015

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Қан және оның құрам

2. Ағзаның қанайналым жүйесі

3. Қанның ұю сатылыры

4. Қан алу

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қанның құрамы өте күрделі . Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан жасушаларына қызыл қан клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер, қызыл қан пластинкалары тромбоциттер жатады. Қанның клеткалары бүкіл қанның 55-60%, плазма 40-45% құрайды. Қан ағзада қоректік заттар мен оттегіні және зат алмасу процесінің өнімдерін тасымалдайды, дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады. Қан - организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Оның жалпы мөлшері ересек адамда 4, 5-6 л шамасында. Денедегі қан үлкен және кіші қан айналу шеңберлерімен тасымалданады. Қан айналу шеңберлері қоректiк заттарды ұлпаларға, клетка­ларға тасиды; ал қажетсiз заттарды зәр шығару мүшелерiне тасымалдайды; заттардың тотығуына қажеттi oттeгiнi өкпеден клеткаларға жеткізіп, клеткада пайда болған көмiрқышқыл газын өкпеге алып келедi; гормондарды, ферменттердi, антиденелердi тасымалдайды. Жүрек тынымсыз жиырылып тұрғандықтын қан қан тамырларына үздіксіз өтіп тұрады. Бұл құбылыс тамырлардың икемділігі, майысқақтығымен, жүректің жиырылып қанды айдауымен, тамырлардағы қысымның әр түрлілігімен, қан сұйықтығының қалыпты мөлшерде болуымен жүзеге асады. Өсіп, дами келе балалардың жүрек-тамыр жүйесінің физикалық жүктемеге деген реакциясы өзгереді. Оны арнаулы сынақтар жүргізу арқылы анықтауға болады. Динамикалық физикалық жүктемеге балалардың жүрек соғысы жиілеп, максималдық қан қысымы жоғарылайды.

Қан көпжасушалы жануарларда (шұбалшаңнан бастап) болады. Оның құрамында сұйық плазма және плазмада қалқып жүретін әр түрлі жасушалар бар. Оларға эритроциттер мен лейкоциттер жатады. Эритроциттер - қанның ядросы жоқ, қызыл түсті жасушалары. Онда гемоглобин деп аталатын күрделі нәруызды зат бар. Ол қанға қызыл түс береді. Гемоглобин ұлпаларға оттегін оңай бөліп береді де, ондағы көмірқышқыл газын қосып алып, өкпеде қайта газ алмастырады.

Орыс ғалымы И. И. Мечников лейкоциттерді - фагоциттер , яғни «обыр» жасушалар. Олардың микробтарды жоюын фагоцитоз деп атаған.

Қан плазмасында ағзаны әр түрлі микробтардан қорғайтын антидене деп аталатын нәруыздар бар. Бұлар лимфада, көкбауырда және басқа жерлерде түзіледі. Микробтар (бактериялар, вирустар) ағзада аурудың бір түрін (қызылша, көкжөтел, шешек және т. б. ) туғызса, осы микробтарды, олардың зиянды әсерін жоятын антидененің түрі пайда болады. Ауру жазылған соң да олар ағзада сақталып қалады. Антиденелер ауруды туғызатын микробтардан ағзаны қорғайды. Жануар немесе адам ол аурумен қайталап ауырмайды. Ағзаның осындай қасиетін жүре пайда болған иммунитет дейді. Ал көптеген ағзаларда ата тегінен ұрпағына тұқым қуалау жолымен өтіп (беріліп) отыратын антиденелер де бар. Мысалы, жануарда болатын кейбір аурулармен (жануар обасымен) адам ауырмайды. Себебі адамда ол ауруды болдырмайтын антиденелер бар. Ағзаның ауру қабылдамайтын мұндай қасиетін табиғи иммунитет дейді.

Елімізде кейбір жұқпалы және қауіпті ауруларды болдырмау үшін жануарды, адамдарды жас кезінде әдейі егеді. Олардың ішінде әлсіретілген ауру қоздырғыштары бар дәрі болады. Егілген ағза жеңіл ғана ауырады. Есесіне ағзада өмір бойы немесе көп уақыт сақталатын жасанды иммунитет қалыптасады. Адам ол аурумен ауырмайды.

Ағзаның қанайналым жүйесі

Қанайналым жүйесін әдетте, «тасымалдау жүйесі» дейді. Жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы мен қызметі әрқайсысының даму деңгейіне қарай ерекшеліктері болғанымен, жалпы сұлбасы ұқсас. Бұл жүйе қантамыр жүйесінің «насосы» - жүректен және қанды бүкіл денедегі ұлпаларға жеткізетін қантамырлардан құралады.

Қан физиологиясы

Қан плазмасынан тіндік сұйықтық түзіледі де, жасушаларды қоректендіреді. Қан тіндік сұйықтық көзі болғандықтан оны организмнің әмбебап ішкі ортасы деп атайды. Қан мен тіндік сұйықтық арасындағы физиологиялық механизмдер гистогематикалық бөгеттер деп аталады. Олар капиллярлардың эндотелилерімен көрсетіліп қанды жасушалардан бөліп тұрады. Гистогематикалық бөгеттер қан мен тін арасындағы алмасу үрдістерін реттеп, организмнің ішкі ортасының құрамы мен физикалық - химиялық қасиеттерінің тұрақтылығын қуаттап тұрады. Организм ішкі ортасының құрамы мен қасиеттері: тұрақты, сондықтан олар патология кезіндегі өзгерістерді тез көрсетеді. Сол себептен медицинада қанның клиникалық анализдары кеңінен қолданылады. Қан құрамы және тығыздығы. Қан тұтқырлығы нәруыздар және эритроциттер барлығымен қамтамасыз етіледі. Плазма тұтқырлығы 1, 7 - 2, 2 ал қан тұтқырлығы 5, 1 шамасында. Қан тығыздығы эритроциттер мөлшеріне, оларда гемоглобиннің барлығына және плазманың нәруыздық құрамына тәуелді. Қан тығыздығы: 1, 050 - 1, 060. Қан құрамы. Қан плазмадан және пішінді элементтерден тұрады. Егер қанға оны ұйытпайтын зат қосып, біраз уақыт қойса, онда ол екіге бөлінеді: үстіңгі сарғыштауы плазма, ал астыңғы қызыл түсті эритроциттер мен тромбоцит, ал лейкоциттер қызыл тұнбаның үстіне ақшыл болып жиналады. Плазма мен пішінді элементтердің көлемдік арақатынасы гематокрит деп аталады. Қан плазмасы оның құрамы. Плазма судан ( 90 - 92%) және құрғақ ( 8 - 10 % органикалық және бейорганикалық ) заттардан тұрады. Органикалық заттары:

  1. Нәруыздар - альбуминдер ( 4 - 5 %), глобуминдер ( 2 - 3, 5 %), фибриноген ( 0, 2 - 0, 4%) . Нәруыздардың жалпы мөлшері 7 - 8 %;
  2. Құрамында азоты бар нәруыз емес қосындылар ( амин қышқылдары, полипептидтер, мочевина, несеп қышқылы, креатинин, креатинин, аммиак ) 11 - 15 ммоль/л ( 30 - 10 мг%) . Бүйрек қызметі бұзылғанда қанда осы қалдықтық азот мөлшері кілт көтеріледі;
  3. Құрамында азоты жоқ органикалық заттар: глюкоза 4, 4 - 6, 65 ммоль/л ( 80 - 120 мг %), бейтарап майлар, липидтер;
  4. Ферменттер мен проферменттер: олар қан ұю үрдісіне және фибринолизге қатысады.

Бейорганикалық заттар ( 1% дай) :

  1. Na+, Ca+, K+, Mg+ катиондары;
  2. Cl-, HPO-, HCO- аниондары.

Плазма құрамы әр кезде тұрақты. Қанның пішінді элементтері:

  • Эритроциттер- ядросы жоқ, гантельге ұқсайды. Ер адамның 1 литр қанында 4, 0х1012 - 5. 0х10 12 /л. Әйелдерде 3, 7х10 12 - 4, 7 - 10 12 /л қанында. Сыртқы және ішкі орта факторлар әсерінен эритроциттер мөлшері өзгереді. Эритроциттер көбеюі - эритроцитоз, азаюы - эритропения деп аталады.

Эритроциттердің қызметі:

  1. тыныс алу - ол тыныс алу пигменті гемоглобин арқылы өзіне оттегі мен көмірқышқыл газын қосып алатын қасиеті бар;
  2. қоректік - қоректік заттарды ас қорыту ағзаларынан жасушаларға тасымалдайды;
  3. қорғаныс - эритроциттер токсиндерді антиденелер арқылы байланыстырады, қан ұюға қатысады;
  4. ферментативтік - әр түрлі ферменттердің тасушысы.

Гемоглобин - қанның тыныс алу пигменті. Ол оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. 100г қанда 16, 67 - 17, 4 г гемоглобин бар. Ер адамда 130 - 160 г/л, әйелде 120 - 140 г/л. Гемоглобин 600 амин қышқылдарынан тұрады. Гемоглобин глобин нәруызынан, төрт гем молекуласынан құралған. Гем молекуласында бір атом темір бар. Темір өзіне оттегін қосып алады да, жасушаларға оңай береді. Глобин - гемнің нәруыз тасушысы. Гемоглобиннің қызметі: Тыныс алу - гемоглобин өкпеден тіндерге оттегін және тіндерден өкпеге көмірқышқыл газын тасымалдайды. Гемоглобиннің көмірқышқыл газымен қосындысы карбогемоглобин, оттегімен қосындысы - оксигемоглобин, иісті газбен - карбоксигемолглобин деп аталады.

  • Лейкоциттер- қанның ақ денешіктері. Олар түссіз және ядролары бар. Дені сау адамда тыныштық жағдайда лейкоциттердің мөлшері 4, 0-9, 0х109/л. Лейкоциттердің көбеюі - лейкоцитоз, азаюы - лейкопения деп аталады. Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: гранулоциттер (түйіршікті) және агранулациттері ( түйіршіксіз) . Лейкоциттер арасындағы пайыздық қатынас лейкоцитарлық формула деп аталады.

Лейкоциттердің қызметі: Қорғаныс - ең маңызды қызметі. Лейкоциттер лейкиндер бөліп шығарады. Лейкиндер микробтарды жойып жібереді; # Базофилдер, эозинофилдер, антитоксиндерді, токсиндерді залалсыздандырады. Яғни дезинтоксикациялық қасиеттері бар; # Антиденелер өндіреді; # Базофилдер қан ұюына және фибринолизге қатысады; # Регенеративтік үрдістерді ынталандырып, жараның жазылуын тездетеді; # Моноциттер фагоцитоз арқылы өлген жасушалардың ыдырауына белсенді қатысады; # Ферментативтік - олардың құрамына әр түрлі ферменттер бар. Олар жасушаішілік ас қорыту үшін қажет;

Лейкоциттер қасиеттері:

  1. Амеба тәрізді қозғалуы;
  2. Диопедез лейкоциттердің капиллярлар қабырғасынан өтетін қасиет.
  3. Фагоцитоз - бөгде заттармен микробтарды обып сініруі. Фагацитозды ашқан И. И. Мечников ол 4 фазада өтеді: хемотоксис, аттракция (қоршау), жұту және қорыту.
  • Тромбоциттер- немесе қан пластинкалары.

Олардың мөлшері 180 - 320 109/л. Оның көбеюі - тромбоцитоз, азаюы - тромбоцитопения.

Тромбоциттердің қасиеттері. Лейкоциттер сияқты фагоцитозға жалған аяқ шығарып қозғалуға қабілеттігі бар. Тромбоциттер бөгде беткейге жабысатын және бір - бірімен желімделетін физиологиялық қасиеті де бар. Олар қан тоқтатуға қатысады.

Тромбоциттер қызметі:

  1. Фибринолиз (ұйыған қанды еріту) және қан ұю үрдістеріне белсене қатысады;
  2. Олардың құрамында қанды тоқтататын биологиялық белсенді заттар бар;
  3. Қорғаныс - тромбоциттер бактерияларды желімдеу және фагоцитоз арқылы қорғаныс қызметін атқарады;
  4. Қан ағуы тоқтатын ферменттерді өндіреді;
  5. Капилляр қабырғасы өткізгіштігін өзгерте отырып гистогематикалық бөгеттер жағдайына әсер етеді.

Гемостаз - тамырлар зақымданғанда қан ағудың тоқтауы; Қан тоқтаудың екі механизмі:

  1. тамырлық тромбоцитарлық немесе микроциркуляторлық гемостаз;
  2. қанның ретракциясымен аяқталатын ұюы.

Микроциркуляциялық гемостаз - қысымы төмен ұсақ қан тамырларда аққан қанды тоқтату. Оның компоненттері:

  1. Тамырлық спазм:
  2. Сенімді гемостазды қамтамасыз ететін тромбоцитарлық тығыннның түзілуі, тығыздалуы және қысқаруы:

Ұю (ұйысу) организмді қан жоғалтудан сақтайтын, қорғаныстық реакциясы (бейімделуі) . Ұюға қарсы жүйе: ГЕПАРИН (өкпелермен бауырда) - ұюға қарсыласады; Фибринолизин (сывороткада) - фибринді ерітетін фермент. Қанның ұю сатылыры

  1. Қанның ұюы жарақат алған жерден қан жоғалтпауға көмектеседі. Қалыпты жағдайда денедегі айналған қанда тромбоциттер, негізгі сары суы және ұюға қажетті қосымша факторлар болады. Олардың ішіндегі негізгісі протромбин, фибриноген, Са2+ иондары және К дәрумені. Ұлпалық факторлар қан тамырларын қоршаған жасушаларда болады.
  2. Ұлпалар мен тамырлар зақымданғанда одан қан щыға бастайды. Тромбоциттер тамырдың қабырғасына «жабысады» да ұый бастайды. Зақымданған жерді жабады. Ұю факторларын және тамырды тарылтатын заттар бөле бастайды.
  3. Протромбиназа еріген фибриногенді ерімейтін фибринге айналдырады да зақымданған жерді жауып тастайды.
  4. Желе тәрізді жұмсақ зат біртіндеп қатая бастайды. Ол сары су арқылы сүзіліп қатты - фибринді тромб пайда болады.

Организмді қан жоғалтудан сақтайтын, оның ең маңызды қорғаныс механизмі. Қан ұюы нәтижесінде оның ерігіш нәруызы фибриноген ерімейтін фибринге айналады. Қан ұюының ферментативтік үрдіс екенін 100 жыл бұрын орыс ғалымы А. А. Шмидт (1861) тапқан. Қан ұю жүйесінің факторлары екі топқа бөлінеді. :

  1. Гемокоагуляцияны тездететін және қамтамасыз ететін;
  2. Оны тоқтатын немесе баяулататын.

Қан плазмасында гемокоагуляция жүйесінің 13 факторы бар. Факторлардың көбісі бауырларда кездеседі. Оның синтезі үшін « К» витамині қажет. Қан ұю үрдісі үш фазада өтеді:

  1. Протромбиназа деген кешен түзіледі;
  2. Белсенді протеолитикалық фермент тромбин түзеді;
  3. Тромбин әсерінен фибриноген фибринге айналады.

Гепарин - кең спекторы бар табиғи антикоагулянт, ол алғашқы рет бауырдан алынған, сондықтан оның аты гепарин. Гепарин қан ұюының барлық фазаларын тежейді.

Гемолиз (грекше haіma -қан, lysis - еру) -эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұны гемолизденген қан деп атайды. Ол әдетте мөп-мөлдір. Гемолизденген қан құйылған пробирка арқылы күн сәулесі өтеді. Түсі қызыл лак тәрізді, сондықтан ол қанды лак тәрізді қан деп атайды. Әсер ететін факторлар түріне қарай гемолизді бірнеше түрге бөлуге болады:

  1. Физиологиялық гемолиз - сау адамда болады. Денедегі ескірген эритроциттер жарылып, олардың орнына сүйек кемігінен шыққан жас эритроциттер қанға түседі. Эритроцит 120-130күн жасайды. Ескірген эритроциттердің біразы бауырда, көпшілігі көкбауырда гемолизденеді;
  2. Осмостық гемолиз - эритроциттің ішімен сыртындағы осмостық қысым айырмашылығынан тұрады. Қанға осмостық қысым аз ерітінді құйса, эритроциттің ішіне су кіреді де, ол ісінеді, судың кіруі тоқтамаса эритроциттің қабығы жарылып, ішіндегі гемоглобин сыртындағы ерітіндіге шығады. Cөйтіп қан гемолизге ұшырайды;
  3. Химиялық гемолиз - эритроциттің липоид пен ақуыздан тұратын мембранасын ерітетін химиялық заттардың (сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті) әсерінен болады;
  4. Биологиялық гемолиз - ішек құрттары мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден алынатын улы заттар -гемолизиндердің әсерінен болады. Гемолизденген қанның өзі улы. Сондықтан денедегі қанның нобайы гемолизге ұшыраса, гемолитикалық шок пайда болып, адам өлуі мүмкін;
  5. Термиялық гемолиз - қанды біресе жылытып, біресе суытқан кезде болады, әсіресе бұл мұздаған қанды еріткенкенде кездеседі. Кейбір пікірге қарағанда мұз кристалдары эритроцит қабығын жарақаттап жыртады;
  6. Механикалық гемолиз - қанды шайқап араластыру, сілку салдарынан эритроцит мембранасы зақымданады (жыртылады) . Демек, ыдыстағы қанды бір жерден екінші жерге апарғанда оларды шайқамай абайлап тасу керек;
  7. Элетрлік гемолиз - электрдің әсерінен болады. Сәуле энергиясы мен ультродыбыс та электр күші эритроцит қабығын, тканін үзіп жарады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанды зерттеудің клиникалық маңызы
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жайлы ақпарат
Ультрадыбыстық зерттеу аппаратының түрлері,құрылысы,жұмыс істеу принциптері жайлы
Малдар мен құстарды бекіндіру, қанын алу
Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары
Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын нығайту
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Орта мектеп жасындағы дене дамуының ерекшеліктері
Денсаулық және физикалық белсендiлiк
Дене жаттығуларының заманауи танымал сауықтыру жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz