Қайым мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны туралы
І. Кіріспе
ІІ. Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны.
2.1. Абайтанушы Қайым Мұхамедханұлы
2.1.1. Абай кітапханасы Қ.Мұхамедханұлы зерттеулерінде.
2.1.2. Қ.Мұхамедхановтың Абай шығармаларының текстологиясы саласында
ІІІ. Қайым Мұхамедхановтың ғылыми . зерттеу еңбектері
3.1. Қайымның қағидалары
3.2. Абай шығармаларының текстологиясы
ІІІ Тұжырым
ІV Қорытынды
V Пайдаланылған әдебиеттер.
VІ Қосымша

Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қ. Мұхамедханов еңбектерінсіз елестету мүмкін емес. Бұл туралы белгілі әуезовтанушы ғалым Т.Жұртбай өзінің «Қайсар ғалым» (1989, «Жұлдыз») деген мақаласында: «Қ.Мұхамедханов – Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды қағазға түсірген фольклорист», – деп бағалайды.
1. Мұхамедханов Қ. Қазақ ССР 4- том. Қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1989.- 442 б.
2. Мұхамедханов Қ. Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы: Жазушы, 1987.- 423 б.
3. Мұхамедханов Қ. Абай шәкірттері // Парасат.-1995.- 7.-1 б.
4. Мұхамедханов Қ. М.Дулатов // Қазақ әдебиеті.- 1989.-18 август.
5. Мұхамедханұлы Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Ә. Бөкейханов // Түркістан.-1995.-9 тамыз
6. Ибрагимов Абай мектебінің оқытушысы // Семей таңы.- 1996.- 16 қаңтар.
7. Исаұлы А. Ғылым жұлдызы // Семей таңы.- 2001.- 26 қаңтар.- 3 б.
8. Жұртбай Т. Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.
9. Жұртбаев Т. Қайсар ғалым ( Қ. Мұқамедханов шығармашылығы) // Жұлдыз.- 1986.- №1.- Б.192-193
10. Еспенбетов А. Қайсар ғалым ( Қ. Мұқамедханов туралы) // Семей таңы.- 17 январь.
11. Ибрагимов Т. Музеймен бірге мұраты( Қ. Мұқамедхановқа 70 жыл) // Семей таңы.- 1986.- 17 январь.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласыныңШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СОБӨЖ
Тақырыбы: Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Топ: Қ – 319 с
Орындыған: Калиева Назым
Тексерген: Жундибаева А.Қ
Семей 2015ж
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны.
2.1. Абайтанушы Қайым Мұхамедханұлы
2.1.1. Абай кітапханасы Қ.Мұхамедханұлы зерттеулерінде.
2.1.2. Қ.Мұхамедхановтың Абай шығармаларының текстологиясы саласында
ІІІ. Қайым Мұхамедхановтың ғылыми – зерттеу еңбектері
3.1. Қайымның қағидалары
3.2. Абай шығармаларының текстологиясы
ІІІ Тұжырым
ІV Қорытынды
V Пайдаланылған әдебиеттер.
VІ Қосымша
Кіріспе.
Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ
әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қ. Мұхамедханов еңбектерінсіз
елестету мүмкін емес. Бұл туралы белгілі әуезовтанушы ғалым Т.Жұртбай
өзінің Қайсар ғалым (1989, Жұлдыз) деген мақаласында: Қ.Мұхамедханов –
Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген
историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай
шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық
дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық
қарым-қатынастарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел
аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды қағазға түсірген фольклорист, – деп
бағалайды. Ғалым ағаға берілген бұл бағадан шығармашылық еңбектерінің сан
тарау, сан салалы екенін байқауға болады. Әсіресе, Абай шығармаларының
тарихы мен текстологиясы туралы сөз еткенде, Қ.Мұхамедханов еңбектерін
назарда ұстамау мүмкін емес. Мәселен, Абайдың үш поэмасының бірі Әзім
әңгімесі туралы Қ. Мұхамедханов өз ойын білдіреді. Ол шығарманың Абай
қаламынан шықпағаны туралы айтады. Және оған бірнеше дәлелді пікірлер
келтіреді де поэма Ырсайдың Ысқағы деген Абай айналасындағы ақындікі дейді.
Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәселеге үңіле назар аударып, зерттеген ғалымдар
жоқ. Мұның өзі абайтануда алынбай жатқан белестердің мол екені мен
Қ.Мұхамедхановтың ғылыми ой-тұжырымдарының терең де мағыналығын білдіреді.
Бұл бір мысал ғана (Абай шығармаларының текстологиясы. 1959ж., 77-бетте).
Абай өлеңдерінің текстологиялық зерттеулерінде де Қ.Мұхамедханов өзінің
телегей білімі мен ғалымдық парасатын танытты. Ғалым Абайдың Сабырсыз,
арсыз, еріншек, Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Сегіз аяқ,
Қансонарда, Сап-сап көңілім, т. б. көптеген өлеңдерінің
текстологиясымен қатар кімге арналғаны, қайда шыққанының тарихын да
нақтылы, тың тұжырымдар арқылы дәлелдейді. Абай өлеңдер жинағының
академиялық басылымдарында Қ.Мұхамедханов дайындаған түсініктемелерде де
нақтылық пен ғылыми талдаудың жаңа қағидаларын көреміз. Бұл зерттеулер
болашақ әдебиет теориясы мен әдебиет тарихын зерттеушілерге дайын зерттеу
нысандары деуге болады. Сондай-ақ, ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының да
шығармаларының текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің
хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Сол
мақалаларының өзі бүгінгі шәкәрімтану ғылымының жаңа белесінің тың
парақтары болып ашылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіне қосқан
үлесін айқындап көрсету, шығармалары, ғылыми еңбектері жайлы толыққанды
мәлімет беру
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіндегі
орнын таныту.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қайым Мұхамедхановтың өмірі, шығармашылығы жайлы толыққанды мәлімет беру;
- Қайым зерттеуіндегі Абай текстологиясы мәселесін қарастыру;
- Ғылыми – зерттеу еңбектерінің қазақ әдебиетінің, мәдениетінің дамуына
қосқан үлесін қарастыру;
- Қайым зерттеулерінің қазақ әдебиетіндегі орнын анықтау.
ІІ Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны.
2.1. Абайтанушы Қайым Мұхамедханұлы
Әркімнің пешенесіне жазылған мөлшерлі ғұмыры бар. Пенделік пайымдау
бойынша бұл — әліптік ақиқат. Осы негізден шығарсақ, Қайым Мұхаметханұлының
ғұмыры сексен сегіз жылды қамтыды.
Осы орайда Абай сөзіне ден қойсақ:
Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі,
Мені мен менікінің мағынасы екі.
“Мен” өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
“Менікі” өлсе өлсін, оған бекі, – дейді ақын.
Осы санаттағы ажалсыз “Меннің” иесі ең алдымен Абай ағаның өзі десек,
ақын жолымен жүрген ізбасарлары мен рухани мұрагерлері де уақыт пен
кеңістікте әлдебір межемен шектелмей, өмірлерін жалғастыра бермек. Сондай
бірегейлердің бірі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхаметханұлы.
Қалың жұртшылық бұл кісіні көбінесе кеңестік Қазақ республикасының
мемлекеттік әнұранына мәтін жазған ақын ретінде біледі десек, екі тармақ
өлең туындыгерді шынайы абырой шыңына шығарған. Қазақ жанының ұлы қасиетін
жанартау жалынындай лапылдатып, асқақтата танытқан:
Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Ары мен азаттығының жолында қазақтың бары мен жаны құрбан екендігін
кеңестік билікке (Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейінгі он сегіз жылда Кеңес
одағының әнұраны жоқ еді) алдын-ала ескерткен деп ұғынуға лайықты осы
сөздердің ақиқатына 1986 жылғы желтоқсанда бүкіл адамзат көз жеткізді.
Намысына тиген, еркіндігін құрсаулаған империяның оспадар өктемдігіне
бостандықсүйгіш қазақтың ұлдары мен қыздары бұратаналар ішінде
қаһармандықпен бірінші болып қарсы шығып тәуелсіздікке жол ашты. Ақын Қайым
желтоқсан қасіреті мен құдіретіне арнаған ғибратты тұжырымын сол кезде
жырға айналдырып айтудан тайсалмаған болатын:
Қызыл қыршын қазақтың ұл-қыздарын,
Адал жүрек, ар-намыстың құлдарын,
Мәңгі бақи ел есінен кетер ме
Сөгіп, соғып, қанын төгіп қырғаның!
Ақын сөзінің азаматтық арқауы босаңсыған сәті жоқ. Елдік, адамшылық
мұраттарды қозғайтын жайлардың баршасына қолма-қол үн қатудан
айнымағандығын желтоқсаншыларға бағыштаған дұға-батасы, жендеттерге лағнет-
қарғысы дерлік жоғарыда келтірілген үзінді дәлелдеп тұр емес пе?! Әрдайым
ізгілікті көксеген жүрегінен бұрқ етіп атылған жыр шумақтары аз емес.
Жариялану жайы, әрине, бөлек әңгіме. Коммунистік аңсарға кереғар өлең-жырға
өріс берілмеген дәуірде әлгі тәрізді шығармалар, әлбетте, оқырманға
беймәлім қала беретін. Сондай өзгеше бағалы суырыпсалма өнердің үздік бір
мысалын жұрт назарына ұсыналық. Қасым Аманжоловпен және тағы бірер ақынмен
отырған кезде бұлардың қасына жүзі жадау, ұлты чешен ақсақал келе қалады.
Сол мезетте Қайым орнынан ұшып тұрып, қартты құшағына ала, былай деген
екен:
Ат болсаң, тұяқтының тұлпарысың,
Құс болсаң, қияқтының сұңқарысың,
Бұл күнде азып-тозып қаңғып жүрген
Кешегі ер Шәмілдің ұрпағысың!
Осының өзі саналы оқырманды тебірентетін, бір дастанға бара-бар жеке
шығармадай мейлінше әсерлі. “Халықтар көсемі” депортациялап, тирандық
әңгіртаяқ соққысына ұшыратқан чешен ұлысының мүшкіл халге түсуімен
байланысты бауырмалдық күйінішке қоса, мұнда Абылай мен Кенесары заманынан
бері отарлық езгіден құтыла алмай, “коммунизм жұмағына” жұтылу қатерінде
мұң шегіп отырған қазақтың да өңменін найзағай жарқылындай шарпып өтерлік
серпін бар ғой.
Ақындық дарыны мен шеберлігін Қайым Мұхаметханұлы Карамзиннің
“Сормаңдай Лиза” хикаясын өлеңмен қазақшаға аударуында таң қаларлықтай етіп
көрсетті. Лермонтовтың “Вадим” хикаясын өлеңмен аударған Абай үлгісін,
Пушкиннің “Дубровский” хикаясы мен “Боран” әңгімесін өлеңмен аударған
Шәкәрім үлгісін жаңғыртты.
Ақын Қайым дүние азабынан ширыққан, түңіле дал болған, қайсарлана
жігерленген көңіл әуенін де жеріне жеткізе жырлай алған. Мысалы:
Жай жүрсем, табалады “ұтылды” деп,
Қатты жүрсем, күндеді “құтырды” деп,
Орта жүрсем, онда да көре алмады,
“Бұл өзі ақылды адам сықылды” деп.
Мұхаметханұлының көркем шығармашылық талантының бір қыры драматургия
саласында ашылған. Оның “Майданнан майданға”, “Перне”, “Комиссар Ғаббасов”,
“Ер Білісай” драмалары бойынша спектакльдер әлденеше маусым бойы театр
сахналарынан түспей қойылып, көрермендер ықыласына бөленген. Бұлармен қатар
татардың классик драматургы Шәріп Камалдың “Қажы әпенді үйленеді”,
әзірбайжанның атақты қаламгері Үзейір Ғажыбековтың “Аршын мал алан”
комедияларын қазақшаға аударып, талай жыл бойында тұрақты репертуарлық
қорға енгізді.
Алайда, тағдыр билігі солай шығар, ақын және драматург ретінде Қайым
Мұхаметханұлының ықтимал әлеуеті барынша жарқырап, толық жүзеге асты десек,
шындыққа обал болар еді. Мұның есесіне жазмыш Қайымға тауқыметі де мол,
бақыт-зейнеті де қайырлы ғалымдықты сыбағалады. Бұл кісінің есімі мен
ісінің жасампаздық, өміршеңдік кепілі – абайтанушылық, мұхтартанушылық,
шәкәрімтанушылық ілімдері, барлығын жинақтағанда, алаштанушылық тарихы.
Ұлт рухының өзегін құрайтын осы аталған әдеби-мәдени-саяси құбылыстар
Қайымды жарық дүниеге келген сәттен-ақ жөргектеген. Әкесі Мұхаметхан
кезінде ілгерішіл көзқарасы мен әрекеті сайма-сай абзал азамат бейнесінде
жұртқа кең танылған. Абай мұрасын қастерлеген. “Айқап”, “Абай”, “Қазақ”,
“Шолпан”, “Сана”, “Сарыарқа”, “Таң” сияқты басылымдарды үй кітапханасына
алғызып, жан азығы еткен. Оның шаңырағындағы меймандос көңіл құрметін
Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім
Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев,
Жүсіпбек Аймауытов, Қажымұқан Мұңайтпасов, Халел Ғаббасов, Мұхтар Әуезов
сан мәрте көрген. Сондай ахуалда өскен зерек, зейінді бала Қайымның ойы мен
сезімі елшіл, отаншыл, қазақшыл болып, табиғи үрдісте қалыптасқан.
Әуезовті тұңғыш рет көргенде Қайым жеті жастағы бала екен. Бұл – 1923
жыл. Келесі жылы Әуезовті сегіз жастағы Қайым екінші рет көреді. Мұхаңның
бастамасы және ұйытқылығы арқылы Семейде Абайды еске түсіру кеші
өткізіледі. (Қайтыс болуының жиырма жылдығына орай). Бұл оқиғаның мәнін
Мұхаметханұлының өз сөзімен білдіру жөн шығар: “Осы кешке үлкендермен бірге
барып, Мұхтар Әуезовтің баяндамасын тыңдап, Көкбай ақынның Абай туралы
естелік әңгімесін естіп, ұлы ақын жайында ең алғаш мағлұмат алғаным сол
жолы еді”. Үшінші көруі – 1925 жылы: Әуезовтің сахналық бір шығармасын “Ес
аймақ” труппасы қоюға дайындап, Мұхаметхан ақсақалдың үйінде репетиция
жасаған. Семейтаумен жалғасатын Көкен тауына 1926 жылы Мұхаң демалысқа
келгенде он жастағы Қайым оны төртінші рет көрген. Тоғыз жылдан соң, яғни
1935 жылы, Мұхтар Әуезов өзінің болашақ роман-эпопеясын жазуға материал
жинау мақсатымен Семейге келгенде, он тоғыз жастағы балғын жігіт Қайым
даңқты жазушыны бесінші рет көреді, біршама еркін әңгімелесуіне мүмкіндік
туады. Бұл кезде Қайымның әкесі таптық жау ретінде қудаланып, қамауға
алынып, атылып кеткен. Бай баласы Қайым қауіп-қатерден әупірімдеп өтіп,
мұғалімдік курсты аяқтап, институтқа түсуді ойластырып жүрген. Абай
шығармаларына біржола ден қойып, Ыдырыс Мұстамбаевтың нағыз тарихилық
маңыздағы мақалаларымен ынтыға танысуда еді. 1939 жылы мұғалімдік
институтты аяқтаған тұста Қазақстан Жазушыларының екінші съезіне қатысу
үшін Алматыға барады. Міне, осы алтыншы кездесуден кейін жиырма төрт
жасында Қайым Мұхаметханұлы кемеңгер Әуезов үшін сенімді шәкірт-әріптеске,
сүйікті ініге айналды. Мұхаңның ақыл-кеңесімен ғылыми ізденіс жолына
түседі. Зерттеулерінің басты нысаны етіп Абай шығармашылығын алады.
Семейдегі пединститутта оқытушылық қызметке кірісіп, Әуезовтің бағдарлы
пікірлерінің қанаттандыруы арқасында 1940 жылы “Абайдың әдеби мектебі”
айдарымен Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы, Әубәкір Ақылбайұлы, Әріп
Тәңірбергенов шығармашылығы туралы ғылыми мақалалар топтамасын жариялайды.
Содан бастап соңғы демі таусылғанша абайтану мәселелерінің жүйесінен қаламы
босаған емес.
Абайды тану үстіне таныған сайын қазақты танудың саналуан
проблемаларына да тереңдей түсті. Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай
батырлар туралы халықтық поэмаларға тарихи-ғылыми, әдеби-ғылыми талдау
жүргізген еңбегін “Қазақ әдебиеті тарихының” бірінші томына енгізіп, 1943
жылы әзірлеп береді.
Қайым Мұхаметханұлының ғалымдық тұлғасында орта ғасырлардағы
оқымыстыларға тән әмбебаптық көріністері мол еді. Сондай кең қарымдылығына
өз еңбектерінің ғана шеңберінде назар салайық. Өзекті желісі мен үзілмес
тіні абайтану екені белгілі. Мұнда іргелі және қолданбалы сипаттарды
тоғыстырушылық жөнімен, талдаулардың түбегейлі орнықтылығы жөнімен, жаңа
бағытқа қарышты қадам жасағандығы жөнімен “Абай заманының ақындары” (“Абай
айналасының ақындары”), “Абайдың ақындық мектебі”, “Абай шығармаларының
текстологиясы” сияқты монографиялары менмұндалап көзге бірден түседі.
Әдебиет тарихына Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы, Әубәкір Ақылбайұлы, Мұқа
Әділханұлы, Әсет Найманбайұлы, Әріп Тәңірбергенов, Көкбай Жанатайұлы,
Тұрағұл Абайұлы, Уәйіс Шондыбаев, Кәкітай Ысқақов, Тайыр Жомартбаев,
Иманбазар Қазанғапұлы, Баймағамбет Айтқожаұлы сияқты дарындардың мұраларын
тікелей жалғыз өзі әкеп қосты. Абайдың оншақты өлеңі Қайым Мұхаметханұлының
жинап тапсыруымен академиялық басылымда жарық көрді.
Бұлардан тыс Құсайын Файызханов, Ілияс Бораганский, Бұқар жырау,
Үмбетей, Махамбет, Шөже, Жанақ, Сәдір, Ақылбек Сабал, Ілияс Молдажанов
шығармашылықтары туралы мақалалары мен Мұхтар Әуезовтің өмірбаяны хақындағы
очеркі және Қазақ кеңес энциклопедиясының он екі томдығына жасаған сыни
саралау қорытындылары – зерттеушіліктің үздік үлгілері.
Осы дәрежедегі туындылардың үлкен шоғыры “Абай мұрагерлері” жинағын
құраған. Алаш ардагерлерін ақтаңдақтардан арылтып, мәртебелі орындарына
оралту ісіне Қайым Мұхаметханұлының қосқан үлесі қандай екендігін осы
жинақтағы ғұмырнамалық, өнернамалық очерктер куәландырады. Мысалы, ол
Шәкәрім шығармашылығын ақтау мәселесіне қозғау салып, 1987 жылы Колбинге
дәйекті негіздемелік материал жолдаған болатын. 1960 жылдан бастап
Шәкәрімнің баласы Ахат екеуі бірлесе атқарған жанқиярлық қимыл-әрекеттер аз
болған жоқ.
Қайым Мұхаметханұлының зерттеушілік ізденістері нәтижесінде әдебиет
пен көркемөнердің және қоғамдық-саяси тарихтың мазмұнын байытқан өлшеусіз
қымбат қазыналар, мұрағаттық құжаттар – өз алдына бір төбе. Мысалы, атақты
қиссашы, ақын Ақылбек Сабалдың 43 мың жолдық өлеңмен жазылған өмірбаянын,
376 дәптерге толтырылған қарасөздерін тауып, Әдебиет және өнер институтында
ғылыми хабарлама жасағаны мәлім. Академик Ахмет Жұбанов өзінің “Замана
бұлбұлдары”, “Ғасырлар пернесі” монографияларында Мәди Бәпиұлы мен Естай
Беркімбаев туралы құнды деректерді Қайым Мұхаметханұлы бергендігін
ризалықпен атап көрсеткен. Кезінде Мұхтар Әуезовтің тапсырмасы бойынша
“Абай жолы” романына да қажетті деректерді тауып, Мұхаңның көңілінен шығып
отырғандығы және бар. (Мысалы, төртінші кітапта Сармолланың қастандықпен
өлтірілу уақиғасына байланысты “табыт қағу”, т.б.). Бұл жайды айғақтайтын
ондаған хат 1951 жылы Қайым Мұхаметханұлы тұтқындалғанда тергеушілердің
қолында кетіп, кейін қайтарылмай мүлде із-тозсыз жоғалған.
Ақын, драматург, ғалым Қайым Мұхаметханұлы жарты ғасыр бойы Семей
мемлекеттік педагогикалық институтында ұстаздық етіп, Әзілхан Нұршайықов,
Кәмен Оразалин сияқты бүгінгі ақсақал қаламгерлерден бастап, бір қауым
шәкірттеріне ілім құтын дарытып, адамгершілік тәлімін берген.
Иә, өзгесін былай қойғанда, Қайым Мұхаметханұлы Абай шығармаларының
аса беделді мәтінтанушысы екенін білікті мамандар түгел мойындаған. Ал,
бүтіндей абайтанушылық еңбегіне Мұхтар Әуезов, Зоя Кедрина, Ысқақ
Дүйсенбаев, Митрофан Сильченко, Ханғали Сүйіншәлиев, Рәбиға Сыздықова, Әбіш
Жиреншин, т.б. әр кезде оңды пікірлер білдірген.
Бәрін айт та, бірін айт, Қайым ағаның ең зор бағасы, Абай
сөзіндегідей, “Адам деген даңқы бар” екендігінде. Ұлтын сүйген, ұлтының
ардағы Абай мен Мұхтар үшін отқа түскен, сталиншілдік зұлматқа қарсы тұра
білген,
“Тусаң ту!” дейтін Азаматтығында!
Атақ емес, ғылым үшін жаралған...
Көрнекті ғалым Қайым (Ғабдұлқайым) Мұхаметханұлының туғанына 90 жыл.
Ол – алаш арыстарының соңғы тұяғы, білімдарлығымен ғұламалыққа жеткен жан.
Көзі ашық, көкірегі сәулелі, елшіл әкесі Мұхаметханның дастарқаны мен қаржы-
қаражаты мол болған. Ол ырыс-дәулетіне мастанбай, ұлт мүддесіне жан
байлығын да, мал байлығын да бүтіндей арнап, ерекше байсалды, өте
мәдениетті ақсақал ретінде танылған.

Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы, Көкбай Жанатайұлы, Мұхтар Әуезов
тағы басқа тарихи тұлғалар мұнда елдік істердің сан қилы мәселелерін
талқылап, емін-еркін мәслихат құрған. Мұхаметханның үйіндегі жеке
кітапханасында Дала уәлаяты, Айқап, Қазақ, Абай, Сары Арқа
тігінділері мұқият жинақталып сақталған. Қазан төңкерісінен соңғы астан-
кестен кезеңде байларды қудалау науқаны Мұхаметханға да ызғарын тигізген.
Көреген, қамқор әкесі педагогтық курста сабақ беретін Ғалиақбар Төребаевқа
баласын әкеліп, қанатының астына ала жүруді өтініш етеді. Қайымның Абай
туралы тырнақалды ой-пікірлері осы курста оқып жүргенде білінген. Өлең жаза
бастайды. Пединститутты үздік аяқтап, кафедрада оқытушылық қызметке
қалдырылған соң, Қайымның зерттеушілік және ақындық шығармашылық ұмтылысы
жаңа екпін алады. Ақылбайдың Дағыстан, Зұлыс, Мағауияның Медғат-
Қасым, Еңлік-Кебек поэмалары туралы, Әубәкір Ақылбайұлы Абай немересі,
Әріп Тәңірбергенов өмірі мен шығармалары туралы мақалалар жариялайды.
Пединститутта аға оқытушылық қызметке тұрады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жалғастырады.
1943-1944 жылдары Қабанбай батыр мен Бөгенбай батыр туралы халықтық
тарихи дастандарды зерттеп, Қазақ әдебиеті тарихының бірінші томына
енгізілетін материал ретінде дайындап бітіреді. Абай шығармашылығын
зерттеулері үздіксіз жүргізіледі. Соның нәтижесінде, Абайдың туғанына жүз
жыл толуына арналған 1945 жылғы мерекелік басылымда Мұхаметханов іздеп
тапқан тоғыз өлең енген. 1945-1950 жылдарда Мұхаметханов Абай мұражайында,
пединститутта, Жазушылар одағының Семей бөлімшесінде қызмет істеп жүріп,
өзінің зерттеу тақырыбы бойынша он бір мақала жариялайды. Абайдың әдеби
мектебі бойынша кандидаттық диссертациясын жазып, тәмәмдайды. 1951 жылғы
сәуірдің 7-сі күні академик М.О. Әуезов жетекшілігіндегі сол диссертацияны
Ғылыми кеңесте қорғап шығады. Өкінішке қарай, көп ұзамай, әйгілі зобалаңға
ұшырап, сталиншіл зұлмат биліктің қанды шеңгеліне ілінеді. Сол жылғы
желтоқсанда 25 жылға бас бостандығынан айырылып кете барады. Айып –
ұлтшылдық. Ал ұлтшылдық өзегі не десеңіз, ол – Абайды қорғау, Әуезовты
қорғау. Алматыдағы әркімге мәлім сұр ғимараттың ыстық-суық камераларындағы
тамұқтық азаптардан соң Қарлагтың дәмін татып, үш жылдан соң 1955 жылы
толық ақталып, Семейге оралды. 1955-1959 жылдарда Қайым Мұхаметханұлы
абайтану бойынша он бір мақала, екі жеке басылымдық кітап (Мағауия Абайұлы
Құнанбаев, Абай шығармаларының текстологиясы) баспадан шығарды. 1959
жылғы маусымның 12-сі күні Абай заманының ақындары (Абай айналасының
ақындары) деген тақырыппен бұрынғы қорғалған кандидаттық диссертацияны
қайтадан қорғады. Жетекшісі Мұхтар Омарханұлы еді.
1960 жылдардан бастап Қайым Мұхаметханұлы Шәкәрім шығармашылығын
зерттеуге бел буып кірісті. Докторлық диссертация нысаны ретінде ыңғайлады.
Шәкәрімді ақтау бойынша 1959 жылғы Қазақ әдебиетіндегі белгілі
жарияланымнан соң аудан, облыс көлемінде ширек ғасырдан астам уақытқа
созылған игі ниеттегі қимыл-әрекеттердің басы-қасында жүрді. Ең соңғы
Колбинге жолданған материалдың сірескен қалың сеңді қозғаған ықпалына қазір
әдеби-мәдени орта тегіс қанық. Қазақ әдебиеті газетінде Бұқар жырау,
Үмбетей, Махамбет, Сәдір, Шөже, Жанақ, Ілияс Молдажанов, Ақылбек Сабал т.б.
туралы зерттеулері жарияланды. Қазақ кеңес энциклопедиясының он екі
томдығына сыни сараптамалық әдеби-мәдени-тарихи ғұмырнамалық очерктері –
ғылыми мынандай дәрежені, анандай дәрежені көксеп жүргендер орындай алса
ғой дерлік дүниелер.
2.2. Абай кітапханасы Қ.Мұхамедханұлы зерттеулерінде.
Мұхамедханұлы Қайым (Ғабдұлқайым) (5.1.1916, қазіргі Шығыс Қазақстан
облысы Семей қаласында 30.6.2004, сонда) - әдебиеттанушы ғалым, абайтанушы,
жазушы, драматург. Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторы. Әкесі Мұхамедхан
Семейде шығатын Сарыарқа газетіне, Абай журналына меценаттық көмек
жасап тұрған (осы журналдың 70 жылдан соң қайта жарық көруіне, Семейдегі
Алаш арыстары мұражайының ашылуына Мұхамедханов көп еңбек сіңірді).
Мұхамедхан ислам діни қозғалысының белсенді мүшесі деген айыппен 1937
жылы 2 желтоқсанда атылған. Сондай-ақ Қ.Мұхамедхановтың әкесі
алашордашыларға тілеулес болып, оның үйінде ұлт зиялылары (Шәкәрім, Көкбай,
Тұрағұл, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар т.б.) жиі
бас қосып, ел бостандығы жөнінде пікір алмасып тұрған. Қ.Мұхамедханов шаруа
мектебінде білім алған. 1935-37 ж. республикалық екі жылдық мұғалімдер
курсында оқыған. Семей педагогикалық институтының филологиялық факультетін
бітірген (1941).
Семейдегі Абай әдеби мұражайының аға ғылыми қызметкері (1940-41, 1947-51 ж.
оның директоры), Қазақстан Жазушылары одағының Семей облысындағы өкілі
(1942-47), Семей педагогика институтының аға оқытушысы, доценті, қазақ
әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры (1955-90), 1991-95 ж. ҚР ҰҒА
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану бөлімінің жетекші
ғылыми қызметкері болды.
Қ.Мұхамедханов саналы өмірін қазақ әдебиеттану ғылымының абайтану саласына
арнады. 1939 жылдан Абайдың ақындық мектебі мәселесін зерттеп, Абайдың
әдебиет мектебі деген еңбегін жариялады, осы тақырыпта кандидаттық
диссертациясын қорғады (1951).
Талқылау кезінде ғылыми жетекші М.Әуезов пен диссертантқа жала
жабылып, саяси айыптар тағылған. Жас ғалымға Абай мектебі шәкірттерінің
қатарында ұлтшыл ақындарды зерттегені үшін панисламшыл, пантүркшіл
деген айып тағылып, 25 жылға сотталды.
Төрт жылдан кейін ақталып, 1958 жылы Абай төңірегіндегі ақындар деген
тақырыпта екінші рет кандидаттық диссертация қорғады. Қ.Мұхамедханов Абай
мектебінің ақындары мәселесін зерттеуді шығармашылық ізденіспен дамыта
білді. Ақын шығармаларын зерттеу нәтижесінде Мұқамедханов Абайдың бұрын
белгілі болып келген 7 өлеңін тауып, ақынның 1945 жылы шықан жинағына
енгізді. 1959 жылы Мағауия Абайұлы Құнанбаев, Абай шығармаларының
текстологиясы монографиялық зерттеулері жеке кітап болып шықты.
Абайдың ақын шәкірттері атты төрт кітаптан тұратын жинақ
ҚМұхамедхановтың қарастыруымен 1993-97 ж. жарық көрді. Оған Абай шәкірттері
Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет, Мұқа,
Әубәкір, Иманбазар шығармалары мен олар туралы зерттеулер енді. Мұқамедхан
Абайдың екі томдық академиялық шығармалары жинағының жаңа басылымын
шығаруға (1995) үлес қосты.
1988-89 ж. мерзімді баспасөзде Ә.Бөкейханов, М. Жұмабаев,
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М. Дулатов, Шәкәрім атты ғылыми мәні
ерекше мақалалар жариялап, кейін осы зерттеулер негізінде Абай
мұрагерлері жинағын (1995) жарыққа шығарды.
Мұхамедхан қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына
ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкәрім поэзиялары текстологиясына
арналған мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын
қарастырған мақалалары мен монографиясы жарық көрді.
Сондай-ақ ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне қомақты үлес қосты.
Қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулық әдебиет өкілдерінің
өмірі мен шығармашылығы, әдеби байланыстары туралы 300-ден астам ғылыми
мақалалар жазды. Қ.Мұхамедханов шығармаларының тағы бір қыры оның поэзиясы.
Драматургия саласында да қарымды еңбек етіп, көптеген пьесалар жазды.
Қ.Мұхамедхановтың Толқын (1994), Майданнан майданға (1947), Комиссар
Ғаббасов (1960), Ер Білісай (1974) пьесалары көркемдік және тарихи
шындықты тұтастай алып, оқиға желісінің өткір құрылуымен ерекшеленеді.
Әзірбайжан драматургі У. Гаджибековтың Аршин мал алан (1941), татар
жазушысы Ш. Камалдың Қажы әпенді үйленеді (1967) пьесаларын, орыс
жазушысы Н. Карамзиннің Бишара Лизасын қазақ тіліне аударды.
Қ.Мұқамедханов Семей қаласының және Абай, Аягөз, Жаңасемей аудандарының
құрметті азаматы. Абайтану саласындағы қажырлы еңбегі үшін 1996 жылы
Қ.Мұқамедхановқа ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
1916 жылдың қақаған қаңтар айының 5 күні Мұхамедхан отбасында дүниеге
келген сәби Қайымның өмір жолында да қақаған кезеңдер аз болған жоқ. Барлық
сын сағаттардан жігерлілік, шыдамдылық, көрегенділік, білімдарлық таныта
жүріп, аман өтті. Қандай қиын қыстау кезеңде абайтану бағытынан айныған
емес. Қазақтың көсемдері мен шешендерін орға айдаған 37-нің құрығы Қайым
ағаны да аз әуреге салмаған еді. Теріс жала жабылып, жалындап тұрған
шағында Қайым аға 25 жыл түрменің де дәмін татты.
Бірақ, оның бәрі Қайым Мұхамедханұлының өмірге деген көзқарасын, тарих,
әдебиет саласындағы ұстанымын өзгерте алған жоқ.
Ол қазақтың Қайымы еді. Жастық шағының қызығы мен қиындығы, қуанышы
мен күйініші кезектесіп, жазықсыздан жазықсыз жиырма бес жылға сотталып,
алаңсыз әдеби еңбек ету егделік ғұмырының ғана еншісі болған соның өзінде
артына аса мол мұра қалдырған ғұлама еді. Әдебиетші, зерттеуші, сыншы,
аудармашы ретінде тындырып кеткені қыруар, әсіресе, абайтануды, сондай-ақ
Мұхтар Әуезовтың бүкіл өмірін паш етуде төккен тері өлшеусіз. Абай
шығармаларының текстологиясын жан-тәнімен тәптіштеп реттеуі, ұлы ақынның
мұрагерлері туралы төрт кітап жазып шығаруы - небір үлкен ұжымның да
қауқары жетпес шаруа.
Қазақ республикасының тұңғыш гимнің авторы болғаны - өз алдына зор мәртебе.
Қайым Мұхамедханұлы – түпнұсқа иесінің ойын тереңіне танып, тебіренге
толғайтын шебер аудармашы.
Қайым Мұхамедханұлының ұзақ жылдар бойы ғылыми, әдеби шығармашылық
және ұстаздық еңбегі жоғары бағаланып, ол КСРО медальдарымен КСРО халыққа
білім беру ісінің үздігі, Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі белгілерімен
Құрмет грамоталарымен наградталған.
Семей қаласының, Абай, Жаңасемей аудандарының құрметті азаматы. Қайымның
әдебиет тарихына қосқан үлесі де салмақты. Соның ішіндегі жыраулар әдебиеті
жөніндегі өмірбаяндық зерттеулер мен текстологиялық салыстырулары бұл
саладағы көптеген көмескі жайлардың бетін ашып, тың деректер мен соны
пікірлер түйіндеуге негіз қалады.
Саналы ғұмырында атақ үшін емес, ұлы Абай үшін қатал заманның қағидаларына
мойынсұнбай азаматтығын сақтай білген, өткен ғасырдың ары, бүгіннің заңына
айналған адам Қайым Мұқамедханов.
Тағдырдың талай тар өткелдерінен сүрінбей өткен, әрбір әңгімесі бір-
бір тарих, бар ғұмырын ғылымға арнаған, белгілі абайтанушы, көрнекті ғалым,
ұстаз Қайым Мұхамедханұлының артына қалдырған мол мұрасы рухани қазынаға
айналары ақиқат. Қайым Мұхамедханұлы өмір бойы Абай өлеңдерінің дәлдігін
қадағалап, қолынан келгенше бір әріптің бұрмалануына жол бермеуге тырысты.
Ал уақыт пен қоршаған орта өз таңбасын қалдырмай қойған жоқ. Абай тек ұлы
ақын, ұлттық мақтанышымыз ғана емес. Абай – әлемдік тұлға, қайталанбас
құбылыс, күллі адамзаттық цивилизацияға қосылған аса қомақты үлес. Мұндай
толайым табыстың қазақтың пешенесіне жазылуы ұлттық руханият үшін мақтаныш.
Абайды тану үшін Әуезовті қайта-қайта ой көзін салып оқу керек. Абай да,
Әуезов те қатпар-қатпарына үңіліп оқымасаң бойыңа сіңбейді, жүрегіңе
ұяламайды. Абайдың ақын шәкірттерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге
Қайым Мұхамедханұлы тікелей М.О. Әуезовтің ақыл-кеңесімен келген. Ғалымға
Абайдың әдеби мектебіне ұлтшыл ақындарды енгізгені үшін панисламшыл,
пантүрікшіл деген айып тағылып, сталиндік қуғын-сүргінге ұшырайды. Ақталып
шыққаннан кейін зұлматқа ұшыраған Абайдың ақын шәкірттерін қолға алады.
Өмірінің ең бір қиын сәтінен сүрінбей өтті. Бір үміт, бір қауіпте тағдыр
таразысының сынында қасірет шегіп жүргендегі, жанына батқан қайғысы,
жүректің қайғыға, жай ғана қайғы емес, отты қайғыға өртенуі, тірі жетім
балаларын ойлап сағынып, қол ұшын беруге мүмкіндік жоқ дәрменсіздігі ақын
Қайымның сезім сыры мен көңіл күйінің айғағындай. Оны Балаларыма өлеңінен
байқадым:
Қайым Мұхамедханұлы өзінің зерттеулері арқылы Абай және абайтану
ұғымдарының бір-бірінен ажырамас тұтастық екенін жадымызға сіңірді.
Қайым Мұхамедханов қазақ халқы үшін ғылым-білімнің шамшырағы болған Абай
Құнанбаевтың айналасындағы тәрбиеленуші ақын шәкірттерінің мол мұрасын,
шығармаларын, өзінің білімділігінің, қайтпас қайсарлығының, қажырлы
еңбегінің арқасында түбегейлі зерттеп, халыққа танытты. Бізге, болашақ
ұрпаққа ғалымның жарты ғасырлық еңбегі үлгі-өнеге болып қалды. Біздің,
жастардың алдындағы зор міндет – абайтанушы, ұлтын сүюдің үлгісін
көрсетекен Ұлы ұстаздың еңбегін келешек ұрпаққа жеткізу.
3.1. Қайымның қағидалары
Адамның бойындағы қасиеттерге берлген ғұламалардың анықтамалары көп.
Соның ішінде, “танант дегеніміз - мінез” деген қисын ғұлама ғалым Қайым
Мұхаметхановтың жеке басына да, оның өмірлік жолыеа да, ғылыми
шығармашылық еңбектеріне де қаратыла айтылған сияқты. Шындығында да,
мінезсіз талант - қанатсыз қыран, жер бауырлап көтеріле алмайды. Ал
шабытты қолдан жасай алмайсың. Бұл ретте алған да азамат Қайымның,
оқымысты қайымның тұтастық табатын тұсы шындық. Осы шындық үшін басын
бәйгеге де тікті. Түрменің торлы терезесі, ыстық – суық корцердің
қыстаулары, достардың сатқындығы, жалған жала, көрген бейнет пен зейнет те
оның бойындағы бұл қасиетті қайсарлыққа сызат түсірген жоқ. Алған бетінен
қайтпайтын, жақынының өзін жалғандығы үшін жек көретін, ұнаса – қырандысыз
құлай ұнататын осынау адамға таң қалумен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz