Тіл және қоғам жайлы



1. Тілдің табиғаты мен мәні.
2. Тіл және қоғам.
3. Дыбыс тілінің пайда болуы.
Қоғамда пайда болып,өмір сүріп жатқан барша құбылыс табиғатпен тығыз байланыста. Сондай-ақ тілдің де өзіндік табиғи ерекшелігі болады. Тіл қоғамдық құбылыс ол адамзатпен бірге қатар дамып келеді. Бұлай болғанда тіл атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырылуы керек.Бірақ өмір тәжірибесі тілдің тұқым қуалайтын биологиялық қасиет емес екндігін, тілді адам баласы өмірден, өзін қоршаған қауымнан үйренетіндігін көрсетеді.Қандай халыққа, қандай нәсілге жататындығына қарамастан, жас баланың өзін қоршаған қауым қай тілде сөйлесе, сол тілде сөйлеп кететіндігі тілдің биологиялық құбылыс еместігін білдіреді.
Тіл білімі тарихында натуралистік мектеп деп аталатын бағыттағы ғалымдар тілді биологиялық құбылыс – демалу, қоректену, жүріп – тұру сияқты адам организміне тән, жаратылыстан берілген биологиялық қасиет деп саналады.
1. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А., 1995.
2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1978.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Тілдің табиғаты мен мәні. Тіл және қоғам.
Дыбыс тілінің пайда болуы.

Топ: Қ - 319 с
Орындыған: Кәрібаев Руслан
Тексерген: Самекбаева Э. М.

Семей 2015 ж
Жоспар:

1. Тілдің табиғаты мен мәні.
2. Тіл және қоғам.
3. Дыбыс тілінің пайда болуы.

1. Тілдің табиғаты мен мәні.

Қоғамда пайда болып,өмір сүріп жатқан барша құбылыс табиғатпен тығыз байланыста. Сондай-ақ тілдің де өзіндік табиғи ерекшелігі болады. Тіл қоғамдық құбылыс ол адамзатпен бірге қатар дамып келеді. Бұлай болғанда тіл атадан балаға, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырылуы керек.Бірақ өмір тәжірибесі тілдің тұқым қуалайтын биологиялық қасиет емес екндігін, тілді адам баласы өмірден, өзін қоршаған қауымнан үйренетіндігін көрсетеді.Қандай халыққа, қандай нәсілге жататындығына қарамастан, жас баланың өзін қоршаған қауым қай тілде сөйлесе, сол тілде сөйлеп кететіндігі тілдің биологиялық құбылыс еместігін білдіреді.
Тіл білімі тарихында натуралистік мектеп деп аталатын бағыттағы ғалымдар тілді биологиялық құбылыс - демалу, қоректену, жүріп - тұру сияқты адам организміне тән, жаратылыстан берілген биологиялық қасиет деп саналады. Сондай - ақ, тіл жеке адамның рухани қасиетіне тән психикалық құбылыс та емес.Олай болғанда, әр адамның тілі әр басқа болар еді де, халықтық, ұлттық тіл деген болмас еді.Сонымен, тіл - биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.
Тілдің шығуы туралы ежелгі Грецияда туған, 17-18 ғасыр ойшылдары тарапынан қолдау тапқан келісім теориясының өзі де, белгілі шамада тілдің әлеуметтік сипатын мойындағандық. Тіл - қоғамдық деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы орны, рөлі деген мәселелермен 19 ғасырда өмір сүрген көрнекті тіл ғалымдарының көпшілігі - ақ айналысты.Я.Гримм, В.Гумбольдт еңбектері кейініректе туған лингвистикалық мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне түрткі болды.Бұл мәселеге Н.Я.Марр мектебі де ерекше мән берді.Тіл қоғам қажетін өтейтін, қоғамға қызмет ететін қоғамдық құбылыстар қатарына жатады.Пікір алысу, сөйлесу қоғамдасқан адамдар бар жерде ғана болады, адам жоқ жерде тіл де жоқ.Адам қоғамы қашан туған болса, тіл де осы кезеңде пайда болған.
Қоғамдық құбылыстардың барлығы да қоғамға қызмет етеді, қоғамдық қажеттікті өтейді. Қоғамдық қызметтерінің сипатына қарай әр қоғамдық құбылыстың өзіне ғана тән өзгешелігі болады.Сондай өзгешелік тілде де бар.

Тілдің құрылымы мен функциясы
. Бұл екеуі өзара байланысты, бірақ бір емес.Тіл жалпыхалықтық дегенде, оның құрылымының жалпыхалықтылығы ескеріледі, өйткені бұл жағынан әр халық, әр ұлт тілі - бір бүтін.Ал, қызметі жағынан алғанда, тілде айырмашылық, өзгешелік кездесе береді.Істейтін кәсіптеріне, мамандықтарына, білім дәрежесіне, жас мөлшеріне, жынысына қарай әр түрлі әлеуметтік топтардың өз сөйлеу мәнерлері, өзіндік лексикондары болатыны даусыз.Бір кездерде тіл таптық құбылыс деушілер оның осы ерекшеліктеріне сүйенеді, сөйтіп олар тілдің қызметтік жағын оның құрылымдық жағымен шатыстырды.

Қоғамның әлеуметтік құрылысының тілге тигізетін әсері, ең алдымен, тілдің қызметінен анық көрінеді.Өйткені тілді қолданушы әлеуметтік топтар, таптар оған немқұрайды қарамайды.Оны өз талап - тілектеріне, өздерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес қолдануға тырысады.Мұндай талап тілдің құрылымдық негізін өзгертпегенімен, оны функциялық құбылыстарға, өзгешеліктерге, әр түрлі жіктерге бөлшектемей қоймайды.Ондай жіктелулердің ең елеулеріне қоныс ыңғайынан туатын ерекшелікті (яғни жергілікті диалекті), тіл қызметінің қандай жолмен іске асуынан туатын ерекшелікті (жазу тілі, ауызекі тіл), қоғам мүшелерінің таптық, кәсіптік ыңғайларынан, бірліктерінен туатын ерекшелікті, қоғам мүшелерінің жас мөлшері, мәдени өзгешеліктерінен туатын ерекшеліктерді жатқызуға болады.Бұлардың басым көпшілігі функционалдық стиль өзгешеліктері болып келеді.Тіл ғылымындағы әдебиеттерде бұл тәрізді өзгешеліктер жалпыхалықтық тілдің функционалдық нұсқалары деп те аталады. Функционалдық нұсқалар қауымның тілге тигізетін әр түрлі әсерінен болады.Тіл білімінің бір саласы - социологиялық тіл ғылымының (экстралингвистиканың) міндеті - қоғамның әлеуметтік таптарының тілге тигізетін әсерлерін зерттеу болмақ.

Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.

1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.

а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған дыбысқа еліктеу қағидасы бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).

б) Одағай теориясы бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады.

в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде сөздермен бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады.
Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) Қоғамдық келісім теориясы бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде еңбек айқайы теориясы (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге адамды адам еткен факторларға енеді.
Қоғамдық теориялардың дұрыстығы - тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.
Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы процесімен байланыстыра қараған дұрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тәрізді миллиондаған жылдарға созылған процесс.

Тілдің қызметі:
* Тілдің адамзат өмірінде алар орны ерекше.Соған байланысты қоғамда тілдің атқарар қызметі орасан зор. Себебі тіл ең алдымен адамдар арасындағы қатынас құралы ретінде ерекшеленеді.Тіл қызметі тілдің негізгі мәні, қоғамдағы міндеттері мен атқаратын жұмысы, табиғаты сиякты күрделі ұғымдарды камтиды. Бұлар сонымен тар оның жаратылысының ең маңызды қасиеттері болып саналады. Тіл негізінен екі түрлі маңызды қызмет атқарады. Біріншісі коммуникативтік және екіншісі когнитивтік, танымдық, гносеологиялық (кейде оны экспрессивтік қызмет деп атайды, яғни сананың жұмысын жүзеге асыру қызметі). Тілге эмоциялық қызмет (адамның көңіл-күй, әсерлерін, сезімдерін жеткізу) жүктелінген. Тілдің метатілдік (металингвистикалық) тілді терминдерімен сипаттау құралы қызметін орындау. Тілді пайдалану кезінде оның негізгі қызметтері бір-бірімен шартты байланыста болады, бірақ сөйлеудің кейбір жеке үлгілерімен мәтіндерде әртүрлі дәрежеде көрініс табады. Коммуникативтік қызметке байланыс орнату (фатикалық), конативтік (меңгеру), волюнтативтік (ықпал ету) және ұлттық танымды, мәдени дәстүрді, тарихты сақтау және тағы басқа қызметтер жатады. Конативтік қызмет аясында таныммен тарихи қоғамдық тәжірибе, жинақталған білімдерді меңгеру, бағалау (аксеологиялың), сондай-ақ денотация (номинация аталым), референциялық, предикаттық құралдар ретінде пайдаланылады. Тілдің эмоционалдық кызметі, әсіресе поэтикалық, көркем әдеби шығармашылық салаларда орын алады. Тіл қызметі аныктауға қызықшылық XX ғасыр белең алды. Қазіргі кездегі тіл әрекеті аясының кеңеюімен тіл қызметі мәселесі ауызша сөйлеу тілі, функционалдық стильдер, мәтін лингвистикасы сияқты жаңа ағымдар аймағында терең зерттеулерге бет алды. Ғалымдар алдында тілдің қандай жүйелері мен кұрылымдары оның әртүрлі қызметтерінде қалай және қандай деңгейлерде қолданыста болатынтындығын анықтау міндеті тұр.

2. Тіл және қоғам.

Тіл және қоғам. Тіл - қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұжан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл - адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге (информативтік және констациялаушы функциясы), немесе хабарды алуға (сұрау функциясы) болады. Сонымен бірге қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге (аппелятивтік функциялары) т.б. болады. Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетінін байқауға болады. Келесі мәселе тілдің қоғамдағы жіктелістері. Ол тілдің қоғамдық дифференциялары деп аталады.
Тілдің қоғамдық қызметінің өрісі өте кең, тіпті шексіз дерлік.Бұл жағынан ол басқа қоғамдық құбылыстардың бәрінен: өндірістен, техникадан, ғылымнан, ойлаудан, базис пен қондырмадан да ерекше.Басқа қоғамдық құбылыстар қоғамға қызмет еткенде, тек белгілі бір салада, бір бағытта ғана қызмет етеді.Мысалы, базис қоғамға экономика тұрғысынан, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, ал, тіл адамдардың қатынас құралы ретінде қоғам өмірінің барлық саласымен де, қоғам мүшелерінің барлық ісімен де тікелей байланысты.Ол қоғамдық тіршіліктің барлық саласында бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді.Бұл - тілдің өзіндік мәні, басқа қоғамдық құбылыстардан елеулі өзгешелігі.Соның нәтижесінде тіл қоғамдық қондырмаға да жатпайды, қоғамдағы белгілі бір тапқа тәуелді емес, соның идеологиясы да бола алмайды.

Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі тағы бір белгісі - қоғамдық сананы білдіретіндігі.Қоғамдық сананы қоғамға қызмет ететін басқа құбылыстар да белгілі шамада көрсетуі мүмкін.Бірақ олардың бірде - бірі оны дәл тілдей толық, жан - жақты көрсете алмайды.

Тіл қоғамға қызмет ететін болғандықтан, қоғам өмірінде болған өзгеріс- құбылыстар, белгілі мөлшерде тілде де әсерін тигізеді, онда өзінің ізін қалдырады.Тіл, негізінен алғанда, өзінің объективтік заңы бойынша дамиды, бірақ оның дамуы қоғамның дамуымен, өзін қолданушы қауымның өмірімен тығыз байланысты, көп жағдайда соған тәуелді болады.Тілдің қоғамдық құбылысқа тәуелді басқа қоғамдық құбылыстардай, мысалы, қоғамдық базис пен қондырмадай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялылары қазақ тілінің мәртебесі жайында
БАҚ-тағы ұлттық және діни алауыздықтың жазылу ерекшеліктерін зерттеу арқылы қоғамдағы дінаралық, ұлтаралық өшпенділіктің алдын алу
Қазақ басылымдарындағы саяси дискурс
Қытай тілі жөнінде
А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту және бастауыш мектепте білім беру мен тәрбиелеу жұмыстары жайлы ой-пікірлері
Полилингвалық тұлға
Алматылық журналист Галина Дырдинаның айтуынша, бұның себебі қазақ тіліне сұраныстың жоқтығы
Қоғамдағы газеттің рөлі
Ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми ортасы (Әл-Фараби)
Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы
Пәндер