Тәуекелдерді басқару



1. Кіріспе
2. Қаржылық тәуекелдерді басқару
3. Нарықтық тәуекел
4. Операциялық тәуекел
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Нарықтық экономикадағы кәсіпорындардың, шаруашылық субьектілерінің, қаржы ұйымдарының қызмет аясы кеңейген сайын, тәуекелдерді басқару мен бақылау қызметі де үлғая бермек. Бірақ, отандық сақтандыру ұйымдары әлемдік тәжірибеде белгілі барлық тәуекелдің түрлерімен кездесті деуге болмайды. Алайда олардың саны өсіп барады, ал бұл проблема отандық сақтандыру ұйымдары үшін жаңа болып табылады, сондықтан да сақтандыру ұйымдарының қызметтерін жүзеге асыру әдістері бойынша қандай да бір тереңдетілген зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы орайда қаржы ұйымдарының операцияларын қалыптастыру барысында пайда болатын тәуекелдерді зерттеу Қазақстанның қаржы жүйесін реформалау кезіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы:2005 ж
2. Қазақстан Республикасының „Сақтандыру қызметі туралы" Заңы 18 желтоқсан 2000 жыл N126-11.
3. Жуйриков К., Назарчук И., Жуйриков Р., Страхование: теория, практика, зарубежный опты: Учебник для студентов вузов и колледжей/Под редакцией К.К. Жуйрикова. - Алматы: ОФ „БИС"

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Тәуекелдерді басқару

Орындаған: ФН - 305 топ
Әнуарбекова А.Қ.
Тексерген: Курманбекова Г.А.

Семей 2015 жыл
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Қаржылық тәуекелдерді басқару
3. Нарықтық тәуекел
4. Операциялықтәуекел
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Нарықтық экономикадағы кәсіпорындардың, шаруашылық субьектілерінің, қаржы ұйымдарының қызмет аясы кеңейген сайын, тәуекелдерді басқару мен бақылау қызметі де үлғая бермек. Бірақ, отандық сақтандыру ұйымдары әлемдік тәжірибеде белгілі барлық тәуекелдің түрлерімен кездесті деуге болмайды. Алайда олардың саны өсіп барады, ал бұл проблема отандық сақтандыру ұйымдары үшін жаңа болып табылады, сондықтан да сақтандыру ұйымдарының қызметтерін жүзеге асыру әдістері бойынша қандай да бір тереңдетілген зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы орайда қаржы ұйымдарының операцияларын қалыптастыру барысында пайда болатын тәуекелдерді зерттеу Қазақстанның қаржы жүйесін реформалау кезіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Тәуекел теориясында бақылау проблемасы өзекті болып табылады.
Тәуекел-менеджмент - сақтандыру келісім-шартында көрсетілген сақтандыру шарттарының дұрыс орындалуын бақылау, алдын-алып ескерту шаралары, сақтанушының құрылыс және басқа да жұмыстарын қадағалауға қатысу, сақтанушының қаржылық жағдайын бағалау мен бухгалтерлік есебін жүргізуге қатысуы. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруда сақтандыру бағасы заңнаманың және халықаралық келісімдердің ережелері мен талаптары, келісімді міндеттемелерді орындаудың қалыпгасқан практикасы, азаматтардың заң талаптарына деген оң көзқарасы, сот шешімдерін орындау тәртібі - азаматтық менталитет деңгейі, өндірістегі, жолдардағы, жылжымалы қүрамдардағы техникалық қауіпсіздік жағдайы, жол қозғалысының қауіпсіздік деңгейі.
Банкте тәуекелдерді басқару Тәуекелдерді басқару саясаты мен Тәуекел-менеджмент басқармасы туралы ережені басшылыққа алатын тәуекел-менеджмент бөлімшесіне жүктелген.
Қаржылық тәуекелдер:
Қаржылық тәуекелдер - экономикалық ортаның дүдәмал жағдайында сыртқы әрі ішкі даму факторларының ықпалындағы Банк қызметі нәтижесінде келешекте шығынның туындауына, табыс алмауға, қосымша табысты толық алмауға немесе алуға апарып соқтыруы мүмкін оқиғалардың орын алу ықтималдылығы.
Қаржылық тәуекелдерді басқару мақсатында тәуекел-менеджмент бөлімшесі тәуекелдерді басқару саясатын, Банк активтері мен пассивтерін басқару саясатын басшылыққа алады.
1. Кредиттік тәуекелдер
2. Нарықтық тәуекелдер
3. Өтімділікті жоғалту тәуекелі
Қаржылық емес тәуекелдер:
Операциялық тәуекел
Бедел тәуекелі
Құқықтық тәуекел
Кредиттік тәуекел - заемдық және басқа операциялар жүргізу кезінде клиенттің қабылдаған ақшалай міндеттемелерін орындауы бойынша шарттың (келісім-шарттың) бастапқы талаптарын бұзуы салдарынан шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі.
Кредиттік тәуекел түрлері:
Заемшы тәуекелі - заемшының банктік заем шарты бойынша міндеттемелерін орындамау тәуекелі.
Заемшы тәуекелі 3 шағын тәуекелді қамтиды:
1. Есеп айырысу жүзеге асырылғанға дейінгі тәуекел - заемшының міндеттемелерін есеп айырысуы әлі жүзеге асырылмаған мәміленің қолданылу мерзімі ішінде орындаудан бас тартуынан шығынның болу мүмкіндігі.
2. Есеп айырысу тәуекелі - мәміле бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру сәтінде ақшаны толық алмау мүмкіндігі (ақшаның жеткіліксіздігі, жүйедегі операциялық істен шығулар және т.б. салдарынан).
3. Мәмілені аяқтау тәуекелі - заемшының міндеттемелерін мерзімінде орындамау не кешіктіріп орындау тәуекелі.
Қамтамасыз ету тәуекелі - тұрғын үй (аралық) заемының қамтамасыз етуінің нарықтық құнының төмендеуіне, кепілгердің жәненемесе сақтандырушылардың және т.б. міндеттемелерін орындауының мүмкін болмауына байланысты шығын тәуекелі.
Несиелік қоржын тәуекелі - аймақтар, заемшылар және т.б. арасында қаражатты теңгерімделмеген бөлу тәуекелі.
Банктің кредиттік тәуекелдерін төмендету мақсатында кредиттік қызметті ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, кредит беру шектерін белгілеу, кредиттік ұсынысты бағалау және заемшының кредиттік қабілетін сараптау, кредиттерді кредиттік тәуекел деңгейіне орай реттеу және белгіленген шектермен салыстыру, кредиттік шешімдер қабылдау кезіндегі өкілеттіктерді бөлу: авторизация, кредиттерге мониторинг жүргізу, несиелік қоржынды басқару және проблемалы кредиттерді қалпына келтіру жүзеге асырылады.
Кепілзаттық қамтамасыз етуге қатысты қамтамасыз етудің сапасы мен жеткіліктілігіне қатаң әртараптандырылған тәсіл қолданылады. Кепілзаттық қамтамасыз етудің жағдайы мен нарықтық құнын растауға мониторинг жүргізу тұрақты түрде жүзеге асырылады, бұл үшін жылжымайтын мүлік нарықтарының тенденцияларын бағалық сараптау, кепілзаттық қоржын құрылымын бағалау және мерзімі өткен заемдар бойынша кепілзаттарды нақтылау жүргізіледі.
Нарықтық тәуекел - нарықтық өлшемдердің (валюта бағамы, сыйақы мөлшерлемесі, қаржылық құралдар құны және т.б.) қолайсыз өзгеруіне байланысты шығын мүмкіндігін білдіреді. Нарықтық тәуекел жекелеген құралдар меннемесе эмитенттер және заемшылар бойынша шығын ықтималдылығына байланысты сыртқы ортаның өзгеруіне Банк табысының тәуелділігін анықтайды.
Нарықтық тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты - Банк табысының қолайлы деңгейі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Банктің қаржылық жағдайының нашарлауына да, пайдасының төмендеуіне де ықпал ететін сыртқы әрі ішкі факторларды төмендету.
Нарықтық тәуекелдерді бағалау және мониторинг жүргізу VaR әдістемесі арқылы тұтас қоржын және жеке құрал кесігінде жасалады. Нарықтық тәуекелдер салдарынан шығын мүмкіндігіне қарсы резервке қойылатын экономикалық капитал көлемі есептеледі. VaR көрсеткішін бағалау үшін тарихи модельдеу әдісі қолданылады.
Нарықтық тәуекел түрлері:
Пайыздық тәуекел -- сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруі салдарынан шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі, төмендегілерді қамтиды:
1. банктің орналастырылған активтері мен тартылған міндеттемелерінің (тіркелген сыйақы мөлшелемелері кезінде) қайтару және өтеу мерзімдерінің сәйкес болмауынан шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі;
2. банктің бір жағынан банк активтері екінші жағынан міндеттемелері бойынша алуан сыйақы түрлерін (сырғымалы не тіркелген) қолдануы салдарынан шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі;
3. басқа бірдей жағдайларда бағалық сипаттамалары ұқсас бірқатар құралдар бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу мен түзетудің түрлі әдістерін қолдануға байланысты базистік тәуекел.
Пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелін бағалау үшін өтеу, орындау мерзімдерінің сәйкес келмеуін немесе пайыздық активтер мен пассивтерді қайта бағалауды сараптауға негізделген жедел пайыздық құрылымның үзілуін сараптау (GAP-сараптау) қолданылады.
Валюталық тәуекел - банк қызметін жүзеге асыру кезінде шетелдік валюталар бағамының өзгеруіне байланысты шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі. Шығыс (шығын) қаупі валюталар бойынша банк позицияларын құндық мәнде қайта бағалаудан туындайды.
Баға тәуекелі - қаржылық құралдардың нарықтық құнына ықпал ететін қаржылық нарықтардағы жағдаяттар өзгерген жағдайда туындайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекелдерді басқару процесі
Қаржылық менеджер тәуекел
Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі
Қаржылық тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру
Тәуекелдердің мәні мен түсінігі
Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау
Банктің валюталық тәуекелін талдау
Несиелік тәуекелдерді басқару есебі
Банктік тәуекелді басқару және бағалау әдістері
Қаржы тәуекелін басқару («PERFECT» ЖШС мысалында)
Пәндер