Ірі қара финнозы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2.1. Ірі қара финнозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2Малды сойғанға дейін және сойғаннан кейін тексеру тәртібі ... ... ... ... ... ..9
2.3 Ірі қара мал ұшасын тексеру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.4Ірі қара етін финнозға тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.5. Финнозбен ауырған малдардың ұшалары мен ағзаларының санитариялық бағасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.6. Финноз табылған ет пен ет өнімдерін зарарсыздандыру әдістері ... ... ... 14
2.7. Ірі қара малдың финнозыналдын алу және жою іс.шаралары бойыншаветеринариялық.санитариялық шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Финноз(тениоз немесе цистицеркоз) – бұл аурумен адамдар ленталық глистардың личинка түрлерімен ластанған етті жегенде ауырады (шошқаның қаруланған цепені немесе өгіздің қарусыз цепені). Ірі қара финнозбен зақымдалуы қаруланған цепенмен ауыратын адамдардың нәжісін тағам ретінде жеу салдарынан болады. Ірі қара малдардың зақымдалуы қарусыз цепенмен ауыратын адамдардың нәжісін тағам ретінде жеу салдарынан болады. Жануарлардың асқазаны мен ішегінде сырттан түскен жұмыртқадан личинка шығады. Олар қан арқылы жүрек, тіл, диафрагма, қабырға аралық бұлшық еттерге және т.б. енеді. Бұл жерде ұрықтар көпіршік формалы финнаға айналады. Оның көлемі бұршақ тәрізді болады. Сондықтан финнамен ауыратын жануарлардың етін кескенде ақшыл – сұр түсті дөңгелек немесе сопақ пішінді көпіршіктерді көруге болады.
1. М.С. Сабаншиев, - «Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары», - Алматы: «Дәуір»,2011ж.
2. Б.Е. Нұрғалиев, - «Мал және құс өнімдерін ветеринарлық санитарлық бағалау», - «Алматы», 2011ж.
3. С. Қырықбайұлы, Т.М. Тілеуғали, - «Ветеринарлық санитарлық сараптау практикумы», - «Алматы», 2007ж.
4. В.Н. Бисли, - «Хозяино – паразитарные отношения при заражении подкожными оводами крупного рогатого скота», - Паразитология,1968г., №3.
5. В.А. Макаров, В.П. Фролов, - «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства», - «Агроромиздат» 1991г.
6. А.В. Аганин, И.Г. Береза,- «Ветеринарная санитарная экспертиза, стандартизация и сертификация продуктов», - «Алматы», 2002ж.
7. Б.Е. Нұрғалиев, С.М. Баянтсова, Ж.Е. Кенжеғалиев. - «Мал және құс өнімдерін ветеринарлық санитарлық бағалау», - «Әдістемелік нұсқау», - «Орал» 2013ж.
8. И.Г. Береза, - «Практикум по ветеринарно-санитарной экспертизе»,- «Алматы», 2002ж.
9. Н.Т. Кадыров, - «Паразитология и инвазионные болезни животных», - Астана,2000г.
10. С. Қырықбайұлы, Т.М. Тілеуғали, - «Ветеринариялық – санитариялық сараптау практикумы», - Алматы: «Агропромиздат»,2007ж.
11. К.И. Абдуладзе, - «Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных», - Москва: «Агропромиздат»,1990г.
12. Г.И. Куничкин, - «Насекомые возбудители и переносчики болезней сельскохозяйственных животных», - Алма-ата: «Қайнар»,1989г.
13. З.К. Көжебеков, - «Мал аурулары», - Алматы: «Қайнар»,1989ж.
14. Ерболатов К.М. «Мал гельминтоздары» Алматы 1984 жыл.
15. Н.В. Демидов, - «Гельминтозы животных. Справочник», - Москва: «Агропромиздат»,1987г.
16. Қ. Мухаметалин, - «Малдың паразит аурулары», - Алматы: «Қайнар»,1973ж.
17. Н.Т. Кадыров, - «Паразитология и инвазионные болезни животных», - Астана,2000г.
18. Диков Г.И. «Мал гельминтоздарының анықтамалығы» Алматы 1979 жыл.
19. Смағұлов А.Қ, Сағындықов Қ.А, Төреханов А.Ә. «Ауылшаруашылық өнімдердің сапасын сараптау және бақылау» Алматы – 2005
20. Сенченко Б.С. Ветсанэкспертиза сырья животного и растительного происхождения. Ростов на Дону. 2001

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2.1. Ірі қара финнозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.2Малды сойғанға дейін және сойғаннан кейін тексеру тәртібі ... ... ... ... ... ..9
2.3 Ірі қара мал ұшасын тексеру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...10
2.4Ірі қара етін финнозға тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.5. Финнозбен ауырған малдардың ұшалары мен ағзаларының санитариялық бағасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.6. Финноз табылған ет пен ет өнімдерін зарарсыздандыру әдістері ... ... ... 14
2.7. Ірі қара малдың финнозыналдын алу және жою іс-шаралары бойыншаветеринариялық-санитариялық шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...18

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

КІРІСПЕ

Финноз(тениоз немесе цистицеркоз) - бұл аурумен адамдар ленталық глистардың личинка түрлерімен ластанған етті жегенде ауырады (шошқаның қаруланған цепені немесе өгіздің қарусыз цепені). Ірі қара финнозбен зақымдалуы қаруланған цепенмен ауыратын адамдардың нәжісін тағам ретінде жеу салдарынан болады. Ірі қара малдардың зақымдалуы қарусыз цепенмен ауыратын адамдардың нәжісін тағам ретінде жеу салдарынан болады. Жануарлардың асқазаны мен ішегінде сырттан түскен жұмыртқадан личинка шығады. Олар қан арқылы жүрек, тіл, диафрагма, қабырға аралық бұлшық еттерге және т.б. енеді. Бұл жерде ұрықтар көпіршік формалы финнаға айналады. Оның көлемі бұршақ тәрізді болады. Сондықтан финнамен ауыратын жануарлардың етін кескенде ақшыл - сұр түсті дөңгелек немесе сопақ пішінді көпіршіктерді көруге болады.
Финнамен ластанған етті өңдемей жегенде, адамның ішегінде ленталы паразиттің жыныстық жетілген түрі дамиды. Оның ұзындығы 3 - 10 метр болады. Адамдарда финноздың соңы көбіне ауыр анемия тудырады. Финналар сыртқы орта факторларына төзімділігі келесі түрде болады: ірі қара малдардың финналары мұздатылған етте тез өледі; шошқа финнасы суыққа төзімділеу келеді. Финнозды ет 80ºС температурада залалсызданады. Күшті араласқан немесе сулы тұздықтарда финнозды ет 20 күн ішінде залалсызданады.
Қазақстандағы санитарлық - ветеринарлық заңға сәйкес ет немесе мүшелердің 40 см текшеде 3финнадан көп болса, ет және оның субөнімдері техникалық өтелденеді. Егер осындай ауданда финна саны 3 - тен кем болса, ет шартты жарамды деп саналады. Ет және ет субөнімдері тағам ретінде залалсызданғаннан соң ғана пайдаланылады.
Финноздың алдын алу үшін келесі шараларды орындау керек:
-ет өңдеу мекемелері мен базарлардағы етті мұқият ветеринарлық бақылау;
-адам сараптаушы мен жануарларды қатынастырмау;
-халықты дегельминтизациялау;
-ет өнімдерін дұрыс кулинарлық және термиялық өңдеу;
Цистицеркоз ( финноз, ірі қара ет құрты, балаң құрт, өгіз таспа құрты ) - жануарлардың бұлшық еттерінің немесе ішкі мүшелеріне гельминт жұмыртқасы енуінен болатын инвазиялық ауру. Жұмыртқасы цистицерк, ал ауру цистицеркоз ауруына ие болады. Ұзындығы 10 метрге дейін баратын, басы домалақ, аумағы 1- 2 мм, сколексі қарусыз, мойыны жіңішке, дене стобиласы 2000-ға жуық булықтардан тұрады. Мойнына жақын орналасқан бунақтары кішірек, құйрық жағына қарай көлемі ұлғая түседі.
Қосжынысты бунақтарындағы тұқымдық ағзалары тең, дөңгеленген екі бөліктерден құралған. Цистицеркті кейде финна деп атайды, оның көлемі ұсақ тары, күріш, бидай дәндеріндей немесе бұршақтай, көпіршіктің іші сұйыққа толы, ал ішкі қабықшасына 4 сорғышы бар балаңқұрт жабысып тұрады. Цистицеркоз - биогельминт, ларвальдік гелминтоздарға жатады. Ол жалғыз дефинифті қожайыны адамның ішегінде тіршілік етеді. Гелминттердің өсіп - өнуіне қарай пісіп жетілген члениктері ашылып нәжіспен бірге сыртқы ортаға бөлініп шығады, және олар сыртқы ортада біршама жерге дейін жылжып бара алады. Жүрген жол бойында көптеген жұмыртқаларын бөліп, олармен сыртқы орта жем - шөп залалданады. Аралық қожайыны мүйізді ірі қара, буйвол, солтүстік бұғылары болып табылады. Олар азық арқылы организмге түскен гелминттің жұмыртқалары арқылы зақымданады.Цистицеркоз ауруы дүние жүзінің көптеген елдерінде таралған, нақтырақ тоқталсақ, Орта Азия, Кавказ маңы елдерінде, Дағыстанда, оңтүстік және шығыс Сібір аймағында жиі кездеседі. Цестодоздар тек тармағына жататын цистицеркоз ауруы тек жануарлар ағзасына ғана зиянын тигізіп қоймай, адам өмірі үшін де қауіпті құрт ауруы болып табылады. Цистицеркоз ауруын тудырушы цестод биогельминт болып есептелінеді, оның дефинитивті иесі - адам.
Бұлар ауруды тудырушы құрттардың жұмыртқаларын жайылымда азықпен бірге қабылдағанда туындайды. Аурудың жануарлар арасында туындауы кез келген шаруашылықты экономикалық тұрғыдан шығынға әкеледі.
Ет адам баласының тамақтануындағы биологиялық құнды белок қоры. 92 - 97% сіңіп, ұзақ уақытқа созылған тою рахатына бөлейді. Сонымен қатар ет тез бұзылатын және тамақтан улану себебі болатын азық екенін ұмытпау керек. Ет арқылы бірнеше ет құрт аурулары (финноз, трихинелез және т.б. )тарайды. Осы аурулардың алдын алу үшін ветеринарлық тексерістерден өтеді. Финноз, цистицеркоз және тағы бірқатар аурумен ауыратын мал еті қолданылуы шектеулі ет болып саналып, залалсыздандырылады. Сойылғаннан кейін ветеринарлық тексеру жүргізіліп, тірі кезінде анықталмайтын ауру белгілерін қарайды ( финноз, трихинеллез). Финдар ішек құрттарының ұрығы. Олар бұлшықет талшықтарының арасында ақ түсті түйіршік ретінде тарыдан бұршақ өлшеміндей болып келеді.Етті дұрыс қайнатып, қуырмаған жағдайда ол адам организіміне еніп, тениарнихоз немесе тениоз ауруын туғызады.
Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты: Ірі қара финнозы кезіндегі ВСС және сойыс өнімдерін санитарлық бағалаудыүйрену.
Менің курстық жұмысымның міндеттері: ветеринарлық- санитариялық сараптау туралы түсінік беру, ірі қара сойыс өнімдерін финнозғасараптау кезіндегі әдістерін жазу, ірі қараетінің қоңдылығын анықтап,және ет өнімдерінің балауса күйде екенін дәлелдеу және оған ветеринарлық- санитариялық сараптама жүргізу.

І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

М.С. Сабаншиев[1]айтуы бойынша Цестодалардың ақтық иелері: ит,түлкі және қорқау қасқыр. Ларвоцисталар аралық иелерінің, яғни күйістілердің бұлшық еттерін, жүрек еті мен тілін, көк етін зақымдайтынын айтқан.
Б.Е. Нұрғалиев[2]айтуы бойыншакөпшілік жағдайда цистицерктер ірі қараның жақ еттерінде (50-44%), жүрегінде (14-29%), (әсіресе сүт еметін жас бұзаудың жүрегі жиізақымданады), тіл мен мойын (12-27%) және желке, өңеш, көк ет, сан, жауырын мен шынтақ еттерінде кездеседі.
С. Қырықбайұлы, Т.М. Тілеуғали[3]айтуы бойыншаірі қара ауруының қоздырушысы Taeniarinchus saginatus болса шошқада Taenia solieum ал Taenia hydatigena, T.ovis, T.krallei және T.pisiformis адамға қауіпсіз болғанмен қой, бұғы, үй қояны цистицеркоздарының қоздырушылары болып табылады.
В.Н. Бисли [4]зерттеулерінде Цистицерктің түсі ақ не сарғыштау келеді, ауқымы тары немесе күріш дәніндей. Мал құрт жұмыртқаларын көбінесе жайылымда шөп, су арқылы жұқтырады. Асқорыту жүйесінде жұмыртқадан босаған онкосфера ішектің қан тамырына еніп, қан мен бірге бұлшық еттерге, ағзаларға тарайды депті.
В.А. Макаров, В.П. Фролов[5]айтуы бойынша ит, басқа жыртқыштар цистицерктерге толы етпен қоректеніп, ет құртын жұқтырады. Ет қоректілердің денесінде 1,5 айда балаңқұрт ересек сатысына дейін жетіледі. Құрттың тіршілік мерзімі шамамен бір жыл. Қазақстанда қой цистицеркозының эпизоотологиясы толық зерттелінбеген. Ал кейбір деректерге қарағанда бұл гельминтозды таратушы қарақұйрықтар болып табылады делінген.
А.В. Аганин, И.Г. Береза[6]ғылыми зерттеулерінде малдың тірі кезіңде цистицеркозды анықтау өте қиын. Тек, арнайы әдебиеттерде аллергиялық реакцияларды пайдалануға болатыны туралы деректер бар. Өлексенің немесе сойылған малдың бұлшық еттерінен, сонымен қатар жүрек пен тілден құрт көпіршіктерін тауып, диагноз қоюға болады.
Б.Е. Нұрғалиев, С.М. Баянтсова, Ж.Е. Кенжеғалиев[7]айтуынша Цистицеркоз адамда, итте т.б. хайуандарда кездесетін таспа құрт балаңқұрттарынан болатын инвазиялық ауру.
Адамның ас-қорыту жүйесін мекендейтін, жыныстық жағынан жетілген таспа құрттар ұзындығы 10 м, ені 12-14мм жететін 1000-нан астам бунақшалардан тұрады да, оның жетілгендері құрттың жұмыртқаларына толған шағында үзіліп адамның нәжісімен сыртқа шығарылады.
И.Г. Береза[8]деректерінде финноздың жетілген бунақтары адам дәретімен бірге сыртқы ортаға шығады. Далада ауа - райының әсерімен жұмыртқалар проглоттидалардан босап, шашылып жем - шөпті, суды, қора маңын былғайды. Шошқалар қорегін бірге құрт жұмыртқаларын жұтып зақымданады. Асқорыту жүйесіне түскен жұмыртқалардан өте ұсақ онкосфералар шығып, ішекке жетеді.
Н.Т. Кадыров[9] кітабында сойылған ірі қарадан немесе шошқадан цистицерк табылған жағдайда, бұл малдың кімдікі, қайшаруашылықтан келгендігі анықталып, ауру ошағын іздестіру және оны тауып, жою жұмыстары жүргізіледі.
С. Қырықбайұлы, Т.М. Тілеуғали[10]зерттеулерінде финноз тазалық ( санитарлық ) жағдайлары өте төмен мал фермаларында жиірек кездеседі. Олай болуының себебі, кейбір ауру адамдар әжетхананы пайдаланбай ауланы, қора төңірегін, жайылымды құрттың жұмыртқаларымен ластайды. Финноз көбінесе жас малға жұғады. Инвазияның ең көп өріс алуы жылдың үшінші тоқсанында, ал күрт азаюы жылдың алғашқы айларында байқалады.
К.И. Абдуладзе[11]деректеріне сүйенетін болсақ Финноз індетіне көбіне ірі қара шалдығады. Сырт қарағанда бұл дерттің белгілері онша біліне бермейді. Малға етқұрт ауруын әдейі жұқтырған тәжірибеде, оның дене қызуы 40 - 41ºС көтеріліп, ас қорыту жүйесі қызметі бұзылған, іші өтіп, мал әлсіреген, кейде өлімге де ұшыраған.
Г.И. Куничкин[12] Финноздан өлген мал денесінің көптеген жерінен нүкте тәрізді қанталауы байқалады. Мұндай өзгеріс, әсіресе жүректе басым болады. Құрсақ қуысына қан араласқан сарысу жиналады. Бұлшық ет аралығынан, жүрек пен тілден цистицерктер табылады.
З.К. Көжебеков[13]айтуынша Ірі қара финнозын малдың тірі кезінде анықтау өте қиын, себебі айқын клиникалық белгілері болмайды. Гельминтозды аллергиялық реакциямен ғана ажыратуға болады. Бірақ бұл әдіс өндірісте қолданылған емес. Ал, сойылған малдың ұшасын тексеріп, етқұрттарды іздеп, диагноз қояды. Әуелі бастың жақ еттерін тіліп қарайды.
Ерболатов К.М.[14]жетекшілігімен ірі қара финнозында жүректі ұшынан аяғына дейін қақ жарып, әр бөлігін ұзынынан екі рет, көлденеңінен бір қайтара тіліп тексеріледі делінген.
Н.В. Демидов[15]еңбектеріндегі мәліметтерінде егер ірі қара малының жүректерінен финналар табылса, онда желке етін, жон етін, қабырға аралық етті де тексереді. Ал бұлшық еттерді бірнеше жерінен тереңірек тіліп зерттейді. Цистицерктер бар болса оларды жай көзбен көруге де болады.
Қ. Мухаметалин[16]жүргізген жұмыстарында шошқа финнозының жынысы жетілген цестоданы Taenia solium ( L., 1758 ) немесе доңыз таспасы дейді. Құрттың дене тұрқы 1,5 - 3 м және толып жатқан бунақтардан құралады ( олардың саны 900 - ге жуық. Кішкентай домалақ басының ені 0,6 - 1,0 мм, сколексі қарулы, төрт емізігінен басқа қос тәжді ілгешіктері бар, олардың саны 22 - 32. Қызтекелік бунақтардағы тұқымдық бір - біріне тең емес үш бөліктерден қалыптасқан, ал пісіп - жетілген буылтықтардағы жатырдың бұтақтармақтарының саны 7 - 12 болады.
Н.Т. Кадыров[17]пікірінше шошқа финнозының жетілген бунақтары адам дәретімен бірге сыртқы ортаға шығады. Далада ауа - райының әсерімен жұмыртқалар проглоттидалардан босап, шашылып жем - шөпті, суды, қора маңын былғайды депті.
Диков Г.И.[18]айтуынша ішегінде шошқа таспасы бар адам бірнеше жыл бойы финноз ауруын таратушы болып саналады. Мысалы, бір адам ғана бүкіл ферма шошқасына цистицеркоз дертін жұқтыруы ықтимал.
Смағұлов А.Қ, Сағындықов Қ.А, Төреханов А.Ә. [19]еңбектеріндегі мәліметтерінде цистицерктер адам бұлшық еттерін, жүрегін, жұлынын, миын, көзін зақымдап, адамды финноз ауруына шалдықтырады, денсаулығына өте қатер төндіретін халға душар етеді.
Сенченко Б.С. [20]зерттеулерінде адам цистицерктермен зақымданған шошқа етін, қабан немесе аю етін жеп тениоз ауруына ұрынады. Оның ішегінде паразит өзінің жыныстық сатысына 2 - 3 ай ішінде жетеді. Кейбір жағдайларда цестоданың жұмыртқаларын адам ластанған жеміс - жидек, көкөніс арқылы жұқтырады деді.
Н.Т. Кадыровмәліметтерінде ішінде шошқа таспасы бар адам құсқанда, оның асқазанына құсықпен бірге құрттың жұмыртқаларға толы жетілген бунақтары түседі. Одан босап шыққан онкосфералар қан тамырларына еніп, қан ағымымен бүкіл денеге тарайды.
Ж.С. Сматовайтуынша ішегінде шошқа таспасы бар адам бірнеше жыл бойы финноз ауруын таратушы болып саналады. Мысалы, бір адам ғана бүкіл ферма шошқасына цистицеркоз дертін жұқтыруы ықтимал. Құрт жұмыртқалары жайылымға желмен, мал күтушілердің аяқ киімімен, хайуандардың тұяғымен тарайды.
Н.И. Степанованың айтуы бойынша шошқа цистицеркозы білінбейтін күйде өтеді, әдетте айқын емес, торайлардың өсіп, жетілуі баяулайды, кейде қоңы төмендейді. Инвазияның таралуына фермаларда әжетханалардың жоқтығы немесе олардың жабдықталмағаны себепкер болады.
Аристотель ( 384 - 342 ж.б.д.д. ) аскариданы, тенияны және ішек құрттарды ( острица ) білген, шошқаның финнозы туралы жазып, гельминтоз, диптера, акарус атауларын енгізген.
В.Т. Заблоцкийдің жүргізген жұмыстарында мал цистицеркоздары мен адам тенидоздарының алдын алу, малдәрігерлік және медициналық қызметтің міндеті. Ең негізгі шара - ол ірі қара мен шошқаларды таспа құрттар жұмыртқаларының жұғуынан сақтандыру және адам денсаулығына нұқсан келтірмеу мақсатымен оны тениидоздардан ( тениаринхоз бен тениоздан ) сауықтыру.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Ірі қара финнозы

Ірі қара цистицеркозы ( ірі қара етқұрты, финноз ) Жынысы жетілген сатысын - Taeniarhynchus saginatus ( өгіз таспасы ) деп атайды. Мұның ұзындығы 3- 10 м, басы домалақ, аумағы 1 - 2 мл, сколексі қарусыз, мойны
жіңішке, дене стробиласы 2000 - ға жуық буылтықтардан тұрады. Мойнына жақын орналасқан бунақтары кішірек, құйрық жағына қарай көлемі ұлғая түседі. Қосжынысты бунақтарындағы тұқымдық ағзалары тең, дөңгеленген екі бөліктерден құрылған. Жетілген проглотидада ұзынынан орналасқан жатыр тармақтарының саны 18 - 32, кейде 15 - 35. Циста көпіршігінің аты - Cycticercus bovis. Бұлар сиырдан басқа қодас, енеке, өркешті бұқаларда кездеседі. Цистицеркті кейде финна деп атайды, оның көлемі ұсақ тары, күріш - бидай дәндеріндей немесе бұршақтай, көпіршіктің іші сұйыққа толы, ал ішкі қабықшасына 4 сорғышы бар балаңқұрт жабысып тұрады.
Құрт бунақтары адам нәжісімен бірге сыртқа шыққан соң, ондағы жұмыртқалар өсімдікке, жемге, суға енеді, жайылымдар ластанады. Ал ірі қара оларды шөп немесе су арқылы жұтып зақымданады. Денеге енген жұмыртқалар онкосферасы мал ішегінің ішкі қабығын тесіп өтіп, қан тамырларына түседі, қан арқылы бұлшық еттер талшығының аралығына барып жайғасады. Онда олар 3 - 6 айда жұқпалы цистицерк бүршігіне айналып, тіпті шала пісірілген, қуырылған етте тіршілігін сақтайды. Адамға гельминтоз осындай еттер арқылы жұғады. Адам организмінде көпіршіктің ішіндегі балаңқұрт өзінің сколексімен ішектің кілегей қабатына бекініп, 2,5 - 3 ай аралығында ересек өгіз таспасына айналады, яғни құрттың ақтық иесін тениаринхоз дертіне душар етеді.
Цистицеркоз тазалық ( санитарлық ) жағдайлары өте төмен мал фермаларында жиірек кездеседі. Олай болуының себебі, кейбір ауру адамдар әжетхананы пайдаланбай ауланы, қора төңірегін, жайылымды құрттың жұмыртқаларымен ластайды. Финноз көбінесе жас малға жұғады. Инвазияның ең көп өріс алуы жылдың үшінші тоқсанында, ал күрт азаюы жылдың алғашқы айларында байқалады. Адамдар арасында гельминтоздың етек алуына малдың аулада сойылуы, малдәрігерлік тексеруден өткізілмеуі, цистицеркозбен зақымданған етті асқа жұмсау, жеткіліксіз зарарсыздандыру, немесе оны сатып жіберу - осының барлығы негізгі себеп болып саналады.
Гельминттік зардаптың әсері құрт онкосферасының мал ағзаларымен ұлпаларын жайлаған шақта ғана біліне бастайды. Ал жұқпалы сатысына жеткен цистицерк - көпіршіктер мал денесіне оншалықты зиян тигізбейді.
Цистицеркоз індетіне көбіне ірі қара шалдығады. Сырт қарағанда бұл дерттің белгілері онша біліне бермейді. Малға етқұрт ауруын әдейі жұқтырған тәжірибеде, оның дене қызуы 40 - 41º С көтеріліп, ас қорыту жүйесі қызметі бұзылған, іші өтіп, мал әлсіреген, кейде өлімге де ұшыраған.
Цистицеркоздан өлген мал денесінің көптеген жерінен нүкте тәрізді қанталауы байқалады. Мұндай өзгеріс, әсіресе жүректе басым болады. Құрсақ қуысына қан араласқан сарысу жиналады. Бұлшық ет аралығынан, жүрек пен тілден цистицерктер табылады.
Ірі қара финнозын малдың тірі кезінде анықтау өте қиын, себебі айқын клиникалық белгілері болмайды. Гельминтозды аллергиялық реакциямен ғана ажыратуға болады. Бірақ бұл әдіс өндірісте қолданылған емес. Ал, сойылған малдың ұшасын тексеріп, етқұрттарды іздеп, диагноз қояды. Әуелі бастың жақ еттерін тіліп қарайды.
Тілді қолмен қысып, қажет болса оны ұзынынан екі рет, көлденеңінен бір қайтара тіліп тексереді. Көк ет те қалыс қалмауы керек. Егер жүректен финналар табылса, онда желке етін, жон етін, қабырға аралық етті де тексереді. Ал бұлшық еттерді бірнеше жерінен тереңірек тіліп зерттейді. Цистицерктер бар болса оларды жай көзбен көруге де болады.

2.2. Малды сойғанға дейін және сойғаннан кейін тексеру тәртібі

Малдарды сояр алдында ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейiн олардың ұшаларымен iшкi органдарын ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларға санитариялық баға беру, малдарды сояр алдындағы ветеринариялық қараудың, сойылғаннан кейiнгi ұшаларды iшкi органдарды ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткiзудiң, ауру малдардан алынған мал өнiмдерiмен олардан алынатын шикiзаттарға ветеринариялық-санитариялық баға берудiң бiрыңғай ретiн ұсынады, ет және ет өнiмдерiн дайындаушылар, қайта өңдеушiлер, өндiрушiлер, сақтаушылар, тасымалдаушылар және сатушылар қолданады.
Малдарды союға дейін және сойғаннан кейінгі тексеру тәртібі:
1) ветеринариялық тексерiп қарау - малдарды клиникада мал дәрiгерiнiңветеринар фельдшерқарауынан өткiзу;
2) ветеринариялық-санитариялықбаға - ветеринариялық санитариялық сараптаушының тексерген нәтижесi бойынша мал өнiмдерiн пайдалану жолдары;
3) iшкi мүшелерi - жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, асқазан, iшек, көк бауыр, жатыр, мал ұшасынан алынғандар;
4) ветеринариялық санитариялық тексерiп қарау тәртiбi - малды союдан кейiнгi өнiмдi ретiмен зерттеудiң кешендi сызбанұсқасы.
5) өнеркәсiптiк қайта өңдеу - қасапхана немесе ет кәсiпорындарында ет өнiмдерiн колбаса, консервалық, өңдеу т.б. мөлшерлiкнормативтiк құжаттарға сай өңдеу;
6) А тiзiмi - жұқпалы аурулар тiзiмi, адамдардың денсаулығына қауiптi, әлеуметтiк экономикалық қиыншылық жағдай тудыратын және мал өнiмдерiнiң халықаралық саудасы үшiн үлкен маңызы бар, ұлттық шекарада тез тарау қабiлеттiгiне ие жұқпалы аурулар;
7) Б тiзiмi - жұқпалы аурулар тiзiмi, адамдардың денсаулығына қауiптi, әлеуметтiк экономикалық қиыншылық жағдай тудыратын және мал өнiмдерiн халықаралық саудасы үшiн үлкен маңызы бар, елден тыс тез тарау қабiлеттiгiне ие жұқпалы аурулар;
8) қосымша өнiм (субпродукты) - малдарды өңдеу кезiнде алынатын iшкi мүшелер, бас, құйрық, құлақ, сирақ, желiн;
9) сойыс малы - сою пунктiне немесе қасапханаға жеткiзiлген союға арналған ауылшаруашылық малдары;
10) мал соятын орын - мал союға жабдықталған, ветеринариялық санитариялық талапқа сай құрылым;
11) жою - мал өлексесiн, ветеринариялық конфискаттарды өртеу арқылы немесе арнайы биотермиялық ямаларда көму арқылы жою;
12) утильдеу - мал өлекселелерiн, ветеринариялық конфискаттарды техникалық тамақ өнiмдерiне қайта өңдеп залалсыздандыру;
13) ветеринариялық конфискаттар - ветеринариялық-санитариялық сараптаудың қорытындысы бойынша тамаққа жарамсыз деп табылған мал өнiмдерi;
14) тазалау (зачистка) - ұшаның сыртқы және iшкi жақтарынан, ішкi органдардан, ұйыған қандарды, iрiңдердi, соғылған, былғанған жерлерiн тазалап алып тастау;
15) лажсыздан сойылған мал - емдеудiң экономикалық тиiмсiздiгiн ескере отырып лажсыздан сойылған ауру малдар.

2.3 Ірі қара мал ұшасын тексеру ерекшеліктері.

Бас пен ағзалардың барлық лимфа түйіндерін тексергеннен кейін, ұшасын қарайды. Әсіресе, жалқаяққа және бауыздағанда қанының қалай шыққанына көңіл аударады. Мойын, белдеме еттері финнозға тексеріледі. Ал ұшаның лимфа түйіндері жоғарыдағы айтқандай, қажет болған жағдайда ғана кесіп қаралады.Нашар қансызданған малдың етіне қол сыртын тигізгенде,қолға сарысу сияқты болып жұғады. Мұндай етті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарағанды қаласы «Шығыс» базарына сатуға түскен шошқа шел майының сапасын анықтау
Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау
Еттің балауса екендігін оның майы бойынша анықтау
Ірі қара мен шошқаның цистицеркозы
Тениуколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және санитарлық бағалау
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Шошқа цистицеркозын анықтау
Таспа құрттардың барлығы биогельминттер
Еттің құрамы және қасиеті ет және ет өнімдеріндегі негізгі тағамдық заттар
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Пәндер