Қабыну туралы ақпарат



I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Қабыну, оның этиологиясы, морфологиясы және патогенезі
2.2. Қабынудың терминологиясы мен жіктелуі
2.3. Альтеративтік қабыну
2.4. Экссудативтік қабыну
2.4.1. Cарысулы қабыну
2.4.2. Фибринозды қабыну
2.4.3. Іріңді қабыну
2.4.4. Шірікті қабыну
2.4.5. Геморрагиялық қабыну
2.4.6. Катаральды қабыну
2.4.7. Аралас қабыну
2.5. Продуктивтік (пролиферативтік) қабыну
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қабыну (латын. inflamatio - өрт, жалын; воспаление) - белгілі бір себептерден өрменің зақымдануына байланысты туындаған жергілікті, кешенді, қантамырлық-мезенхималық реакция. Қабыну зақымданған өрмені табиғи қалпына келгіруге және зақымдаушы агентті аластауға бағытталған, сондықтан ол организмнің қорғану - бейімделу реакциясы болып табылады.
Қабыну жергілікті процесс болса да оған байланысты малдың тұла бойын қамтитын өзгерістер де туады: қанның құрамы өзгереді, ішкі секреция бездері мен қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылады, дененің қызуы көтеріледі.
Қабыну реакциясы — кең таралған патологиялық процесс, көптеген аурулар, әсіресе инфекциялық аурулар, мүшелер мен өрмелердіц қабынуымен білінеді.
1. Ығылманұлы Ө. «Ветеринариялық патологиялық анатомия.» - Алматы, 2010.
2. Жұмабеков Х.С., Дербышев К.Ю. «Жануарлардың патологиялық анатомиясы» - Алматы, 2011жыл.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Қабыну

Орындаған: Олжабаева М. О.
Тексерген: Жумабеков Х. С.
Топ: ВС-203

Семей қаласы, 2015 жыл
ЖОСПАР:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Қабыну, оның этиологиясы, морфологиясы және патогенезі
2.2. Қабынудың терминологиясы мен жіктелуі
0.3. Альтеративтік қабыну
0.4. Экссудативтік қабыну
1.0.1. Cарысулы қабыну
2.0.2. Фибринозды қабыну
3.0.3. Іріңді қабыну
4.0.4. Шірікті қабыну
5.0.5. Геморрагиялық қабыну
6.0.6. Катаральды қабыну
7.0.7. Аралас қабыну
0.3. Продуктивтік (пролиферативтік) қабыну
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

I. КІРІСПЕ
Қабыну (латын. inflamatio - өрт, жалын; воспаление) - белгілі бір себептерден өрменің зақымдануына байланысты туындаған жергілікті, кешенді, қантамырлық-мезенхималық реакция. Қабыну зақымданған өрмені табиғи қалпына келгіруге және зақымдаушы агентті аластауға бағытталған, сондықтан ол организмнің қорғану - бейімделу реакциясы болып табылады.
Қабыну жергілікті процесс болса да оған байланысты малдың тұла бойын қамтитын өзгерістер де туады: қанның құрамы өзгереді, ішкі секреция бездері мен қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылады, дененің қызуы көтеріледі.
Қабыну реакциясы -- кең таралған патологиялық процесс, көптеген аурулар, әсіресе инфекциялық аурулар, мүшелер мен өрмелердіц қабынуымен білінеді.

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
0.1. Қабыну, оның этиологиясы, морфологиясы және патогенезі, реттелуі
Қабынудың этиологиясы. Қабыну әр уақытта залалды факторлардың әсерінен өрменің зақымдануынан басталады. Қабыну биологиялық, физикалық жэне химиялық факторлардың әсерінен туындауы мүмкін. Бұл себептер тегіне қарай экзогендік (сыртан келген) және эндогендік (организмнің өзінде пайда болған) себептер болып екіге бөлінеді. Қабынудың биологиялық факторларының арасында бірінші кезекте инфекциялық және инвазиялық аурулар қоздырушыларын - вирустарды, бактерияларды, саңырау құлақтарды, қарапайымдыларды және гельминттерді атаған жөн. Бұл биологиялық факторлар қатарына қанда кездесетін антигеннен, антиденеден жэне белсенділігі артқан комплементтен құралған иммундық кешендер де жатады. Иммундық кешендердің өрмеге әсері торшалардың зақымдануынан және олардың айналасында лейкоциттердің шоғырлануынан (цитопатикалық және лейкостатикалық әсер) басталады да, кейін қабынуға ұласады.

Қабынуды шақыратын физикалық себептер:механикалық зақымдар (жаралану, соғып алу), ыстық, суық, электрлік зақымдар, сәулелі энергияның әсері (рентген сәулелері, радиобелсенді заттар).
Химиялық себептер - бейорганикалық қосындылар (қышқылдар, сілтілер, тұздар), скипидар, кротон майы, кейбір өсімдіктер мен жануарлар түзетін органикалық заттар.
Эндогендік факторлар қатарына зат алмасудың бұзылуына байланысты мүшелер мен өрмелерде шөгетін несеп қышқылды тұз, некроз ошақтары жатады. Алайда, бұл қабынудың эндогендік себептерінің өзі сыртқы әсерлерге байланысты туындайды.
Қабынудың морфологиясы мен патогенезі. Қабыну процесі өрмелер мен мүшелердің қай - қайсысында да өрбуі мүмкін. Ол тек микроскоппен зерттегенде анықталатын кіші ошақты және мүшенің біраз бөлігін немесе оны түгелге жақын қамтыған кең көлемді процесс түрінде де байқалады. Қабыну бір-бірімен тығыз байланысты, бірізді дамитын үш құбылыстан: альтерациядан, экссудациядан жәнепролиферациядан тұрады.
Қабыну өрменің бүлінуінен, яғни себебтік фактордың тікелей әсерінен туындаған дистрофиядан, кейде некроз түріндегі альтерациядан, бастау алады. Бұл бүлінулер биологиялық белсенді заттардың -- қабыну медиаторларының бөлінуіне әкеледі. Қабыну медиаторлары тегі бойынша плазмалық (гуморальдық) және торшалық (өрмелік) деп екі топка бөлінеді. Торшалық медиаторлардың көзі болып табылатын лаброциттерден, базофильдер мен тромбоциттерден гистамин, серотонин, т.б., нейтрофильдерден лейкокиндер, макрофагтардан монокиндер, лимфоциттерден лимфокиндер бөлінеді. Плазмалық медиаторлар (кининдер, калликреиндер, Хагеман факторы, комлемент компоненттері) ұсақ тамырлар қабырғасы өтімділігін, бунақталғанядролы лейкоциттердің хемотаксиске, фагоцитозға белсенділігін артгырады. Альтерация тез экссудацияға үласады.
Экссудация (латын. exsudatio - терлеу) деп, осы сөздің кең мағынасында алғанда, қабыну ошағында қан гамырларының за- қымдануына байланысты туатын өзгерістер кешенін айтады.
Экссудация бірізді дамитын бірнеше сатыдан тұрады:
a) қанның реологиялық қасиеттерінің бұзылуымен сипатталатын шағын айналым арнасының реакциясы;
b) жіңішке қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігінің артуы;
c) қан плазмасы бөліктерінің тамыр сыртына бөлініп шығуы (экссудация);
d) қан торшаларының эмиграциясы;
e) фагоцитоз;
f) экссудаттың және торшалар инфильтратының пайда болуы.
Қанның реологиялық қасиеттерінің бұзылуымен сипатталатын шағын айналым арнасының реакциясы -- қабынудың ең айқын морфологиялық белгілерінің бірі. Тамырдағы өзгерістер негізінен гистамин әсеріне байланысты. Бұл эсер энзимдер жүйесінің (гепариннің, гиалуронидазаның) белсенділігінің артуы арқылы іске асады. Осы энзимдердің көзі болып табылатын лаброциттер (мес торшалар) жіңішке тамырлар айналасында және үлкен артериялар қабырғасындағы дәнекер өрмеде орналасқан. Аздаған физикалық немесе химиялық әсерге ұшыраған лаброциттер биологиялық белсенді заттарды -- энзимдерді бөліп шығарып, өздеріне тән базофиль түйіршіктерін уақытша болмаса біржолата жоғалтады. Тамырлардың өзгеруі артериолалар мен қылтамырлар түтігінің рефлекстік жолмен тарылуынан басталады. Бұл құбылыс тез арада қабыну ошағындағы барлық тамырлардың, әсіресе қылтамырлар, соңды тамырлар мен венулалардың арнасының кеңуіне ұласады. Осылайша қабыну молқандылығы туындап қабынған жердің қызуы көтеріледі (color) және түсі қызарады (rubor). Қан ағысы бастапқыда, тамырлар арнасы тарылған кезде, шапшаңдайды да кейін бәсеңдеп қалады. Осындай өзгерістер лимфа тамырларында да болады: олар шамадан тыс лимфамен, лейкоциттермен толады, кейін лимфа ағысы тоқтайды (лимфостаз), лимфа ұйиды (лимфатромбоз).
Жіңішке қан тамырлары мен лимфа тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі артады. Қабынудың негізгі белгілерінің бірі болып есептелетін және медиаторлардың әсерінен туындайтын бұл құбылыс ең алдымен эндотелиоциттер белсенділігінің артқандығын көрсететін морфологиялық өзгерістермен басталады: эндотелиоциттер цитоплазмасында полирибосомалар пайда болады, митохондриялар ісінеді, пиноцитоз күшейеді. Осыған байланысты плазманың сұйық бөлігі шыпшып бөлініп өрмеге, қуыстарға жиналады - экссудация (ex-сырт, sudor - тер), қан торшалары тамыр сыртына шығады (эмиграция), экссудат (қабыну тері) пен қабыну торшаларынан инфильтрат түзіледі.
Қан плазмасы бөліктерінің сыртқа шығуы (экссудация) - тамыр реакциясының бір көрінісі, шагғынайналым арнасының аймағында дамиды. Қанның сұйық бөлігі (су, нәруыз, тұздар) шыпшып тамыр сыртына терлеп шығады.
Қан торшаларының эмиграциясы -- қан торшаларының тамыр қабырғасы арқылы сыртқа шығуы. Нейтрофильдер әуелі жіңішке тамыр кенересіне жабысып тоқтайды да, өз денелерінен өсінділер шыгарып (псевдоподиялар) эндотелиоциттер аралығына еніп, сыртқа шығады (эндотелиоциттераральщ эмиграция), ал Т-лимфоциттер эндотелиоциттер денесіне еніп, одан сыртқа шығады (эндотелий арқылы эмиграция). Қанның ақ торшаларының эмиграциясы лейкодиапедез деп аталады. Тамыр қабырғасы өткізгіштігі тым күшейіп кетсе эритроциттерде қан тамырынан сыртқа шығады - эритродиапедез.
Фагоцитоз - торшаның тірі не өлі денені қарпуы. Ол бірқатар биохимиялық реакциялардың арқасында қамтамасыз етіледі. Осыған орай микрофагтар мен макрофагтар цитоплазмасында гликоген азаяды. Ал бұл анаэробтық гликогенлиз реакциясының күшеюіне байланысты: осылайша торшаның күш- қуаты артады. Қабыну ошағында шоғырланған нейтрофиль лейкоциттер мен гистиоцитгер одан үлкендеу денелерді қарпиды (фагоцитоз). Экссудация және эмиграция нәтижесінде қабыну ошағында экссудат пайда болады.
Экссудат - қабыну өнімі, ол сұйық заттар мен торшалардан, сондай-ақ өрме бөлшектерінен тұрады. Экссудаттың жиналуы қабыну ошағы көлемінің үлғаюына (tumor), жүйке ұштарының қысылып, ауырсынуға (dolor), өрме (мүше) қызметнің бұзылуына (functio laesa) әкеледі. Экссудат сипаты әрдайым бірдей емес. Оның құрамында бірде сұйық, екіншіде торшалар басым болады. Сұйық экссудат судан, тұздар мен нәруыздардан (алъбуминдер, глобулиндер, фибриноген) тұрады. Әдетте экссудат құрамында нәруыз мөлшері 2 % кем болмайды. Тамырлар қабырғасының еткізгіштігі азғана күшейсе экссудатта тек альбуминдер, тым жоғарыласа фибриноген болады. Экссудат құрамында сұйықтан торшалар көп болуы мүмкін. Экссудатта кейде нейтрофильдік лейкоциттер, кейде мононуклеарлық торшалар (лимфоцитгер, моноциттер), үшінші бір жағдайда эритроциттер көп болады.
Қабынудың пролиферативтік (көбею) түрі компонент зақымданған өрмені бұрынгы қалпына қайта келтіруге бағьпталған. Қабыну ошағында мезенхималық камбий, адвентиция жэне эндотелий торшалары, қаннан бөлініп шыққан В- жэне Т-лимфоцигтер, моноциттер бөлініп көбейеді, өсіп жетіледі (дифференциалану),сондай-ақ белгілі бір арнайы торшаларға айналады (трансформация)-, мәселен, камбийдегі мезенхималық торшалар фибробластар сатысына жетіп, В-лимфоциттерден плазмоциттер, моноциттерден гистиоциттер және макрофагтар пайда болады. Одан әрі макрофагтар эпителиоид торшаларға, ал эпи- телиод торшалар көпядролы алып торшаларга (бөгде дене жэне Пирогов-Ланхганс торшалары) айналуы мүмкін. Фибробласт өсігі жетіле келе дәнекер өрменің кемелденген торшасы -- фиброцитке айналады. Фибробласт торшаларының қызметінің нәти- жесінде аргирофиль, кейін коллаген талшыктары пайда болады. Қабыну барысында эпителий торшалары да бөлініп - көбеюі мүмкін. Мұның себебі -- қабыну ошағында альтеративтік және экссудативтік процестерге байланысты қоректік заттар мен био- логиялық демеуші заттардың көбеюі.
Пролиферация нэтижесінде пайда болтан торшалар әуелі қорғаныс қызметін (фагоцитоз, бөгде заттар мен ыдырау өнім- дерін адсорбциялау, уытгы заттарды бейтараптау) атқарады, кейін қабынған жер мен сау өрме аралығында демаркациялық шектеу белдеуін қүрады. Қабыну аяқталарда олар регенерация процесінің көзі болып табылады.
Қабыну реакциясының сипаты мен біліну дәрежесі оның этиологиясымен, организмнің реактивтілігімен және иммунитетімен, жүйке, ішкі секреция, т.б. жүйелердің жай-күйімен анықталады. Қабыну шақырушы фактормен организм бірінші рет кездескен жағдайда тітіркендірушінің күші мен одан қорғану реакциясы деңгейінің арасында сәйкестік болады (нормэргиялық қабыну). Антигендік қасиеті бар тітіркендіруші организмге қайталай әсер етіп, организмді сенсиблизацияға ұшыратқан болса, аллергиялық (гипэргиялық) қабыну өршиді. Оның кешенінде альтеративтік, экссудативтік компоненттер басым (дереу гиперсезімділік реакциясы) не пролиферативтік компоненттер басым (баяу гиперсезімділік реакциясы) болады. Яғни, тітіркендірушінің күші мен жауап реакцияның арасында сәйкестік болмайды, соңғысының қарқыны шамадан тыс зор болады. Титыгына жете жүдеген, төзімділігі төмендеген организмде қабыну реакциясы мардымсыз болады не тіптен болмайды.
Қабынудың реттелуі. Қабыну гормондық, жүйкелік жэне иммундық факторлармен реттеледі. Қабыну реакциясын гипофиздің соматотропты гормоны (СТГ), бүйрекүстілік без сыртқы қабатының торлы аймағы өндіретін дезоксикортикстерон мен шумақты аймағы өндіретін альдестерон гормондары күшейтеді де, бүйреүсті бездің будалы аймагы өндіретін глюкокортикоидтар - тұншықтырады. Холинэргиялық қосындылар (ацетихолин, т.б.) медиаторлардың бөлінуін күшейтіп, қабынуды арттырады, ал бүйрек үсті бездің ішкі қабаты өндіретін адренэргилық заттар (адреналин мен норадреналин), керісінше, медиаторлар түзілуін тежеп, қабынуды басады. Қабыну реакциясының келбеті мен қарқынына жэне сипатына иммунитеттің жай-күйіде әсер етеді. Резистенттілігі және иммундық биологиялық реактивтілігі жоғары организмдерде қабыну реакциялары кешенінінде қорғану - бейімделу процестері басым болады да, бүлінген өрменің әдеттегі қалпына келу деңгейі жоғары болады. Сенсиблизацияға ұшыраган организмде қабыну реакциясы оны шақырган себепке сайма-сай емес, тым қарқынды болады (аллергиялық, немесе иммундық қабыну).
Қабынудың ақыры процестің себебіне, малдың хал-ақуалына, зақымданган мүшенің құрамына қарай әркезде эртүрлі болады. Өрмедегі ыдырау өнімдері белгілі бір фермент әсерінен одан әрі ыдырайды, фагоцитозға ұшырайды, бойға сіціп кетеді. Торшалардың көбеюі нәтижесінде қабыну ошағын дәнекер орме басады. Қабыну ошағы тым үлкен болмаса зақымданған өрме бастапқы қалпына келуі мүмкін, көлемі үлкен болса зақымданған жер тыртыққа айналады. Қабыну ошағында сырқат шақырушы фактор үзақ сақталса, экссудат (ірінді, фибринді, қан араласқан) мол болса, мүшенің жоғары мамандаған элементтері не едэуір бүлінсе, организмнің, қабынған мүшенің төзімділігі, иммундық-биологиялық реактивтілігі томен болса организм мүлдем айығып кете алмайды, қабынған жерде оның әртүрлі салдары болады.
Аса маңызды мүшелердің (ми, жүлын жүрек, өкпе) қабынып, олардың қызметінің бүзылуы өмірге өте қауіпті. Қабынған мүшенің құрылымы, қызыметі бүзылып, қызыметі тіптен тұншығып өлімге әкелуі мүмкін. Кең көлемді қабынулар сепсистің, бактериялық-токсиндік шоктың туындауына, қабыну ошағында пайда болтан ыдырау өнімдерімен организмнің уланына әкелуі мүмкін.

0.2. Қабынудың терминологиясы мен жіктелуі
Қабыну процесі көбінесе зақымданған өрменің не мүшенің латынша (грек- ше) атына itis деген жапғау қосу арқылы аталады. Мысалы, көкірек қуысының қабығы - плевраның қабынуы pleuritis, бүйректің қабынуы nephritis, бауырдың қабынуы hepatitis деп аталады. Қазақша атау үшін мүшенің латынша не ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішектің қабыну аурулары
Қабыну фазасы
Стрес этиологиясы.Классификациясы. Қабыну,ісіну механизімі
Цитокиндердің негізгі топтары,олардың сипаттамалары.Цитокиндік желісі түсінігі
Медицинадағы ақпараттық технологиялар
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Сиырлардың жасырын эндометритін диагностикалаудың заманауи әдістері
Қабыну түсінігі
Остеомиелит
Туберкулез ауруының алдын алу
Пәндер