Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы туралы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Ветеринариялық санитария кафедрасы

Бөж

Тақырыбы: Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы

Орындаушы: Куленов А. Б

Тексеруші: Нүркенова М. К

2015 жыл

Жоспар

  1. Нуклеопротеидтерге сипаттама
  2. Несеп қышқылды диатез
  3. Құстар подограсы
  4. Төлдің несеп-қышқылды инфарктісі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Нуклеопротеидтерге сипаттама

Нуклеопротеидтер - нуклеин қышқылдарының белоктармен қосылуынан пайда болатын күрделі құрамалар. Құрамына кіретін кіретін нуклеин қышқылының түріне байланысты нуклеопротеидтер және рибонуклеопротеидтер болып бөлінеді. ДНП барлық торшалар ядроларының митохондрийларының құрамына кіреді, сперматозоидтардың басынан табылады. РНП рибосомалардың, информасомалардың және вирустардың құрамына кіреді. ДНП белоктары гистондар мен протоминдерден тұрады да, ДНҚ қос оралымы арасындағы саңылауларға орналасып, құрылымды бекіндіреді және негіздік қасиетін бақылайды. РНП құрамында бір немесе бірнеше молекула РНП және бірнеше кейде ондаған белок болады. Белоктар әрі құрылыс заттарының рөлін атқарады, әрі РНП құруға қатынасады. Нуклеин қышқылдарының алмасуы жоғары дәрежелігімен сипатталады, себебі олардың әрекетімен белоктік заттардың биологиялық түзілуі тығыз байланысқан.

Нуклеопротеидтер организмнің өзінде түзіледі және азық құрамында сырттан келеді. Азықта нуклеин қышқылдары нуклеопреидтер түрінде болады. Құрамында нуклеопроеидтері бар азық ауыз қуысында механикалық тұрғыдан ұнтақталады, сілекеймен шыланады да, өңеш арқылы асқазанға түседі. т-РНҚ - ның бірен-сараны сілекей рибонуклеазасымен (РНҚ-азасымен) олиго-және мононуклеотидтерге ыдырайды. Асқазанда пепсин және тұз қышқылының әсерімен нуклеопротеидтердің көпшілігі нуклеин қышқылдарына және қарапайым белоктарға ыдырайды. Нуклеопротеидтердің алмасуы ащы ішекте аяқталады. Қалған нуклеопротеидтерді трипсин нуклеин қышқылдарына қарапайым белокпен ыдыратады. Қарапайым белоктар (протаминдер және гистондар, альбуминдер және глобулиндер) ұйқы безінің және ішек сөлі ферменттерінің әсерімен амин қышқылдарына дейін ыдырайды да, ащы ішекте сіңіріледі.

Нуклеопроеидтердің ыдырауы нәтижесінде несеп қышқылы түзіліп, ол несеп жолдарымен сыртқа шығарылады. Нуклеопротеидтер алмасуы бұзылғанда несеп қышқылы көп мөлшерде түзіліп, оның тұздары ағзаларға шөгіп қалады.

2) Несеп қышқылды диатез

Несеп қышқылдфы диатез - (грек. Diathesis бейім, бейім болу) нуклеопротеидтердің алмасуының бұзылуы салдарынан несеп қышқылы мен оның тұздарының қанда көбейіп(гиперуремия) мүшелер мен өрмелерде шөгуі.

Көбінесе құстарда, әсіресе тауық тектестерде, сирегірек сүт қоректілерде (ит т. б. ) кездесетін дерт. Бұл дерт күнделікті азық тым мол, оның құрамында нәруыз көп болған жағдайда, мысалы, рационда көк шөп пен витаминдік азық жетіспей, құс ұзақ уақыт жануар тектес азықпен (ет, балық, ет-сүйек ұны, балық ұны), құнарлы жеммен азықтандырылғанда байқалады. Бүйректің зақымдануы да осы дертке әкеліп соғуы әбден мүмкін.

Микроскоп арнайы құрал арқылы зерттеу.

Микроскоппен зерттегенде несеп қышқылы кристалл түрінде, ал оның тұздары аморфты зат түрінде көрінеді. Бұл заттар шөккен жерде өрме ыдырып өледі де, қабыну процесі басталады, осыған байланысты сол араға гистоциттер, лейкоциттер және алып торшалар жиналады. Зақымдалған жердің айналасында дәнекер өрме торшалары көбейеді, талшықты дәнекер өрме пайда болады.

Несеп қышқылына байланысты инфаркт ауруының патологиялық көрінісі.

Несеп түтікшелері ішіне, эпителийне, мүше стромасына несеп қышқылының тұздары шөгеді.

Тіліп қарағанда бүйректің үстіңгі қабатында тарам-тарам болып орналасқан ақшыл-сары, қызғылт-сары тұз түйіршіктерін, жолақтарын көруге болады. Төлдің демалуына, қоректенуіне және оның денесіндегі зат алмасуының қайта құрылуына байланысты қандағы ядролы эритроциттер жаппай ыдырайды, мұның салдарынан қанда несеп қышқылының мөлшері көбейіп кетеді.

3) Құстар подограсы

Нуклеопроеидтер алмасуының бұзылғанда дамитын сырқаттардың бірі ол - подагра.

Подагра майда (қанат-аяқ буындары) және ірі (тізе, иық буындары) буындарда, синовиалдық қабықтарда, шеміршектерде несеп қышқылынгың натрий тұздарының шөгіп қалуына байланысты болатын сырқат. Көбінесе бұл сырқат тұқым қуалайды, тауық-әтештерде болса ауру олардың балапандарында подагра ерте басталып, ауыр түрде өтеді. Подаграмен негізінен әтештер, қораздар ауырады.

Буын диатезі немесе подагра (грек. Podos - аяқ, agros - қатты) . Бұл диатез кезінде несеп қышқылы және ураттар буын қабығына, сіңір қынабына, олардың айналасындағы өрмеге шөгеді. Көбінесе құстың секек буындары зақымданады. Олар қатайып, табиғи пішінін жояды, жуандайды. Буын тұсында бор сияқты өте нығыз құрғақ затқа немесе қаймақ тәріздес қойыртпаққа толған түйіндер (подагра томпақтары), буын шеміршегінде некроз ошқтары, ойылымдар пайда болады. Олардың айналасы қабынып, мұнда алып торшалар жиналады, талшықты дәнекер өрме өседі.

Аурудың өту барысы.

Несеп қышқылы шөгіп қалған жердегі тін некрозға ұшырап, айналасында қабыну реакциясы өрістейді және көпядролы алып жасушалар жиналады. Бірте-бірте некроз ошағы капсуламен қоршалып буындар айналасында үлкендігі жаңғақтай түйіндер (подагра түйіндері - tophi urici) пайда болады.

Подагра сырқатында негізінен құстардың қанаттары мен аяқтары ісіп, домбығып, мезгіл-мезгіл қатты ауырады. Егер осы өзгерістер иық буынында болса ол омагра , тізе буынында болса - гонагра , қанат буынында болатынды - хаирагара деп атайды паталогиялық анатомия ғылымында.

Құстардағы несеп қышқылды диатез кезіндегі визуальді түріндегі көрінісі

http://www.ciftlikdergisi.com.tr/wp-content/uploads/2013/12/8.jpg

4) Төлдің несеп-қышқылды инфарктісі

Әдетте жаңа туған төлде кездесетін, оның бүйрегін зақымдайтын дерт. Несеп түтікшелері ішіне, эпителийне, мүше стромасына несеп қышқылының тұздары шөгеді. Тіліп қарағанда бүйректің үстіңгі қабатында тарам-тарам болып орналасқан ақшыл-сары, қызғылт-сары тұз түйіршіктерін, жолақтарын көруге болады. Бұл дерт жаңа туған төл денесінде зат алмасуының күшеюіне байланысты туатын, жаңа тіршілік жағдайына бейімделу реакциясы. Төлдің демалуына, қоректенуіне және оның денесіндегі зат алмасуының қайта құрылуына бапйланысты қандағы ядролы эритроциттер жаппай ыдырайды, мұның салдарынан қанда несеп қышқылының мөлшері көбейіп кетеді. Төл денесіндегі су мөлшерінің азаюы да процесстің өрбуіне қолайлы жағдай. Несеп қышқылы диатезі салдарынан төл мүшелерінің (бүйрек, бауыр, т. б. ) қызметі нашарлайды. Подаграға шалдыққанда буынның пішіні өзгеріп, бүгіліп-жазылуы қиындайды. Гиперурекемия және гиперазотемия салдарынан кенеттен өліп кетуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы.Несеп қышқылды диатез, құстар подогарсы, төлдің несеп- қышқылды инфарктісі
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы (несеп қышқылды диатез ,құстар подограсы,төлдің несеп қышқылды инфарктісі)
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы (несеп қышқылды диатез ,құстар подограсы,төлдің несеп қышқылды инфарктісі) туралы
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы жайлы мәлімет
Нуклеопротеидтердің алмасуының бұзылуы
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы жайлы ақпарат
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы
Нуклеопротеидтер
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы жайлы
Перимидинді нуклеотиттердің биосинтезі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz