Саясат және билік


Тақырыбы: САЯСАТ ЖӘНЕ БИЛІК
Сұрақтар.
1. Саясат.
2. Саяси жүйе.
3. Адамдар арасындағы ерікті қатынастардың көрінісі.
4. Билік бөлісу ұстанымы
5. Халық - билік қайнары.
Саясат. Саясат (грек. рolitira - мемлекеттік, қоғамдық іс) -адамдардың бұқарамен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке адамдармен бірге мемлекет пен билікке қатысты мәселелерді шешу жұмыстарының ерекше түрі.
Мемлекеттік деңгейде шешілуге, билік жүргізуге қатысы бар істердің халық бұқарасының немесе белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделерін қозғайтын әрекеттердің бәрі саяси сипат алады. Мемлекеттік билікке қатысы бар мәселе саясаттағы ең мәнді мәселе болып табылады.
Саясатпен айналысатын адам сипаты және мүдделері жағынан әр түрлі, көптеген параметрлері бойынша біріне-бірі ұқсамайтын адамдармен және топтармен жұмыс істейді. Сипаты жағынан да саяси мәселелер алуан түрлі болып келеді. Экономиканың, әлеуметтік жағдайлардың, мәдениеттің түрлі салалары бойынша шешуі қиын түйіндердің кез келгені саяси сипат алып, ұшығып кетуі мүмкін. Саясатта аса ыждағаттылықпен шешілуге тиісті шетін мәселелерге шет елдермен жасалатын қатынастар, ұлтаралық және этносаралық байланыстар, ұлттық диаспоралардың мәдениетіне, тіліне, дәстүрлеріне қатысты мәселелер жатады.
2. Саяси жүйе. Саяси қызметті жүзеге асыру белгілі бір институттар мен құралдарды пайдаланып әрекет етуді талап етеді. Адамзат өркениетінің даму үрдісінде жасалған ондай құралдардың ең маңыздылары - саяси жүйе және мемлекет.
Саяси деп шеңберінде саяси өмір өтіп жататын және мемлекеттік билік жүзеге асырылатын мемлекеттік мекемелерден, саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден тұратын институттар жүйесін айтамыз. Саяси жүйе саяси билікке қатыстының бәрін - саяси ұйымдасуларды, саяси нормаларды біріктіреді, саяси көзқарастарды, тұжырымдамаларды, дәстүрлерді қалыптастырады. Саяси билікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға президент, парламент, үкімет, сот органдары жатады. Қоғамдық бірлестіктер, соның ішінде белсенді саяси өрекеттер жасайтын саяси партиялар, түрлі бағыттардағы оппозидиялық топтар да мемлекеттің саяси құрылымының субъектілері болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының да елдегі саяси ахуалды қалыптастырудағы маңызы зор.
Саяси жүйенің сипаты, ең алдымен, демократиялық ұстанымдардың орнығу деңгейімен айқындалады. Мемлекеттік билік мәселесі демократиялық жолдармен шешіліп жатқан елдерде жоғары заң шығарушы және атқарушы билік органдары бүкілұлттық мүдделер тұрғысынан әрекет етіп, елдің экономикалық-әлеуметтік дамуының орнықтылығын қамтамасыз етеді. Оппозициядағы партиялар мен өзге қоғамдық ұйымдар да өз топтарының мүдделерін өркениетті жолдармен алға тарта отырып, билік үшін күрес жүргізеді. Елдің саяси өмірі өзіндік үйлесіммен қызу қайнап жатады.
3. Адамдар арасындағы ерікті қатынастардың көрінісі. Мемлекеттік билікті жеңіп алу үшін саяси партиялар мен жекелеген саяси қайраткерлер бар ресурстарын жұмсап, табанды күрес жүргізеді. Олар халық бұқарасын өздеріне тарту үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасап бағады.
Адамдардың билікке қатысты көзқарастары алуан түрлі. Сондықтан олар билік үшін күресте әр түрлі бағдар ұстанады. Біреулер билікті өзгелерге өзін таныту құралы деп есептесе, енді біреулер қоғамды өзінің "үңгірлік идеалы" бейнесінде елестету үшін, енді біреулер байлыққа, өзгелердің үстінен жүргізетін өктемдікке қол жеткізу үшін қажет деп есептейді. Көптеген адамдар билік баспалдағымен неғұрлым жоғары көтеріле алса, соғұрлым өзін бақыттымын деп есептейді. Нағыз саясатшылар, өз Отанын сүйетіндер өз қоғамын адам затты алға жетелейтін прогресс жолына бағыттауға тырысады. Ондай адамдардың мемлекеттік өкімет басына келуі қоғамның бақыты болып табылады.
Билік деп адамдар арасындағы еріктік қатынастардың формасын айтамыз. Ол адамдардың, әлеуметтік топтардың тәртібіне, олардың қоғамдық қызметінің сипаты мен бағытына әсер ете алуынан көрініс береді. Адамдар арасындағы еріктік қатынастар әлеуметтік қатынастарды да айқындайды. Бұдан биліктің әлеуметтік қатынастар формасы ретінде де қызмет ететіні көрінеді. Билік - басқаруға келген адамның немесе адамдар тобының өз еркін іске асыру қабілеті. Билікке қол жеткізуші өзгелердің өрекеттерін өз еркіне бағындыру, баскару және жұмсау мүмкіндігіне ие болады.
Билік адам қоғамы пайда болғаннан бастап, қоғамның дамуымен бірге, біте қайнаса өмір сүріп келеді. Адамдардың бірлесіп өмір сүруі бар жерде билік бар. Өйткені бірлесіп істеген кез келген өрекет басқаруды қажет етеді. Билік, ең алдымен, адамдардың бәрінін біртұтас ерікке бағынуынсыз іске асырылмайтын қоғамдық өмірге байланысты өзге қатынастарды реттеу үшін, қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін қажет.
Бұл жерде ескере кететін бір мәселе - билікке келген адамның немесе топтың біліктілігіне байланысты туындайды. Билеушінің біліктілігі билікке бойсұнушы объектіні (топты, мемлекетті) прогреске тура бастап апаратын жалғыз жолды таба білуінен көрінеді. Өйткені саясат дегеніміз - мүмкіндік өнері, екінші сөзбен айтқанда, балама жолдардың ішіндегі сол қоғамның сол тарихи мезеттегі жағдайына сай келетін жолды таба алу мүмкіндігі.
4. Билік бөлісу ұстанымы. Мемлекеттік билікті тармақтарға бөлудің конституциялық ұстанымы ел билігін күшпен иемденіл кетуді болдырмауға кепілдік бере алатын тетік ретінде қызмет етеді. Мемлекеттік билік біреу ғана. Оның қайнары - халық.
Билік бөлісу тек қана жоғары биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына, олардың өзара әрекеттесуі мен бірін-бірі "тежеу және қарсы салмақ" жүйесін пайдалана отырып бөлісу қағидаларына негізделіп жүзеге асырылады. Бұл қағида биліктің толық бір органның қолында шоғырлануына жол бермейді. Ол мемлекеттік билік ағашының заң шығарушы, атқарушы және сот бұтақтарының арасында тұруы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz