Іскерлік мәжілістер мен келіссөздер өткізу


Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қалсының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Шет тілі кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Іскерлік мәжілістер мен келіссөздер өткізу.

Орындаған: Усенова Т. А Д/Я-305

Тексерген: Кушуков Г. С

Семей қаласы, 2015

Жоспар

  1. Іскерлік мәжілістерді ұйымдастыру және өткізу.
  • Іскерлік мәжілістің жіктелуі;
  • Мәжілісті өткізу.
  1. Іскерлік келіссөздер жүргізу.

Іскерлік жиналыстар мен келіссөздер өткізу.

  1. Іскерлік мәжіліс- белгілі бір міндеттерді ойластырудың және көпшілік болып қабылдаудың кең тараған тәсілі. Қазіргі техникалық құралдар мен басқарудың ғылыми тәсілдері кеңінен қолданылып отырғанына қарамастан, іс-әрекеттің мұндай нышаны қазір де өз рөлін жойған жоқ. Оның үстіне үнемі күрделеніп отырған басқару жүйесі жағдайында іскерлік мәжіліс ерекше маңызды бола түсуде.

Жеке дара ойластырудан нәтиже шықпаған жағдайда, басшы жұртшылықтың пікіріне жүгініп, қажетті мамандар мен қызметкерлерді тағайындайды. Іскерлік мәжіліс барысында қойылған міндеттер қаралады да, мұнда әртүрлі пікірлер айтылып, оны шешудің ең қолайлы жолдары таңдап алынады.

Өзіңіздің тікелей айтқан ұсынысыңызбен қоса, тиімді ұйымдастырған әрбір мәжіліс маңызды оқу-тәрбиелік қызмет атқарады. Іскерлік мәжілісте қызметшілер пайдалы, ұсыныс айтуға, сауатты сөйлей білуге, өз ойын айқын жеткізуге, өзінің дәлелі мен позициясын өткізуге дағдыланады. Бұл процесте басшы ерекше орын алады. Ол мәжіліс өткізу тәртібін ойластыруы, мұның оқу-тәжірибелік жағын қарастыру тиіс.

Мұнда мәжіліске қатысушылардың да іскерлігі өріс алады: олардың өзара идея алмасуының біліктілігі, міндетті творчестволықпен шешуі, басқару қабілеті арта түседі. Іскерлік мәжіліс басшыға да пайдалы, оның ұйымдастырушылық, жауапкершілік, сенімділік, кадрлармен жұмыс істеу қабілеті жетіле түседі.

Алайда, мәжіліс әрқашанда тиімді бола бермейтіндігі өкінішті. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары мен мамандары көпшілік уақытын шаруашылықтағы, сондай-ақ басқармалардағы тресстердегі және де басқа ұйымдардағы әр түрлі жиналыстарға, мәжілістерге, кеңестерге қатысумен өткізеді.

Кез келген мәселені ұжымның қатысуымен көпшілік болып талқылап, шешудің толып жатқан нышаны бар. Бұған жататындар: съездер мен конференциялар, жиналыстар, мәжілістер, семинарлар мен симпозиумдер, іскерлік кеңестер және т. б. Бұл нышандардың әрқайсысы белгілі бір өлшемі бойынша- шешілетін міндеттердің маңыздылығы мен мазмұнына, өткізу ауқымы мен уақытына қарай жетілуі мүмкін.

Іскерлік мәжілістің жіктелуі. Іскерлік мәжіліс шартты түрде қарастырылатын мәжілістің (әкімшілік, техникалық, кадр, қаржы, технологиялық, жедел шешілетін мәселелер) ерекшеліктеріне, қарастырушылардың құрамы мен сапасына, мәжілісте қаралатын мәселелердің ауқымы мен санына, құрылымы мен ұйымдастырылуына, мәжілісті өткізу тәртібіне т. б байланысты бөлінеді.

Мәжіліс басқа белгілер бойынша да бөлінуі мүмкін. Оны өткізу стиліне қарай американдықтар диктаторлық, автократтық, сегретативтік, пікірлесу, еркін кеңесу деп бөледі.

Бізде шешілетін мәселеге орай мынандай жіктеулер қолданылады:

Проблемалық мәжіліс - мұның міндеті- басқаруға қолайлы шешім іздестіру, бұл талқылау нәтидесінде және дауысқа салу арқылы қабылданады. Мұндай мәжілістің схемасы: баяндама жасау, баяндамашыға сұрақтар беру, жарыссөзге шығу, шешім шығару.

Нұсқаулық мәжіліс - оның міндеті- жоғарыдан төменге қарай басқару схемасы бойынша жарлық беру, қажетті байланыстар орнату, оларды жеделді орындату. Басшы жиналғандарға сол мекеменің, кәсіпорынның әкімшіліктері немесе жоғарғы органдар қабылдаған шешімдерді хабарлайды. Көп жағдайда нұсқауды тек айтып қана қоймай, нақтылап түсіндіреді, орындау мерзімін белгілейді. Қабылдау мен және де орындау үшін құжат нышанындағы директиваларды таратумен салыстырғанда нұсқаулық мәжілістің артықшылығы да, міне осында.

Жедел мәжіліс - оның міндеті- басты өндірістегі күнделікті істің жайы туралы мәлімет алу болып саналады. Өзінің мақсаты мен өткізу сипаты жағынан бұл диспетчерлік мәжіліске ұқсайды. Мұнда басқару схемасы бойынша төменнен жоғарыға мәліметтер беру қамтамасыз етіледі. Мәжіліске қатысушылардан қажетті мәліметтер алған мәжіліс төрағасы «осал тұстары» айқындап, жедел шешім қабылдайды.

Мұндай мәжілістерде баяндамаларда ұзақ сөйлеушілер де болмайды, тек пікір алысады.

Өндірістік кәсіпорындардағы, әкімшілік органдардағы, ғылыми-зерттеу институттарындағы және конструкторлық бюролардағы іскерлік мәжілістердіеһң өзіндік ерекшеліктері бар. Оларда ең алдымен мүдделі мәселелер қаралады. Егер кәсіпорындарда көбіне өндірістік мәселелер талқыланса, әкімшілік органдарда мәселенің көпшілігі жоспарды жасауға және орындалуын бағалануға арналады.

Мәжілісті әзірлеудің және дайындаудың да өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, әкімшілік органдардың мәжілісі едәуір мұқият әзірленеді, көп жағдайда істің жайын білу, ұсыныстар жинау үшін мұны арнайы құрылған комиссияға жүктейді.

Мәжіліске әзірлік- алуан түрлі ұйымдық және техникалық шаруалардың жиынтығы болып саналады.

Мәжіліс мақсаты айқындалғаннан кейін, оны жүйелі түрде әзірлеу жүзеге асырылады, яғни мәжілістің күн тәртібі, міндеттері белгіленеді, қатысушылар құрамы анықталады, мәжіліс уақытының ұзақтығы, күні және өткізу уақыты көрсетіледі, баяндамашылар мен шығып сөйлеушілер белгіленеді, адамдар жұмыс істейтін бөлмені немесе залды әзірлейді. Мәжілісте қаралатын мәселелер көпшіліктің шешімімен қабылдауды қажет ететіндей актуальды, маңызды болуы тиіс.

Мәжілісті тиімді өткізуде қызметкерлердің біліктілігімен қоса, оладарды күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға даярлаудың нақты істің жайын, міндеттер мен болашақтағы атқарылатын жұмыстарды таныстырудың ерекше маңызы бар. Сондай-ақ, мәжіліске қатысушылардың тиісті құқықтары атап айтқанда, дербес шешім қабылдау құқы болуы тиіс.

Күн тәртібі және мәжілістің ұзақтығы. Әрбір мәжілісте қаралатын мәселелердің тізімін көбейту арқылы оны өткізу санын азайтқан жөн. Мәжілісте қаралатын мәселелерді көбейте отырып, мәжіліс санын шамамен 30-40%- дай қысқартуға болады. Мұнда 2-3 басты мәселені және бірнеше ұсақ-түйек мәселені қараған жөн.

Баяндамаға әзірлену. Мәжілістің табысты өтуі баяндама сапасына байланысты. Баяндама тым ұзақ болған жағдайда мәжіліске қатысушылар құлақ қойып, тыңдаудан қалады, жалығады, көңілсізденеді. Баяндаманың қысқа әрі нұсқа болуы- мәжілістің табысты өтуінің кепілі.

Сөйлеуге әзірлену. Мәжіліске қатысушылар күн тәртібімен және барлық қажетті материалдармен күні бұрын танысуы, қойылған мәселелердің кімдерге қатысты екендігі нақты көрсетілуі, шығып сөйлеушілерге өз ойын толық айтуға мүмкіндік беруі тиіс.

Мәжілісті басқарушыны даярлау. Көптеген мәжілістер бастала салысымен сәтсіздікке ұшырайды. Мұның өзі мәжілісті басқарушыны күні бұрын әзірлемегендіктен болады. Басқару жөніндегі батыс германиялық маман, доктор В. Щребловский мәжілісті басқарудың ғылыми тәсілін басқаруды ұсынады. Ол үшін мына ережені сақтаған жөн:

  • Мәжіліс тақырыбын мұқият айқындап алу қажет;
  • Күн тәртібін мұқият ойластыру қажет;
  • Талқылау барысында қаралуға тиісті фактілермен мәжіліске қатысушылардың танысқандығына қол жеткізу керек.
  • Кіріспе сөзде талқыланатын проблемаларды қысқаша түсіндіріп өткен жөн.

Паркинсонның пікірінше , мәжіліс төрағасының қолайсыз 4 типі болады:

  • Үстемдік етушілер (подависты) -олар қызу басталған талқылауға қысым көрсетуге тырысады.
  • Елірмелер (дурманисты) -бұлар мақсатқа басқаша жолмен жетеді. - олар мәжіліске қатысушыларды өз білімімен таң қалдыруға тырысады, бірақ жұртшылық мәділіс төрағасының не жөнінде айтып отырғаны туралы ештеме білмейді.
  • Қорқытушы (устранист) -бұл ауыр бульдозер: бұл дауысы ащы шығатын қызыл шырайлы адам, оған қарсылық көрсете қалсаң, шабынан тулап, қояншығы ұстай жаздайды.
  • Былықтырғыш (путанист) -тиісті жерінде мәжілістің берекесін кетіреді.

Бөлмені әзірлеу- бөлменің дыбыс өткізбеушілігі жақсы, ауа температурасы қалыпты, мебельдері, желдеткіштері жұмыс істеуге ыңғайлы болу керек.

Мәжілісті өткізу. Қанша адамның келмегеніне қарамастан мәжілісті дәл белгіленген уағында өткізу қажет.

  1. Іскерлік келіссөздер- нақты бір мәселе жөнінде белгілі бір адамдар тобымен ортақ келісім жасау мақсатында екіжақты талқылау жасау. Бұл іскерлік әңгімелесудің маңызды түріне кіреді. Келіссөздер арқылы іскерлік қатынастар орнығып, келісім шарттар жасалады, маңызды шешімдер қабылданады, жауапкершілігі үлкен құжаттарға қол қойылады, әртүрлі бағытта жұмыс істейтін фирмалармен, кәсіпорындармен, мекемелермен бірлесіп қызмет атқаруларына жол ашылады.

Келіссөздер бірлесіп шешімдер қабылдау үшін жүргізіледі, ал сәтті келіссөздер жасау өзара бірлесіп жұмыс жасаудың алғы-шарты, қызмет аясын кеңейтудің кепілдігі және болашақтағы дамудың негізгі көрсеткіші.

Келіссөзге қатысушыларға қажетті ақпаратты жинақтау, ақпараттарды көбірек жинаған топтың кездесу барысын да өз-өздерін сенімдірек сезініп, батыл қимылдар жасауға мүмкіндік береді.

Сәтті келіссөз жүргізудің келесі тәсілі - шебер жасалған жоспар. Сондықтан да іскерлік келіссөздерге өте мұқият дайындалып, алдында тұрған талқылаудың әр бөлігін, қайшылықты тұстарына дейін ойластырып, өз позицияңды негіздеуге қажетті деректерді, дәлелдемелерді жинастыру.

Ең бастысы, келіссөздерде жақсы, тиянақты дайындығы, тәжірибиесі бар, жазбаша және ауызша сөйлеудің мәдениетін игерген, іскерлік этикет ережелерін білетін адамдар тобының жеңіске жететіні даусыз.

Келіссөз жүргізудің негізгі құрлымдық элементтері:

1. Келіссөзге қатынассушылардың қарсы алу, салемдесу, бір-бірін таныстыру.

2. Келіссөздің мақсатын және талқыланатын мәселені мазмұндау.

3. Позицияларды нақтылауды, талқылауды, өзара келісуді және екіжақты мүддені айқындауды көздейтін қатынастарды диалогі.

4. Қорытынды жасау және шешімдер қабылдау.

5. Келіссөзді аяқтау, қорытындылау.

Келіссөздер - бұл бәсекелестік мақсаттағы және келісімдер, мәмілелер бекітуге, бәсекелестік тудыруға бағытталған. Әртүрлі жағдайлардың туындауына байланысты олар көптеген жалпы түрдегі технологиялық және этикалық қажеттіліктер мен нормаларға ие болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару еңбегінің мәдениеті және этикасы
Басқару еңбегінің мазмұны, сипаты және ерекшеліктері
Іскерлік мәжіліс
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы туралы
Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Мәжілісті өткізу
Іскерлік мәжілісті ұйымдастыру және өткізу
Басқару қызметінің мәдениеті және іскерлік этикасы
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz