Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы


Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары.
Орындаған: Өмірбек Г.
Тексерген: Қуантқан Б.
Семей 2015
Жоспар:
- Кіріспе бөлім
А. Жұмыссыздық дегеніміз не?
- Негізгі бөлім
А. Қазақстандағы жұмыссыздық
В. Қазақстандағы жұмыссыздық себептері мен формалары
С. Жұмыссыздықпен күресу шаралары
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Статистикалық органдар әдетте, жұмыс бастылыққа қатысы бар адамдар-ды бірнеше категорияға бөліп көрсетеді. Ол харекетшіл халықты немесе 16 жасқа (ДҚШ, Франция, Швеция, Ұлыбритания, Ресей) немесе кейбір елдерде 15 жасқа (Австралия, Канада, Германия, Жапония, Голландия, Италия, Қазақстан) толған және ол жастан асқан азаматтарды қамтиды. Жұмыс күші жұмыспен қамтылған азаматгардан және жұмыссыздардан құралады. Жұмыссыздар - бұл табыс табуға құқық беретін жұмыс орнын иеленуге мұқтаж, еңбек етуге қабілеті мен ынтасы бар азаматтар.
Жұмыссыздардың құрамына жасы мен денсаулығы бойынша жұмысқа жарамсыз адамдар, жұмысқа жарамды, бірақ белгілі бір себептерге байланысты жұмыс орнына үмітті емес адамдар (үй шаруасындағы әйелдер), жұмысқа жарамды және жұмыс іздеп жүрген, бірақ еңбек биржасында тіркелмеген адамдар кірмейді.
Жұмыссыздар екіге бөлінеді: толық және толық емес. Соңғысына толық емес жұмыс күніне немесе қандай да бір экономикалық себептерге байланысты толық емес жұмыс аптасына қамтылған азаматтар кіреді. Бүл жерде әртүрлі себептерге байланысты толық емес жұмыс күнін ерікті түрде қалайтын жұмыскерлер (мәселен, көп балалы аналар, бос уақытгың көп болуын тілейтін адамдар) жұмыспен қамтылғандардың қатарына жатады.
Статистикалық органдар екі маңызды көрсеткішті есептейді: жұмыс күшінің харекетшіл халықтағы үлесі және жұмыссыздық деңгейі.
Жұмыссыздық - экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелердің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуінен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы - жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясының қазіргі өкілдері - «монетаристер» - осы көзқарасты құптайды.
Монетаризм теориясы болса жұмыссыздықтың пайда болу себебін мемлекетгің ақша-несие саясатын дұрыс жүргізбеуінен деп дәлелдеуге тырысады. Елдегі ақша массасын және оның айналымын дұрыс реттей отырып, өндіріс үдерісін тиімді ұйымдастыруға болады.
Ағылшын экономисі Томас Мальтустың (1766-1834) атымен байланысты мальтузиандық теория жұмыссыздық мәселесінің туындауын елдегі халық санының өсуімен байланыстырады. Халық саны әр 25 жылда екі еселеніп отырады, ал оларға қажетті тұтыну заттары олай өсе алмайды, сол себепті түргындардың бір бөлігіне өмір сүру қүралдары жетіспей олар кедейленеді және жұмыссыздыққа ұшырайды. Сондай-ақ, халық санының өсуімен қатар, елге сырттан имигранттардың келуі де бұл мәселені ушықтырып жіберуі мүмкін деп айтады
Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады - нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады.
Ағылшын экономисті А. Пигу “Жұмыссыздық теориясында” мынадай тезис дәлелдеді, - “еңбек рыногында бәсекелестік жүреді ”. Бұл, еңбекке бағаның көтерелуін әкеп соғады. Сондықтан көптеген экономистердің айтуы бойынша кәсіпкерлер жоғары көлемді жалақыны білікті маманға төлеу, егер сол маман өнімнің шығару құнын көбейтсе, соның есебінен еңбекке жоғары өнімділігі нәтижесінде кәсіпкерлердің жұмысшы персоналын қысқартуға мүмкіндігі болады. Бұл дәрежеде мынадай принцип жүреді:
“Ыңғайлысы, 1 жұмысшы ұстап, оған жақсы жалақы беру, 5-6 адамға төмен жалақы беруге қарағанда. Пигу өз кітабында көп жақсы, нақты өз ойын былай деп қарастырған: “Жалпы ақшалай жалақының қысқаруы жұмысбастылық жағдай жасай алады. Мұндай трактовканы дәлелсіз деп қарастырамыз, ол жалақысы аз жұмысшылардың жұмыссыздық армиясына қосылуы”, “толуы” дегенді растайды.
Тұрпайы саяси экономика жұмыссыздықты теңдік жағдайынан “кездейсоқ” ауытқу деп қарастырады. Алайда, капитализм тарихындағы аса күйзелісті болған 30-жылдардағы дағдарыс тұғызған шым-шытырық оқиғалардың ықпалымен ағылшын экономисі Д. Кейнс капитализм тұсында жұмыссыздықтың лажсыз сипатта болғанын мойындайды. Жұмыссыздықтың болуын ол өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен байланыстырады. Бұл ретте Д. Кейнс өндірістің объективті заңдылықтары мен қайшылықтарын елемей, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың психологиялық мінез-құлық дәлелдеріне, жиынтық сұранымды мемлекеттің ынталандыруы арқылы “жұмыспен толық” қамтамасыз етуге болады.
Кейнстің ізбасарлары оның концепциясының түрлі жақтарын соның ішінде жұмыссыздыққа және оның бағасының серпінділігімен өзара байланысына қатысты жақтарын дамытып, толықтыра түседі. Бір жағынан, нақты жалақы мен баға дәрежесінің өзгеруі және екінші жағынан, жұмыссыздықтың абсолютті көлемі арасындағы олар (арасындағы) анықтаған кері тәулділік “сұранымның молшылығы” жөніндегі Кейнстің теорияның рухында түсіндіріледі.
Экономикалық сілкіністер, шиеленіскен экономикалық құрылымдық дағдарыстар, кейнсшілдік түсініктерге қарамастан жаппай жұмыссыздықпен ұштасатын, бақылауға келмейтін созылмалы инфляция кейнстің теориялық негізі ретінде пайдаланған мемлекеттік монополистік реттеу практикасының да негізсіз екенін ашып көрсетті.
Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың ерекше мынадай түрлерін қарастырады; ерекше бөледі:
Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.
Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдің осы фазасымен байланысты.
Құрылымдық және фрикциондық (экономикалық) жұмыссыздықтар оның “табиғи” деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдің факторлар жұмыссыздықты “табиғи” деңгейден жоғарылатады.
Егер, жұмысбастылық толық болған жағдайда жұмыссыздық деңгейі “Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп айтылады.
Және тағы бір жұмыссыздық түрі бір нақты аумақта жұмысшы күшінің сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде туындайды. Ол тең емес экономикалық аумақтың дамуына ықпал етіп қалыптасады, және де демографиялық, тарихтық, мәдениеттік тағы басқа да өзгеше факторлар әсер етеді.
Жалпы ең негізгі жұмыссыздық - фрикциондық, құрылымдық, циклдық болып келеді.
Жалпы жұмыссыз деп статистиклық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ жұмыс іздеп және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институтционалды, ерікті, жасырын тағы басқа.
Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік ақпаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.
Институтционды жұмыссыздық еңбек рыногының институтынан, құрылысынан, ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туады.
Ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі келмейтін адамдар жатады.
Маусымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы: бұл кейбір өндіріс саласында кездеседі, әсіресе қайта өрлеу өнеркәсібінде т. б.
Технологиялық жұмыссыздық - адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
Жұмыссыздық - экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек рыногында талап етілмеумерінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс; адамдар жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс табылмайтын хал-жағдай.
Жалпы жұмыссыздық - үш критерийге қатар жауап беретін адам жұмыссыз болып есептелетін кездегі жұмыссыздық, олар:
а) істейтін жұмыс (табысты жұмыс) жоқ,
б) белсенді түрде іздеп жүр,
в) белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа кірісуге даяр (қағида бойынша, екі аптаның ішінде)
Біздің елде еңбек ресурстары және халықтың жалпы санының 55 процентін құрады. Халық шаруашылығы қызметінің салаларында 7, 4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяу ы немесе 81 проценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді.
Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз - қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру. Осы уақытқа дейін, біздің елде жұмыссыздық жоқ және бұның өзі ұлы жетістік деп есептелді. Еңбекпен қамту қызметіне жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді оның 785 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты. Бірінші 5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 проценті әйелдер болды. Ал ресми түрде 70, 5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. олардың 54 проценті жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алды. Жұмыссыздардың 80 процентіне дейінгісі әйелдер, ал олардың жартысына жуығы 29 жасқа дейінгі жастар. Әрбір жұмыссыздың бесеуі - жоғары білімді, әрбір екеуі - орта кәсіпті маман, әрбір үшеуі - жалпыға бірдей орта білімді.
Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250-600 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет, дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйренуі қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін соңғы 20 жыл бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем берудің әртүрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі оның хұқтық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың кең жүйесін қолдануды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жұмыстан босап қалып жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрынғы жұмыс орнындағы негізгі жалақысының 50 проценттен кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өнім сүру минимуміне төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.
Қазақстан Республикасының статистика және сараптау комитеті ай сайын қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік мәселе ретінде атап көрсетілген.
Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың қаңтарында 5%-ды құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
«2015 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 459, 2 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5, 0% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2015 жылғы қаңтар айының соңына 47, 3 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0, 5%-ын құрады (2014 жылғы қаңтарда - 0, 5%) », - делінген хабарламада.
Республика экономикасында 2015 жылғы қаңтарда бағалау бойынша 8, 6 млн адам жұмыспен қамтылды.
Сонымен, өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 55, 5 мың адамға немесе 0, 6%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6, 0 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 70, 0%) құрады.
Ведомство мәлімдегендей, 2014 жылғы IV тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 71, 7%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 28, 3% құрады.
Жұмыссыздықтың себептері. Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы жұмыссыздық мынадай сипатқа ие. Біріншіден, болып жатқан технологиялық жағдайлар мен компьютерлендіру жұмысшы күші мен жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға жұмыс орны ғана емес, жұмыс күшінде лайықты, орынды пайдаланып, қолдануға мүмкіндік береді. Екіншіден жұмыссыздық экономикалық өркендеу мен халықты жұмыспен қамтудың арасындағы тікелей байланыссыз - ақ өсуді көрсетеді.
Дегенмен, жұмыссыздықтың ауыр жүгімен қатар бағаның босатылуы және жеке меншік пен кәсіпкерліктік пайда болуы жұмыссыздықтың бірте - бірте азая бастауына себепкер болмақшы.
Ұзақ уақыт бойы батыстың экономикасы жұмыссыздықты еркін құбылыс деп танып келді. Жұмыссыздықтың себебі жұмыскерлердің тым аз жалақыға жұмыс істегісі келмейтіндігінен туындайды. Олардың осындай жалақыға келіспейтіндігінен жұмыссыздық пайда болады деп түсіндірді.
Марксизм теориясы мәжбүрлі жұмыссыздық мәселесін алға тартады. Жұмыссыздықты капиталдың жинақталуының нәтижесі деп білді. Жұмыс күшіне деген сұраныс капиталдың барлығымен емес, тек еңбек ресурстарын сатып алуға жұмсалған капиталдың мөлшерімен ғана анықталады. Капиталдың жинақтала беруіне байланысты капитал-еңбек қатынасы артады. Физикалық капиталдың (құрал-жабдықтар, материалдар, шикізаттар) жалпы капиталдың құрамындағы өседі, ал адам капиталының үлесі азая береді. К. Маркстің пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы жұмысшыларды ығыстырады. Бұдан басқа, өндірістің дамуының циклдік сипаты, жұмысшылардың бірқатар тобын жұмыстан мәжбүрлі түрде босатып отырады, дағдарыс пен тоқырау фазаларында жұмыссыздық өседі, ал жандану мен өрлеу фазаларында ол азаяды.
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде жұмыссыздық мәселесінің мэжбүрлі сипатқа ие болатындығын алғаш мойындаған Дж. Кейнс деп айтылады. Бірақ ол жұмыссыздықтың бірқатар бөлігінің ерікті түрге ие болатындығын да жоққа шығармаған.
Жұмыссыздықпен күрес жолдары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz