Алдыңғы, ағымдағы, кейінге қалдыру және қорытынды бақылау



І. КІРІСПЕ
1.1. Бақылау туралы жалпы түсінік

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Бақылаудың негізгі түрлері
2.2. Бақылау функциялары
2.3.Тиімді бақылау сипаттамалары

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Білім алушылардың оқу жетістігін бақылау үшін келесі бақылаудың түрлері қолданылады:
- Ағымдық бақылау;
- Аралық бақылау;
- Қорытынды бақылау.
Оқу үлгерімінің ағымдық, аралық бақылау және қорытынды бақылау академиялық күнтізбеде бекітілген уақыттарда жүргізіледі.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, бұл - пән оқу бағдарламаларына сәйкес оқытушылардың ағымдағы жүргізген сабағын білім алушылардың игеруі мен оқудағы жетістіктерін жүйелі тексеру.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәннің оқу бағдарламаларына байланысты барлық тақырыптарды және аудиториялық (семинарлар, практикалық тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар), аудиториядан тыс (үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары) тапсырмаларды қамтиды.
1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев –
Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998, II том;
2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007
3.Менеджмент негіздері Каренов Р.С Қарағанды 1999 ж
4. Теория и правтика менеджмента / Под. ред.д.э.н., профессора
Кубаева К.Е. – Алматы: Қазақ Университеті, 2005.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Алдыңғы, ағымдағы, кейінге қалдыру және қорытынды бақылау

ОРЫНДАҒАН: ҚАЖЫБЕКОВА Н.Ә.
ТЕКСЕРГЕН: ЖҰМАШБЕКОВА С.Қ.
ТОБЫ:ФИ-311

СЕМЕЙ 2015 жыл
ЖОСПАР:
І. КІРІСПЕ
1.1. Бақылау туралы жалпы түсінік

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Бақылаудың негізгі түрлері
2.2. Бақылау функциялары
2.3.Тиімді бақылау сипаттамалары

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Білім алушылардың оқу жетістігін бақылау үшін келесі бақылаудың түрлері қолданылады:
- Ағымдық бақылау;
- Аралық бақылау;
- Қорытынды бақылау.
Оқу үлгерімінің ағымдық, аралық бақылау және қорытынды бақылау академиялық күнтізбеде бекітілген уақыттарда жүргізіледі.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, бұл - пән оқу бағдарламаларына сәйкес оқытушылардың ағымдағы жүргізген сабағын білім алушылардың игеруі мен оқудағы жетістіктерін жүйелі тексеру.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәннің оқу бағдарламаларына байланысты барлық тақырыптарды және аудиториялық (семинарлар, практикалық тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар), аудиториядан тыс (үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары) тапсырмаларды қамтиды.
Рұқсат алу рейтингілік баға үлгерімді ағымдағы бақылау (аудиториядағы) мен аралық бақылау (аудиториядан тыс) бағалардан жинақталады.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауда әр орындалған тапсырма (аудиториялық сабақтардағы оқу жұмысы, үй тапсырмасын тапсыру, СӨЖ, аралық бақылау) 100-баллдық шкаламен бағаланады. Үлгерімді ағымдық бақылаудың қорытынды нәтижесі академиялық период ағымында алған бағаларымен орташа арифметикалық көрсеткіш жолымен есептеледі.
Аралық және қорытынды аттестация барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде де осы тәсіл қолданылады.
Білім алушының ағымдық бақылау нәтижелері және білім бағаларының жазбалары тұрақты тіркеу арқылы жүргізіледі.
Нәтижелерді жоғарылату мақсатында ағымдық бақылаудың бағаларын өзгертуге жол берілмейді.
Аралық бақылау - пән бойынша бір бөлімді (модульді) аяқтағаннан кейін жүргізілетін оқу жетістіктерін бақылау түрі болып табылады. Академиялық кезеңнің бір пән шегінде 2 реттен кем өткізілмейді (теориялық оқытудың 8-ші және 15-аптасында).
Ағымдық және аралық бақылаудың формасын пәннің бағытына қарай оқытушы бекітеді. Ағымдық және аралық бақылау коллоквиум, компьютерлік және бланктік тестілеу, жазбаша бақылау жұмыстары, диспуттар, дөңгелек столдар, іскерлік ойындар, мәселелі есептерді шығару түрінде жүргізілуі мүмкін.
Рұқсат алу рейтингілік бағасын есептеуде міндетті түрде оқу бағдарламасына сәйкес есептік-графикалық, курстық жұмыстардың бағасы есепке алынады. Курстық жұмыстың(жобалардың) кредит сыйымдылығы пәннің кредит сыйымдылығына кіреді.
Рұқсат алу рейтингілік баға жинақтық балл ретінде көрініс алады, Рұқсат алу рейтингілік баға үлгерімді ағымдағы бақылау мен аралық бақылау бағалардан жинақталады (ереже бойынша екі аралық бақылау). Суммалық семестрлік рейтинг балын 50%-дан төмен жинаған білім алушы емтиханға жіберілмейді.
Ағымдық, аралық және білім алушылардың оқу жетістігін бақылауды пәнді оқытатын оқытушы (тьютор) өткізеді. Рұқсат алу рейтингілік баға пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңінде жүргізіледі. Қорытынды бақылаудың бағасы пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 30% -нан кем болмауы тиіс. Ағымдық, аралық және білім алушылардың оқу жетістігін бақылауды өткізуге жауапты пәнді оқытатын оқытушы (тьютор) болады.
Қорытынды бақылау оқу бағдарламасын меңгеру сапасын анықтау мақсатында аралық аттестациясы кезеңінің нұсқаулығына сәйкес өткізіледі. Нұсқаулық бойынша егер пән бірнеше академиялық кезеңдерде оқытылып жатқан болса, онда қорытындық бақылау әр академиялық периодтағы пән бөліктері бойынша өткізіледі.
Қорытынды бақылау формалары:
:: Тестілеу;
:: Ауызша емтихан;
:: Жазбаша емтихан;
:: Дифференциалдық сынақ.
Емтиханды өткізу формасы мен тәртібі әр пән бойынша академиялық кезеңнің басталуына 1 ай уақыт қалғанда бекітіледі.
Білім алушы оқу бағдарламасы бойынша бекітілген жеке оқу жоспарына сәйкес барлық емтихандарды тапсыруы керек.
Білім алушының оқу жетістігін қорытынды бақылау үшін емтихан қабылдаушыға тіркеу бөлімінен академиялық кезеңде студенттің жинаған рұқсат алу рейтингілік бағасы енгізілген емтихан тізбесі беріледі. Емтиханда алынған жағымды немесе қанағаттанарлықсыз бағаларды емтихан қабылдаушы емтихан тізбесіне енгізеді. Емтихан қорытындылары емтихан тізбелеріне сәйкес емтихан аяқталғаннан кейін 48 сағат ішінде әдіскер-тіркеуші Интернетке енгізеді.
Пән бойынша аралық аттестация өкізу кезінде академиялық кезең ағымында емтиханнан алған бағасы, үлгерімді ағымдық бақылаудың орташа балы есепке алынады. Әр пәннен емтихан аяқталғаннан соң студентке оның оқу жетістігінің көрсеткіші болып табылатын қорытынды баға қойылады. Қорытынды бағарұқсат алу рейтингілік бағасынан және емтихан бағасынан жинақталады.
Жағымды қорытынды баға пән бойынша тіркелген кредиттерді меңгергенін көрсетіп, транскриптке енгізіледі.
Егер емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алған студенттің емтихан бойынша қорытынды бағсы саналмайды.
Ағымдағы аралық аттестация кезінде жағымды қорытынды баға қойылған емтихан оқу жетістігін жоғарылату үшін қайта тапсырылуға рұқсат етілмейді.Жағымды баға алу үшін студент келесі академиялық кезеңде немесе қосымша семестрде қайтадан пән бойынша оқу бағдарламасында көрсетілген оқу сабақтарына қатысып, рұқсат алу рейтингілік бағасын алып, қорытынды бақылауға қатысады. Бұл жағдайда студент оқу пәніне қайтадан тіркеледі.
Егер студент пән бағдарламасын толық меңгерсе, бірақ емтиханға келмесе, емтихан тізбесінде студенттің фамилиясының тұсына келген жоқ деген белгі қояды. Дәлелді себептері болған жағдайда білім алушыға емтихан тапсыруға жеке график құрылады. Студенттің емтиханға келмеуінің дәлелді себептері болмаған жағдайда бағасы қанағаттанарлықсыз болып саналады.
Аралық аттестацияның жинақ тізбесін шығару үшін және меңгерілген кредит сандарын есептеу үшін емтихан тізбесі тіркеу бөліміне өткізіледі.
Емтиханға жіберу екі этаптан тұрады:
1) Бірінші этапта факультет деканының (институт директоры) жалпы үкімімен білім алушыларды төлемақысынан қарызы болмаған жағдайда, пререквизит бойынша академиялық қарызы болмағанда, академиялық демалыс және ұзақ емделу уақытында емес студенттерге емтиханға қатысу рұқсаты беріледі.
2) Екінші этапта рұқсат алу рейтингілік бағасын (ағымдық және аралық бақылау қорытындысы) алған студенттерге сол пәннен емтиханға қатысуға автоматты түрде рұқсат етіледі. Бұл жағдайда рұқсат беру тіркеу бөлімінде емтихан тізбесіндегі студент фамиялиясының тұсына белгі қою арқылы жүзеге асырылады.
Жағымды рұқсат алу рейтингілік бағасы н алмаған студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
Курстық жұмыстарды (жобалар) тапсырмаған студенттер пән бойынша емтиханға жіберілмейді.
Ал басқа да жағдайларда (ауырып қалса, отбысылық және қызметтік жағдайларда) студентке жеке график бойынша емтихан тапсыруға рұқсат етіледі.

Оқытудың құзыреттілікке бағытталған технологиясын жобалап қалыптастыруда оқыту
нәтижелерін бағалау және бақылау аса маңызды болып табылады. Оңтайлы (орындалуға
тиісті педагогикалық мақсаттар тұрғысынан) әдістері мен оқытудың ұйымдастырылу
түрлері, ақпараттандырудың заманауи құралдары болса да, оқу үдерісін бақылау жүйесі
болмаса, білім алушылардың білімдері мен дағдыларының уақытылы тексеріліп бағаланбаса,
сонымен қатар кері байланыс қалыптаспаса, оқу үдерісін басқарылмалы және мақсатқа
сәйкес ету мүмкін емес.
Оқыту сапасын, яғни оқытудың күтілетін нәтижелеріне жету деңгейін анықтау үшін
оқытушының алдына оқылған материалды меңгеру сапасының көрсеткіштерін, бақылаудың
әдістері мен түрлерін таңдау, оны жүзеге асырудың процедураларын жасау, бақылау мен
бағалаудың негізгі функцияларына сәйкес оқу қызметін жекеше түзету тәсілдерін негіздеу
міндеттері қойылады
Үлгерімді бақылау барысында білімдер, дағдылар мен ептіліктер тереңдетіліп дамитын
болса, білімділік деңгейі жоғарыласа, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті артса, білім алушының
дербестігі ынталандырылса, бақылаудың оқыту функциясы жүзеге асады.
Бақылаудың ықпалынан психикалық үдерістер мен зейін, есте сақтау, ойлау сияқты
тұлғаның қасиеттері мен дамитын болса, таным белсенділігі ынталандырылса, бақылаудың
дамыту функциясы орын алады. Тек білім алушыға берілетін тапсырмалар (сұрақтар) жауап
беру кезінде одан оқығанын айтып беруді емес, түсіндіруді, дәлелдеуді, негіздеуді талап
ететін болса ғана бұл функция жүзеге асады.
Тәрбиешілік функция. Үлгерімді бақылаудың бағасы білім алушы қызметінің
нәтижелері туралы қоғамдық пікірін бейнелейтін болғандықтан, ол білім алушыға үлкен
моральді ықпал көрсетіп, өзінің оқу міндетін түсінуін және жауапкершілікті тәрбиелей
отырып, жігерін, тәртіптілігін, ұстанымдылығын дамытады.
Басқарушы функция. Үлгерімді бақылау білім алушы мен оқытушыға жетістіктер
деңгейін көрсететін және ары қарай үлгерімді жақсартуға бағыттайтын үздіксіз кері
байланыс болып табылады.
Бақылау-бағалау функциясы білім алушы оқу қызметінің барысы мен нәтижелерін
қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл функцияда бақылау жүйесі оқытушы тарапынан бақылау
жасаудан, білім алушылар бір-бірін бақылаудан және олардың өз-өзін бақылаудан тұрады.
Өз-өзін бақылаудың маңызын психологтар дәлелдеп, егер адам өзінің қателіктері мен
кемшіліктерін көрмесе, өз қызметінің нәтижелерін сыни бағалай алмаса, онда көп рет
қайталай берсе де оның қызметі бойынша нәтижелерінің дамымайтынын көрсеткен.
Ұйымдастырушы функция. Жүйелі түрде жүргізілетін бақылау білімгердің жұмысын
ұйымдастырып, жоғары оқу орнының талаптарына бағыттап, өзіндік жұмыстың тиімді
тәртібін құрастыруға ықпал етеді.
Кәсіби бағытталған оқыту технологиясының шеңберінде жоғарыда көрсетілген
функциялардың жүзеге асуы, яғни педагогикалық тиімділік көрсетуі, бақылау мен бағалау
жүйесіне қойлатын дидактикалық талаптардың орындалуына байланысты. Мұндай бірқатар
маңызды талаптарды атап өтейік:
♦ жекеше (дербес) сипаттамасы, жеке студенттің нәтижелерін ұжымның (оқу тобының)
қорытындыларымен және керісінше алмастыруға жол бермейтін әр білімгердің жұмысын,
оның жеке танымдық қызметін бақылауды талап етеді;
♦ оқыту технологиясын жүзеге асырудың барлық кезеңдеріндегі бақылаудың жүйелілігі
мен тұрақтылығы, оның білім алушылар оқу қызметінің басқа тараптарымен үйлестіру; ♦ жоғарыда айтылған бақылау функцияларының орындалуын қамтамасыз ететін
әртүрлі бақылау әдістерін қолдану, бақылаудың жүргізілуі мен нәтижелеріне деген білім
алушылардың қызығушылығын арттыру;
♦ оқу бағдарламасының барлық тарауларын, теориялық білімдер мен тәжірибелік
дағдылар мен ептілікті қамтамасыз ететін бақылаудың толықтығы (жан-жақтылығы);
♦ студенттерді толық білмегендіктен немесе кейбіреуіне бір жақты көзқарасынан пайда
болған оқытушының субъективті және қате бағалау пікірі мен қорытындыларын
болдырмайтын бақылаудың әділдігі;
♦ әр оқу пәнінің (оның жеке тарауларының) ерекшеліктерін, сонымен қатар әр білім
алушының жеке сипаттамаларын ескеретін дифференциацияланған тәсілдеме.
Оқытудың кәсіби-бағдарлы технологиясын жобалау және жүзеге асыру кезінде оқу
үдерісі нәтижелерін бақылаудың оңтайлы әдістерін таңдау маңызды орын алады.
Бақылау әдістері дегеніміз білім алушылардың оқу-танымдық пен басқа қызмет
түрлерінің және оқытушылардың педагогикалық жұмысының нәтижелілігін анықтаудың
тәсілдері. Қазіргі замандағы дидактикада бір-бірімен үйлестірілген ауызша, жазбаша,
тәжірибелік (зертханалық), машиналық (компьютерлік), білім алушылардың өз-өзін бақылау
әдістері қолданылады.
Бақылау әдістерімен қатар педагогикалық әдебиеттерде бақылау түрлері көрсетіліп,
келесідегідей жіктеледі:
- оқыту мақсаттарының масштабы бойынша: стратегиялық, тактикалық, оперативтік;
- оқу кезеңдері бойынша: ағымдық, аралық, қорытынды;
- уақыттық бағытталуы бойынша: ретроспективалық, алдын-ала, озық;
- бақылау жиілігі бойынша: бір жолғы, мерзімді, жүйелі;
- бақылау ауданы бойынша: локалді, іріктеме, тұтас;
- оқытуды ұйымдастырудың формалары бойынша: жеке, топтық, тұтас (фронталді);
- әлеуметтік жанама формалары бойынша: сыртқы (әлеуметтік), аралас (бір-бірін
бақылау), ішкі (өз-өзін бақылау);
- оқу сабақтарының түрі бойынша: дәрістегі, семинардағы, тәжірибелік және
зертханалық сабақтағы, сынақтағы, коллоквиумдағы, емтихандағы;
- бақылауды жүзеге асыру тәсілдері бойынша: жазбаша, ауызша, стандартталған,
машиналық және т.б.
Өткізу мерзіміне қарай бақылау қорытынды және ағымдағы деп бөлінеді. Ағымдағы
бақылау өз жағынан нақты ағымдағы және аралық деп бөлінеді.
Үлгерімнің ағымдағы бақылауы әр тақырып, тарау бойынша білімді игеру сапасын,
тереңдігін, көлемін; кемшіліктер мен оларды жою шараларын; білім алушылардың
жұмыстағы жауапкершілік дәрежесін, олардың қабілетінің даму деңгейін, жұмысқа кедергі
жасайтын себептерін; өзіндік жұмыс дағдыларын игеру деңгейін, оларды дамыту жолдары
мен құралдарын анықтайды.
Сонымен қатар, бақылау болашақ мамандардың мамандыққа деген қызығушылығын,
танымдық белсенділігін арттырып, оқу материалын өз бетінше меңгеру дағдысын күшейтеді.
Ағымдағы бақылауды оқытушы күнделікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдыңғы, ағымдағы, кейінге қалдыру және қорытынды бақылау жайлы
Шығындарды пайдаға қосу уақытына байланысты кезеңдік айырмашылықтар
Алдыңғы, ағымдағы, кейінге қалдыру және қорытынды бақылау жайлы ақпарат
Кәсіпорын кірістері есебінің қазіргі заманғы жағдайы: қалыптасуы, бөліп таратылуы және қолданылуы
Ұйымның табыстарының есебі мен аудиті
Инвестициялық қызметтен табыс
Бағдарламалау ортасының сипаттамасы
Нарықтық экономика жағдайында несиелендіру
КОРПОРАТИВТІ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау туралы
Пәндер