Халықаралық нарық


ҚР Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Орындаған: Оңғарова Ф. С
Тексерген: Габдуллина Л. Б.
- Халықаралық еңбек бөлінісі
- Халықаралық интеграция
- Халықаралық сауда
- Халықаралық қаржылық валюталық ұйымдар
- Халықаралық жұмысшы күші миграциясы
Экономикалық ғылымда халықаралық еңбек бөлінісі туралы төмендегідей негізгі экономикалық теориялар қалыптасты.
Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі ілімін абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы құрайды. Классикалық осы теория Адам Смит мен Давид Рикардоның XVIII ғасырдағы еңбектерінде айтылған. Аталған теорияның пайымдауынша: әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіке аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс. Осы теорияның олқылықтары мынада: мұнда еңбек бөлінісінің жүзеге асуын қысқарған үрдісте - екі ел мен екі тауарға арнап қарастырған. Демек, бұл салыстырмалы артықшылықтың жалпы моделі ғана.
Халықаралық еңбек бөлінісін негізінен үш типке бөледі: жалпы, жеке және ерекше. Жалпы халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз-(бұл ұлттық экономикадағы қоғамдық еңбек бөлінісіне тән) еңбек бөлінісінің өндіріс саласымен жіктелуі. Мысалы: өңдеу мен кен қазу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп т. б. Бұл жағдайда жеке елдердің аймақтық мамандануы қалыпты табиғи-климаттық жағдаймен айқындалады. Ал, халықаралық еңбек бөлінісінің байқалуы экспорт- елдердің индустриялдық, шикізаттық және аграрлық бөлуінен білінеді.
Жеке халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз - елдердің дараланған белгілі өндіріс саласының дайын өнімге мамандандырылуын айтамыз. Халықаралық еңбек бөлінісінің бұл түріне жоғары деңгейдегі өнеркәсіптің жіктелуі тән.
Ерекше халықаралық еңбек бөлінісі деп әртүрлі елдердің дараланған тетік, деталь, агрегаттар мен өнім компоненттерін дайындауын айтамыз. Осы аталған технологиялық саты - өндіргіш күштердің жоғары дамыған дәрежесіне сай келеді және ол ең жоғарғы тип болып келеді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің аталған типтері көбіне қабысып жатады. Қазіргі жағдайда ерекше халықаралық еңбек бөлінісінің басым болу үрдісі анық байқалады. Сондай-ақ оның барлық типтері бөлшек және кооперациялық мамандандырылумен толықтырылып, өндіріс процесі кооперацияланады. Мысалы, американың “Форд Моторс” концерні құрастыруға қажет материалдарды 25 мың шет ел фирмасынан сатып алады. Осындай жағдай “Рено” (Франция), “Фиат” (Италия), “Тойота мен Ниссан” (Жапония) концерндерінде және т. б. байқалады.
Өндіргіш күштердің өсуі, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі шаруашылық өмірді интеграциялауға алып барады. Немесе елдер мен халықтардың арасындағы тұрақты экономикалық байланысты дамытып, ұлғаймалы өндіріс процесінің ұлттық шеңберден шығуына ықпал жасайды. Өндіргіш күштердің интеграциялануының өсуі, оның бүкіл дүниежүзілік ауқымдағы экономикалық прогресті қамтамасыз ету шеңберін арттырады. Халықаралық айырбас көбінесе түрлі елдердегі кооперативті кәсіпорындардың арасындағы тауардың жеткізілуін ертерек келістіретін орын түріне айналды. Өндірістің кең көлемді дамуы шикізат пен жанар майды ғаламдық деңгейде қамтамасыз етуді алға қояды және өнімді жаппай экспорттауды талап етеді. Импорттық шикізат пен жанар майды тұтыну АҚШ-та 1/3 есе құраса, Батыс Европада шамамен 2/3, Жапонияда 4/5 шамасында. Кәсіпкерлер ұлттық нарық шеңбері ауқымына ерекше назар аударуда. Экспортқа жалпы ұлттық өнімнің АҚШ пен Жапонияда-10%, Канада, Франция, Германия, Англия, Швеция, Италияда-20-25%-ы шығарылады екен.
Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы - ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды.
азақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау бағыттары.
Еліміздің дүниежүзілік интеграциялық процестерге қатысып, көпжақты ынтымақтастықты қалыптастыруға мүдделілігі орнығып келеді.
Ең алдымен Қазақстанның 1992 жылы 2 - наурызында БҰҰ-ға (Біріккен Ұлттар Ұйымы) 164-ші ұлттық мүшесі болып қабылданғанын айтуға болады. Біздің республика - БҰҰ-ның саяси мәселелері жөнінде (әсіресе, ядролық кауіпсіздік мәселелері) белсенді мүшелерінің бірі өнеркәсібі дамыған елдер мен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т. б. ) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе - Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясы жатады. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалық қатынастар басым бағыттар ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.
Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда.
Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтеріледі. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізеді.
2000 жылдың 10 - қарашасында Кеден одағына кіретін Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан, Ресей және Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінің мәжілісінде жаңа халықаралық мекеме Еуроазиялық экономикалық қауымдастық (ЕуЭҚ) құрылды.
Осы қауымдастықты құру мұнда кірген елдерге көп жағымды нәтижелер әкеледі, себебі қол қойылған құжатта ғылым мен білім саласында, саясат заңдылықтар үйлесімі туралы арнайы тарау бар. Сондықтан осы одақтың барлық азамтаттары біртұтас әлеуметтік стандарт пен оны пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Қазіргі уақытта сыртқы шекараны нығайту мен қауымдастық ішінде рұқсат қағазынсыз режим бойынша біртұтас келісім жасалуда.
Жоғарғы орган мемлекетаралық кеңес болып табылады, оның қызметтеріне интеграцияның даму болашағы, бағыттары мен стратегия мәселелері кіреді.
азақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау бағыттары.
Еліміздің дүниежүзілік интеграциялық процестерге қатысып, көпжақты ынтымақтастықты қалыптастыруға мүдделілігі орнығып келеді.
Ең алдымен Қазақстанның 1992 жылы 2 - наурызында БҰҰ-ға (Біріккен Ұлттар Ұйымы) 164-ші ұлттық мүшесі болып қабылданғанын айтуға болады. Біздің республика - БҰҰ-ның саяси мәселелері жөнінде (әсіресе, ядролық кауіпсіздік мәселелері) белсенді мүшелерінің бірі өнеркәсібі дамыған елдер мен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т. б. ) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе - Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясы жатады. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен экономикалық қатынастар басым бағыттар ұстауда. Еуропа экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады.
Дәстүрлі экономикалық қатынастарды Қазақстан барлық ТМД елдерімен және Шығыс Еуропамен жалғастыруда.
Қытаймен өзара ұзақ мерзімді қатынас жаңа деңгейге көтеріледі. Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзіндегі 60-тан астам елдермен сауда қатынастарын жүргізеді.
2000 жылдың 10 - қарашасында Кеден одағына кіретін Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан, Ресей және Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінің мәжілісінде жаңа халықаралық мекеме Еуроазиялық экономикалық қауымдастық (ЕуЭҚ) құрылды.
Осы қауымдастықты құру мұнда кірген елдерге көп жағымды нәтижелер әкеледі, себебі қол қойылған құжатта ғылым мен білім саласында, саясат заңдылықтар үйлесімі туралы арнайы тарау бар. Сондықтан осы одақтың барлық азамтаттары біртұтас әлеуметтік стандарт пен оны пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Қазіргі уақытта сыртқы шекараны нығайту мен қауымдастық ішінде рұқсат қағазынсыз режим бойынша біртұтас келісім жасалуда.
Жоғарғы орган мемлекетаралық кеңес болып табылады, оның қызметтеріне интеграцияның даму болашағы, бағыттары мен стратегия мәселелері кіреді.
Экономикалық интеграция (экономикалық бірігу) - түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық және олардың толық (немесе ішінара) бірегейлендірілуі;
осы елдер арасындағы саудада кедергілерді жою;
бір үлкен (ортақ) нарық құру мақсатымен жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарын жақындату, экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге дейін) .
Экономикалық бірігу үдерісі түрлі деңгейлерде жүргізіледі. Деңгейлес (компания бәсекелестің компаниясын өзінің бақылауына алады немесе өндірістік үдерістің бірдей сатысындағы бірдей салада істейтін компанияларды қосып алады) және сатылaс экономикалық бірігу (компанияның қызметі ақырғы өнімді өндірудің технологиялық тізбегіндегі екі не одан көп буынды қамтиды; ол өнімді өндіру мен өткізудің барлық сатысын: шикізатты өндіруден көтерме немесе бөлшек саудаға дейін қамтуы мүмкін) түрлеріне бөлінеді. Экономикалық бірігу халықаралық сипатта болады және ұлттық шаруашылықтарды бірыңғай халық шаруашылығына бірігуге дейін жақындастыруды көздейді. Экономикалық бірігу - шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол әуелі микродеңгейде (фирмалар мен банкілер деңгейінде) болады, сонан соң макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда экономикалық бірігу халықаралық келісімдермен және шарттармен ресімделеді. Экономикалық бірігу өзінің жогары көрінісінде институттық сипат алады, яғни тұрақты әрекет ететін халықаралық органдар нысанында болады. Халықаралық интеграциялық бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда аймағы, кеден одағы, ортақ нарық, экономикалық және валюталық одақтар - экономикалық бірігудің жоғары нысаны. Қазіргі кезде әлемде экономикалық бірігудің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті. Еркін сауда аймағына НАФТА (Солтүстік-американ еркін сауда қауымдастығы) үлгі бола алады. Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан арасындағы Кеден одағы туралы келісім жасасылды.
Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі - халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.
Халықаралық сауда шарттары - 1) ұлт аралық компаниялар, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары ынталылық танытқан табиғи және әлеуметтік факторлардың, ұлттық нарық ғұрыптары мен дәстүрлерінің, Келісімдер мен нормалардың кешені; 2) елдің сыртқы саудасының экспорттық және импорттық бағасы серпінінің көрсеткіші. Елдің әлемдік шаруашылыққа бірігуі экономикалық кеңістікке сүйене- мұнда халықаралық сауда шарттары және елдің шаруашылық қызметінің шарттары ұрлым қолайлы болады. Осыған орай Қазақстанның ТМД елдерімен, жақын көршілермен және стратегиялық әріптестермен бірігуі оның саясаты мен сыртқы экономикалық қызметінде басты аумақ алады- бұл қызмет дайын өнім нарығын кеңейтуге, ТМД аумағында қалған көлік-коммуникациялық инфрақұрылымның атқарымын қамтамасыз етуге, шикізат ресурстарына қол жеткізуге, Қазақстан капиталының таяу шет елдерге тиімді жұмсалымын ынталандыруға бағытталған.
Халықаралық валюталық қатынастар - ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грекияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдың шеңбер айналысы үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыкка қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір белігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданын, дамуына, шетел капиталына ағымына арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді.
Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді.
Шаруашылық байланыстардың негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.
Валюталық жүйе - ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
Ұлттық валюталық жүйе;
Дүниежүзілік валюталық жүйе;
Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптаскан.
Ұлттық валюталық жүйе - халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.
Дүниежузілік валюталық жүйе - бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz