Түйелердің ет өнімділігі және етті өндіру технологиясы


Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Түйелердің ет өнімділігі және етті өндіру технологиясы

Орындаған: Мадьярова Ш. Т.

Тексерген: Қорабаев Ж. З.

Топ: ТЖ - 305

Семей қаласы 2015 жыл

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім

2. 1. Түйе өсіру шаруашылығы

2. 2. Түйені көбейту

2. 3. Түйенің ет өнімділігі

III. Қорытынды бөлім

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

http://egemen.kz/demo/wp-content/uploads/2013/10/100-333.jpg Түйе өсіріп, одан өнім өндіру - еліміздегі мал шаруашы­лы­ғының дәстүрлі салаларының бірі. Қазақстанда бұл саланың тарихи дамуына жайылымдық жерлердің жартысынан астамын шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы себеп болған секілді. Өйткені, түйе - шөлге өте шыдамды түлік түрі. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.

Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа малдарға қа­рағанда тиімді түлік түрі болып табылады. Түйе шаруашылығына орынды жұмсалған қаржы 5-6 есе­ге дейін табыс әкелетіндігі ғылы­ми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.

http://egemen.kz/demo/wp-content/uploads/2013/10/100-333.jpg Түйе өсіріп, одан өнім өндіру - еліміздегі мал шаруашы­лы­ғының дәстүрлі салаларының бірі. Қазақстанда бұл саланың тарихи дамуына жайылымдық жерлердің жартысынан астамын шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы себеп болған секілді. Өйткені, түйе - шөлге өте шыдамды түлік түрі. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.

Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа малдарға қа­рағанда тиімді түлік түрі болып табылады. Түйе шаруашылығына орынды жұмсалған қаржы 5-6 есе­ге дейін табыс әкелетіндігі ғылы­ми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.

Түйе сүтінен дайындалатын шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық қасиеттері ертеден-ақ белгілі. Әрі сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік қасиеті жоғары болғандықтан, ұзақ мерзімге сақталады (300С ыстықта 24 сағатқа дейін ашымайды) . Дәрігерлердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсеткен. Сонымен бірге, асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі. Қос өркешті інгеннен тәулігіне майлы­лығы 5, 5-7, 0 пайызды құрайтын 4-6 литр, ал бір маусымда 1200 литр сүт өндіріледі. Дара өркешті таза тұқымды аруана маясы­нан бір тәулікте майлылығы 3, 5-4, 2 пайыз болатын 12-15 литр, ал бір маусымда 3500 литр сүт өндіруге болады.

Түйе малынан сапалы ет өнді­ріледі. Тағамдық қасиеті және құнар­лылығы бойынша түйе еті сиыр етімен деңгейлес. Өзіндік құны арзан түйе етін өндірудің бас­ты жолы түйені жайып-семірту екен­дігі ғылыми-өндірістік тәжі­ри­белердің нәтижесінде дәлелденді.

Түйені өсіру. Түйе - сүтқоректі жануар. Қазақстанда түйенің байырғы тұқымы болып табылатын қазақтың қосөркеш түйесі бактриан немесе қолға үйренген жануар ретінде белгілі бірөркешті дромадер (аруана) кең тараған. Түйе жазда өре, қыста қора секілді ең кең орында өмір сүреді. Ең бас­тысы қолданылатын орын таза, түйелер ылғалға өте сезімтал болғандықтан сыз өтпейтін болуы керек. Сауу, су беру, түйе жүнін қырқу автоматтандырылған болса, одан әрі түйе асырау айтарлықтай жеңілдей түседі.

Түйелер 20 жылға дейін өмір сүреді. Қалың терісі күндізгі қа­пы­рықтан және түнгі суықтан қор­ғануға арналған. Әрбір түрі даму мен дене бітімінің өзіндік ерек­шеліктеріне ие. Ересек түйелердің таза­ салмағы орта есеппен 600-630 кг. тартады, бір түйеден орта есеп­пен 5 кг. жүн қырқылады.

Түйелер көктемгі және күзгі жайылымдарда тез қоңданады. Етті бағыттағы түйе өсіруді ең алдымен шұбат өндіру ісімен ұштастырған жөн. Міне, осы ет бағытында қазақтың қос өркешті түйесімен қатар, олардың інгендерін қалмақ және түркімен түйе бурасымен шағылыстыру арқылы алынған будандарды барынша көптеп өсіру тиімді болып табылады. Будан буыршындар салмағы жергілікті түйе төлдерінен 80-120 килоға артық болады. Жайылымда семіртілген құнанша, дөненше буыршындардың сойыс шығымдылығы 51, 7-52, 5 пайызға, ірі сақа түйелерде бұл көрсеткіш 55-58 пайызға жетеді.

Түйелердің салмағы жыл маусымына байланысты өзгеріп отыратындықтан, көктемде жайып семіртілген сақа буралар мен інгендерді маусым-шілде, ал жас буыршындарды қараша-желтоқсан айларында етке өткізген орынды. Асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдалану мақсатында ірілігі мен ет өнімділігі бойынша қос өркешті түйелер арасында, ТМД елдерінде ғана емес әлемде ерекше орын алатын қалмақ бактрианы қолданылуда. Тұқым мен типаралық жұптастырудан алынған 1 жасар тайлақтар таза тұқымды тұстастарымен салыстырғанда, тірідей салмағы бойынша 15-20 пайызға басым болады.

Түйе азығы. Жыл бойы түйелер өрісте, жердегі шөппен азықтанады, түйе тікенектер мен жантақтардан басқа да түрлі өсімдіктерді жей­ді, ал қыста оларды пішенмен қорек­тендіреді. Қатты жемді қорыту түйе үшін сөз емес. Түйені қыста тәу­лігіне бір рет, жазда екі рет суарады. Олар 10 минут ішінде 13 шелек су ішеді.

Көбейту. Түйені көбейту - мал шаруашылығында экономикалық ең тиімді сала. Түйелерде екі жылда бір рет бір бота туады.

Екі өркешті түйенің буаздығы, ал боталарды сүтпен емізу ұзақтығы 6 ай, көбею кезеңінің басталуы 3-5 жас. Бір өркешті түйенің буаздық уақыты 12-14 айды құрайды, ботасын емізу ұзақтығы - 5-6 ай, аталығының көбеюге жетілуі - 4-6 жас, ұрғашыларынікі - 3 жас.

Түйенің 100 аналығынан орта есеппен 34-37 бас төл алуға бо­лады. Түйе өсуді 7 жаста тоқ­тата­ды. Салқын күндері боталар­ды аналықтарынан бөлек жылы қораларда ұстайды және қоректендіру үшін оларға тәулігіне 6-7 рет жібереді.

Түйе өнімдерін өткізу. Түйе­лерді өсіруден алынатын өнімдерді (шұбат, жүн, ет, май, ірімшік, тері) Қазақстан нарығында сатып өткізуге болады. Түйе сүті ерекше дәмге ие. Ұзақ сақталады. Оны авитаминозда, туберкулезде, қант диабетінде, қан аздықта, созылмалы гастритте, колитте және басқа да бірқатар ауруларда пайдалану ұсынылады.

Түйені асырауға барлық шығыс­тарды тек жүн сатудың өзімен ғана ақтап алуға болады. Бірақ, түйеден жүннен басқа өнімдерден де көл көсір табыс алынады. Оның еті, сүті, терісі де бағалы. Түйе - далалы шөлейт жерлерде таптырмайтын жүк көлігі.

Түйе өсіруге жұмсалатын шығындар:

Екі түйе сатып алуға, әрбірі 150 мың теңгеден деп есептегенде, барлығы 300 мың теңге қажет.

Түйені қосымша азықтандыру үшін жұмсалатын пішеннің 1 тоннасы шамамен 5 мың теңге тұрады. Мөлшермен алғанда бір қысқа 2 тонна пішен қажет. Демек, осы іске 10 мың теңге жұмсайсыз.

Барлығы: 310 мың теңге.

Түйе өсіруден түсетін кіріс:

Екі түйеден аз дегенде 10 кило жүн өндіруге болады. 100 грамм жүн 300 теңге тұрады деп есептесек, бұдан сіз 30 мың теңге кіріс қаратасыз. Ал егер одан көрпе жасап сататын болсаңыз, 250-300 мың теңгеге дейін пайда аласыз.

1 литр шұбат 300-400 теңге тұрады. Сонда сіз бір түйенің сүтінен күніне кем дегенде 1200 теңге, ал бір айда 36 мың теңге, бір маусымда кемінде 200 мың теңге пайда қаратасыз.

Елімізде Түйе шаруашылығы объективті және субъективті жағдайларға байланысты түрліше қарқында дамыды. Қазақстанда 1927 ж. 1, 2 млн. бас түйе өсірілсе, күштеп жүргізілген ұжымдастыру саясатының салдарынан 1941 ж. түлік саны 104, 6 мыңға дейін кеміді. Осыдан кейінгі 70 жылға жуық уақыт аралығында мал басы 105, 0 - 154, 0 мың аралығында болып, ең жоғ. көрсеткішке 1994 ж. қол жеткізілді (153, 9 мың) . 1980 - 95 ж. аралығында жыл сайын 5, 0 - 9, 0 мың т түйе еті, 4, 5 - 5, 0 мың т шұбат, 700 - 1000 т жүн өндіріліп келді.

Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Салаға орынды жұмсалған қаржы 5 - 6 есеге дейін табыс әкелетіндігі ғылыми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.

Түйе сүтінен дайындалатын шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық қасиеттері ертеден-ақ белгілі болған. Оның адам ағзасына сіңімділігі 98%-ды құрайды. Құрамындағы құрғақ заттың үлесі 14, 5 - 15, 5%-ға, май - 5, 5 - 6, 5%-ға, белок - 4, 0 - 4, 5%-ға, сүт қанты - 5, 0 - 5, 5%-ға, минералды заттар 0, 6 - 0, 8%-ға сәйкес келеді. Қос өркешті інгеннен тәулігіне майл. 5, 5 - 7, 0% болатын 4 - 6 л, маусымда 1200 л сүт сауылса, дара өркешті таза тұқымды аруана маясынан майл. 3, 5 - 4, 2% болатын 12 - 15 л, маусымда 3500 л сүт сауылады. Қос өркешті және дара өркешті түйелердің будандарынан бір маусымда майл. 4, 0 - 4, 5% болатын 3000 л сүт өндіріледі. Түйе сүті сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік қасиеті жоғары болғандықтан ұзақ мерзімге сақталады (30°С ыстықта 24 сағатқа дейін ашымайды) . Дәрігерлердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсетті. Сонымен бірге асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйе етін өндіру технологиясы, химиялық құрамы және сараптау нәтижелері
Түйе өркешінің майы
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Түйелерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Жылқылар мен түйелердің ұстау жағдайын оңтайландыру
Түйені күту және азықтандыру
Боталарды өсіру кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Дәстүрлі еттен ұлттық тағамдарға шолу
Қойдың жүн өнімділігі
Түйенің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz