Бруцеллезді балау әдістері туралы



I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

1. Бруцеллёз (мальта қызбасы);
2. Бруцеллезбен күрестің негізгі шарттары;
3. Бруцеллалардың антигендік құрылымы;
4. Бруцеллездің алдын алуы;
5. Негізгі реакцияның дұрыс жүруіне қадағалау үшін 3.шұңқырға тексеру реакциясын жүргізеді.
III. Қорытынды бөлім.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмгетарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру. Бруцеллез (Brucellosis ) – созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
1. Б.Т.Толысбаев,К.Б.Бияшев,Р.Ж.Мыктыбаева «Ветеринариялық – санитариялық микробиология»
2. Сайдулдин Т. «Ветеринариялық індеттану» Алматы, І999ж.(125-127б).
3. «Эпизоотология и инфекционные болезни» Учебник под ред.
А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж.(170б).
4. Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары ». Алматы 1992 (66 б).

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

БӨЖ
Тақырыбы: Бруцеллезді балау әдістері.

Орындаған: Сабырғалиева А.Қ.
Тексерген: Нуркенова М.К.

Семей 2015.
Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

1. Бруцеллёз (мальта қызбасы);
2. Бруцеллезбен күрестің негізгі шарттары;
3. Бруцеллалардың антигендік құрылымы;
4. Бруцеллездің алдын алуы;
5. Негізгі реакцияның дұрыс жүруіне қадағалау үшін 3-шұңқырға тексеру реакциясын жүргізеді.
III. Қорытынды бөлім.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмгетарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру. Бруцеллез (Brucellosis ) - созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндометрит, орхит және жануарлардың жыныстық қабілетінің бұзылуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Бруцеллез жер шарының көптеген елдерінде таралған, бірақ сирек кездесетін Африка, Орталық және Оңтустік Америкада. Азия мен Европаның кей елдерінде. Бруцеллезге 60-тан артық үй және жабайы жануарлар түрлері бейім.Әсіресе тез шалдығатындары: сиыр. қой, ешкі, солтүстік бұғысы. Оларда бруцеллез індет түрінде таралады. Түйе,жылқы, марал, қодас, буйвол сияқты жануарларда бәсеңдеу таралады. Ит,мысық, қоян сайғақ, түлкілерде шектеулі дәрежелерде, болмаса спорадия түрінде кездеседі. Бұл аурудың табиғи ошағы болмайды. Инфекция қоздырушысының бастауы бруцеллезбен ауырған малдар жатады, әсіресе клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қауіпті.Ондай жануарлар шаранамен, шумен, тастанды төлмен, жыныс жолдарымен аққан соралармен ауру қоздырушысын аса көп мөлшерде бөліп шығарады. Қоздырушы микроб сонымен қатар сүтпен, шәуетпен,нәжіспен, несеппен бірге бөледі.

Қоздырғышы: бруцеллезді ір түрлі түлікте Brucella туыстығына жататын 6 түрге бөлінетін микробтар қоздырады.
:: B. melitensis - қой мен ешкі бруцеллезінің қоздырғышы жəне адам үшін зардапты.
:: B. abortus - ірі қара бруцеллезінің қоздырғышы.
:: B. suis - шошқа, солтүстік бұғы бруцеллезінің қоздырғышы.
:: B. neotomae - шөлейттегі егеуқұйрықта кездеседі.
:: B. ovis - қой үшін зардапты, қошқардың жұқпалы эпидидимитінің қоздырғышы.
:: B. canis - ит үшін зардапты.
Сиырдың желінінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3 жыл сақталып, оқтын-оқтын сүтпен бөлініп тұрады. Бруцелалармен ластанған өнімдер және малдан алынған шикізаттар, жануарларды күтуге арналған жабдықтарда ,жемшөп, төсеніш, су, топырақ, малды қарайтын адамдардың киімдері басты жұқтыру факторлары болып табылады.Жас төлге бруцеллез негізінен алиментарлық жолмен енесінің сүті арқылы, ал сақа жануарларға алиментарлық жолмен және шығылысқанда жанасу арқылы жұғады. Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал әкелгенде каратиндеу ережелерін сақтамағанда, ауру және сау малдарды бірге жайганда, бір суаттан суарганда, бір жолмен айдағанда таралады. Ауру қоздырушысын малға ит пен кемірушілер де әкеледі. Әсіресе олар бруцеллезге шалдыққан малдардың шуымен не тастанды төлмен жанаскан жағдайда микроб тасымалдаушыға айналады. Індеттің жаңа ошақтарында бейім жануарлардың 60%-ке дейін инфекцияға шалдығу мумкін. Бас кезінде буаз мал ішінара, ал кейін жаппай іш тастауы мүмкін. 2-3 жыл өткен соң аборт байқалмайды, ал шеттен мал қосқанда індеттену өршіп, жаңа әкелінген және бұрын ауырған малдарды қоса қамтып, тастау қайтадан қаулауы мумкін. Малды араластыру індетті өршітіп, оның жаңа ошақтарын қалыптастырады. Малды өсіргенде, бағып күткенде ветеринарлық- санитарлық талаптарды дұрыс орындамау, соның нәтижесінде жануарлардың ауруға төзімділігінің нашарлауы, уақытылы шумен тастанды төлді жинамау, көңді тазаламау, дезинфекцияны ретті түрде жасамау бруцеллездің шығуына жағдай тудырады. Бруцеллезге диагноз кешенді түрде індеттанулық, клиникалық, аллергиялық, зертханалық тексерудің нәтижесінде қойылады. Бруцеллезге ауылшаруашылық және үй жануарларының барлық түрі, көптеген жабайы аңда мен құстар сезімтал.Тәжірибе жүзінде тасбақаларды,бақаларды және тағы басқаларын зақымдауға болады. Бруцелла бактериялары препараттарда көбінесе ретсіз орналасады, бірақ кейде тізбек түрінде не екі - екіден жататын кездері де болады. Шар түріндегі бактериялардың ұзындығы 0,3 - 0,6 мкм, ал сопақша формалар 0,6 - 1,5 мкм шамасында болады. Бруцеллалар өздігінен қозғалмайды, спора туғызбайды. Кейбір жағдайларда қабықша (капсула) пайда болуы мүмкін. Электрондық микроскоп арқылы тексергенде бруцеллалардың бір - бірінен және басқа да Грам әдісімен теріс боялатын бактериялардан өзгешелігі байқалмайды. Бруцеллалар барлық анилинді бояулармен боялады. Романовскийдің әдісімен бруцеллалар нәзік күлгін түске боялады. Грам әдісімен боялмайды. Бруцелланың ауру қоздырғыштық қабілеттілігі және вируленттігі. Бруцеллез індетіне ұшыраған малдың денесінде ауру қоздырғышы негізінен ретикулді - эндотелиалды жүйенің клеткаларында өсіп - өнеді. Мұның өзі бруцелланы клетканың ішінде тіршілік жасайтын қоздырғыштар тобына жататындығын дәлелдейді. Организмге енгеннен кейін қоздырғыш алғашында лимфоидті тканьдерде тоқталып, өсіп - өнеді. Осының нәтижесінде морфологиялық тұрғыдан қарағанда ретикулді - эндотелиалдық пролифераттар және некробиоздық ошақтар пайда болады. Бұл өзгерістердің даму дәрежесі бруцелланың вируленттігіне тікелей байланысты.
Вируленттік қасиет - әрбір жеке штамманың өзіндік қасиеті болып есептеледі, былайша айтқанда қоздырғыштың ауру қоздырғыштық қабілетінің сандық көрсеткіші деп есептеуге де болады.

Бруцеллезбен күрестің негізгі шарттары:
- малға серологиялық,аллергиялық және бактериологиялық зерттеулерді қойып,ауырған малдарды анықтау.
- ауырған малды шаруашылықтан бөлектеп,оған емдеу профилактикасын жүргізу қажет.
- бруцеллезге қарсы вакцинацияны уақытылы жүргізу қажет.
Бруцеллалардың антигендік құрылымы. Бруцеллезбен ауырған не бруцелла микробын еккен жануарлардың қанында тиісті аниттелалар түзіледі. Көптеген өзімізге белгілі организмнің осы қасиетін ауруды анықтап, бруцеллалардың түрлерін табу үшін пайдаланады. Агглютинация реакциясы арқылы бруцелланың сыртқы қабатындағы антигендерді анықтап, диссоциацияға түскен R формасымен диссоциацияға түспейтін S формасын ажыратуға болады. Меер мен Фезье (1921) осы бағытта жұмыстар жүргізгенде жай агглютинация (РА) реакциясымен қатар Кастелланидің агглютининдерді адсорбциялау әдісін пайдаланады.
Бруцеллездің алдын алуы
Жануарлардың бруцеллезімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ветеринария тәжірибесінде қолданылып жүрген мал бруцеллезіне қарсы шаралар жүйесі
Бруцеллезді балаудың жедел әдісі
Бруцеллез
Бруцеллиоз
Бруцеллезді болдырмау шараларын ұйымдастыру
Бруцеллезді серологиялық балау
Жануарлар бруцеллезі
Шығыс Қазақстан облысы Уржар аумағындағы мал шаруашылығындағы бруцеллез індетінің таралуын зерттеу
Бруцеллез ауруы кезіндегі иммунитет
Бруцеллез ауруына сипаттама беру
Пәндер