Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері туралы ақпарат



1. Негізгі психопатологиялық синдромдар
2. Психикалықаурулардың жіктемесі
Психопатологиялық синдром—біб-бірімен байланысты патогенді симптомдардың азды-көпті тұрақты байланысы.
Түйсік пен қабылдау бұзылыстарының синдромдары
Галлюциноз синдромы (көру, есту, тактильді және т.б.).
Дене бітімі кескінінің бұзылу синдромдары- денелік «мен» қабылдауының интеро- және проприоцептивті психосенсорлық бұзылыстары, бұл аяқ-қолдардың, бастың, ішкі ағзалардың ұзару, қысқару, қисаю сезімдері.Бұл деперсонализация синдром құрамына кіреді.
Деперсонализация-жеке бастың бүкіл психикалық және физикалық сезімділіктің бұзылуы.
Дереализация- қоршаған дүниені елес күйінде сезіну. Маңайындағының бәрі белгісіз, түсініксіз, тордың арғы жағындатұрғандайәсер қалдырады.
Баншиков В.М., Короленко Ц.П., Давыдов И.В. Жалпы психопатология.-1971ж -99-142,151-160-бетте.
Бухановский А.О. Жалпы психипатология: Пособие для врачей. –Ростов н/Д, 2000. 52-70,70-112, 137-140, 183-209-бетте.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

" Экономика, өндірісті ұйымдастыру және менеджмент" пәнінен
БӨЖ №2

Тақырыбы: Амортизация әдістері.

Орындаған: Шалқарова Ж.Ш.
Оқу тобы: ХН-221
Тексерген: Туруспекова А.С.

Семей
2015 ж

Кез-келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Осындағы еңбек құралдары мекеменің негізгі құралдарын құрайды. Ұзақ мерзімді активтер мекемеде бір жылдан артық уақыт әрекет етіп, натуралдық формасын сақтай отырып, өндірген өніміне өзінің құнын амортизация арқылы біртіндеп аударып отыратын объект.
Қоғамдық кәсіпорында ұзақ мерзімді активтердің алатын орнын өндірістік еңбек құралдары мен өндірістік қатынастар арқылы анықтайды. Экономикалық реформа жағдайында барлық ресурстар мен негізгі құралдардың тиімді пайдалануын қадағалауда есептің ролі артуда.
Активтерге амортизация есептеу барысында кәсіби пікірді қолдану бухгалтерлік есептілікке деген қоғамдық сенімді арттыра түседі. Нақты активтер амортизациясын есепке алудың принциптері мен әдістерін жасақтауға отандық және шетелдік зерттеушілер мен ғалымдардың көптеген еңбектері арналған [1].
Белгілі өндірісі дамыған елдердегі амортизацияны есептеу әдістері арасынан мыналарды бөліп қарауға болады:
* Бастапқы құннан сызықтық мортизация;
* Нарықтық құннан сызықтық амортизация;
* Нысанды қолдану деңгейіне сәйкес амортизация;
* Белгілі базалық көлемді есептеуден кейінгі амортизация;
* Қалдық құнды есептеуден кейінгі амортизация;
* Төтенше амортизация;
* Қиын прценттерді қолдануға негізделген амортизация әдісі;
* Қызметтік амортизация әдісі;
* Пропорционалды тиімділік әдісі және тағы басқалар.
Негізгі құралдар қаржылық есептің халықаралық стандартының 22 және 23 пунктіне сәйкес негізгі құралдардың амортазициясын есепке алудың келесі әдістері бар (1 сызба):
1. Тікелей істен шығару әдісі
2. Өндірістік әдіс
3. Амортизацияны жедел есептеу әдісі
а) куммулятивтік әдіс
б) қалдықты азайту әдісі

Негізгі құралдарды амортизациялаудың әдісі
Негізгі құралдарды қолдану уақытына негізделген
Негізгі құралдар объектілерін қолданудан алынған бірлік санына негізделген
Бірқалыпты амортизация
Дегрессивті (жедел) амортизация
Прогрессивті (баяулатылған) амортизация
Өнім бірлігінің сомасы (өндірістік)
Тікелей істен шығару
Жылдың сомасы (кумулятивті)
Қалдықты төмендету
Амортизациялық
қор
аннуитет

1 сызба - Негізгі құралдарды амортизациялаудың әдісі
Соңғы жылдары өндірісті дамытудың басты бағыттары әсерлерінен жаңа экономикалық пропорция қалыптасатын ғылыми-техникалық прогресс болып табылуда. Олар өтем мен жинақтың, жинақ пен инвестицияның қарым-қатынастарының өзгеруімен сабақтасады. Бұл амортизациялық аударымдардың көлемі мен қозғалыс жылдамдығының негізгі капиталдың айналысы және тозу көлемінен ара қашықтықты ұзартуына әкеледі. Бәсекелестік нәтижесінде пайда болған негізгі қорларды жаңарту қажеттілігі амортизациялық аударымдарды алға қарай инвестицияға салу мақсатында жабдықтарды жедел есептен шығаруға мәжбүрлейді. Осылайша, қарқынды ұдайы өндіру жүзеге асырылады [1].
Соңғы кездері жедел амортизация тәжірибесі Қазақстанда да кең қолданысқа ие болуда.
16 Негізгі қорлар ҚЕХС-на сәйкес, негізгі қорларды амортизациялау келесі тәсілдермен жүзеге асырыла алады:
:: сызықтық;
:: қалдықты азайту;
:: тиімді қолдану мерзімі көрсеткіштерінің сомасы бойынша құнды есептен шығару;
:: құнды өнімнің (жұмыстың) көлеміне пропорционалды есептен шығару.
Амортизацияны есептеу тәсілдерінің бірін негізгі құралдардың біртекті нысандары топтары бойынша қолдану оларды тиімді қолданудың барлық мерзімі ішінде жүргізіледі.
16 ҚЕХС-да жаңадан таңдалған әдіс қаржының есептеме сапасын жақсартуға әкелсе, немесе активтен экономикалық пайда табуды жақсы сипаттайтын болса, амортизация есептеу әдісін жыл сайын қайта қарауға тікелей нұсқау береді. Мұндай өзгерістер № 8 ҚЕХС-на өзгеріс рәсімделеді.
Кәсіпорындарда амортизация есептеу келесі жазбаларда көрсетіледі:
а) өндірістік негізгі құралдар бойынша
Дт 8416 Негізгі құралдар амортизациясы бойынша шығындар
Кт 2420 Негізгі құралдардың тозуы
б) өндірістік емес құралдар бойынша
Дт 7210 Жалпы және административтік шығындар
Кт 2420 Негізгі құралдар тозуы.
Құнды бірқалыпты есептеу (тікелей) әдісі өте қарапайым және көп тараған әдіс болып табылады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым пайдалану мерзімі ішінде бірдей үлеспен есептеліп отырады.
Соңғы кездері, ғылым мен техниканың озық дамыуына байланысты, амортизация есептеудің жеделдетілген әдістері қолданылып жүр. Соның ішінде қалдықты азайту әдісін атап көрсетуге болады.
Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым объектінің жыл басындағы қалдық құнына, амортизация нормасына және жөндеу коэффицентіне байланысты есептеледі. Негізі құралдың құнын, оны пайдалану негізінен, жойылу құнын негізге ала отырып, аталған коэффицент объектіні пайдалану кезеңінің соңында оның құнын жойылу құнына жеткізу үшін қолданылады [2].
Бұл коэффициент былайша есептелінеді:
Д = П х S C
мұндағы, Д - амортизация коэффиценті;
П - пайдалану жылының саны;
S - жойылу құны;
С - алғашқы құны;
Тәжірибе жүзінде бұл формула өте сирек қолданылады да тек дөңгелектелген цифрлар ғана қолданылады.
Кәсіпорындағы технологиялық құрылғының жылдық амортизация есептеу нормасы
100 12 = 8,3% пайызды құрайды.
Серіктестіктегі құрылғыны амортизациялауда қалдықты азайту тәсілі қолданылатын болса, оның нәтижесі төмендегідей болады:
1 жыл - 83 250 000 x 8,3% = 6 909 750,
2 жыл - (83 250 000 - 6 909 750) x 8,3% =6 336 240,
3 жыл - (76 340 250 - 6 336 240) x 8,3 % = 5 810 333,
4 жыл - (70 004 010 - 5 810 333) x 8,3 % = 5 328 175 және т. б. соңғы (12 - ші) жылға дейін.
Жойылу құны құрылғыны қолданудың соңғы 12-ші жылында ғана шегерілетін болады. Егер нысан жойылатын болса, онда оның құнының амортизацияланбай қалған бөлігі жойылу құны болып саналады. Қалдықты азайту әдісі негізі құралдардың алғашқы қызмет ету уақытында максималды амортизациялық құнын істеп шығаруға мүмкіндік береді.
Жеделдетілген әдістің тағы бір түрі кумулятивтік немесе жылдар сомасы (саны) әдісі.
Куммулятивтік әдісті қолдану барысында нысанның алғашқы құны бөлшектің алымына, яғни қолданудың қалдық жылына көбейтіліп, бөліміндегі жылдар сомасының қосындысына (куммулятивтік санға) бөлінеді. Жыл өткен сайын бөлшектің алымы бір санға қысқара береді.бұл әдісті қолданғанда, құрылғыны пайдаланудың алғашқы жылдарында бөлшектің алымы неғұрлым жоғары болады.
Бұл әдістің екі нұсқасы бар. Кестедегі нұсқа азаятын амортизация деп аталады (1 кесте).
Жылдар
Кумулятивтік сан
Амортизация нормасы
Жыл ішіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері туралы мәлімет
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері жайлы
Психиатрияға сабағы және міндеттері. Тіс – жақ жүйесіне қатысты психопатологиялық ауытқулардың көрінуі
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері туралы
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері жайлы ақпарат
Психикалық аурулар туралы ақпарат
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері
Дәлелді медицинаның екінші және үшінші этаптары
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Ландшафтқа бейімделген егіншілік жүйесінің биологиялық және техникалық сәйкестігі
Пәндер