«Қазақстандағы ұжымдастыру: тәсілі мен зардаптары»


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы

«Қазақстан тарихы» пәнінен

Тақырыбы: «Қазақстандағы ұжымдастыру: тәсілі және зардаптары»

Орындаған

БРк-09-5 тобының студенті

Калиева С. М.

Тексерген

аға оқытушы Раджапов А. Ө

Шифр 093415

Алматы 2009

Жоспары:

1. Кіріспе . . . 3

2. 1. Ресей және Орта Азия жеріндегі қазақ босқындарының қайғылы тағдыры . . . 7

2. 2. Қазақтардың шет елге ауа көшулері . . . 25

3. Қорытынды . . . 34

4. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38

КІРІСПЕ

Кейінгі кезде ізденімпаз зерттеушілеріміздің (Ә. Ғалиев, Т. Омарбеков, М. . Қойгелдиев, Қ. Атабаев) арқасында көптеген архив деректері табылды. Сөйтіп, біздің бұрынғы таза ғылыми демографиялық таңдауларымыз расқа шықты. Мысалға, 1927 жылғы республикалық ЦУНХУ-дің болжамы бойынша, 1932 жылы Қазақстанда ауыл халқының саны 4, 2 миллион ғана адам болуға тиіс еді.

Ал 1933 жылдың ортасында жүргізген ресми сынаққа қанша қосып жазуға тырысып бақса да, өлген адамдардың санын көзбояушы шенеуніктер қанша азайтқысы келмегенмен, ауылдық жерде тірі қалған адамдардың санын 1, 5 миллионнан асыра алмады.

Жоғарыда жасалған қылмыстың кесірінен есептеуші-зерттеуші сымақтарымыз құрбан болғандардың саны 1, 1-1, 2 миллион адам деп анықтаманы төмендетіп берді. Өкінішке орай, олар осы деректердің өзін бастапқыда жасырып келді де, кейіннен «темір сандыққа» салып тастады. Қазақстанда ашаршылықтан 2, 5 миллион адам өлді деген дерек шындыққа жақындайды. Өйткені, бұл деректер зұлматтың беті ашылып, қателік зардаптарын тез арада түзету керек деген ақ ниет жеңген кезде жиналды.

1926 жылғы халық санағынан кейін құрбан болған адамдарының санын 1937 жылға дейін қалпына келтіре алмаған қазақстандық төрт ұлт туралы мынадай ресми деректер келтіруге болады. Мысалы, 1926-1937 жылдар аралығында қазақтар-3, 626, 6 мыңнан 2, 181, 5 мыңға дейін: украиндер - 860, 2 мыңнан 549, 6 мыңға дейін, ұйғырлар 63, 4 мыңнан 33, 4 мыңға дейін, өзбектер 129, 4 мыңнан 110, 0 мыңға дейін кеміп кетті. Олар осы он жыл аралығында барлығы 1, 816, 2 мың адамын жоғалтқан екен. Бұл санақтардың он жылдық кезеңінде олар 15-17 процент өсудің орнына 40 процентке көшіп отырған. Сонда барлық жиыны демографиялық есеп бойынша 55-57 процент азайған /3/. Тіпті, осынау апатты жылдардағы халықтың өсімін қоса есептегеннің өзінде бұл төрт ұлттың кем дегенде тең жартысы келмеске кетіпті. Рас, украиндер мен өзбектердің және ұйғырлардың көпшілігі Қазақстанмен жапсарлас жатқан, не Сібірге, не Орта Азияға, не Қытайға тиісінше көшіп кетіп, аман қалып үлгерді.

Ал басқа ұлттарға келетін болсақ (орыс, неміс, татар, беларус) олар ашаршылықтан кейін қаңырап бос қалған Қазақстан жеріне күштеп қоныстандырылды. Сөйтіп, олар бұрынғы олқылықтарының орнын толтырып қана қоймай, одан сайын қаулап өсе түсіпті. Алайда, біздің қоғамтанушыларымыздың күні бүгінге дейін білмей жүрген бір нәрсесі - ол орталықтың жасанды жолмен бір мезгілде «ерікті ұжымдастыру» арқылы және «жедел индустрияландыру» саясатының кесірінен Қазақстандағы байырғы халықтың мүлдем азшылыққа айналғандығы, яғни бұл бірінші бесжылдықта (1929-34) қазақты өз жерінде құрбандыққа шалу есебінен келімсектерге «социалистік бақыт» бақыт орнату әрекеті болды.

Сталин мен Голощекин бір халықтың мәдениеті мен ұлттық шаруашылығын құрту арқылы екінші халықтың өркендеуіне ашықтан ашық жол салды. Мысалы, қазақтың малын атртып алып, ауқаттыларын тәркілеп жіберді де, бүкіл Орта Азияны отырықшыландырып, тұрақты егіс алқабына айналдырды. Немес үшінші біреулерін қалалы жерлерге шоғырландырды. Сөйтіп, жоғары индустрияны жеделдете дамытудың салдарынан ұлттардың бір-бірімен «жақындасқаны сондай, жойылып кетуге шақ қалды. Қазақтың тәркілеумен тартып алынған малы ірі өндіріс орындарында, «аға халықтың» қолында «бесжылдықтың» балғасы солқылдата соғылуы үшін құрбандыққа шалынған болса, ал қазақтардың өзі малдан айрылған соң аштықтан қырылып қалған.

1926-1959 жылдардың арасында жүргізілген санаққа зер салсақ, ұжымдастыру, индустрияландыру науқандарын айтпағанның өзінде, кейін күшпен жер аударылғандар (депортация) мен соғыс кезінде көшіп келгендердің (эвакуация), тың игерушілердің Қазақстан жеріне жаппай ағылуы ұлт саясатын өрескел бұрмалауға әкеп соқтырды. Егер республикамыздағы ең көп екі ұлт - орыс пен қазақтың арасалмағын, салыстырар болсақ, Орталық ретінде билеп-төстеуші Мәскеудің күштеу саясатының бет-бейнесі айқындала түседі. Тек 1926-1959 жылдары ғана қазақстардың саны 58, 7 проценттен 29, 8 процентке қатты құлдыраса, ал орыстардың саны 20, 5 проценттен 42, 7 процентке бірақ көтерілген. /3/ Осы көрсеткіштің өзінен-ақ біраз шындықты айқын байқауға болады емес пе?

Сөйтіп, қазақтар жеке халық болып ұлттық белгісі жағынан, ал Қакзақстан Республикасы болып құрамы жағынан бұрынғы КСРО-ның Орта Азиядағы одақтас республикаларының бірі емес, Ресейдің Федеративтік құрамындағы автономиялық республикалармен бірдей болып қалды.

Сондықтан Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сессиясы Қазастандағы ұлттық қасіреттің себеп-салдарын түбегейлі зерттеп, оған кінәлілерді анықтау мақсатында арнайы комиссия құрды. Республикамыздағы 1931-33 жылдардағы зұламатқа нақты саяси беру үшін бұл комиссияның құрамына білікті тарихшылар мен демографтар, заңгерлер мен саясатшылар да енді. Сөйтіп, Голощекиннің құрығынан құрбан болған жазықсыз жандардың бейнесін мәңгілікке есте тұту мүмкіндігі енді ғана туды.

Қорыта айтар болсақ, біздің қоғамтанушылар тікелей Голощекиндік геноцид салдарынан, тағы басқа әміршіл зұламаттың зардабынан күні бүгінге дейін қазақ халқының ұлттық дамуы демографиялық детерминизм, яғни амалсыз санға тәуелділік жағдайында қалып қойғанын әлі біле алмай келе жатқан сияқты. Сол демографиялық кәріптікті жеңіп, сол ауыр дертті бір жола жазбайынша қазақты ұлт ретінде ұшпаққа шығара алмаймыз.

  1. РЕСЕЙ ЖӘНЕ ОРТА АЗИЯ ЖЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ БОСҚЫНДАРЫНЫҢ ҚАЙҒЫЛЫ ТАҒДЫРЫ.

Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығын күйрету, ет және астық дайындау науқандарындағы зобалаңдар, байлар қожалықтарын тәркілеу және жойып жіберу саясаты, күштеп ұжымдастыру және зорлап отырықшыландыру, кінәсіз шаруаларды кеңес органдарының «ұлтшыл», «бандит», «контрреволюционер» деген жалған жалалармен жаппай қуғын-сүргінге ұшыратуы қазақ шаруаларын босқыншылыққа ұрындырды. Тотолитарлық жүйе ұзақ жылдар бойы тарихымызда ашық айтуға тыйым салып келген осы жалпыхалықтық қасірет қазіргі күні арнайы зерттеулерді күтіп жатыр. Босқыншылықтың немесе туған жерден көшіп кетушіліктің 1930-1933 жылдар арасында аса көлемді көрініс бергені және әсіресе көшпелі, жартылай көшпелі қазақ шаруалары өмірінде терең, қасіретті із қалдырғаны белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Ауыл шаруашлығындағы ұжымдастыру – Қазақстандағы шаруалар қасіреті
Халықтың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы
ХХ ғ. 30 - жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың демографиялық зардаптары
Ауыл шарушылығын күштеп ұжымдастыру
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
Ұжымдастыру жылдары
XX ғасырдың 20-шы және 30-жылдардың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдай
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру саясаты
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық мәселелері бойынша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz