Саяси әлеуметтену



ЖОСПАР:

1. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

2. Саяси әлеуметтенудің институттары, кезеңдері мен қызметтері ... ... ... 4

3. Саяси әлеуметтенудің типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

4. Даралықтың саяси социализациясы процесі мен механизмі ... ... ... ... .8

5. Жеке адамның саяси құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

6. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі - өнегісінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.
«Әлеуметтену» деген ұғымды ХІХ ғ. Аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтану деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымда ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелердіөз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды.
Ресей саясаттанушысы Е.Б.Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс-әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады.
Саяси әлеуеметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм ( саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар дүр сілікіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материалдық құндылықтарға қарсы шыққан субмәдениет пайда болды. Мысалға, ХХғ. 60 жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалары қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі толық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін-өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал – шашын алуы, мәдениетті сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық-тесік киім киді, өз диалектерінде сөйледі, нашақорлықпен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қатты толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп, саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде күн тәртібіне қатты қойылды.
Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:
• Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;
• Қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;
• Саяси мәденеиттің элементтерін өзгерту.
Адамның саяси әлеуметтенуі үхдіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік –саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.
Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, олардың өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. Шынтемірова Б.Ғ. , Шайхиев Т.Т. – «Саясаттану» (Оқу- әдістемелік құрал)
Алматы 1998.
2. Жамбылов

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

1. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

2. Саяси әлеуметтенудің институттары, кезеңдері мен қызметтері ... ... ... 4

3. Саяси әлеуметтенудің типтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

4. Даралықтың саяси социализациясы процесі мен механизмі ... ... ... ... .8

5. Жеке адамның саяси құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

6. Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар
біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси
мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы
ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі - өнегісінен үйреніп отырады. Мұндай процесті
ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.
Әлеуметтену деген ұғымды ХІХ ғ. Аяғында Америка әлеуметтанушысы
Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г.Тар ғылыми
айналымға енгізді. Олар әлеуметтану деп тұлғаның әлеуметтік ортаға
байланысты осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және
саясаттанушылары саяси әлеуметтену деген ұғымда ойлап шығарды. Г.Алмонд,
С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл
ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды,
ережелердіөз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды.
Ресей саясаттанушысы Е.Б.Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси
санасы мен іс-әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау,
саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады.
Саяси әлеуеметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді.
Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының
дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік
кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардың қажеттіліктерін
қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді,
саяси абсинтеизм ( саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және
т.б. көбейді. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа
қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар дүр сілікіндірді. Бұрынғы
дәстүрлі материалдық құндылықтарға қарсы шыққан субмәдениет пайда болды.
Мысалға, ХХғ. 60 жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі
саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалары
қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі толық көрсетуіне жағдай
жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар
екендігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы
әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін-өзі
ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал – шашын алуы, мәдениетті
сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын
жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық-тесік киім киді, өз диалектерінде
сөйледі, нашақорлықпен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен
адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қатты
толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер
жүргізді. Сөйтіп, саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде күн тәртібіне қатты
қойылды.
Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:
• Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың
негізгі элементтерін жеткізу;
• Қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет
етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;
• Саяси мәденеиттің элементтерін өзгерту.
Адамның саяси әлеуметтенуі үхдіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік
–саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан
өзгеріп немесе бекіп отырады.
Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді,
құндылықтарды бойына сіңіріп, олардың өзінің рухани ішкі дүниесіне
айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру,
саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында
адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-
дәстүрлерді, білімді меңгереді.

Саяси әлеуметтену саяси тәжірибені ашық және қосалқы түрінде жүргізуі
мүмкін. Ашық түріне мәліметтердеі, сезімді, құндылықтарды тікелей беру
жатады. Мысалы, қоғамдық пәндерді оқыту арқылы жастарды оқытып үйрету.
Қосалқы түрінде саяси емес ережелерді саяси қатынастарға телу жатады.
Мысалы, балалардың саяси билікке қатынасы жас кезінен қалыптасуы мүмкін.
Саяси әлеуметтену институттарына мыналар жатады: отбасы, білім жүйесі,
ақпарат құралдары, мемлкет, партия, діни ұйымдар және жеке саяси оқиғалар.
Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Америка ғалымдары
Д.Истон мен Дж.Деннис 12 мың Америка балаларын сұрақ-жауап арқылы
зерттеген. Соның нәтижесінде олардың саяси әлеуметтенуінің 4 кезеңінен
көрсетеді:
1. саясаттану, яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік
барын ұғынуы;
2. жекелеу. Мұнда бала саяси билікті президент, полицеский тұлғасы
арқылы жекелеп сезінуі;
3. дәріптеу, яғни саяси қайраткелерге тек жақсы қасиеттерді таңу;
4. институционалдандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, иесіз
институттар арқылы (партия, парламент, әскер және т.б.) қабылдау.
Сонымен, адам жас кезінен әлеуметтене бастайды. Бала биліктің не екенін
түсінеді. Үйде ол әкесі немесе шешесі, бала бақшада тәрбиеші, мектепте
мұғалім арқылы әлеуметтенеді. Ол дау-жанжалдың қалай шешілетінін байқайды,
бағыну немесе жадында бағынбауға үйренеді.
Қазақтар ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деп тегін айтпаған, үйде
қалыптасқан көзқарас көбіне өмір бойына жадында қалады.
Саяси әлеуметтенуді келесі сатысы –мектеп. Бұл кезде жалпыға бірдей
негізгі саяси қазыналар мен көзқарастарды оқушылар оқып біледі, алғашқы
әлеуметтік тәжірибелер алады. Жастар ұйымдарына қатыса бастайды. Д.Истон
мен Дж.Деннис зерттеген 12000 оқушының 95 пайызы Америка - әлемдегі ең
таңдаулы ел, Америка жалауы – дүниедегі ең жақсы жалау деген
тұжырымдаманы мақұлдаған. Өйткені мұғалімдердің 99 пайызы оқушыларға күнде
америка жалауын көрсетсе, 91 пайызы ол туға берілгендігін дәлелдеуді талап
етіпті, 60 пайызы Тамаша Америка деген отан сүйгіш әнді орындатып
отырған.
Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 16-40 жастар аралығы. 16 жастан адам
сайлауға қатыса бастайды, азамат атанады, іс-әрекетіне толық жауап береді.
Көбісі жоғары оқу орнына түсіп, терең саяси білім алады. Саяси партияларға
мүше болулары да мүмкін. Жастардың әлеуметтік мәртебесі өзгереді.
Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 40-60 жастардағы аралық. Бұл –
адамның есейген шағы. Адамдардың саяси іс-әркетіне өмір тәжірибесі,
балалары мен немерелері, тұрақты көзқарастары әсер етеді.
Ең соңына зейнеткерлердің саяси әлеуметтенуі. Олардың кейбіреулері
қолдары босаған соң саяси мәселелермен белсенді айналыса бастайды.
Қайсыбірі қоғамдық өмірге аз да болса қатысқанына риза болады, көңіліне
медет табады.
Саяси әлеуметтенуге ақпарат құралдары көп ықпал жасайды. Баспасөз,
радио, теледидар, кино адамға тікелей ықпал етеді және саяси құндылықтарға
деген қатынасын қалыптастарады, бір идеалды негіздеп, қорғап, екіншісіне
тойтарыс береді, адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастарған қазыналары,
алдыңғы ұрпақтың саяси тәжірибесін соңғы ұрпаққа жеткізіп, саяси тұлғаны
тәрбиелейді.

Адамдардың саясатқа араласуы мен оған етер әсері әр түрлі келеді.
Сондықтан ғалымдар саяси әлеуметтенуді мынадай типтерге бөледі: үйлесімді,
гегемонистік, плюралистік, дау-жанжалдық.
Саяси әлеуметтенудің үйлесімді түрі адам мен билік институттарының
арасында адам сияқты қолайлы психологиялық қатынастар қалыптасқанда пайда
болады. Мұнда құқықтық тәртіп орындарына, мемлкетке, өзінің азаматтық
міндеттеріне құрметпен қарайды. Жеке адам мен билік органдары арасында
сыйластық туындаған саяси мәселелерді өзара келісім арқылы шешетін жағдай
қалыптасады. Бұл үшін әдетте мәдени біртектес орта, дамыған демократиялық
дәстүр, азаматтық қоғам болуы керек. Мысалы, мұндайға АҚШ,Ұлыбритания
елдерін жатқызуға болады.
Саяси әлеуметтенудің гегемонистік түрі өзінің саяси және әеуметтік
жүйесінен басқа жүйелерге жат көзбен қарап, оларды жақиырмайды. Мұнда саяси
әлеуметтену бір таптық, діннің немесе идеологияның негізінде қалыптасады.
Саяси әлеуметтенудің бұл түрі жабық саяси жүйеге тән. Мысалы, оған бұрынғы
КСРО-ны, қазіргі Солтүстік Кореяны жатқызуға болады.
Саяси әлеуметтенудің плюралистік түрінде адам басқа азаматтардың,
олардың құқығы мен еркіндігін, тедігін мойындайды, құрметтейді. Мұнда
өзінің бұрынғы саяси көзқарасын өзгертіп, басқа саяси құндылықтарды
басшылыққа алуы әбден мүмкін. Оған Еуропа Одағы елдері мысал бола алады.
Саяси әлеуметтенудің дау-жанжалды түрі топаралық күрес, қарама-қайшы
мүдделер негізінде қаланады. Мысалы, Ауғаныстан елін алсақ, онда пұштындар,
өзбектер, тәжіктер және т.б. әрқайсысы өз салт-дәстүрлерін, өз ұлтының
құндылықтарын жоғары қойып, әр түрлі тайпалардың бастары бірікпеуде. Соның
негізінде әлсін әлі дау-жанжал туып, ел ішінде кикілжің көбеюде. Саяси
әлеуметтенудің типтерін қарастырғаннан кейін біздің қазіргі Қазақстан
Республикасының азаматтарының саяси әлеуметтенуін қай типке жатқызуға
болады деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Оның басын ашып айту әзір қиын.
Өйткені біз өтпелі кезеңде тұрмыз. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі
гегемонистік саяси әлеуметтенудің түрінен бас тарттық. Ал дәстүрлі
либералдық құндылықтарды игергеніміз жоқ, олар бойымызға сіңген доқ. Оған
көше қою да оңай шаруа емес. Себебі көптеген отбасылар жұмыссыздықтың
көбеюіне байланысты күнделікті күн көрістің қамымен жүр. Балаларды саяси
әлеуметтендіру тұрсын, жалпыға бірдей оқу орнына беру кейбір отбасына
оңайға түспеуде. Бұрыңғы жастар ұйымы өз жұмыстарын тоқтатты. Олардың орнын
басарлық ұйымдар әлі туа қойған жоқ. Көппартиялықтың аты бар да, заты
шамалы. Сайлау кезінде болмаса, саяси әлеуметтендірумен жүйелі шұғылданып
жатқан олар жоқ. Нарықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңде саяси әлеуметтанудың агентерінің тұлғаға әсері. Саясатқа қатысуға деген қажеттілік
Саяси әлеуметтендіру мәні, факторлары, кезеңдері, нәтижелері
Жастардың әлеуметтену механизмі
Тұлға-қоғам мүшесі
Саяси-әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру процесі
Тұлғаның қалыптасуы туралы
Қазақстан саяси мәдениеттінің ерекшеліктері
Әлеуметтену түсінігі
Саяси сана туралы
Әлеуметтену - жеке адамның даралық ретінде қалыптасуы
Пәндер