Әбдіжәлел Қошқарұлы Бәкір
ХХІ ғасыр адамзат баласының алдына шешімі күрделі де іргелі мәселелерді қойып отыр. Әлем жаһандану дәуіріне қадам басумен бірге тұтастану, бірігу, кірігу үдерісіне батыл бет бұруда. Осындай жағдайда болашақ бағдарымыз қандай болмақ, әлемдік қауымдастықта егемен еліміздің алатын орны қандай, тәуелсіздікті қалай тұғырлы ете түсуге болады дегендей өзекті сұрақтар, ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтарды сақтау, оны жаңа дәуір талабына сай жаңғырту, әсіресе, мемлекеттік мәртебеге ие болған ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейте түсу сияқты өткір мәселелер қазіргі қоғамымыздың зиялы қауымын толғандыруда. Толғаныстағы сондай абзал азаматтардың бірі – саяси ғылымдардың докторы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры Әбдіжәлел Қошқарұлы Бәкір. Әбдіжәлел 1963 жылы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың (қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) әдебиет факультетін үздік дипломмен бітіргеннен кейін, еңбек жолын халыққа білім беру саласында бастады. Алайда, көп ұзамай Қызылорда қалалық комсомол комитеті қызметке шақырды да, кейін осы органның бірінші хатшысы, сонан соң облыстық комсомол комитетінің хатшысы болып істеді. Кезінде жастардың саяси һәм қоғамдық мектебі болған комсомолдың жас кадрдың қалыптасуында өзіндік орны болғаны шындық. Ол содан облыстық партия комитетіне ауысып, оның бөлім меңгерушісіне дейін көтерілді. Осы кездері Қазақстанның белгілі ғалымы, этноәлеуметтану ғылымдарының негізін салушылардың бірі, философия ғылымдарының докторы, профессор М.М.Сужиковтің жетекшілігімен ұлтаралық қатынастар тақырыбына диссертация қорғап, философия ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды.
ХХІ ғасыр адамзат баласының алдына шешімі күрделі де іргелі мәселелерді қойып отыр. Әлем жаһандану дәуіріне қадам басумен бірге тұтастану, бірігу, кірігу үдерісіне батыл бет бұруда. Осындай жағдайда болашақ бағдарымыз қандай болмақ, әлемдік қауымдастықта егемен еліміздің алатын орны қандай, тәуелсіздікті қалай тұғырлы ете түсуге болады дегендей өзекті сұрақтар, ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтарды сақтау, оны жаңа дәуір талабына сай жаңғырту, әсіресе, мемлекеттік мәртебеге ие болған ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейте түсу сияқты өткір мәселелер қазіргі қоғамымыздың зиялы қауымын толғандыруда. Толғаныстағы сондай абзал азаматтардың бірі - саяси ғылымдардың докторы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры Әбдіжәлел Қошқарұлы Бәкір. Әбдіжәлел 1963 жылы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың (қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) әдебиет факультетін үздік дипломмен бітіргеннен кейін, еңбек жолын халыққа білім беру саласында бастады. Алайда, көп ұзамай Қызылорда қалалық комсомол комитеті қызметке шақырды да, кейін осы органның бірінші хатшысы, сонан соң облыстық комсомол комитетінің хатшысы болып істеді. Кезінде жастардың саяси һәм қоғамдық мектебі болған комсомолдың жас кадрдың қалыптасуында өзіндік орны болғаны шындық. Ол содан облыстық партия комитетіне ауысып, оның бөлім меңгерушісіне дейін көтерілді. Осы кездері Қазақстанның белгілі ғалымы, этноәлеуметтану ғылымдарының негізін салушылардың бірі, философия ғылымдарының докторы, профессор М.М.Сужиковтің жетекшілігімен ұлтаралық қатынастар тақырыбына диссертация қорғап, философия ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды.
1991 жылы республикада соңғылардың бірі болып Сыр бойында телеарна ашылды. Әбдіжәлел Бәкір партиялық жұмыстан осы телерадио хабарларын тарату компаниясының төрағасы қызметіне ауысты да, өңірде осы бір ақпараттың аса маңызды саласының жандана түсуіне игі ықпал етті. Комсомол және партия органдарында халықпен жұмыс істеудің белгілі мектебінен өткен басшы жаңадан қалыптаса бастаған ұжым жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыра білді. Ел өмірінің аса тағдырлы кезеңінен туған жаңа ақпараттық-танымдық телерадио ұжымын облыс көрермендері алдында ерекше беделге ие етті. Тікелей эфирдегі "Жүздесу" және "Көкейкесті" хабарлары жұртшылық жүрегіне жол тартты. Осы жылдары телеарна 4 мәрте республикалық байқаулардың жеңімпазы атанды.
Шығармашылық топтың күш-жігері жыр елі - Сыр елінің өнеріне, оның иелері мен өнерді қолдаушылар және қорғаушылар қызметін насихаттауға бағытталды. Облыста тұратын ақын, әнші, жыршы-күйшілердің, әуесқой композиторлардың түгел дерлік авторлық кештері өткізіліп, оның біразы "Қазақстан" телеарнасы арқылы республикаға таратылды. Балалар мен жастар арасында музыкалық шығармашылықты дамыту, жас таланттарды ашу мақсатында тұңғыш рет "Әнші балапан", "Таңшолпан", "Жас қанат" байқаулары ұйымдастырылды. Осы байқауларда шыңдалған М.Сәдуақасова, А.Кішкенбаев, Г.Оразымбетова, т.б. жас әншілер бүгін өздерін танытып, халықтың сүйікті әншілеріне айналды.
300 жылдай алдымен патшалық Ресейдің отарында, кейін кеңестік кезеңнің қыспағында болған Қазақстанның азаттық алып, өз билігі өз қолына көшуі қоғамда демократиялық өзгерістердің қарқын алуына игі ықпал етіп, рухани сілкіністерге алып келгені белгілі. Соны бағытты қолдаған сан алуан қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар жаппай құрылып, ұлттық мүдделерімізді биік деңгейге көтере бастады. Осы жылдары саяси-қоғамдық жұмыстың бірсыпыра мектебінен өткен Бәкір республикада бой көтерген Қазақстан демократиялық партиясының аудандық, қалалық ұйымдарын құрып, өзі оның облыстық ұйымының төрағалығына сайланды. Кейін осы партияның атынан Қазақстан Республикасы кәсіби Парламенті Мәжілісінің алғашқы, 1995 жылғы сайлауына қатысып, депутат болды. Аппараттық қызметте ысылған ол заң шығарушылық жұмысқа қызу кірісіп кетті. "Мәдениет туралы", "Саяси партиялар туралы", "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Жарнама туралы", т.б. заңдар жөнінде құрылған жұмыс топтарына жетекшілік жасап, оларға қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен тілін, мүддесін қорғайтын бірнеше заңдық нормаларды енгізуге көп күш-жігер жұмсады. Мысалы, ол - "Тіл туралы" Заңның 18-бабының екінші бөлігіндегі "Қажетті тілдік ортаны жасау және мемлекеттік тілдің толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншік нысанына қарамастан, телерадио арналары арқылы берілетін мемлекеттік тілдегі хабарлардың көлемі уақыт жағынан басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс" деген құқықтық норманың авторы. Кезінде осы норманың жүзеге асуының өзі оңай бола қойған жоқ. Бірақ Мәдениет және ақпарат министрлігінің қажырлы қызметінің арқасында көптен қалыптасып қалған қасаң үрдіске тосқауыл қойылып, отандық телеарналарда қазақ тіліндегі хабарлардың үлес салмағы артты. Тұңғыш рет "Жарнама туралы" Заң қабылдағанда Әбдіжәлел Бәкірдің ұлттық мүддені берік ұстануы, әлемдік жарнама мәдениетіне ұмтылысы, қиыншылықпен қабылданған бұқаралық ақпарат құралдарында ішкілік ішу мен темекі шегуді жарнамалауға тыйым салу жөніндегі нақты ұсыныстарын Үкіметтің алдына депутаттық сауал арқылы шешудегі қажырлы қызметі сол кездегі депутаттар жадында, газет, телерадиоларда кем жазылып, аз айтылған жоқ.
Әбдіжәлел Бәкір Парламенттің басқа да сан-салалы қызметіне белсене атсалысты. Парламенттік делегация құрамында Ресейде, Түркияда, Германияда, Францияда, Үндістанда, Катарда, Моңғолия мен Қытайда болып, парламентаралық қатынастарға өз үлесін қосты. Санкт-Петербург қаласында 1999 жылы ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы ұйымдастырған "Нарыққа өту кезеңіндегі білім проблемалары" және 2003 жылы "Қазақстан: тарих, мәдениет, тіл" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы өткізген "ТМД елдеріндегі тілдік қатынастарды заңдық реттеу" атты парламенттік тыңдауға қатысып, Қазақстан Республикасындағы білім және тілдік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz