Бизнес-жоспар - пиццерия



«Керемет» пиццериясы барлық өркениетті әлемге танымал бизнесті ұйымдастыру және дамыту мақсатында құрылады.
Астана қаласында қазіргі уақытта әлемдік стандартқа сай келетін пиццериялар аз. Пиццерия – бұл қымбат емес бағаға тәтті тамақтануға және уақытыңызды жақсы өткізуге болатын жер.
Біздің пиццерия алдағы уақытта өткізу көлемін ұлғайтуды, өзінің филиалдарын ашуды мақсат етеді және де сіздердің тапсырыстарыңызды үйлеріңізге жеткізеді.
Астана қаласының тұрғындары пицца жегенді ұнатады, бірақ бұл жиі-жиі тұтынылуды қажет етпейді, себебі пайдалылығы өте аз, жартылай фабрикаттар дәмдік қасиеттері жағынан ешқашан да жаңа дайындалған тағамдардың дәмділігімен салыстырылмайды. Сонымен бірге біздің ассортиментте көрсетілген пицца рецептері Астанада әлі белгілі емес.
Ең дәмді және пайдалылығы жоғары пиццалардың бірі сыр мен қызанақ қосылған «Медиум пиццасы». Пицца өте дәмді және басқа оған ұқсас барлық пиццалардан ағзаға қажетті заттардың болуымен ерекшеленеді. Мега пиццалар – жануарлар майы жоқ пицца.. Бізде балаларға арналған пиццалар да бар.
Пицца – барлығы үшін керемет таңғы ас. Оны сүтпен, шаймен, әртүрлі сусындармен және т.б бірге жеуге және пиццаға ұлттық және басқа да арнайы соустарды қосуға болады.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Бизнес-жоспар

Резюме
Керемет пиццериясы барлық өркениетті әлемге танымал бизнесті
ұйымдастыру және дамыту мақсатында құрылады.
Астана қаласында қазіргі уақытта әлемдік стандартқа сай келетін
пиццериялар аз. Пиццерия – бұл қымбат емес бағаға тәтті тамақтануға және
уақытыңызды жақсы өткізуге болатын жер.
Біздің пиццерия алдағы уақытта өткізу көлемін ұлғайтуды, өзінің
филиалдарын ашуды мақсат етеді және де сіздердің тапсырыстарыңызды
үйлеріңізге жеткізеді.
Астана қаласының тұрғындары пицца жегенді ұнатады, бірақ бұл жиі-жиі
тұтынылуды қажет етпейді, себебі пайдалылығы өте аз, жартылай фабрикаттар
дәмдік қасиеттері жағынан ешқашан да жаңа дайындалған тағамдардың
дәмділігімен салыстырылмайды. Сонымен бірге біздің ассортиментте
көрсетілген пицца рецептері Астанада әлі белгілі емес.
Ең дәмді және пайдалылығы жоғары пиццалардың бірі сыр мен қызанақ
қосылған Медиум пиццасы. Пицца өте дәмді және басқа оған ұқсас барлық
пиццалардан ағзаға қажетті заттардың болуымен ерекшеленеді. Мега пиццалар
– жануарлар майы жоқ пицца.. Бізде балаларға арналған пиццалар да бар.
Пицца – барлығы үшін керемет таңғы ас. Оны сүтпен, шаймен, әртүрлі
сусындармен және т.б бірге жеуге және пиццаға ұлттық және басқа да арнайы
соустарды қосуға болады.

Жобаны жүзеге асыруға арналған қолда бар құралдар мен мүмкіндіктер.
Жобаны жүзеге асыру үшін Мега ойын-сауық кешенінен
108м2 (1м2 - жер 3000 тг)орынды жалға аламыз. Ал пицца дайындауға керекті
құрылғыларды наубайхана құрылғыларын шығаратын Пицца фирмасынан келісім-
шарт арқылы аламыз. Жұмысшыларды жұмысқа қабылдауда тыңғылықты түрде
іріктеу жүргіздік, яғни біздің жұмысшылардың деңгейі өте жоғары.
Қызмет түрін сипаттау
Біз алғашқы жылдары 3 түрлі пиццаларды пісірумен және оларды
сатумен айналысатын боламыз. Пиццаларды сатып алуда, оны бүтіндей немесе
бөліктеп алуға болады. Ол сол ақшаға пиццалардың көптеген түрлерінің дәмін
көруге мүмкіндік береді. Пиццалар 5 сағаттан артық сақталмайды, осылайша
біздің пиццалар әрқашан жұмсақ күйінде болады.
Пиццерия – бұл жаңа жоба. Ол жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен. Біз арқылы жаңа құрылғылар сатып
алынды (плиталар, столдар және т.б)
Басқарушылар: пиццерия директоры, коммерциялық директор және
бухгалтер. Олардың жауапкершілігі салған салымдарына байланысты болады. Бір
қатысушы банкротқа ұшыраған жағдайда, оның жауапкершілігі қалған
қатысушылардың арасында салған салымдарына қарай пропорционалды түрде
бөлінеді. Барлық басқарушылардың білім деңгейі өте жоғары. Барлығының
дипломы мен жұмыс тәжірибесі бар. Ал наубайшылардың арнайы сертификаттары
бар. Біздің жұмысшылар өте тәртіпті және қайратты. Біздің пиццерия
Керемет деп аталады., бұл пицца Біз біздің пиццерияның пиццасы жақсы
және дәмді болатынына кепілдік береміз. Біз жақсы беделге пиццерияның
ашылуsна дейін-ақ жететінімізге сенеміз.

Өнімнің сипаттамасы
Пиццерия пиццаны ең таза өнімдерден дайындайды. Қамырға адам
ағзасына өте пайдалы арнайы тағамдық қоспалар(пицца дайындауда бұған деін
пайдаланылмаған) қосылады. Пиццаның барлық түрлері дәмі жағынан әр алуан
болып келеді. Пицца жоғары сортты ұннан пісіріледі.
Біз төмендегідей пиццаларды пісіреміз:
1. Мега-пицца
2. Медиум-пицца,
3. Супер пиццалар
Пиццаның түрлік ассортиментінің ауқымы кең. Бұл бізді көптеген ұқсас
пиццериялардан ерекшелейді. Пицца Керемет деген белгісі бар қорапшаға
салынады. Пиццаның түрі мен иісі сатып алушылардың көңілінен шығады.
Жұмыс режимі ассортимент әрқашан түрлі сипатта қалу мақсатымен
бекітілген. Біз тез қызмет көрсетеміз, қызметшілер өте мейірбан және де
пиццаны үйге жеткізу сияқты қызмет түрлері жоспарда бар.
Біздің өнімнің ерекшеліктері:
• дәмі
• сапасы
• жаңалылығы
• сыртқы тартымдылығы
• өзінділігі
Сыртқы орта өндіріс саласының сипаттамасы.
1. Сала сипаттамасы және өсудің негізгі факторлары.
Қазіргі таңда біздің мемлекетте тамақ өнеркәсібінде дағдарыс
байқалады. Өйткені соңғы он жылдықта қалыптасқан қоғамдық тамақтану
орындарын дамыту стратегиясы жоғары концентратталған асханалық және
мейрамханалық желілерді құруға бағытталды. Нәтижесінде бүгінгі күні біз аз
концентартталған қоғамдық тамақтану жүйесіне иеміз және дәмді тағамдардың,
дүкендердегі сапалы өнімдердің ассортименттік ауқымының жоқтығы сезіледі.
600 мың тұрғыны бар қаланы тез дайындалатын тағамдармен қамтамасыз
етумен сануалы ғана фирма айналысады. Жыл өткен сайын пиццаға деген сұраныс
өсуде. Астанада тағамдық тауарлардың бағасы тез өсуде, ал біз бағаның
тұрақты болуына кепілдік береміз.

2.Саладағы өндірістің жаңа түрлері
Техника мен технологияның өзгеруі
Пицца дайындаудың әлемдік тәжірибесі қуаттылығы күніне 10-500кг
болатын ұсақ пиццериялардың ауқымды желісін құруға бағытталған.
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 1000-ға жуық пиццериялар жұмыс істейді.
Олардың артықшылықтары:
• Қазіргі жоғары технологиямен жабдықталған
• Технологиялық құрылғылар тұтынушының өзгермелі сұранысын есепке
ала отырып, ассортименттің тез ауқымдылығын қамтамасыз етеді
• Ассортиенттің кеңдігі жоғары, сапалы өнімдер
• Энергияны үнемді пайдалану және техниканы жөндеу мен қызмет
көрсету бойынша жұмыстың аз көлемі
• Персоналдың аз қажеттілігі
• Жобаның тез қайтымдылығы

Нарықты зерттеу
Керемет жоғары сортты өнімдерді сатуды мақсат етеді. Пиццерияның
өсуіне қарай біз ақырындап, бөлшек және көтерме сауда арасындағы қатынасты
өзгертетін боламыз (70:30)
Біздің өнімнің негізгі тұтынушылары:
1. пиццерия орналасқан ауданның тұрғындары
2. жақын орналасқан ұйымдар (кионтеатрлар, зауыттар, мектептер,
офистар)
3. біздің өнімді жегісі келетін кез-келген клиенттер
Жеке тұлғалар үшін нарықты сегменттеу критерийлері:
• жасы 7-ден 65-ке дейін
• әлеуметтік статусы – қызметкерлер, жұмысшылар,
зейнеткерлер, студенттер, мектеп оқушылар, бизнесмендер,
шетелдіктер.
• Табыс деңгейі – орташа, жоғары және төмен.
Біздің мақсатымыз - өз клиенттерімізді ыстық және дәмді пиццамен
қамтамасыз ету.
Пиццерия бәсекелестер жоқ ауданда орналасатын болады. Осылайша
біздің өнімдер сатып алушыны қызықтырады.
Біз сатып алушының өнімге деген қызығушылығын төмендегілер есебінен
қарастырамыз.
1. Көтерме сатып алушылармен тікелей байланыс
2. Жарнамалар
3. Пиццаның жоғары сапалығы, келушілермен достық қарым-қатынас
4. Пиццерияның жанданған жерде орналасуы

Кесте-1 . Нарықта даму жолдары

Даму көздері Құны,теңге Саны Айына құны Жылына құны
Теледидардан жарнама 4500 5 22500 1 ай
Газет(журналдан)жарнама 750 10 7500 3 ай
Брошюралық жарнама 50 300 15000 1 ай
Көлік жарнамасы 5000 5 25000 6 ай
Радиодан жарнама 200 30 6000 3 ай
Қорытынды Xxxx xxx xxxxxx x

Бәсекелестерді зерттеу.
Біздің пиццерия Есілдің сол жағалауында болады. Оның 3 бәсекелесі бар:
Пицца-Блюз, Неаполь, Ассорти пиццериялары.

Бәсекелестер:
Факторлар Пиццерия №1 бәсекелес №2 бәсекелес №3 бәсекелес
Сапа Жылы, жұмсақ, жаңаТағам әрқашан Тағамдар Дәмді, әрқашан
пиццалар жаңа, сапасы сырттан жаңа тағамдар
орташа әкелінеді,
жартылай
фабрикаттар
Орналасу орны Есілдің сол Халық көп Халық өте көп Тура аялдамада
жағалауы, халық жиналатын жиналмайтын орналасқан
көп жиналатын орын, жер.Көлік
орында көлік орталықта қоятын орын
тұратын жер бар. орналасқан бар.
Баға деңгейі Орташа жоғары орташа Орташадан
жоғары
Дизайн әдемі қарапайым қарапайым қарапайым
Ассортмент 3түр ауқымды 2түр 5түр
Жұмыс уақыты 9.00-20.00 10.00-13.00 10.00-20.00 9.00 -19.00
14.00.17.00
18.00-21.00
Фирма Жаңа ұйым Тұрақты Тұрақты Сенімсіз
репутациясы клиенттер клиенттер репутация

Кесте-3. Пиццаны дайындауға кететін шикізаттардың бағасы

Атаулары Бағасы, 1кг, теңге
Ұн 80
Маргарин 380
Тұз 40
Күнбағыс майы 160
Сүт 100
Ашытқы 60
Жұмыртқа 180
Сода 75
Қызанақ 200
Балық азық түлігі 1200
Саңырауұлақ 80
Оливки 220
Сыр 600
Кетчуп 170

Өзіндік құн есебі
Өнім өндіруге кететін жалпы шығындар мына себептен: өнім өндіру көлеміне
және құрылымына; бірлік өнімге кететін айнымалы шығындар деңгейіне; тұрақты
шығындар сомасына байланысты өзгереді.
Айнымалы шығындарға: қызметкерлердің өнімге қарай жалақысы; тікелей
материалдық шығындар, қызметтер көрсету
Тұрақты шығындарға: амортизация; жалға алғаны үшін төлем; қызметкерлер мен
административті басқару персоналының уақытылы жалақысы.
Жоспарланған тәуліктік шығарылым көлемі: 3 пиццаның әрқайсынан 20
дана, яғни күніне 60 дана.
Өндірістік жұмысшылар саны – 10, 2 ауысым жұмыс уақыты – 18 сағат
Мысал Медиум пиццасының бір данасының өзіндік құны

Атауы Бағасы 1кг үшін, теңге Бағасы , теңге
Ұн 80 0,3кг*80=24
Оливки 220 0,08*220=17,6
Тұз 40 0,0015*40=0,06
Күнбағыс майы 250 0,05*250=12,5
Сыр 600 0,14*600=84
Кетчуп 170 0,1*170=17
Барлығы 1360 143,14

Кесте. МЕДИУМ пиццасының өзіндік құнының есебі.

Шығындар элементі Сумма, теңге
Еңбек төлемі 500 тг
Материалдық шығындар 250 тг
Материалдық және шикізат (1 дана) 200тг
Көзделмеген шығындар 50 тг
Толық өзіндік құн ( 1 дана) 1000 тг

Кесте. Мега пиццасын дайындауға кететін шығындар.
Атауы 1 кг баға теңге 1 данаға кететін 1данаға кететін
азық-түлік саны азық-түлік бағасы
Ұн 80 0,2 24 тг
Күнбағыс майы 250 0,05 12,5тг
Сода 75 0,05 3,75тг
Саңырауқұлақ 350 0,1 35 тг
Сыр 600 0,14 84 тг
Тұз 40 0,0015 0,06 тг
Кетчуп 170 0,1 17 тг
Барлығы 1565 176,31 тг

Кесте. Мега пиццасының өзіндік құнының есебі.
Шығындар элементі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспар. Буэно пицца серіктестігінің жалпы сипаттамасы
Жобаларды басқару әдіснамасы
Қонақ үйлердегі мейрамханалар
Мейрамхана бизнесіндегі сервис сапасын бағалау әдістері
Қонақ үйде тамақтандыруды ұйымдастыру
Ойын - сауық орталықтарын басқаруды тиімді ұйымдастыру
Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері
Менің мамандығым – менің болашағым
МЕЙРАМХАНА ФИРМАЛЫҚ СТИЛІН ЖОБАЛАУ мен БЕЗЕНДІРУ
Мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктері
Пәндер