Өндірістік практика есебі ЖШС «Райс – Стар» туристік фирмасы
Кіріспе;
I. Бөлім: Кәсіпорын сипаттамасы:
1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы;
2. Кәсіпорынның мақсаттары;
3. Басқару құрылымы;
II. Бөлім: Практика өту барысы:
1.Практика өту барысында жасалған жұмыстар;
2.Турпакет ұйымдастыру, жолдама сату.
3. Кәсіпорынның қаржылық есебі;
III. Бөлім: Ұсыныстар
1. Туризм кластері;
2. Ұсыныстар мен пікірлер;
3. Практика өткен екі аптаға көзқарас.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Мен өз практикамды Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «Райс – Cтар» туристік фирмасында өттім. Бұл фирма Қазақстан Республикасының туризм нарығында 2000 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Орналасқан жері: Павлодар қаласы Жеңіс алаңы 3, №9 офис. Олар элитті турлар, ішкі туризм, сыртқы туризм, ТМД елдері бойынша турлар, ҚХР визаларын жасау, шоп-турлар ұйымдастыру, брондау және т.б. қызметтермен айналысады. Практика барысында мен бұл фирма жайлы көптеген ақпараттар алдым, басқару құрылымымен, кәсіпорынның қаржылық есебімен, кәсіпорын қызметкерлерімен таныстым. Туристерге телефон арқылы ақпараттар бердім, яғни жолдамалардың қанша тұратындығы, қандай қызметтер ұсынылатындығы, жол ақысы қанша екендігі, офистің қайда орналасқандығы жайлы айттым. Туристерге ұсынылатын брошюралар, каталогтар, буклеттер, журналдар, дискілермен таныстым. Туристік фирма көптеген басқа туристік фирмалармен ынтымақтастық келісім-шартта тұрады екен. Сол келісім-шарттармен де таныстым. Интернет арқылы жұмыс істеуді үйреніп, тапсырыстар қабылдап, бірнеше жолдамалар жасадым. Кәсіпорынның туристерге баруға ұсынатын жерлер жайлы көптеген ақпараттар алдым, көп нәрсені үйрендім. Қайда баратындығын білмейтін туристерге бағыт-бағдар беріп, қайда демалуға болатындығын айтып, демалыс үйлері жайлы толық ақпараттар бердім.
Өндірістік практикам үш бөлімнен тұрады. Олардың әрқайсысы үшке бөлінген. Осы екі апталық өндірістік практикама толығырақ тоқталып өтелік.

Өндірістік практика есебі
Жоспар:
Кіріспе;
I. Бөлім: Кәсіпорын сипаттамасы:
1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы;
2. Кәсіпорынның мақсаттары;
3. Басқару құрылымы;
I. Бөлім: Практика өту барысы:
1.Практика өту барысында жасалған жұмыстар;
2.Турпакет ұйымдастыру, жолдама сату.
3. Кәсіпорынның қаржылық есебі;
II. Бөлім: Ұсыныстар
1. Туризм кластері;
2. Ұсыныстар мен пікірлер;
3. Практика өткен екі аптаға көзқарас.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Мен өз практикамды Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік Райс – Cтар
туристік фирмасында өттім. Бұл фирма Қазақстан Республикасының туризм
нарығында 2000 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Орналасқан жері: Павлодар
қаласы Жеңіс алаңы 3, №9 офис. Олар элитті турлар, ішкі туризм, сыртқы
туризм, ТМД елдері бойынша турлар, ҚХР визаларын жасау, шоп-турлар
ұйымдастыру, брондау және т.б. қызметтермен айналысады. Практика барысында
мен бұл фирма жайлы көптеген ақпараттар алдым, басқару құрылымымен,
кәсіпорынның қаржылық есебімен, кәсіпорын қызметкерлерімен таныстым.
Туристерге телефон арқылы ақпараттар бердім, яғни жолдамалардың қанша
тұратындығы, қандай қызметтер ұсынылатындығы, жол ақысы қанша екендігі,
офистің қайда орналасқандығы жайлы айттым. Туристерге ұсынылатын
брошюралар, каталогтар, буклеттер, журналдар, дискілермен таныстым.
Туристік фирма көптеген басқа туристік фирмалармен ынтымақтастық келісім-
шартта тұрады екен. Сол келісім-шарттармен де таныстым. Интернет арқылы
жұмыс істеуді үйреніп, тапсырыстар қабылдап, бірнеше жолдамалар жасадым.
Кәсіпорынның туристерге баруға ұсынатын жерлер жайлы көптеген ақпараттар
алдым, көп нәрсені үйрендім. Қайда баратындығын білмейтін туристерге бағыт-
бағдар беріп, қайда демалуға болатындығын айтып, демалыс үйлері жайлы толық
ақпараттар бердім.
Өндірістік практикам үш бөлімнен тұрады. Олардың әрқайсысы үшке
бөлінген. Осы екі апталық өндірістік практикама толығырақ тоқталып өтелік.
1.1,1.2.Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және мақсаттары
Мен, -----, өндірістік практикамды 2009 жылы 15 маусымнан 27 маусымға
дейін Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік Райс – Cтар туристік фирмасында
өттім. Орналасқан жері: Павлодар қаласы Жеңіс алаңы 3, №9 офис. Бұл фирма
Қазақстан Республикасының туризм нарығында 2000 жылдан бастап №ТАСО15
№00262777 лицензия негізінде жұмыс істеп келеді. Райс – Cтар
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі серіктестіктің құрылтай
келісімшартына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан
Республикасының Шаруашылық серіктестіктер туралы Заңына, Қазақстан
Республикасының Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер
туралы Заңына, Қазақстан Республикасының Жеке кәсіпкерлік туралы Заңына
сәйкес құрылған. Туристік фирма өз міндеттемелері бойынша тек қана өз мүлкі
шегінде жауапкершілік атқарады. Заң актілерінде қарастырылған жағдайлардан
басқа, кәсіпорын қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді,
ал Серіктестік құрылтайшылардың (қатысушылардың) міндеттемелері бойынша
жауап бермейді. Серіктестікке қатысушы Серіктестіктің міндеттемелері
бойынша жауап бермейді және Серіктестік қызметіне байланысты шығындарын
шегу қаупіне өз салымдарының құны шегінде жауапты болады.
Туристік фирма қызметскерлері 3 адамнан тұрады, олар: директор:
Капарова Г.Е., туризм менеджері Бектасова С.Б. және бухгалтер: Ибраева С.С.
Мен бұл фирмада практика өту барысында туризм менеджері қызметін атқардым.
Туристік фирма келесі қызметтерді ұсынады:
• Элиттік турлар (шетел мемлекеттері);
• Ішкі туризм (яғни, емді-курортты жерлер, демалыс үйлері және Қазақстан
Республикасы бойынша лагерь, балаларға арналған демалыс орындары);
• ТМД елдері бойынша туризм;
• ҚХР визаларын жасау (топтық, жеке, жарты жылдық және жылдық);
• ҚХР-на шоп-турларды ұйымдастыру (Үрімші қаласына автобус арқылы 8
күндік саяхат);
• әуе және темір жол билеттерін брондаумен айналысады.
Жұмыс орындары жұмысқа өте ыңғайлы, қолайлы: интернет желісі қосылған,
туризм түрлері бойынша көптеген әдебиеттер мен каталогтар, бейне фильмдер,
видео кассеталар мен дискілер бар. Фирма менеджері клиентке қызметтерін
ұсыну барысында туристтің таңдаған демалыс түрі мен орны бойынша толық
ақпарат беріп, буклет, брошюра, журналдар мен бейне фильмдерді ұсынады.
Барлық мәліметтер, әдебиеттер, каталогтар жыл сайын жаңартылып отырады. Бұл
мәліметтерді туристік фирма интернеттен және көрмелерден алады. Қазақстан
Республикасының туризм және спорт министрлігі жылына 2 рет ярмарка
өткізеді. Бұл ярмаркада Қазақстан Республикасының барлық туристік
фирмалары, ТМД және шетел туристік фирмалары қатысады. Бұндай кездесулерде
олар бірлестік ынтымақтастыққа келісім – шарт құрады, әдебиеттермен
(буклет, журнал, брошюралар мен видео кассеталар, дискілермен) алмасады
және ынтымақтастық жайлы пікір алысады. 1 жылдық келісім-шаттар электронды
түрде де қабылданады. Барлық келісім-шарттар арнайы журналда тіркелген және
жеке папкаларға тігілген. Әр келісім-шартта бағалар парағы бар, яғни
демалыс және ем үшін көрсетілетін қызмет бағалары, сонымен қатар көру
материалдары бар.
Мен тәжірибе барысында туристік фирманың құжаттары, келісім-шарттары,
каталогтары, буклеттері, брошюралары, журналдарымен таныстым. Кәсіпорын
көптеген туристік фирмалармен ынтымақтастық келісім-шартында тұрады екен.
Мысалға:
1. Санья қаласы: HAIKOU AIRPORT, weidongtour индустриалды кәсіпорны,
Пэнгли Гольф басқару кәсіпорны: Қытайдағы Хайнань аралына саяхат
жасауға арналған;
2. ХАЙНАНЬ-СОЛНЕЧНЫЙ ТУР туристік кәсіпорны;
3. ЖШС Дафне Трэвэл Интернэшнл (Daphne Travel International), директоры
Мете Шарлак, Алматы қаласы;
4. ЖШС КазТур, директоры Омарова Айсулу Исатаева, Алматы қаласы;
5. Voyage Tours Эмират Дубай, БАӘ;
6. Алматы қаласындағы Tez Tour (Тез Тур), директоры Даиров Талғат
Жалғасбаевич;
7. Al Khalidiah Tourism, президенті Мурадян Сирак Самвелович, БАӘ-де
қызметтер көрсету үшін ынтымақтастық келісім-шарты жасалған, Дубай,
Абу-Даби қаласы. Шарджа, Фуджейра, Аджман, Умм-аль-Кувейн, Рас-аль-
Хейма қалалары бойынша саяхаттар жүргізеді;
8. Гульнар Тур туристік кәсіпорны (ҚР-ндағы ең ірі компания), басты
офисы Алматы қаласында, филиалдары ҚР бойынша таралған;
9. ЖШС Рахмановские ключи, Өскемен қаласы, директоры Квиндт О.А.;
10. ЖШС Сплинтер, Өскемен қаласы;
11. ЖШС Орленок, Щучинск қаласы;
12. Есхат фирмасы Қытайға, яғни Үрімші қаласына шоп-турлар
ұйымдастырады;
13. Астана қаласы және облысы бойынша саяхатқа шақыратын ААҚ
Ақмолатурист туристік кәсіпорны;
14. Бұлақ атты көрікті таулы шатқалда орналасқан емдік ағарту кешені
Тау – Тұран;
15. ЖШС Дом отдыха Кокшетау (Park Hotel Kokshetau) кәсіпорны, Щучинск
қаласы, директоры Хан А.Г.
16. ЖШС Ульбинские горы, директоры Запекина Светлана Павловна, Өскемен
қаласы;
17. ЖШС Жемчужина Алтая, директоры Чиликин Александр Алексеевич, Өскемен
қаласы;
18. ЖШС Basic, директоры Чиликин А.А., Өскемен қаласы;
19. ЖШС Жекебатыр, директоры Дюсенбаев Нурлан Магжанович, Көкшетау
қаласы.
Сонымен қатар балаларға арналған демалыс орындары бар. Олармен де
кәсіпорын келісім-шартта тұрады:
1. ТЭСО туристік фирмасы: Школа атты Мәскеу Халықаралық көрмесінің,
Мәскеу үкіметінің Пилар және Персона Грата – 2003 конкурстарының
лауреаты;
2. Континент балаларға арналған сауықтыру орталығы;
3. Балалар демалысына арналған орталық Огонек;
4. Звездный балаларға арналған сауықтыру орталығы;
5. Бұқтырма су қоймасындағы Морские львы лагері;
6. Голубой залив туристік лагері;
7. Альбатрос Тур – НС жастар ақпараттық орталығы;
8. Изумрудный Алтай туристік фирмасы;
9. Изумрудный город жазғы туристік лагері;
10. Простор балаларға арналған сауықтыру орталығы;
11. Мектеп жасындағы (5 – 11 сынып аралығындағы) балаларға арналған
Аюдинка атты жазғы сауықтыру лагері;
12. Морячок балаларға арналған сауықтыру орталығы;
13. Жастарға арналған демалыс орны Взбодримся;
14. Балалар демалыс орны Саят;
15. ЮТЕМ туристік фирмасы.
Бұл келісім-шарттарда әркімнің міндеттері мен қызметтері өте жақсы
жазылған, сонымен қатар кім агент болып табылатыны, кім оператор болып
табылатыны, қашан келісімге қол қойылды, қай мерзімге дейін келісім-шарт
жарайтындығы көрсетілген. Бұл келісім-шарттардың кейбіреулерін үлгі ретінде
қосымшалар бөлімінен көре аласыздар. Мысалға Қазақстан Республикасы бойынша
ең ірі ЖШС Гульнар Тур туристік кәсіпорнымен жасаған келісім-шарт, ЖШС
Рахмановские ключи келісім-шарты, Орленок.к ЖШС-мен жасаған келісім-
шарттары бар.
Негізі ЖШС Райс-Стар туристік фирмасы көбінесе Қытайдағы Үрімші
қаласына шоп-турлар жиі-жиі ұйымдастырып отырады. Дегенмен мен бұнда
тәжірибе өтіп жатқанда Үрімші қаласында ұйғырлар мен қытайлықтар арасында
келіспеушілік болып, соғыс басталып кетті. Сол себепті Үрімші қаласына осы
екі жұмада ешкім бара алмады. Ал телефон шалып, офисқа келіп сұрастырғандар
өте көп болды. Оған қарамастан Сәуле апай шоп–тур жайлы қысқаша айтып
берді.
Шоп-турлар ұйымдастыру үшін туристік фирма ең алдымен бір топ адамдарды
жинайды. Бір топта 5 немесе одан да көп адам болуы мүмкін. Фирма менеджері
туристерді шоп-турдың шарттарымен таныстырады, туристің қалауы бойынша
паспорт қабылдап, туристпен келісім-шартқа тұрады. Бұл келісім-шартта
қызметтерді ұсыну шарттары, екі жақтың міндеттері, келісім-шарт мерзімі,
қызметтердің құны, екі жақтың келісім-шарт бойынша қызметтерін атқару
сапасы, жүктердің склад арқылы, қолмен жеткізілуі және жеткізу мерзімдері
көрсетіледі. Сонымен қатар туристік фирма туристерді жеткізу үшін
автобуспен келісімге тұрады. Туристерді жеткізуге болатын құжаттарды,
көліктің сақтандырылу құжатын тексереді. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасы бойынша туристерді қауіпсіздікпен қамту үшін күзет
агенттігімен келісімге тұрады. Туристік фирма міндетті түрде өз туристерін
шоп-тур барысындағы уақытқа сақтандырады.
Үрімші (қытайдың Дихуа) – Ұйғыр автономды ауданы – Синьцзянның
әкімшілік, экономикалық және мәдениет орталығы. Тань – Шань тауының
солтүстік етегінде, Үрімші өзенігің алқабында орналасқан. Үрімші көне
монғол тілінде джунгар, яғни ғажайып өріс деген мағынаны береді. Жалпы
аумағы – 11,9 мың шаршы шақырым. Үрімші туристік ресурстарға бай. Көне
Жібек жолында мұнда маңызды елді жер болған. Үрімші – нағыз туристік қала.
Ол өзіндік табиғатымен және ұлттық дәстүрлерімен ерекшеленеді. Үрімшіде
мыңдаған базарлар бар, бірақ кейбіреулері ғана сапалы заттар сатады. Үрімші
арзан бағаларымен туристерді өзіне тартады, оған қоса бағалары қаншалықты
арзан болғанымен бағаларын төмендетуге тырысса, сатушылар тіпті кейде екі
есеге төмендетулері мүмкін.
Үрімші кеденінің статистикалық мәліметі бойынша сыртқа шығарылатын
тауарлардың жалпы көлемі 3,45 млрд. долларды құрады. Бұл алдыңғы жылмен
салыстырғанда 90,4 пайызға өскен. Бұл көрсеткіштердің өсу қарқынына
қарағанда Синьцзян мемлекетте бірінші орынға ие болған.
Кедендіктердің айтуы бойынша қаңтар – наурыз айларында экспорттың
жалпы көлемі 2,99 млрд. долларды құрап, екі есеге өсті. Импорттың көлемі –
460 млн. доллар, яғни 21,2 пайызға өскен. Сауда балансының активті
сальдосының жалпы көлемі 2,54 млрд. долларға жетті, яғни ана жылмен
салыстырғанда 2,4 есеге өскен.
1.3. Кәсіпорынның басқару құрылымы.
Кәсіпорынның басқару құрылымы
Туристік фирма қызметскерлері 3 адамнан тұрады, олар: директор: Капарова
Галятай Елеусызовна, туризм менеджері: Бектасова Сәуле Бауыржановна және
бухгалтер: Ибраева Санымгүл Сержановна.
Директордың қызметі
Диретор – басқару кадрларын басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір
басқару қызметін орындайтын немесе соны жүзеге асыруға ықпал ететін
жұмыскерлер, яғни басқару процесіне іскерлікпен қатысатын, әрі басқару
аппаратына енетін жұмыскер.
Басқару кадрларын әр түрлі белгілері бойынша бағалауға болады: басқару
деңгейі бойынша - жоғарғы, орташа және төменгі буындар.
Директор – бұл ұжымға басшылық етуші адам, басқару аппаратының немесе
оның жекелеген буындарының жұмысын үйлестіруші, қойылған міндетті орындау
үшін ұжым қызметін бағалауды және реттеуді жүзеге асыруышы. Басшыға алуан
түрлі, бірін бірі толықтыратын қызметтерді орындауына тура келеді.
Басшы әкімшілік рөлінде өз билігін пайдалана отырып, қолданылып жүрген
нормативтік актілерге сәйкес жүйедегі қозғалысты қамтамасыз етеді, ұйымда
тиісінше тәртіп орнатады. Өзіндегі қызметкерлермен бірлесе отырып кадр
саясатын ойластырады және жүзеге асырады, штатты жинақтайды, кадрларды
іріктеуді, баулуды, орналастыруды және ауыстыруды жүзеге асырады.
Басшы ұйымдастырушылық қызметті орындай отырып, бірлесе жемісті еңбек
ету үшін қажетті жағдай жасайды, басқару процесінде және өндірісте жұмыс
істейтіндерге бағыт сілтеп, іс әрекеттерін үйлестіреді. Басшы кәсібі
даярлықтан ойдағыдай өткен, өзі істейтін сала бойынша білімі мен
тәжірибесі жеткілікті маман ретінде өз қызметін орындағанда – мақсатты
дұрыс қоя білуі, оның жүзеге асырылу барысын жан жақты талдауы және тиімді
бақылауы, білікті нұсқау бере білуі тиіс. Басқадай жетістіктермен қоса,
арнайы білімі бар басшылар өз міндетін ойдағыдай әрі нәтижелі шеше біледі.
Басшы өзінің тікелей міндетімен қоса, алуан түрлі өндірістік
қызметтерді орындайтын қоғам қайраткерлері болып та саналады. Өйткені
онсыз ұйымшыл ұжым құру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда ол қоғамдық
ұйымдармен бірлесе отырып, әр түрлі мәжілістерге, конференцияларға және
басқадай қоғамдық шараларға, сайланатын жергілікті және орталық органдардың
жұмыстарына қатысады. Соның нәтижесінде басшы толып жатқан мәліметтер
алады, ал оны тиімді қолданғанда ұжымның психологиялық ахуалына және
шаруашылық қызметіне елеулі ықпал ете алады.
Басшының тәрбиешілік қызметінің де мағызы зор. Жақсы жолға қойылған
тәрбие жұмысы жеке адамдар мен ұжымның ауыз бірлігін, ынта жігерін арттыра
түседі, экономикалық және әлеуметтік прогресті жеделдетуге ықпал етеді.
Тәрбие жұмысына соншалықты жоғары баға берілетін себебі, басқару, бұл
әрдайым адамдарға басшылық ету және де оны ойдағыдай жүзеге асыруға,
басшының қол астындағыларға өктем бұйрықпен емес, сендіру, әділдікке көзін
жеткізу арқылы ықпал етуінің зор мәні бар.
Басқару тәсілдері. Басқару үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін
билік керек. Билік орындаушылардың белсенді талаптарына ықпал етуге
негізделген.
Бухгалтердің қызметі
Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы заң бойынша (15-
бап) Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау
мақсатында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің
нұсқаушылық қызмет көрсетулері лицензияланады. Лицензиялау Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 14.09.2001ж. №1213 Туристік қызметті лицензиялау
тәртібі қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия туралы, туроператорлар
және турагенттер туралы деректер туристік саладағы мемлекеттік тізілімге
енгізіледі. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі төрағасының
09.01.2002 ж. №06-2-23 бұйрығымен лицензияны алу үшін туристік қызметтерді
лицензиялау құжаттарының формалары бекітілген.
Туроператорлар мен турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық – құқық
сақтандыру келісім-шартын бекітіп, он мың бір айлық есептік көрсеткішімен
кем емес сақтандыру сомасын әкелуі керек.
Туристік бизнестегі субъектілердің қалыптасқан шаруашылық жүргізу
жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін нақты ұйымдастыруы керек, қаржылық
есеп берулерді пайдаланушыға уақтылы және шынайы жасап ұсынуы қажет,
активтер мен тапсырмалардың жағдайы туралы мәліметтерді уақтылы алу.
Туризм – Қазақстан Республикасы азаматының уақытша кетуі (саяхаты),
шетелдік азаматтардың және тұрақты мекен-жайы мен азаматтығы жоқт
тұлғалардың емделу, танымдық, кәсіби-іскерлік және тағы басқа сапарлары.
Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібі ҚР
Конституциясында, ҚР Азаматтық кодексінде, 2001-ші жылдың 13-ші
маусымындағы №211-II (22.02.02. ж. №296-II өзгертулермен) Қазақстан
Республикасында туристік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңында
реттемеленген. Қаржылық есеп берудің жалпы қабылданған Халықаралық
стандартына сәйкес принциптердің екі тобы бөлініп көрсетіледі:
• Негізгі принциптер (есептеу және үздіксіз қызмет);
• Ақпараттардың сапалы сипаттамалары (түсініктілігі, орындылығы,
сенімділігі және салыстырылуы).
Бұған қоса олар БЕС 30 Қаржылық есеп берулерді табыс ету
реттемеленіп, Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы Заңына
белгіленген принциптерге және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес
субъектілер әзірлеп, пайдаланатын кәсіпорындарындағы Есептік саясатқа
қабылданады.
Есептік саясатта мыналар қарастырылуы керек: туристік бизнестегі
олардың есептік ерекшеліктері; шоттардың жұмыс жоспары; шаруашылық
операцияларын рәсімдеуге қолданылатын бастапқы құжаттардың формалары;
түгендеуді жүргізу тәртібі және тауарлы –материалдық қорларды, мүлікті және
тапсырмаларды бағалау әдістері; құжат айналымы тәртібі, есептік
ақпараттарды өңдеу технологиясы және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға аса
қажетті басқа шешімдер.
Есептік саясатты субъект басшысы бекітеді. Қазақстан Республикасы
Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы заңының 7-бабына сәйкес субъект
басшысы есептік жүйені жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды
қамтамасыз етеді. Басшы есептік жұмыстың мөлшеріне қарай бухгалтерлік
қызметті бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімшелерге құрылтайшы болып,
бас бухгалтер қызмет штатын ашады, алғашқы келісім шартпен мамандандырылған
бухгалтерлік фирмаға бухгалтерлік есепті жүргізуді тапсырады немесе маман
бухгалтерге бухгалтерлік есепті жүргізуге береді.
Бас бухгалтер (бухгалтер) субъектінің жалпы бухгалтерлік есебін
жүргізеді, заң талаптарын, қаржы-шаруашылық қызметтердің бухгалтерлік есеп
стандарттарын, қаржылық есеп берудің формаларын сақтайды. Қазақстан
Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік басшылығын
Бухгалтерлік есептің әдістемелік департаменті және ҚР Қаржы министрлігі
аудитта жүзеге асырылады.
Туризм менеджерінің қызметі
Негізі менеджмент деген басқару деген мағынаны береді, яғни туризм
менеджері ол директордан кейінгі басқарушы адам. Туризм менеджері дегеніміз
басшының қабылдаған әрекеттері мен шешімдерін жүзеге асырып, орындалуын
қадағалауы тиіс. Ұйымның (турфирма) басты мақсаты түсетін пайда мен
шығындар белгілі тауарлармен қызмет жасау.
Мақсаттары:
1. басты мақсат құраушыларға бөлінеді
2. өндірісті дамыту және тиімділігін арттыру
3. өндірісті жан жақты интенсификациялау
4. ғылыми техникалық процесті жылдамдату
5. еңбек өнімділігн арттыру
6. ресурстарды үнемдеу, өңдеу
7. пайданы ұлғайту
8. ұжымның әлеуметтік дамуы
9. ұйымның жаңару, даму негізін қамтамасыз ету
Менеджер ұйым қызметін басқару және басқару процесін қалыптастыруы
тиіс. Ұйымдастыру қызметін жоспарлап және жұмысқа байланысты барлық
функцияларды анықтап орындауы керек, ұйымдастыру құрылымын толық жүйе
ретінде әрбір ұйымның тиімді қызметін және пайда табуын, кәсіпорынның
ұйымдастыру құрылымы арқылы бизнесті дамыту және басқаруы тиіс. Басқару
адамның кәсіптік қызметі. Ұйымның, ұйымдағы әр адамның, жеке адамның
біріккен еңбек жұмысындағы процесіндегі мақсатына жүйелі ықпал етуі.
Ұйымдастыру кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымының процесі.
Басшының міндеті ұйымның мақсаты мен міндетіне толық сай келетін, әрі
оның ішкі және сыртқы орта факторларына ықпал ететін құрылымды таңдап алу.
Ең қолайлы құрылым бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне
барынша мүмкіндік беретін, өз қызметкерлерінің күш жігері өнімді, әрі
тиімді бөлетін, бағыттайтын, сол арқылы клиенттердің қажетін
қанағаттандырып, жоғары тиімділікте өз мақсатына жететін құрылым. Менеджер
ұйымдастырып қана қоймай бақылап та отыруы керек. Бақылау бұл ұйымның өз
мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі. Бақылау қолда не барын және де не
болу керектігін ұдайы салыстыру.
Басшылар бақылау қызметін мақсат пен міндетті айқындап, ұйымды құрған
сәттен бастап қолға ала бастайды. Бақылау басқарудың маңызды әрі күрделі
қызметі, еңбек өнімділігін, өызметкерлердің ынта жігерін арттырудың басты
құралы.
Бақылаудың басты принциптерінің бірі бақылау тұтастай қамтылуы тиіс.
Бақылау ісі тек менеджерлердің және оның көмекшілерінің ғана міндеті емес.
Әрбір басшы, қызмет лауазымына қарамастан, өзінің тікелей жауапты мәндеті
ретінде бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Істің анық қанығын жете білетін,
соған білім өрісі жететін, әрі басқаларға үлгі өнеге көрсете алатын адамдар
ғана бақылай алады.
2.1, 2.2. Кәсіпорында практика өту барысы: жолдама сату.
Практика өту барысында демалыс орындары жайлы, туризм жайлы көптеген
ақпарат алдым. Ол мәліметтермен мен интернеттен, каталогтардан,
журналдардан, брошюралардан қарап таныстым. Сөйтіп телефон арқылы қоңырау
шалған туристерге, офиске келген туристерге көмек көрсетіп, бағыт-бағдар
беріп, кеңес беріп, оларға көптеген ақпарат бердім. Практикамның соңғы
күндерінде бірнеше жолдама жасауға жолым болды. Сәуле апай Жолдамаларды
өзің жасап көр дегенде өте қатты шошып кеттім, қорқынышты еді. Алдында тек
Сәуле апайға жолдамаларды толтыруға көмектескенмін, енді міне өзіме
тапсырыс қабылдауға рұқсат етілді.
23-маусым күні күндегідей телефон қоңырауларына жауап беріп, келген
туристердің сұрақтарына жауап беріп отырдым. Түске таман бір турист келіп
Павлодар облысының Баянауыл ауданына барғасы келетіндігін айтты. Мен ол
кісіге Баянауыл жайлы айтып бердім.
Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы ҚССР Министрлігі №
276 қаулысымен құрылған. Баянауыл мемлекеттік парк Баянауыл ауданының
аумағында орналасқан, жалпы аумағы 50688 га құраған. ҚР Үкіметінің
қаулысымен 2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтілді. Қазіргі
кезде БҰМТП 68452,8 га құрайды. Орман және аңшылық комитетінің шешімімен
Қызылтау қорығы БҰМТП қорғауға бекітілді, жалпы аумағы 60000 га құрайды.
Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген.
1. Баянауыл орманшылығы - 19188 га,
2. Жасыбай орманшылығы – 22904га,
3. Далба орманшылығы – 8 596га.
Кенейтілген парк аумағы-17764,8 га
Жалпы паркте 108 мемлекеттік инспектор қызмет атқарады. Ұлттық парк
директоры – ҚасенТемірболат Мұбаракұлы 2003 жылдан бастап мемлекеттік
табиғи паркті басқарып келеді. Білімі жоғары, Целиноград ауыл шаруашылық
институты мамандығы бойынша – ғылыми агроном.
Баянауылдың қатпарлы, текшелеп жинағандай сандық тастардан құралған
шоқыларына, сұлу Ақбет тауына, мөлдіреген, қысы-жазы қатпайтын Жасыбай
көліне, суы шипалы Әулиебұлаққа қарасаң көзің тоймайды.
Баянауылдың тауларында Бөгенбай, Олжабай батырлар бекініс құрып, осы
жерде Баян, Жасыбай батырлардың Халден-Сереннің алдыңғы қолына үлкен
тойтарыс берген, жоңғарларды жеңген жеңіс тойын өткізген Сабындыкөлдің
Абылайдай бабамыздың табаны тиген қасиетті жер.
Ертеден халық аузында келе жатқан Кемпіртас атты тас мүсіннің биіктігі
соншалық, бас киімің түскенше шалқайып, тастың құпиялы шыңына көз саласың.
Тіссіз кемиек аузы ырсиып, кеңкілдеп күліп тұрған кейпіне қарап, өзің қоса
күлесің. Тасқа айналып қалмауың үшін көп күлуге, қасында ұзақ тұруға
болмайды. Одан әрі, Торайғыр көлінің түстік жиегінде найзадай үшкір басты
биік шың – Найзатас тұр.
Ашық беті көлге қараған су үстіне асыла біткен үлкен Үңгіртас
үңірейеді. Ақбет тауының түбінен сарқырап ағып жатқан Әулиебұлақтың суынан
үш рет ұрттаған адам бойындағы аурудан сауығып кетеді деседі. Бұлақ суының
құрамында қажетті мөлшердегі йод, фтор, натрий бар көрінеді.
ЖШС Райс-стар Баянауылдағы Баянтау және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz