Діни туризм (2 нұсақасы)



Кіріспе
1.Туризм түсінігі
2. Діни туризмнің формалары және оның маңызы
3. Қазақстандағы діни туризмнің дамуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Туризм экономиканың әр түрлі салаларына әркелкі ықпалын жасауда, алайда оның жұмыс жасауы басқа да шаруашылық салаларына «салмақ салмай» экономиканың дамуына мүмкіншілік береді. Туризмнін толыққанды жұмыс жасауы үшін туризм индустриясын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық негіз қажет. Туризм индустриясы оған демеу болатын көптеген кіші кәсіпкерлік өндірістерін қамтиды. Туризмнен түскен түсім қабылдаушы аумақтағы халықтың көптегенн бөліктеріне бөлінеді, осыған орай барлық қоғам экономикалық пайдаға кенеледі. Туризм индустриясының дамуы тұрғындардың тіршілік деңгейінін жоғарылауына зор септігін тигізеді.
Туризм индустриясын әдеттегідей, тағам, үлестіру, көлік өнеркәсіптері. сақтандыру компаниялары, туристтік жабдықтар мен инвентарларды, туристік әдебиеттерді және карталарды ендіру жөніндегі кәсіпорындар, туристік мамандарды дайындау жөніндегі мекемелер, жарнамалық агенттіктер, ғылыми-зерттеу орталықтары, туристік фирмалар құрайды. Туризм индустриясы тікелей табыс көзі бола отырып, туризмге кеткен шығындар экономиканың көптеген салаларын, тек қана жанама түрде ғана емес, сонымен бірге тікелей қамтуға тиісті жағдай жасайды. Сондай-ақ ол мемлекеттік бюджетті толықтыра отырып, шетелдік валютаның түсіміне жағдай жасап, кіші және орта кәсіпкерлікке көмек көрсетеді, қолөнер өндірісінің дамуына септігін тигізеді, тұтыну нарығындағы тауарлар мен қызмет көрсетуді кенейтіп, ешқандай сауда-саттыұ немесе өндіріс базасын көздемеген экономикалық даму аймақтарына дем береді. Дамушы елдерде өндірістердің қайта қалпына келуі үшіп көптеген инвестициялар қажет, ал туризм болса кайта калпына келетін ресурстармен жұмыс жасалғындыктан. көп шығындарды талап етпейді.
Казіргі таңда мінәжат етуді дамыту құралы ретінде діни туризмге көп көңіл бөлінуде. Діни туризм халықаралық байланыстың кеңею, ұлттык мәдениеттің даму және басқа да халықтардың мәденнетімен танысу құралы болып табылады.
1. "Діни туризм" негіздері
2. Ердәулетов С.Р. «Туристік Қазақстан» -Алматы «Қайнар», 1989ж.
3. Закон Республики Казахстан “О туристской деятельности в Республике Казахстан” от 13 июня 2008 года
4. www.google.kz

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министерлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Экономикалық факультеті
Туризм кафедрасы

"Туризмология негіздері" пәні бойынша

Реферат

Орындаған: Мұқан А. Ә
Тексерген: Гиззатжанова А. Г

Астана, 2012 ж.

Жоспары:

Кіріспе
1.Туризм түсінігі
2. Діни туризмнің формалары және оның маңызы
3. Қазақстандағы діни туризмнің дамуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Туризм экономиканың әр түрлі салаларына әркелкі ықпалын жасауда, алайда оның жұмыс жасауы басқа да шаруашылық салаларына салмақ салмай экономиканың дамуына мүмкіншілік береді. Туризмнін толыққанды жұмыс жасауы үшін туризм индустриясын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық негіз қажет. Туризм индустриясы оған демеу болатын көптеген кіші кәсіпкерлік өндірістерін қамтиды. Туризмнен түскен түсім қабылдаушы аумақтағы халықтың көптегенн бөліктеріне бөлінеді, осыған орай барлық қоғам экономикалық пайдаға кенеледі. Туризм индустриясының дамуы тұрғындардың тіршілік деңгейінін жоғарылауына зор септігін тигізеді.
Туризм индустриясын әдеттегідей, тағам, үлестіру, көлік өнеркәсіптері. сақтандыру компаниялары, туристтік жабдықтар мен инвентарларды, туристік әдебиеттерді және карталарды ендіру жөніндегі кәсіпорындар, туристік мамандарды дайындау жөніндегі мекемелер, жарнамалық агенттіктер, ғылыми-зерттеу орталықтары, туристік фирмалар құрайды. Туризм индустриясы тікелей табыс көзі бола отырып, туризмге кеткен шығындар экономиканың көптеген салаларын, тек қана жанама түрде ғана емес, сонымен бірге тікелей қамтуға тиісті жағдай жасайды. Сондай-ақ ол мемлекеттік бюджетті толықтыра отырып, шетелдік валютаның түсіміне жағдай жасап, кіші және орта кәсіпкерлікке көмек көрсетеді, қолөнер өндірісінің дамуына септігін тигізеді, тұтыну нарығындағы тауарлар мен қызмет көрсетуді кенейтіп, ешқандай сауда-саттыұ немесе өндіріс базасын көздемеген экономикалық даму аймақтарына дем береді. Дамушы елдерде өндірістердің қайта қалпына келуі үшіп көптеген инвестициялар қажет, ал туризм болса кайта калпына келетін ресурстармен жұмыс жасалғындыктан. көп шығындарды талап етпейді.
Казіргі таңда мінәжат етуді дамыту құралы ретінде діни туризмге көп көңіл бөлінуде. Діни туризм халықаралық байланыстың кеңею, ұлттык мәдениеттің даму және басқа да халықтардың мәденнетімен танысу құралы болып табылады.

1. Діни туризм - бұл туризмнің дербес түрі. Діни туризм түсінігі бұл адамдардың әдеттегі өмір сүру ортасынан тыс жерлерде орналасқан қасиетті жерлер мен діни орталықтарға баратын туристтердің қажетгіліктерін канағаттандыратын қызмет түрлерін ұсынумен байланысты қызмет екендігі деп түсіну керек. [1]
Діни туризм( мінәжаттық турлар) - ең біріншіден ішкі дүниесімен демалу. Миллиондаған адамдар жылсайын киелі орындарға мінәжат ету сапарларын мынандай елдерге жасайды: Израиль, Италия (Рим және Ватикан), Сауд Аравиясы, Египет и т.б.

Мінәжат етудің 3 типін бөлу қажет (Наным - сеніміне байланысты)

1)Мұсылмандық мінәжәт ету. Мұсылмандардың өздерінің мәніжіт ету орталықтары бар, оларға біріншіден Сауд Арабиясындағы Мекке қаласын және Мәдина қалаларын жатқазамыз..
2) Христиандық мінәжәт ету. Хрестиандарда мінәжәт етудің көп орындары бар, ең бастылары Батыс және Шығыс Еуропада, оларға: Рим, Париж и Лурд, Фатима в Португалии, Варшава, Монсеррат в Италяны жатқызуға болады. Миллиондаған сенушілер осы жерлерге баруға ұмтылады.
3) Буддалық мінәжәт ету. Ортодоксальные буддисттер мұсылмандар немесе христиандар секілді мінәжәт етпейді.Олардың өзіндік киелі орындары бар.Сол жерлерге жалғыз барып ішкі, рухани жан-дүниесін жетілдіру мақсатында барады. Ол жерлерге Лхаса қаласын жатқызуға болады, Өйткені, дәл сол жерде 3650метр биіктікте Далай-лама сарайы орналасқан. Басқа киелі орны Шри - Ланкада орналасқан Канди қаласы. Канди қаласының орталығанда Далида Малигава храмы орналасқан. Сол храм ішінде Будданың солжақ азу тісі сақталған.
Израиль қаласына саяхатты бөлек айтқан жөн.Өйткені, бұл керемт қалада 3 дін келісімді қосылған, миллиондаған туристер осында келуге тырысады. [4]
.

2.Діни туризмнің формалары және оның мағынасы.
Қазіргі таңда әлемдегі әр түрлі мемлекетердің құқықтық жүйесінде туризм түсінігі барынша кең таралған. 1993 жылы БҰҰ Статистикалық комиссиясы туризмді статистикалау мақсатында (туризм статистикасын анықтау және жіктеу концепциялары) бүкіл әлемдік туристтік ұйымның туризм статистикасы бойынша тағылымдамада қисындалған. Аталған құжаттың мәліметтеріне сәйкес, туризм бұл демалу, іскерлік жәнс басқа мақсаттарда қатарынан бір жыл мерзімнен аспайтын кезең барысында өзі бейімделген ортаның шегінен тысқары орналасқан жерлерде іс - сапарда немесе саяхатта болатын тұлғалардың қызметтер жиынтығын құрайды.[4]
Осыған орай, туризм - бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, шет ел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың өздерінің тұрғылықты жерлерінен емделуге, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және басқа да мақсаттарда уақытша мекендеу елінде төленетін кызмет керсетусіз уақытша сапарлары (саяхаттары).
2001 жылғы 13 маусымдагы №211-ІІ Қазақстан Республикасындағы туристтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңына (ҚР 2002 жылғы 22 ақпандағы №296-11 және 2003 жылғы 4 желтоқсандағы №503-11 Заңдарымен енгізілген толықтырулармен) сәйкес, туризм жеке тұлғалардың жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі немесе жиырма төрт сағаттан аз мерзімге, сондай-ақ қона отырып уақытша мекендеу елінде (орнында) төленетін қызмет керсетусіз уақытша саяхаттар.[3]
Адамның тұрақты баратын орындары, егер олар оның тұрғылықты орындарынан салыстырмалы түрде алыс болса да оның әдеттегі ортасының әлементтері болып табылады. Бұған адамның тұрғылықты орнына жақын орналасқан нысандарды (мәселен, белгілі бір мұражай немесе қалада орналасқан ғибадатхана) жатқызуға болады. Әдетте олар күнделікті әлементтер ретінде қабылданады. Діни туризмде белгілі бір алыстау қалага немесе әлдебір киелі жерге ниет етіп бару, мәдени-көпшілік іс-шараларға катысу, сондай-ақ мұражайларға, көрмелерге барудың өзі әдеттегі ортаның шегінен шығу болып есептеледі. Өмір сүрудің әдеттегі ортасының тұжырымдамасы бойынша адам турист болып есептелуі үшін әлдебір орындарға қанша рет баруы керек немесе қаншалықты ұзақ жүруі керек деген мәселе мамандар арасында келіспеушіліктер туындатады. Әдетте орта түсінігі елдер бойынша өзгешеленеді және адамдардың әр түрлі мобильдігіне сондай-ақ мүліктік жағдайына, дүниетануына және сапардың себептеріне байланысты өзгешеленуі мүмкін.
Сонымен біз діни турист деп діни мақсаттарда саяхаттайтын, әдеттегі ортасының шегінен бір жылдан аспайтын мерзімге қасиетті жерлерге және діни орталықтарға баратын адамды айтамыз. Діни туризм түсінігі бұл адамдардың әдеттегі өмір сүру ортасынан тыс жерлерде орналасқан қасиетті жерлер мен діни орталықтарға баратын туристтердің қажетгіліктерін канағаттандыратын қызмет түрлерін ұсынумен байланысты қызмет екендігі деп түсіну керек.
Діни туризм - бұл туризмнің дербес түрі. Оның басқа да түрлері сияқты мінәжат ету туризмі және экскурсияға бағытталған діни туризм атты түрлері бap. [1]
Діни туризмнін формалары ұйымның ерекшеліктеріне, қатысушылардың санына, сапардың ұзақтығына, көлік құралдарына байланысты ерекшеленетін түрлерге бөлінеді. Діни туризм түрі мен санаттары бойынша аумақтық, елдік ерекшеліктерге байланысты түрленеді. Бұл туризмнің ішкі, кіретін және шығатын санаттары.
Діни туризмге қонақ үйлердің және басқа да орналасу кұралдарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтану нысандарының, әр түрлі діни нысандарының, сондай-ақ экскурсиялық және гидаудармашы қызметтерін ұсынатын ұйымдардың жиынтығын жатқызуға болады. Діни туризм индустриясы туризм индустриясының біртұтас құрамды бөлігі болып табылады. Діни туризм индустриясында келесідей төрт секторды атап өтуге болады.

1. Орналасу секторы. Бүл қонақ үйлердің, кемпингтердің, жатақханалардың жәнс тағы басқалардың орналасу құралдарының жиынтығы.
2. Тамақтану секторы мейрамханалар, асханалар, кафе, көліктегі тамақтану кэсіпорындары т.б.
3. Көлік секторы көлік кәсіпорыны және көліктің әр түрлі қызметтерін ұсыну.
4. Діни нысандар секторы. Бұл секторға төмендегілер жатқызылады:
* діни ғимараттар - монастырлер, ғибадатханалар, шіркеулер және шіркеулік кешендер, капеллалар, кіші шіркеулер;
* табиғи нысандар - қасиетті бұлақтар, құдықтар, таулар, суаттар (өзендер, тоғандар), тоғайлар;
* кішігірім діни нысандар - жол бойындағы кресттер, жол шетіндегі құдайлардың мехраптары т.б.
Бұл нысандар бірге орналасу мүмкін екендігін есепке алу қажет. Мысалы, қасиетті бұлақ православ шіркеуінде немесе бөлек орналасуы мүмкін. Синтоизмнін коптеген ғибадатханалары діни ғимараттарды және табиғи нысандарды (судын қасындағы қасиетті тоғайда орналасқан шіркеу) құрайды. Оқу құралында діндердің қасиетті орындары мен діни орталықтары туралы мәесле қарастырылады. Бұл түсініктер бір-бірімен үндеседі. Қасиетті орындар деп - белгілі бір діни конфессияның өкілдеріне үлкен маңызға ие діни немесе басқа да іс-шараларға көптеген мінәжат етушілердің жиналатын орны деп айтуымызға болады. Мұндай орындарда ғажап иконы бар храм, мәселен, белгілі әулие, діни мұғалім (гуру) аскет немесе тарихи діни жағдайлар орын алған. Діни орталық түсінігі қасиетті орын түсінігіне қарағанда кен таралған. Бұған аса құрметті білім беру мекемелері және діни ұйымдардың әкімшілік органдары кіреді. Бүкіләлемдік туристтік ұйым (БТҰ) орналасу құралдарының екі тобын этап көрсетеді: ұжымдық және жеке. Орналасудың ұжымдық кұралдары үш топқа бөлінеді:
* Қонақ үйлер және оған ұқсас орындар (мотелдер, тұруға арналған клубтар, жиһаздалған бөлмелер т.б.);
* Орналасудың арнаулы құралдары (кемпингтер, орналасу құралдарына арналып қайта жабдықталған жер бетіндегі және су көліктері т.б.);
* Орналасудың басқа да түрлері (үй кешендері, бунгалолар. мінәжат етуге келгендерге арналған палаткалы қалашықтар, шіркеулік, ашрамдық жәнс басқа да жатақханалар т.б.).
Қасиетті орындарға және діни орталықтарға сапар шегетін туристер қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының кызметтерін қолданады. Ол мыналар болуы мүмкін:
:: Мейрамханалар, кафе, кішігірім асханалар тағы сол сияқтылар.
Діни орталықтарда қасиетті орындарда қажылыққа барғандар мен экскурсанттар аталған мекемелердің қызметтерін қолдана алады және қандай да бір тағамды таңдау мүмкіншілігіне ие болады.
:: Шіркеулік, ашрамдық және басқа да асханаларда қонақтар үшін
тағам дайындалады. Бұл жердегі тағамның түрі басқа мейрамханалар мен кафедегілерден ерекшеленеді. Атап айтатын болсақ, кейбір тағамның түрлері көбінесе жай тағам, православ оразасында жеңіл, индиялық ашрамда вегетариандық (өткір немссе өткір емес) тағамдар болып бөлінеді.
Мінәжат етуге келгендерге тағам көбінесе белгілі бір уақытта, тағамды аңдау мүмкіншілігіне беріледі.
Мінәжат етуге немссе саяхаттық сапарға аттанатын туристер орналасу (пунктеріне) пунктіне жету үшін әр түрлі көлік құралдарын қолдану қажет. Қолданылатын көліктерге
1) авиация
2) темір жол
3) автомобиль (автобустық)
4) су (өзендік, теңіздік) көліктері
5) оның басқа да түрлері.
Діни турізмде бір пунктен келесіге дейін белгілі бір бағыттың бөлігін жаяу жүріп өту тәжірибесі қолданылады. Бұл бір жағынан өзіне түсетін қиындықтарды өз еркімен мойнына алуға, ал келесі жағынан көптеген нысандарға (қасиетті таудың шыңдары, үңгірлер) олардың көпшілігі қол жеткізе бермейді.
Бағыттар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі.
Жыл бойы - жыл барысында белгілі бір діни мінәжат жасау нысанына баратын көпгтеген саяхаттық және қажылық мақсаттар. Мысалы, бұл Сергиев үштігіне, Мәскеу маңындағы лаврға немесе Түркістандағы және Қазақстандағы басқа да аумақтардағы мешіттерге бару
Мезгілдік - табиғаттың немесе басқа да факторлары әсер ететін жерлерге саяхаттау және қажылыққа бару. Мысалы, Тибет пен Гималайда қасиетті жерлерге жылына бірнеше айларда қажылыққа баратындарға және саяхаттаушыларға арналған қажылық мезгілі. Исламның қасиеттері жерлеріне мұсылман күнтізбесі бойынша саяхаттау және қажылыққа бару.
Бір реттік (жағдайлық) - белгілі бір шіркеулік мерекені, жергілікті жерде қасиетті саналатын әулиеті ұлықтау күнін тойлаута арналған мерекелерге мінәжат ету сапарлары. Бұл Ватикандағы рим папасының гибадаттарына қатысу үшін мінәжат етушілердің көбеюінен көрінеді. Бұған жылына бір рет 2 миллионға жуық адамдардың қажылыққа баратын орны Меккені жатқызуға болады. Сондай-ақ саяхаттау мен қажылыққа бару сапарлары карнавалдарға, рәсімдеулерге және бірқатар мерекелерге қатысу үшін жүзеге асырылады. Мәселен, тамыз айында Кандиге, Шри-Ланкадағы Эсала Пе-рахера мерекесіне арналған іс-шараларға қатысу үшін сапарлар жасау. [4]

2. Қазақстандағы діни туризмнің дамуы. Адам өркениетінің даму тарихы бізге мәдени ескерткіштер, әдет-ғұрыптар, діндер, ғылыми жетістіктер ретінде өз қызметін бірнеше куәліктерін көптеген санын қалдырады. Сондай-ақ бұрынғы өркениет пен мәдениеттің әртүрлі қалдықтары олардың қызметі, көшіп-қону жолдары, қоршаған әлемді тану тәсілдері, сонымен бірге өткен өмірдегі табиғи ресурстар жиынтығының бірі ретінде көрініс табады. Қазақстан аумағында мінәжат ету бағыттарына қосуға болатын туризмнің бірнеше тарихи-архитектуралық және табиғи нысандары бар. Әсіресе олар Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі жол бойында орналасқан.[2]
Ұлы Жібек жолы бұл ежелгі және ортағасырлардағы кезеңде сауда байланыстары мен Шығыс пен Батыстың мәдени қарым-қатынасын жүзеге асыру үшін қызмет еткен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қиып өткен керуен жолдарының жүйесі. Жібек жолының ең ұзақ бөлігінің бірі Орта Азия мен Қазақстан аумағы арқылы өткен.
Қазақстандағы діни туризм нысандарының арасында Түркістан ерекше орын алады. Түркістан - түркі халықтарының тарихи, рухани тағдырында ерекше орыны бар көне қала. Түркістан десе санасы селт етпейтін, өзінің осы бір сиқырлы атаумен әлдебір байланысы барлығын сезбейтін түркі баласы жоқ.
Түрік ғалымдарының зерттеулерінде қаланың осыдан 2000 жыл бұрын Оғыз хандығың астанасы болғандығы айтылады. Ал Орта Азия мен Солтүстік Кавказ, Еділ бойын мекендейтін түркі халықтары Түркістанды рухани астана ретінде мойындайды.
1980-1984 жылдар арасында ғана қаланың жасын анықтау мақсатында алғаш рет Күлтөбе қалашығының орнында арнайы археологиялық қазба жұмыстары жүргізіле бастады. Нәтижесінде, қазба жұмыстарына басшылық жасаған археолог Е.Смағұлов, қаланың жасы 1300 жыл - деген қорытынды жасады. Бұл тұжырым, сол кездегі Орта Азия қалаларының тарихымен айналысушы О.Г. Большаков секілді ғалымдардың пікірімен сай келді де, кезінде үлкен қолдауға ие болды. Қазіргі қаланың жасы 1500 жыл деп аталуының басты себебі де осы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі. Бұл мәселеменмен арнайы айналысқан орыс ғалымдары Сыр бойындағы қалалардың пайда болуын Орта Азияның орталығына қарағанда кештеу, IV-V ғасырлардан басталады дегем пікірді айтты және оны V ғасырдан бастап Сыр бойы арқылы "Жаңа Жібек жолының өте бастяуымен байланыстырды. Бұл пікірдің шала екендігін көне грек, қытай, санскрит жазбалары және Хорезм мен Сырдыя төменгі ағысында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерінің өзі-ақ дәлелдейді. Оның үстіне Қара теңіздің, солтүстік жағалауы мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауында. Алтайдағы Назрық қорғаны мен Тувада жургізілген қазба жұмыстары Шығыс пен Батыс арасындағы сауда байланыстарының біздің дәуірімізге дейінгі І-мыңжылдықтың басында-ақ болғандығын дәлелдейді.
Шу қаласында гибадатхананың болуы, оған әр құрбандық шалған сайын Капғой халқы 1000 қойды құрбандыққа шалуы, әскерінің жорыққа шығар алдында осында келіп Құдайға мінәжаі етуі. Түркістанның екінші Мекке атануы тек ислам діні мен Қожа Ахмет Яссауи атымен байланысты емес екендігін көрсетеді. Бұл жерде Исламнан бұрын да өте ертеден келе жатқан діни орталықтың болғандығын дәлелдейді. Сонымен қатар, көне санскрит жазбаларындағы деректер де Сыр бойында қалалардың біздің дәуірімізге дейінгі кезеңнің өзінде болғандығын көрсетеді. Авеста мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік баж салығы
ДІНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Діни туризмнің даму тарихы
Қазақстандағы қажылық туризмнің болашақта даму жолдарын болжау
Қазақстандағы діни туризм объектілері
Қазақстан Республикасында зиярат ету діни туризмнің дамуы
Діни туризм
Туризмнің негізгі түрлері
Діни туризм туралы
Қазақстанда діни тақырыптағы экскурсиялық туризмді дамыту
Пәндер