Мектеп психологының іс-қағаздар жүргізуі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Мектеп психологының іс-қағаздар жүргізуі
Орындаған: Советханова С. С
Топ: ПХ-315
Тексерген: Бураханова А. Т
Семей-2015ж
Жоспар:
- Мектеп психологының іс-қағаздар жүргізуі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Қазірігі білім беру жүйесінде мектептің психологиялық қызметті жаңа дамып келе жатқан саланың бірі. Осыған байланысты шешуді талап ететин көптеген мәселелер бар. Біріншіден ол психологтың мектептегі статусы, оның құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі мен этикасы, жұмыс бағыттар мен құжаттары мәселесі толық белгіленуі тиіс. Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
- Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар) .
- Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
- Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.
- Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.
Психологтың құқықтары:
1. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі барлық субьектілермен жұмыстың формасы мен әдісін және белгілі бір кезеңде маңызды деген бағыттарды таңдай алады. 2. Әкімшілікке психологиялық қызметтің іс-әрекетінің нәтижелі, әрі өнімді іс-әрекетіне мүмкіндік беретін ұсыныстарды айта алады.
3. Оқыту - тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға байланысты мектеп құжаттарын қарастыра алады.
4. Оқыту-тәрбиелеу процесіне байланысты кеңестерге, жиналыстарға белсенді қатыса алады.
5. Мектепте психологиялық зерттеуді және әдістерді жүргізеді, түзетеді.
6. Психолог өзінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әртүрлі конференцияларға, семинарларға қатыса алады; психологиялық орталықтармен ассоциациялармен, практик-психологтармен, сонымен қатароқу орындарындағы психология кафедраларымен іскер байланыс жасай алады.
7. Арнайы дайындығы жоқ адамдарға, психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізуіне тыйым сала алады.
8. Әкімшіліктің тапсырысы этикалық принциптерге, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда, орындаудан бас тарта алады.
Психологтың міндеттері:
1. Жұмыс барысында ҚР БжҒМ бекіткен нормативтік актілерге, құжаттарға, бұйрықтарға негізделуі керек.
2. Психология ғылымының кейінгі жетістіктерімен таныс болып, өз іс- әрекетінде тек ғылыми негізделген әдістерді қолдануы керек.
3. Психологтың этикалық кодексін білуі керек және жұмыс барысында негізге алуы керек.
4. Мектептегі құжаттарға психологиялық талдау жасауы керек (тәрбиелеу жоспарлары, оқыту бағдарламалары, педагогикалық кеңестің шешімдері және т. б. ) .
5. Әртүрлі деңгейдегі мектеп ұжымындағы тұлғааралық қатынастарға өз бақылауында ұстап, талдап, қажетті кезде түзету керек (мұғалім-әкімшілік, мұғалім-мұғалім, мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы) .
6. Психологиялық құжаттарды ерікті формада жүйелі түрде жүргізіп сақтауы керек (диск, магнитофондық жазбалар және т. б. ) .
7. Диагностикалық жұмыстың негізінде алынған мәліметтерді ешкімге жарияламауы керек.
Мектеп психологының жауапкершілігі:
1. Психолог психологиялық диагноздың дұрыс қойылуына, қолданылатын диагностикалық және коррекциялық әдістердің нақтылығына және берілетін ұсыныстардың ғылыми негізділігіне жауапты.
2. Психолог жүргізілген психологиялық зерттеу және тексеру жұмыстарының хаттамаларының сақталуына және құжаттарды жүргізуге жауапты.
Психологтың жұмыс бағыттары:
1. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру.
Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:
- балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т. б. ) ;
- бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;
- оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;
- оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;
- арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;
- интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т. б. ) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;
- педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.
Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сынып жетекшілермен бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды
- дарынды оқушылар;
- озат оқушылар;
- үлгермеуші оқушылар;
- «қиын» оқушы мәселесі.
Психолог сабақтарға қатысады:
- оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;
- оқушылардың психикалық үрдістеріне, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;
- мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында. Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:
- мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;
- педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;
- ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;
- оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;
Психопрофилактикалық жұмыс түрлері: психологиялық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру, педагогикалық-психологиялық консилиум.
2. Психодиагностикалық жұмыстар - ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдіс темелерін қолдана отыра анықтайды.
Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психологы мынадай мақсатта жүргізе алады:
- оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме? Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz