Қазіргі қазақ тілі фонетикасы және фонема


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы:1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы. 2. Фонема туралы ілімнің алғашқы негізін салушылар 3. Фонетика ғылымын зерттеуде қолданылатын әдістер. 4. Дауысты жане дауыссыз фонемалар
Орындаған: Қизатқызы Ж. Те ксерген: Қалиева Самал Ерболқызы
Топ: Фи503
Семей 2015ж
Жоспар:
1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы.
2. Фонема туралы ілімнің алғашқы негізін салушылар 3. Фонетика ғылымын зерттеуде қолданылатын әдістер.
4. Дауысты жане дауыссыз фонемалар
19 ғасырдың екінші жартысы түркі тілін зерттеудің “Алтын ғасыры” деген атауға ие болып тарихта қалды. Орыс және Батыс Еуропа ғалымдары түркі тілдерін тарихи, ғылыми тұрғыдан зерттеуді осы кезеңде нақты қолға алды. Патшалық Ресей қол астындағы Шығыс халықтарын орыстандыру арқылы өз үстемдінгін жүргізбекші болып, оларды ортақ бір тілде сөйлету жолында миссионерлік саясатты жүзеге асыруға бар күш-жігерін салып бақты. Осы әрекет орыс түркі танушылары арқылы жүзеге асырылды. Оларға үлкен міндет жүктелді, өз еңбектерінде түрік грамматикасын үндіеуропа, оның ішінде орыс грамматикасымен байланыстыра зерттеу басты нысанға алынды. Ал түркі тілдері тобының бір тармағына жататын қазақ тілі де бұдан тысқары қала алмады.Қазақ тілінің қайнар көздерін зерттеуді алғашқы “ баспалдақ” аталатын 19 ғасырдың екінші жартысынан бастау-тарих беттеріндегі қазақ тілі грамматикасының негізі қаланған кезеңге қазіргі күн тұрғысынан баға беру, өткен оқулықтарды түзетуге қадам жасау болып табылады. Соның ішінде:Мархабат Томановтың “Қазақ тілі тарихи грамматикасының мәселелері” атты еңбегін атап көрсетуге болады.
Мархабат Томановтың “Қазақ тілі тарихи грамматикасының мәселелері” (1974), М. Томанов орысша-қазақша сөздіктерді құрастыруға атсалысты. Олардың ішінде екі тілді құрылыс, архитектура, физика, астрология, заң, педагогика, психология салаларына арналған салалық терминдер сөздігі бар. Көптеген терминдік сөздіктерге алғысөздер жазып, басылып шығуына мұрындық болды.
Бүгінгі Қазақ сөзінің тарихи қалыптасып, мағыналық, тұлғалық және қызметтік тұрғыдан дамуы, ең алдымен тіл құрамындағы есім сөздер мен қимыл мәнді атаулардың жіктелуімен байланысты. Осы жіктелудің ең негізгі себебін анықтаған Мархабат ағамыз “фонетикалық ұқсас негіздердің тарихи дамуы барысында жасалған” деп бағамдайды. Сондықтан да бір-біріне ұқсас сөздер ежелгі заманда дербес, бір-бірінен бөлек сөздер болмаған, тек контекст құрамында ғана бір-бірінен ерекшеленген синтаксистік элементтер болған дейді. Ғалым есім түбірлердің табиғатын анықтап қана қоймай, олардың даму жүйесін, грамматикалық категорияларының қалыптасу жолдарын да түсіндіріп береді.
М. Томанов алтаистикада, түркі тілінде қалыптасқан ғылыми ойларға, тұжырымдарға сүйене отырып, бірінші рет қазақ тілінің тарихи грамматикасын жазды. Бұл күні бүгінге дейін бірегей еңбек әрі дара оқулық ретінде танылып отыр.
Мархабат Томанов сондай-ақ, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазып, түркітануға үлкен үлес қосты. Ежелгі деректерді кешенді, жан-жақты салыстыра зерттеу арқылы түркі тілдерінің фонетикалық және морфологиялық құрылысының басты ерекшеліктерін ашып көрсетті. Түркі тілдерінің негізгі жүйелілік ерекшеліктерін анықтап, оларға тән ортақ белгілерді көрсетіп берді. Әлеуметтік, экономикалық, тарихи ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі түркі халықтарының тарихи этногенездік тұрғыдан әр диалектіде сөйлеген тайпалардан құралғанын ескере отырып, әдеби тілді қалыптастырған негізгі арнаны тауып, тілдегі басты заңдылықтарды анықтады. Соңғы мың жарым жыл бойында түркі халықтары басқа халықтармен жиі қарым-қатынасқа түсіп, өте кең көлемді мекенді жайлап, түркі тектес емес тайпалардың тілдерін ассимиляциялап, түркілік сипат бергенін дәлелдеді.
Қазақ тілі - түркі тілдер тобындағы біршама жас тіл ретінде де таныла бастағаны белгілі. Оның дамудың күрделі процестерінен өткен өзіндік грамматикалық құрылымы, қалыптасу тарихы бар тіл екеніне қарамастан, Кеңес заманындағы түркітану ғылымының аса білімпазы саналған үлкен, беделді ғалым С. Малов қазақ тілін ең жас тілдердің қатарына жатқызады. Қай кезде де беделді ғалымдардың айтқан пікіріне қарсы дау айтып, жаңа көзқарас білдіру оңай болмаған ғой. Қазақ тілінің өзге түркі тілдерінің қай-қайсысымен салыстырғанда да, бастау бұлағы - ортақ, даму жолы - бір, сондықтан оның кейін шыққан жас тіл бола алмайтындығын терең ғылыми пайымдаулармен, тарихи деректермен дәлелдеген ғалым да М. Томанов еді. Тіліміздегі сөз басында қатаң дыбыстардың мол айтылатынын тілге тиек еткен ғалым, қатаң дыбыстардың тарихи көне процесс екенін алға ұстай отырып, қазақ тілі жас тіл деген ғылыми пікірге дау айтады. С. Маловтың пікіріне қосыла алмайтынын жасырмай, ойын былайша тұжырымдайды: “…қазақ тілінде ұяңдар мен қатаңдардың арақатынасы да шамалас, рт, лт, нт тәрізді көне дыбыс тіркестері де екі буынды сөздер құрамында сақталған. Бірақ бұл соңғы ерекшеліктер қазақ тілінің де пәлендей жаңа емес, оның қалыптаса бастауы да сол көне дәуірлерде болғандығының дәлелі бола алады”.
Профессор М. Томанов көне түркі ескерткіштерін тек лингвистикалық тұрғыдан ғана зерттеп қоймай, сонымен бірге әдеби де, тарихи да, археологиялық та мұра ретінде қарастыруды жақтайды. Қазіргі зерттеу жұмыстарында бұл мәселе осындай күрделі аспектіде жан-жақты әрі кешенді түрде қарастырылуда. Мәселен, Х-ХV ғасырларда жазылған зерттеулерді жүйелеу барысында ғалым мынадай пайымдаулар айтады: “Бұл заманда қазақтың бай ауыз әдебиеті туды, авторлық әдебиет - жазба әдебиет пайда бола бастады”. Яки, ғалым жазба әдебиет пен ауыз әдебиетін қатар қарастыра отырып, олардың орны мен өзіндік ерекшеліктерін үнемі айқындап отырады.
М. Томанов М. Қашқаридың “Дивани лұғат-ит түрк” атты еңбегін ауызекі сөйлеу тілінің жинағы ретінде көрсетеді. Біздің пайымдауымызша, бұл берілген дұрыс баға еді. Өйткені, Қашқари еңбегінде берілетін мысалдар ретінде алынатын мақалдар мен мәтелдер, аңыздар ауызекі сөйлеу тілінің бірліктері екені анық. Ғалым М. Қашқари еңбегін терең зерттеу арқылы мынадай тұжырым айтады: “Қашқари кітабында берілген қыпшақ материалдары бүгінгі қазақ тілінің алғашқы сипатын танытады”. Өз кезі үшін бұл өте батыл пікір болатын.
Филология ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық түркология комитетінің мүшесі болған М. Томановтың ғылыми еңбектері сан-салалы, жан-жақты. Егер санамалап көрсетер болсақ, ол қалам тартпаған тіл білімінің саласы жоқтың қасы. Сірә, бұл ғалымның қарымдылығы, білімінің тереңдігі болса керек. Және бұл өз кезеңінде ғылымда туындап жатқан сан түрлі қажеттіліктердің үдесінен шығуды көздеген еңбекқорлық екені анық. Иә, бұл ғылымға деген, қазақ тіліне деген шексіз құрметтен туындаса керек. Ғалым артына қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, стилистикасы, морфологиясы, қазақ әдеби тілі, диалектологиясы, қазақ тілінің тарихи грамматикасы, ежелгі жазба мұрағаттар тілі, тарихи фонетика, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы сияқты күрделі мәселелер жөнінде терең теориялық мәні бар үлкен-үлкен ғылыми еңбектер қалдырды. Құны атан түйеге бергісіз сүбелі ғылыми туындылар бүгінгі тәуелсіз Қазақ елінің мемлекеттік тілі саналатын қазақ тілінің болашақтағы ғылыми-теориялық тұрғыдан дамуына да талай уақыт қызмет ете берері даусыз.
Түркітану іліміндегі алғашқы фонетикалық зерттеулер
Түркітану ілімінің қалыптасуына еңбек ciңipгeн XX ғасыр басындағы тіл білімінің көрнекті ғалымдары қатарынан А. Н. Самойлович, В. В. Бартольд, С. Е. Малов, В. А. Богородицкий, Бодуэн де Куртенэ, Н. К. Дмитриев, А. Н. Кононов, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов сынды зерттеуші ғалымдар болып табылады.
Түркі тілдерін орыс графикасымен қарастырған ғалым А. Н. Самойловичтің 1916 жылы шыққан "Опыт краткой крымско-татарской грамматики" атты кітабының 21 беті фонетикаға арналған. Онда дыбыстарды дауысты, дауыссыз деп, дауыстыларды жуан (а, о, ы, ұ), жіңішке (ә, ө, i, ү) ; еріндік (о, ө, ұ, ү) , езулік (а, ә, ы, i) ; ашық (а, ә, о, ө), қысаң (ы, i, ұ, ү) деп сегіз түрін екі топқа бірдей бөліп жіктейді. Дауыссыздарды дауыстың қатысу-қатыспауына қарай үнді (м, н, л, і, р, ң), үнсіз (ф, п, b(w), б, с, ш, т, з, ж, д, й, к, г, қ, ғ, x, h) деп, үнсіздерді шұғыл (п, б, т, д, к, қ, г), ызың (ф, b(w), с, з, ш, ж, й, х, ғ, h) дауыссыздар деп топтастырады да, үнділерді мұрын (м, н, ң) , бүйip (л, і) , діріл (р) дауыссыздар деп бөледі. Ғалым жасалу орнына қарай дауыссыздарды ерін (ф, b(w), п, б, м) , тic (с, ш, т, з, ж, д, н, л, І, р), тіл ортасы (й) , тіл арты (тым алғы: к, г; тым артқы : х, қ, ғ, ң) , көмей (h) деп бес топқа бөліп қарастырған.
А. Н. Самойловичтің тіл арты дыбыстарын тым артқы, тым алғы деп екіге бөлуі І. Кеңесбаевтың еңбегінде де көрініс тапқан. Ғалым г, к фонемалары тілдің орта шені таңдайдың орта шеніне нық тиіп, жабысып, сонан соң бірден ашылып кетуі арқылы пайда болатынын, ғ, қ фонемалары тілдің артқы шені (түбі) таңдайдың артқы жағына жуықтау арқылы жасалатынын айтады. Яғни г мен к дауыссыздары ғ мен қ тіл арты дауыссыз дыбыстарына қарағанда сәл ілгерілеу, тілдің орта шені таңдайдың орта шеніне тию арқылы айтылады. Бұдан А. Н. Самойлович пен І. Кеңесбаевтың пікірлерінің өзара байланысын аңғаруға болады.
А. Н. Самойлович те дауыссыз дыбыстарды қатаң (ф, п, с, ш, т, к, х, қ, h), ұяң (b(w), б, м, з, ж, д, н, л, І, р, й, г, ғ, ң) деп ажыратуы да бар. Дыбыстарды жіктеуден байқағанымыз, ғалым дауыссыздарды үнді, үнсіз деп бөле келіп, қатаң, ұяң деп ажыратқанда үнді дауыссыздарын ұяңдардың тобына қосып жібереді. Сондай-ақ үнді й дыбысын үнсіздердің тобына қосса, І дыбысын дауыссыздар қатарына жатқызып, өз ішінде түрлі топтарға бөліп қарастырған. Tүpкі тілдерінде л -дың жуанды-жіңішкелі болып келуінің ешбір фонематикалық мәні жоқ. Бұл тұжырымның бұрыс екенін І. Кеңесбаев “Қaзіpгi қазақ тілі” атты монографияда П. М. Мелиоранскийдің пікірін талдау арқылы түсіндіреді.
Дауыссыздар ассимиляциясы жөнінде ғалым: "Когда в словах оказывается два согласных, то последующий ассимилируется, уподобляется предыдущий в том смысле, что если предыдущий звук звонкий, то и последующий должен быть звонким, а если глухой, то и последующий должен быть глухим", - деп, қатаң, дыбыстан соң, қатаң, ұяң дыбыстан соң, ұяң дауыссыз дыбыстың тұру керектігін айтады.
1935 жылы шыққан А. Боровковтьң "Учебник уйгурского языка" атты кітабының 9 беті фонетиканы зерттеуге арналған. Еңбекте сегіз дауысты дыбыс (а, а, о, ө, ұ, ү, е, i) , 23 дауыссыз дыбыс көрсетілген. Дауысты дыбыстарды тілдің қатысына қарай жуан (а, о, ұ ), жіңішке (ә, ө, ү, е, i), еріннің қатысына қарай еріндік (о, ө, ұ, ү) , езулік (а, ә, е, i) деп, дауыссыз дыбыстарды шұғыл (п, б, т, д, г, ғ, к) , аффрикат (ч, ц), ызың (ф, й, ж, з), қатаң (с, ш, h, қ, х), үнді (л, р), мұрын (н, ң, м) деп бөледі. А. Боровков аффрикат ч, ц дыбыстарының әрқайсысы екі элементтен тұратыны жөнінде алғашқы болып сөз қозғап, талдап көрсеткен. Үндестік заңын сингармонизм, ассимиляция деп, сингармонизм дауысты дыбыстардың үндестігі (ерін, езу), ассимиляция дауыссыз дыбыстардың үндестігі дегенді айтады. Екпіннің динамикалық немесе экспираторлық түpiн көрсетеді. Ғалымның "Неударность вызывает, в свою очередь, редукцию, ослабление гласного, или в смысле его количественного сокращения, или в смысле утраты им своей отчетливой артикуляций" дегенінен екпін түспеген дауысты дыбыстар әлсіреп, көмескі айтылатынын, яғни редукцияланатынын түсінеміз . Аталған пікip қазақ тіл білімінде 1984 жылы жазған Б. Қалиевтің "Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы" атты еңбегінде өз жалғасын тауып, ары қарай дамытылды.
1940 жыл түркітану саласында зерттеу жұмыстарының жемісті жылдарының бipi болып саналады. Бұл жылы бірқатар ғалымдардың еңбектері жарық көpiп, түркi тілдерінің дамуына өз үлестерін қосқан. Оларға Н. П. Дыренкованың "Ойрат тілінің грамматикасы", Н. А. Баскаковтың “Ноғай тілі және оның диалектісі”, Н. Қ. Дмитриевтің “Құмық тілінің грамматикасы", В. М. Насиловтың "Ұйғыр тілінің грамматикасы" деген еңбектер жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz