Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары жайлы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ - МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

СӨЖ

Тақырыбы: Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары

Орындаған: Урузбаев С. О. Т-241

Тексерген: Каженова Ж. С.

Семей 2015 ж.

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жүйелік программалау.

2. Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі кезде жүйелік бағдарламалау курсының түрлi компьютерлiк оқыту программалары бар. Мұндай программаларда бiлiм берудiң курс мазмұнын игеруде дағды мен ебдейлiктi қалыптастыруға қажеттi тапсырмалар, бақылау сұрақтары мен олардың жауаптары, студенттiң бiлiмi деңгейiн бағалау, т. с. с. мақсаттар ескерiлмей қалуда. Себебi олардың көпшiлiгi тек курс мазмұнын берумен ғана шектеледi.

Информатиканы оқыту әдiстемесiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан “Жүйелік бағдарламалау” курсы бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны және сонымен бiрге жоғары мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстемесi қарастырылды.

Жоғары оқу орындарында информатика мамандығының “Жүйелік бағдарламалау” курсы біраз программалық жабдықтарды қамтиды. Қазiргi кезде объекттіленген бағдарланған программалау орталарын көптеп дайындалуы және олардың түрлі нұсқаларының пайда болуы курс мазмұнының да, оны оқыту әдiстемесiнiң де өзгерiп отыруына әкелуде. Осының әсерiнен жүйелік бағдарламалау курсын оқытудың түрлi әдiстерi мен құралдары пайда болуда. Осындай әдiстердiң бiрi ретiнде, үйренушiнiң өз бетiмен жұмыс iстеуiне негiзделген компьютер көмегiмен оқыту әдiсiн алуға болады. Ал компьютерлiк оқыту жүйелерi компьютер көмегiмен оқытудың негiзгi құралы. Уақыт өте келе бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiрудiң ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетiп келедi. Бұл мәселенi: компьютер, оның программалық қаматамасыз етiлуiнiң бiртiндеп жүзеге асырылуы, мамандардың дайындалу қарқыны, информатика пәнiнiң оқыту әдiстемесiнiң, оның iшiнде нақты курстарды оқытудың әдiстемесiнiң қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады.

1. Жүйелік программалау.

Жүйелік программалау (Системное программирование; system programming) - программалауды және компьютер пайдалануды едәуір жеңілдететін кызмет көрсеткіш программалар жүйесі; ортақ программалық жасақтаманы: операциялық жүйелерді, программалау жүйелерін, сондай-ақ ортақ міндет жүктелген қолданбалы программалар кестелерін әзірлеу.

Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен, программалық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын камтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Мұндай программалық кұралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.

Программалау жүйелері шыққанға дейін әр адам өзі қолданатын программа мәтінін программалау тілінде жазып, оны ЭЕМ-ге арнаулы мәтін редакторы арқылы енгізіп, сонан соң тағы бір арнайы программа - компилятор (транслятор) көмегімен өз мәтінін машина тіліне аударатын. Ен соңында үшінші бір арнаулы жинақтаушы программаның арқасында бөлек модульдерден орындалатын программалық файл алынатын.

Қазіргі кезде жасалынып жатқан программалар теледидар, тоңазытқыш, шаңсорғыш тәрізді өндірістік өнімдер санатына кіреді. Бұл программаларды жасау мен тарату - өндірісті жүргізу зандылықтарымен бірдей деңгейде болады деген сөз.

Бұл күндері тегін берілетін, шартты түрде (жартылай) тегін және сатылатын программалар бар. Программаларды сатып алу және тарату шарттары сол программамен бірге берілетін оның сатушысы не авторы дайындаған құжаттарда жазылады. Біреудің программасын пайдалану үшін осыңдай мәселелерге көңіл бөліп отыру қажет екенін естен шығармаған жөн.

Информацияның көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялық жүйелер қолданылады. Бұларға мәліметтер базасы, кітапханадағы информация іздеу жүйелері, театрлардағы, әуе жолындағы және темір жолдағы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері мен информациялық коммуникациялар негізіндегі осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру бағдарламасының ірге тасын қалайды.

Жүйелік программалау көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бүл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады.

WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық - бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға болады, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол құрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді.

Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.

Жүйелік программалаудың функциясына кіреді:

Қолданушымен сұқбатты жүзеге асыру;

Еңгізу-шығару және деректермен басқару;

Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру; Ресурстарды орналастыру (оперативтік жад пен кэш жадты, процессорді, сыртқы құрылымды) ;

Бағдарламаларды орындалуға еңгізу;

Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету;

Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру;

Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары (дисплей, пернетақта, диск жинақтауыш, принтер және т. б. ) .

Жүйелік программалау компьютердің құрылымдарың басқару бағдарламасының жалғасы дейміз. ОЖ төрт негізгі түрі бар:

Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады;

Бір пайдаланушылық бір есептік фондық мөрімен, негізгі есеппен бірге қосымша есепті енгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды мөрге жіберу жұмысын тездетеді. ;

Бір пайдаланушылық көп есептік, бір қолданушыға көп есептермен жұмыс жасап, өндей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әр қайсысы өз жұмысын атқарады.

2. Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары

Жүйелік программалардың түрлері:

  • операциялық жүйелер (ОЖ)
  • утилиттер
  • сервистік программалар.

Операциялық жүйелер туралы жалпы түсінік.

Операциялық жүйе (ОЖ) ДК-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бір бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің алатын орны ерекше болып есептеледі.

ОЖ-ң негізгі атқаратын қызметі: барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппараттық жаюдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету; әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.

Сонымен, ОЖ - адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын программа немесе біріктірілген программалар тобы.

Утилиттер - программалау ортасында белгілі бірн қызмет атқаруға пайдаланатын қосымша программалар. Мұндай программалар берілгендер қорын басқарушы жүйелерде, түрлі программалау тілдерінде жиі кездеседі. Мәліметтерді қысатын (архивтейтін), компьютерді вирусқа тексеретін, мүмкін болса, оларды жоятын программалар да утилиттер болып табылады.

Сервистік программалар - адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Жүйелік программалар мен қолданбалы программалар бірігіп, компьютерді прогграммалық қамтамасыз ету не жабдықтау программалары деп аталады.

ОЖ-ң мынадай түрлері бар: MS DOS, CDOS, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйе - WINDOWS программасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары жайлы мәлімет
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары жайлы ақпарат
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары туралы
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары туралы ақпарат
Жүйелік бағдарламалау курсын оқытуда ком-пьютерді пайдаланудың алғышарттары
Жүйелік бағдарлау
Информатика курсының компьютерлiк оқыту құралын оқу процесiнде пайдалану
Ақпараттарды өңдеудің техникалық құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz