Оқытудың белсенді әдістерінің түрлері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекетті университеті

Педагогика факультеті

Тақырыбы: Оқытудың белсенді әдістерінің түрлері

Орындаған: Мұқаметкәрімова Н.

Тобы: П - 305

Тексерген:Дүйсембекова Ш. Д

Оқытудың белсенді әдістері 1. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері; 2. оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, іс ойын, тренинг жатқызуға болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруі мен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол адамға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендірілген, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Педагогикалық үрдістің маңызды құрамы-оқу үстіндегі субьектілер. Оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекет болып табылады. Жаңа білім прадигмасы бірінші орынға адамның білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып жатыр. Жаңа заман кеңістігіндегі білім мен кәсіптік бәсеке алаңының ашықтығы және кіріс-шығыстың жалпыға ортақ талап деңгейінде бақылауға айналуы-жоғары білім беру жүйесінде шұғыл түрде өзгерістер енгізуді талап етеді.

Қазіргі таңда технологияның дамуы, жаһандану бағыты мен бәсеке білім кеңістігіне барған сайын батыл кірігіп, оның ықпалы күшейе беретіні күмәнсіз. Олардың арасындағы қарым-қатынас күрделі мәселелерді тудыруы мүмкін. Бірақ, ол құбылыстардың ұлттық мүддеге және халықаралық талаптарға барынша сай келіп, белгіленген шектен аспауы тиіс. Әрине, әр елдің мүддесіне орай көзқарастарда алшақтықтардың болмай қоймайтыны белгілі. Оған бір ғана мысал, білім беру ісін мемлекет қамқорлығына алу керек пе, жоқпа, деген сауалға жауап арқалай. Айталық, Европа елдері мемлекеттік қолдаудың қажеттілігін баса айтып отыр. Біздің отанымыздағы ұстаным да сол пікірмен сәйкес келеді. Бір атап өтерлігі, әлемдік білім кеңістігі стратегиясы ретінде онда көтерілген мәселелердің ешқайсысыда біздің мемлекеттік мүддемізге қайшы келмейді. Оның үстіне Қазақстандағы білім беру жүйесінің деңгейі әлемдегі дамыған елдердің көрсеткішімен орайлас. Бізде білім берудің ірге тасы берік қаланған, оған деген көзқарас та ерекше, әр азамат өзінің және ұрпағының білікті де білімді болуын алдыңғы қатарға қояды.

Жоғары білім беру жүйесінің дамуының әлемдік беталыстары білім беру жүйесінде жаңа ортаның-ақпараттық қоғамның пайда болуымен себептеледі.

Әлемдік бәсекелестік зама­нында әрбір адамның білім са­пасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәсе­лелері күн тәртібіне өткір қой­ылып, адамның білімі мен білік­тілігі қазіргі кезеңде мемлекет­тердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интел­лектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өр­ке­ниеттің өрлеуі интел­лек­туалдық шығармашылық қабілет­тің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңда­луы үшін өткізілетін кон­ференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олим­пиа­далар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар - жеке тұл­ғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалып­тастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады.

Оқу мақсаты басымдылығының өзге­руі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жа­ңар­тудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндет­тер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәти­желілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсе­кеге қабілетті тұлғаны қалыптас­тыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шебер­лігін талап етері сөзсіз.

Оқытушы білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие береміз деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Оның үдерісінен шығу - біздің міндетіміз.

Нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіндегі негізгі приоритеттердің бірі оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай әрбір мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып әрбір оқушының шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау. Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі: Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, өмірлік мамандығын анықтау және оның өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес.

Өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) тиімділігін оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Осыған орай біздің мақсатымыз интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) бірі ретінде кейінгі кезде қолданысқа ене бастаған, жобалап оқыту технологиясына тоқталып өтейік.

Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Оқытушы жұмыс тәртібін ұсынады, білім алушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.

Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Білім алушы сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Білім алушылар қосымша ақпарат жинайды, оқытушы ақылдасады, ойын барысы және мазмұны туралы өзара талқылайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың белсенді әдістері ұғымы
Оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы мектепте математикалық білім беру
Шығармашылық қабілетті дамыту
Оқытудың белсенді оқыту әдістері
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
Жалпы технологиялық пәндер және еңбек технологиясы тараулары бойынша сабақ өткізудің тиімді әдістері мен формалары
Жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылардың қолданатын оқу методикасының тиімділігі
Оқушының білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІНЕ ШОЛУ
Оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz