Сел


Жоспар

Кіріспе . . . 3

  1. Сел дегеніміз не? . . . 4
  2. Селге қарсы күресуінің негізгі тәсілдері . . . 6
  3. Селге қарсы күресті ұйымдастыру . . . 9

Қорытынды . . . 11

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12

Кіріспе

Таудан құлаған лайлы-тасты тасқынның жылдамдығы секундына шамамен 5 - 10 метрге дейін жетеді. Екпіндей аққан сел тасқыны салмағы бірнеше тонналық тастарды домалатумен бірге, діңіне адам құшағы жетпейтін биік ағаштарды тамырымен қоса жұлып әкетеді. Сел тасқыны тау аңғарларына, тау бөктерлеріне таяу орналасқан елді мекендер, әр түрлі құрылыстар, жолдар, шаруашылық мекен-жайлары, егістік жерлер үшін тым қауіпті.

Сел апатынан қорғану үшін қауіпті жерлерге каналдар, көпірлер, су бөгендері, плотина салынып, тау беткейлерінде қар ұстайтын ағаштар отырғызылады. Кіші Алматы өзенінің басындағы Тұйықсу көлінің кемерінен асуы нәтижесінде әрқашан сел қаупі туушы еді. Міне, осы селге тосқауыл боларлықтай, биіктігі 110 Медеу плотинасы салынды.

Сел қаупін алдын-ала хабарлау және белгі беру үшін арнайы жабдықталған және радиостанция орнатылған вертолеттер қолданылып жүр. Алматыда арнайы сел тасқынын бақылау станциясы жұмыс істейді. Оның байқау постылары селдің жүру ықтималдығы мен су тасқыны жөнінде Алматы мен оның төңірегіндегі елді мекендерге хабар беріп отырады.

Сел

Сел (араб. Сили Муры - жойқын тау тасқыны) - таулы аудандарда жер сілкінуден, нөсерлі жауын-шашынның өтуінен, қар көшкінінен, мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен немесе тау беткейіндегі борпылдақ жыныстық өзен арналарына құлауынан басталатын лай балшықты, күшті тау тасқыны. Сел қарқыны сол жердегі тау беткейінің экспозициясына да байланысты. Сел көбіне қуаң келетін таулы өңірлерде байқалады. Таудың биік жағындағы қазан шұңқыры шағын көлдер суы не өзен арнасының бітелген жеріне жиналған су. Селдің одан әрі дамуынан кенет төмен қарай лықсиды, жолындағы борпылдақ шөгінділерді ысырып, қатты жыныстарды сындырады, ағаштарды түбірімен қопарып, жол-жөнекей салмағы бірнеше тонналық тастарды қоса ағызады. Ылдилаған сайын Сел ағысының жылдамдығы үдей түседі. Сел құбылысының жалпы ұзақтығы (ондаған минуттан бірнеше сағатқа дейін) өзеннің ұзындығына, арнасының еніне және ағынның жылдамдығына байланысты. Жүру жағдайына қарай Сел турбулентті және құрылымды болып екіге бөлінеді. Турбулентті Сел жалпы сұйықтықтың қозғалыс заңына байланысты өзен арнасымен ағады. Құрылымды Сел лайлы-тас жыныстар аралас болғандықтан толқынды түрде жүреді, жылдамдығы 10 - 15 км сағатқа жетеді. Сел құрамындағы қатты жыныстар мөлшері кейде тасқын массасының 75%-тейі болады. Бір жолғы Сел құбылысы үйіндісінің орташа көлемі 1, 5 млн. м 3 -дей, жалпы салмағы 3 млн. тоннадай. Селмен жылжыған жеке тастардың салмағы 10 тоннаға жетеді. Сел тасқындардың 1 м 3 сұйық мөлшеріне 100 кг-дай ылайлы тасты қосындыдан келеді. Сел Батыс Европа, АҚШ (әсіресе Лос-Анжелес маңы), Жапония, Оңтүстік Американың таулы өңірлерінде көбірек байқалады. СССР-де Кавказ, Орта Азия, Қазақстан, Карпат және Сібірдің таулы жерлерінде болады. Қазақстандағы Іле, Жоңғар Алатауында, Қаратау, Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауларында Сел көп болады. 1887 жылы Верный қаласындағы күшті жер сілкінуден болған Сел әрекетінен Іле Алатауының солтүстік етегіне жоғарыдан 440 млн. м 3 лайлы-тасты борпылдақ жыныстар әкелінген. 1921 жылы 8 июльден 9-на қараған түні Кіші Алматы қаласына түскен жауын-шашын мөлшері 23, 7 мм-ге, 1700 м биіктіктегісі 72 мм-ге жеткен. Жауынның басталғанынан 45 минут өткен соң 1700 м биіктікте Сел басталып, бірте-бірте толқынды. Селге айналып, төмен қарай жылжыған. Бұл жолғы Сел толқының биіктігі 4-5 метрге жеткен. 1956 жылы 7 августағы Сел кезінде Кіші Алматы өзенінің су шығыны 500 м 3 /секундқа жеткен. 1963 жылы июльдегі бірнеше күнгі ыстықтың сақталуынан тау басындағы қар мен мұздықтың қарқынды еруі 7 июльде Үлкен және Кіші Есік көлінде лайлы-тасты Сел тудырды. Есіктің табиғи жағасы бұзылып, көл суы жойқын Селге айналды; 5 сағаттың ішінде екі көлдің суы төмен қарай тегіс ағып бітті. Соңғы 60 жыл ішінде Іле Алатауы өзендерінен 6 дүркін (1921, 1947, 1950, 1956, 1963 және 1973) күшті Сел жүрді. Осыған орай Сел апатынан қорғану үшін қауіпті жерлерге каналдар, көпірлер, су бөгендері, плотина салынып, тау беткейінде қар ұстайтын ағаштар отырғызылды. Селді алдын ала болжау үшін белгілі аймақтардағы өзендер лабының геологиялық, орографиялық және геоморфологиялық құрылымы, жер беті жыныстарының құрамы, аймақ климаты (ауа райының маусымдық режимі, жауын-шашынның түсу мөлшері және жиілігі) зерттеледі. Алынған мәліметтердің қорытындысына байланысты Селден сақтану шаралары жүзеге асырылады. 1966 және 1967 жылы Кіші Алматы өзендерінде (Медеу тұсында) Селден қорғану плотинасы жасалды (қ. Медеу плотинасы) . Бұл плотинаның сыйымдылық көлемі 6, 5 млн. м 3 шамасында (биіктігі 100 м, табынының ұзындығы 600 м. ) осы плотина 1973 жылы 15 июльде болған күшті Селді Алматы қаласына жібермей тойтарды. Селдің плотинаға жеткен көлемі 5, 5 млн. м 3 -ге, жыныстар үйіндісінің биіктігі 60 метрге, бұлардың көлемі 4 млн. м 3 -ге жеткені анықталады. Қазір плотина 145 м-ге дейін биіктеледі, сыйымдылығы 12 млн. м 3 -ге ұлғайтылды. Сонымен қатар мұздықтар етегіндегі көлдер бір-бірімен каналдар арқылы жалғастырылды.

Селге қарсы күресуінің негізгі тәсілдері.

Селге қарсы күрестегі басты шаралар тау баурайларындағы, әсіресе сел пайда болатын жерлердегі топырақ пен өсімдік қабатын әрдайым нығайтып отыру, таулы аудандарда бұл жерлерге жол бермеу, сондай-ақ таудағы су қоймаларын тасып кетіп, қауіп туғызбауы үшін алдын ала ағызып жіберу, тау аңғарларын сырғыған топырақ пен көп-шаламның үйіліп қалуынан тазарып тұру және селге қарсы плотина жүйелерін тұрақтандыруға күш салу болып табылады. Селді тікелей реттеу гидротехникалық ғимараттар арқылы жүзеге асырылады.

Бұл шаралар комплексіне таудан ағатын суларды азайтудың мәні үлкен. Еріген мұз суларын азайту үшін түтін салып, қар жамылғысын қолдан ыдыратып жіберу кең түрде қолданылады.

Кәдімгі түтін табақтарының көмегімен түтін салу жер бетіндегі ауаның температурасын айтарлықтай төмендетудің тиімді құралы. Түтіндетілгеннен кейін 15-20 минут уақыт өткен соң жер бетімен аққан су жартылай азаяды. Алаңдағы қар жамылғысын тас көмір күлімен немесе тозаңымен қарайту жолымен ыдырату да тиімді. Қарайтылған алқапты әрбір шаршы километріне орта есеппен 5-10 тонна жұмсалатындай енін 30-40 метр етіп бөлу керек.

Мұндай жағдайда қар өнделген алқаптардағы қарайтылмаған участкелердегі қарға қарағанда 15-20 тәулік ерте кете бастайды, сөйтіп суды аз-аздап ағызып отыру жолымен оның жер бетімен ағуын күрт төмендетуге қолайлық туды.

Мұздың қозғалысынан пайда болатын көлдердегі суды қолдан ағызу селдің алдын әрі дер кезінде қолданылатын тәсілдерінің бірі.

Жер бетімен аққан суды тау баурайларына әр түрлі инженерлік гидротехникалық құрылыстарды дұрыс орналастыру жолымен тоқтатуға болады, олардың көмегімен арнаға судың, тас пен топырақтың келіп түсуі азаяды әрі әлбетте селдің пайда болу қаупі де азаяды. Мұнымен қатар селге қарсы күрес тәжірибесінде терең сайларда жасалынатын бөгет-орлар мен баспалдақтарға ұқсас қарапайым құрылыстар да кең түрде қолданылады. Бөгет-орлар тау баурайларына 10 о - тай етіліп міндетті түрде көлденең қазылады. Бұл талаптың сақталынбауы үйінді жардың бүлінуіне әкеп соқтырады. 10 о -тан 30 о - қа дейінгі көлбеуліктергі баурайларда негізгі гидротехникалық құрылыстардың қызметін қарсы бетінің көлбеулігі 4 - 6 о және плотинасының ені 3, 5 - 4 метр болып келетін баспалдақты террасалар атқарады.

Алайда селдің үнемі алып кетуі салдарынан бұл құрылыстар тез арада-ақ қорғаныш құрылыстарға жеткізбеу үшін, сел тасқындарының пайда болу жағдайларын болдырмауды қамтамасыз ететін (су ағызатын ұрылғылар, баспалдақтар), су төгетін және суды ағызатын каналдар, сел тоспалары, тірек қабырғалары және т. б. шаралар жүзеге асырылады. Алайда бұл шаралар сел құбылыстарын толық жоюға мүмкіндік бере алмайды. Селдерге қарсы күресте тиімді тәсіл оларды арналарда немесе ағызындының басталар жеріне орнатылған арнаулы бөгесін қазан тежеуге болады. Бұған тас пен топырақ массасының көлемі 6, 5 млн. м 3 Медеу шатқалындағы алып сел тосқауылы мысал бола алады. Мұндай сел тосқауылы бірнеше есе қуатты селді қауіпсіз ете алады.

Селге қарсы күресте қорғалатын обьектіден 1, 5 - 2 км. Қашықтықта сел жүрмейтін жылғалардың бірінің сағысына жасалынған запас су қоймасының қорындағы сумен сел тасқының жасанды түрде сұйылтып жіберу кең түрде қолданылып келеді.

Селге қарсы күрес шаралары комплексінің аяқталуы, су жиналатын баурайларды ормандандыру болып табылады. Тәжірибеден көрініп жүргеніндей, орманды алқаптарда селдің пайда болуы кездескен емес.

Селге қарсы күресті ұйымдастыру.

Селге қарсы күрестің нәтижелі болуының маңызды шарты - ең алдымен қауіпті сел көздерін дер кезінде анықтау. Сел тасқындарының қауіптілік дәрежесін селдерді бақылау станциялары постарының күштері азаматтық қорғаныс штабтары мен қызметтерінің мамандарымен бірлесе отырып, әдетте, сел бассейндерін қайта зерттеу жолымен анықтайды.

Республика азаматтық қорғаныс штабы сел бассейндерін қайта зерттеу нәтижелері негізінде бұл бассейндердің картасын жасайды, селге қарсы жүргізілетін күрес шараларының комплексін әзірлейді, азаматтық қорғаныс жасақтарының міндеттері мен істелінетін жұмыс обьектілерін анықтайды.

Селге қарсы күрес шараларын іске асыру кезінде басты назар алдын ала тау баурайларын террасалауға, тау етегіне орлар қазуға, нөсер реттегіш, жағалау қорғағыш пен науалар, сел ағызатын каналдар, суды бұрып жіберетін дамбалар салуға аударылды. Селге қарсы күресті нәтижелі жүргізуде тиянақты ұйымдастырылған хабарландыру және сақтандыру жүйесінің - РОС (селді радио арқылы хабарлау) маңызы ерекше.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іле алатау таулары
Сел ұстайтын бөгеттер
Сел қауіп-қатерінен сақтандырудың географиялық астарлары (Іле Алатауы мысалында)
Алматы аумағында сел қауіпі
Әлемдік тәжірибе нәтижелерін ескере отырып, қауіпті гидрологиялық құбылыстардан қорғану шараларын талдау
Әлемдік тәжірибе нәтижелерін ескере отырып, қауіпті гидрологиялық құбылыстардан қорғану шараларын талдау. Сел тасқындары
Су тасқыны, су басу
Жер сілкінісі, сел, су тасқыны кезіндегі халықтың іс-әрекеті. қоршаған ортаның ластанушыларынан қорғану әдістері
Сел қауіпі
Су басу қауіпі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz