Аяқ-киімге арналған былғары.ер-тұрмандық былғары.техникалық былғары



1) Аяқ.киімге арналған былғары
2) Ер тұрмандық былғары
3) Техникалық былғары
Былғары аяқкиім өнеркәсібі — жеңіл өнеркәсіптің бір саласы. Қазақстанда Былғары аяқкиім өнеркәсібі ертеден дамыған. Ісмерлер былғары аяқкиімдерді өздері тіккен. Теріні қолдан илеп, оның жеткілікті шикізат қорын жасап отырған. Кейінірек былғары шығаратын зауыттар іске қосыла бастады. 19 ғ-дың басында Петропавл қаласында, сол ғасырдың аяғында Семей қаласында сиыр, қой терілерін илеп, аяқкиім тігетін арнаулы кәсіпорындар ашылды. 1941 — 65 ж. Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында былғары шығаратын зауыттар салынды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында республикада Семей былғары комбинаты, Петропавл хром зауыты және Алматы тері-қайыс бұйымдары кәсіпорындары жұмыс істеді. Соғыс жылдары көшіріліп әкелінген былғары зауыттарының жабдықтары негізінде Жамбыл, Қызылорда және Петропавл қаласыларында жаңа кәсіпорындар құрылып, Былғары аяқкиім өнеркәсібі жеке сала ретінде қалыптаса бастады. Қазіргі уақытта (1999) аяқкиім фабрикалары Алматыда, Қостанайда, Қызылордада, Семейде орналасқан.
1.Мәдиев Ө . Қ., Айтөленова Қ.Т. «Былғары және мех химиясы мен технологиясы». Алматы, «Білім».2010. 36-40 бет.
2. https://kk.wikipedia.org/wiki

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Инженерлік-технологиялық факультеті

СӨЖ
Тақырыбы: Аяқ-киімге арналған былғары.Ер-тұрмандық
былғары.Техникалық былғары.

Орындаған:Әшім Е.С.
Тобы: ТК-421
Тексерген:Бауыржанова А.З

Семей 2015ж
Жоспар:
1) Аяқ-киімге арналған былғары
2) Ер тұрмандық былғары
3) Техникалық былғары

Аяқ-киім былғарысы
Былғары аяқкиім өнеркәсібі -- жеңіл өнеркәсіптің бір саласы. Қазақстанда Былғары аяқкиім өнеркәсібі ертеден дамыған. Ісмерлер былғары аяқкиімдерді өздері тіккен. Теріні қолдан илеп, оның жеткілікті шикізат қорын жасап отырған. Кейінірек былғары шығаратын зауыттар іске қосыла бастады. 19 ғ-дың басында Петропавл қаласында, сол ғасырдың аяғында Семей қаласында сиыр, қой терілерін илеп, аяқкиім тігетін арнаулы кәсіпорындар ашылды. 1941 -- 65 ж. Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында былғары шығаратын зауыттар салынды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында республикада Семей былғары комбинаты, Петропавл хром зауыты және Алматы тері-қайыс бұйымдары кәсіпорындары жұмыс істеді. Соғыс жылдары көшіріліп әкелінген былғары зауыттарының жабдықтары негізінде Жамбыл, Қызылорда және Петропавл қаласыларында жаңа кәсіпорындар құрылып, Былғары аяқкиім өнеркәсібі жеке сала ретінде қалыптаса бастады. Қазіргі уақытта (1999) аяқкиім фабрикалары Алматыда, Қостанайда, Қызылордада, Семейде орналасқан.
Аяқ киімнің төмеңгі бөлігіне арналған былғары мүйізді ірі қараның,түйенің,шошқаның,су жануарларының терісі мен жылқының сауыр терісінен жасалады.
Көн ұлтандық және ұлтарақтық болып бөлінеді.
Көн-ауданы жағынан алғанда тұтас және жартылай былғары,жонарқа және жартылай жонарқа түрінде шығарылады,олардың түсі табиғи немесе өңделген түрде болады.
Көн былғарысы қалыңдығына қарай 6 санатқа бөлінеді,1 санаттың қалыңдығы 5мм-ден артады,6-шы санаттыкі-2,6-3мм , 5 пен 6 категория ұлтанға жарамайды. Ол ұлтарақ үшін қолданылады.
Аяқ киімнің үстіңгі бетіне бекітілу тәсілі бойынша табан былғарысы екіге бөлінеді:
1.Шегелеу немесе бұрандалау тәсілімен бекітілетін табан былғарысы.Мұндай былғары қалың,қатты және тығыз болуы керек.
2.Жіппен тігу немесе желімдеу тәсілімен бекітілетін былғары.
Бұл былғарының қалыңдығы,қаттылығы және тығыздығы табан былғарысынан сәл жұқалау,орташа болуы керек.
Ұлтарақтық былғары физика-механикалық қасиеттерінен басқа гигиеналық талаптарға да сай болуы қажет.
Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары мүйізді ірі қараның,қойдың,ешкінің,шошқаның терілерінен,сондай-ақ,жылқы терісінің алдыңғы жағынан жасалады.Ол сан рет иілу мен созылуға ,кернеу мен қажалуға ,ылғал ,тер ,шаң , химиялық заттар мен жоғары температура әсеріне төтеп беруге тиіс.
Аяқ киімнің беті ретінде былғарының құндылығы оның ауа , су өткізбеуге қабілеттілігімен , серпімділік-пластикалық қасиеттерімен айқындалады. Былғарының жақсы пластикалық қасиетіне байланысты , аяқ киімнің басы қажетті қалыпқа жақсы қөндігеді және кие келе жымдасып аяқтың формасына қалыптасады, сондықтан ол формасын ұзақ сақтайды.
Өте созылғыш былғарыдан жасалған аяқ киім өз формасын тез жоғалтады(тапталып қалады), ал созылмалылығы нашар былғарыдан жасалған аяқ киім аяққа нашар қалыптасады әрі кигенде аяқты қажайтын болады.Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары екі түрге бөлінеді:
1.Бұрандалау және шегелеу тәсілдерімен бекітілген былғары ауыр аяқ киімдердің үстіңгі бөлшектерін жасауға арналып , юфть деп аталады . Юфть аяқ киімдік және сандал жасау үшін деп екіге бөлінеді. Ол мүйізді ірі қараның , жылқы мен шошқаның терісін ерекше өңдеу арқылы алынады.
Аяқ киімге арналған юфть су өткізгіштігі өте төмен ,созылмалы ,илікпелі және тығыз болуы керек.
Сандал жасауға арналған юфть аяқ киімдікімен салыстырғанда майлы заттары аз , серпімділігі күшті , біршама жұмсақ және созылмалылығы аздау болуы керек.
2. Жіппен тігу және желімдеу тәсілдерімен бекітілетін аяқ киімнің үстіңгі бетінің былғарыларына хроммен иленген былғары жатады. Олар шикізаттың түріне қарай , торпақ , тайынша , бұқа , шошқа терісінен жасалады.
Ауданы 60дм2-ге жетпеген ешкі былғарысы шевро деп , ал қой былғарысы шеврет деп аталады. Былғарының ұстағанда қаттылығы сезілмеу керек , жақсы өңделген , майынан арылған , біркелкі боялған , бетінде ақауы жоқ , бүкіл ауданының қалыңдығы бірдей , бахтармасы жұмсақ және ауа мен бу өткізгіштігі жеткілікті болуы қажет.
Жалпы аяқ киімнің үстіңгі былғарысы тұтас және жартылай былғары түрінде немесе кулат (мойын терісі жоқ) және жартылай кулат түрінде,сондай-ақ жылқы терісінің алдыңғы бөлігі түрінде шығарылады.Өңдеу тәсіліне байланысты былғары табиғи әсемделген беті бар,жұмсақ және кескінді,нубук(беті өңделген),велюр(беті немесе бахтарма жағы өңделген ),мақпал былғары болып жіктеледі.Ауданына қарай былғары 7 топқа бөлінеді:бірінші топқа ауданы 20-40дм2 былғары жатса,7-ші топқа 200дм2-ден астам ауданы бар былғары жатады.Сорты бойынша былғары 4-ке бөлінеді:
Аяқ киімдік лакталған былғары- қойдың,ешкінің,бұзаудың,құлынның терісінен жасалады.Былғарыныңт сапасы лактың қасиетіне,оның былғарымен жымдасу беріктігіне байланысты . Лактың кемшілігі - ауа мен буды нашар өткізеді.
Былғары өндірісінде ірі қара малдың қалың терісін тиімді пайдалану үшін ( сиырдың , өгіздің , бұқаның ) екі немесе үш қабат етіп тілуге болады.Әдетте,мұндай терінің торлы қабатынан тіледі,сонда терінің жоғарғы қабаты кәдімгі былғары жасауға пайдаланылса,астыңғы қабаты (тілінді-спилок) сапасына қарай аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне пайдаланылады (велюр немесе сандал жасауға жұмсалады).
Астарлық былғарылар аяқ киім үстінің астары үшін қажет.Олар өндіріс процесі барысында іске жарамай қалған,аяқ киімнің үстіңгі бетіне жарамсыз шалафабрикаттардан алынады.

Ер-тұрмандық былғарылар
Ер-тұрмандық былғарылар аса берік,тердің,ылғалдану мен кебудің әсеріне,күн көзіне және төменгі температураға шыдамды,үйкеліске төтеп беретін болуы керек.
Ер-тұрман,ат әбзелдері ежелден қазақ халқының арасында салт атқа мініп немесе атты арбаға жегіп жүру үшін жасалған.Төменде халқымыздың ат-әбзелдерінің кейбір түрлерінің қысқаша сипаттамасы беріліп отыр.
Айыл-атқа ерді бекітуге керекті жабдық.Айыл қайыстан,былғарыдан екі қабатталып қиылып жасалады.Оның ұзындығы -150-160см,ені 8 см.Айылдар төс айыл (тартпа деп те аталады) және шап айыл болып екіге бөлінеді. Айыл жасау әдісіне қарай: былғары, өрмелі, түймелі, ызбалы болып бөлінеді. Айылдың өзі төс айыл, шап айыл болып бөлінеді, кейде бұлар төс тартпа, шап тартпа деп де айтылады. Төс айылдың өзі екеу болып, артқы айылды кер айыл деп атау қалыптасқан. Сонда үш айыл тартылатын жағдайлар да кездеседі. Жырымды және жырымсыз болып тағы екіге бөлінеді. Жырымды айыл - айылбас, алақан, жырым аталатын үш бөлшектен тұрады. Жырымды таспадан өріліп, алақаны екі қабат қайыстан жасалады. Жырымның ені екі елі, алақанның ені 2 - 3 елі. Жырымсыз айылдың екі басына екі доға бекітіледі, алақаны біраз ұзындау болады. Бір доғаға жіңішке қайыстан мықты таспа байланады. Айыл тартқанда екі доға арасынан таспаны екі орап өткізіп, созғылай тартып барып бекітеді. Жырымсыз айыл тарту жағынан уақыт алғанымен ерді мықты ұстайды. Сондықтан төс айылға жиі қолданылады. Жырым - айылдың доғадан өткізілетін, доға тілі түсіп бекітілетін бөлегі жырым делінеді. Бұл екі қабат қайыстан, не таспадан өріліп жасалады. Қайыстан жасалғандарына әр жерінен тілше көз жасалады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Былғары мен тері
Былғары өндірісінің сипаттамасы мен жіктелуі
Аяқ-киімге арналған былғары. Ер-тұрмандық былғарылар. Техникалық былғары. Киімдік-галантереялық былғарылар
Аяқ-киімге арналған былғары
Аяқ-киімге арналған былғары туралы
Былғары мен терінің сипаттамасы және жіктелуі
Аяқ киімге арналған былғары шикізаттары
Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар
Табиғи және жасанды былғары
Былғары өндірісінің шикізаты
Пәндер