Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері



І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Құстарды ұстау жүйелері
2. Құстарды ұстау тәсілдері.
3. Балапандар гигенасы

ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі кезде экономикамыздың қалыптасу,даму барысында басты мақсат- малды бағып-күтудегі бұған дейінгі қол жеткен табыстарымызды қалыптастыру,қарапайым да әрі тиімді де технологияларды шаруашылықтарға енгізу малшылардың,ғалымдардың және болашақ мал мамандардың міндеті. Бұл ретте мал шаруашылығын дамытудың,оның өнімділігін арттырудың және малдың денсаулығын сақтаудың бірден-бірі кепілі- шаруашылық жағдайында зоогигеналық талаптарды,ветеринариялық-санитариялық нормалар мен ережелерді бұлжытпай орындау.
Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешениің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан – жақта көрсеткіштерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты – құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал — жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру.
1. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш.-ветеринариялық гигиена. Оқулық.-Алматы:ҚазҰАУ, «Агроуниверситет» баспасы,2011,
2. Общая гигена,Киев,1991
3. Кузнецов А.Ф., и др.-Гигена животных,М.,Колос,2006
4. Лаптаев А.П., Поливский С.А. Гиген.М,1990
5. Кузнецов А.Ф. Гигиена содержания животных (Справочник).санкт-Петербург,Москва-Краснодар,Владимировская книжная типография,2004

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері

Текерген:Садвакасов М.С
Орындаған:Пұшпақов Н.

Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы

Жоспар.
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Құстарды ұстау жүйелері
2. Құстарды ұстау тәсілдері.
3. Балапандар гигенасы

ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қазіргі кезде экономикамыздың қалыптасу,даму барысында басты мақсат- малды бағып-күтудегі бұған дейінгі қол жеткен табыстарымызды қалыптастыру,қарапайым да әрі тиімді де технологияларды шаруашылықтарға енгізу малшылардың,ғалымдардың және болашақ мал мамандардың міндеті. Бұл ретте мал шаруашылығын дамытудың,оның өнімділігін арттырудың және малдың денсаулығын сақтаудың бірден-бірі кепілі- шаруашылық жағдайында зоогигеналық талаптарды,ветеринариялық-санитария лық нормалар мен ережелерді бұлжытпай орындау.
Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешениің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, әрі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан - жақта көрсеткіштерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты - құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға (жұмыртқа, ет, мамық) пайдалану.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынандай мәселелерді шешу қажет: бірнеше бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет құрал -- жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты клеткалық батареяда ұстағандағы сұрыптау және өңдіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологаялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталган құс фабрикаларын құру мәселесі шешіледі. Бұл салалық автоматтың басқару жүйесін дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең басты талап.
Келешекте құс шаруашылығының үдемелі дамуы, өте жоғары мамандандырылған әрі шағылыстырғанда мол өнімді будан алынатын құс тұқымдары мен тізбектері болса ғана үдемелі дамытуға болады.
Құс шаруашылығында үш түрлі ұстау жүйелері: экстенсивті, интенсивті және аралас немесе жартылай интенсивті қолданылады. Әр жүйенің өзіне тән тәсілдері яғни клеткаларда және едендерде ұстайтын түрлері тараған. Едендерде ұстау тәсілдері үш түрде кездеседі: жиналмайтын қалың төсенішті, сыртқы және сеткалы (торкөзді) едендерде арнайы серуен алаңдарын пайдаланып, немесе серуенсіз тұрғызып күтіп-бағу болады.
Экстенсивті жүйе - көбінесе кіші құс фермаларында белгілі бір мезгілдерде ет және жұмыртқа өнімдерін алуға бағытталған. Мұндай фермаларда құстарды едендерде ұстап, табиғи жарықтандыруды, ауаны желдетуді және мезгілді серуендетуді пайдаланады да, ондай кездерде фермадағы ауыр жұмыстарды (азық тарату, көң тазалау т.б.) механикаландырудан гөрі қол жұмыстарының бөлігі жоғары болады.
Интенсивті жүйе - жыл бойына жоспарлы түрде біркелкі сапалы, мол өнім алу үшін жоғарғы өнімді құстарды клеткаларда және едендерде ұстап, технологиялық процесстерді (вентиляция, канализация, жарықтандыру, азықтандыру т.б.) механикаландырып, автоматтандырып және арнайы зауаттарда дайындалған құнарлы құрама жемдерді пайдаланып, серуенсіз ұстайды.
Аралас немесе жартылай интенсивті жүйе - құстарды технологиялық процесстері автоматтандырылған және механикаландырылған қораларда ұстап, бірақ шектеулі серуендетуді пайдаланып (қаздар, үйрету фермаларында) немесе құстар жылдың бір мезгілінде экстенсивті, ал басқа уақытында - интенсивті жүйеде ұсталады.

Құстарды қалың жиналмайтын төсеніштерде ұстау тәсілі көбінесе, ет бағытындағы фермаларда қолданылады. Қалың төсеніштерде құстарды ұстау үшін әуелі құрғақ, дезинфекцияланған және алдын ала қортылған хлорлы әкі ұнтағы себілген (әр кв.м. 0,5-1 кг) еденге қалыңдығы - 15 см төсеніш салып, соңынан әр бір екі айда үстіне төсеніш материалын қосып, жалпы қалыңдығы жыл аяғына дейін 25-30 см жеткізеді.
Мұндай төсеніштерде, биотермиялық процесстердің нәтижесінде, қыс айында температура 12-18ºС жетеді де, ал төсеніш аралығындағы сапрофитті микробтардың өсуінің салдарынан, әсіресе витаминдер тобы В түзіліп, құстар төсеніш түйірлерін шоқып жеп, өздеріне қажет кейбір витаминдерді табады. Сол сияқты, құстарды қалың төсеніш едендерде ұстағанда, олар еркін қозғалыста болып, денсаулығына бір шама пайдалы әсері тиеді.
Мұнымен қоса құстарды қалың жиналмайтын төсенішті едендерде ұстау кезінде айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Біріншіден бұл тәсілмен ұстаған кезде, құстар белгіленген ұяларға жұмыртқаламай еденге түсіріп, олар ластанып тек тағамдық қана емес инкубациялық сапасын төмендетеді және жұмыртқаларды жинау қыйынға түседі. Екіншіден, құстардың саңырық араласқан төсеніштермен ылғый денесі түйісіп, шоқып жеп альминтарлы (іштен) инфекцияға және инвазиялық (құрт) ауруларға шалдығуына қауіп төндіреді. Үшіншіден, құстарды бұл тәсілмен ұстағанда төсенішті ұзақ алмастырмағанның нәтижесінде, онда улы газдардың мөлшері көбейіп кетпеу үшін өте көп жаңа төсеніш қоры қажет болады (жылына әр құсқа 5-6 кг).

Құстарды сырықты (планчатты) едендерде ұстау тәсілі кезінде арнайы ағаш сырықтардан құрылған (размері, көбінесе 2 м x 3 м) рамаларды қоралардың еденінен 80-85 см биіктікте, көлдеңнең орналастырады. Рамаларды жасауға қалыңдығы 1,5-2 см, жалпақтығы 4-5 см ағаш сырықтар (рейка) алып, құс саңырығына бөгет болмау үшін үстіңгі бетін тегіс, қырларын жұмырлап үстіріктеп, бір-бірінен 2,5-3,0 см қашықтықта орналастырады. Мұндай едендердің арасынан құс саңырағы астындағы бетондалған арыққа түсіп, одан механикалық түрде арнайы сырғыш-қырғыш құрылымдардың көмегімен тазаланып отырады.
Сырықты едендерде ұстағанда құстарға төсеніш қажет болмайды және олардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралмайды, құстардың саңырығы еден тесігінен төмен түсіп кетеді де, олардың денесі таза болып, ауру жұқтыру қаупі төнбейді және құстардың орналасу сиымдылығы жоғарлайды. Бірақ, мұндай артықшылығымен қатар айтарлықтай кемшілігі болып, бұл сырықтан жасалған едендердің сыртқы әсерлерге құс саңырықтарына төзбей, тез істен шығып, жарамсыздануы саналады.
Құстарды тор көзді едендерде ұстау - басқа түрлеріне қарағанда тиімді болып есептеледі.

Ол үшін аса берік, ауыр салмаққа иіліп кетпейтін, сыртқы әсерлерге төзімді, әсіресе химиялық заттар мен газдарға, тот баспайтын (цинкпен, полиэтиленмен, резинамен қапталған) сымдардан ара қашықтықтары (тесігі) 3,5 x 3,5 см төркөздер (сетка) жасалып, жерден 60-70 см биіктікте, керіп орнатылады. Олардың астында көң жиналатын бетондалған арықтар жасалады. Бұл тәсілдің сырықты едендерден артықшылығы сыртқы факторлардың әсеріне төзімділігі болса, кемшілігі ұзақ уақыт құс салмағына шыдамай, еден иіліп, салбырап кетеді де, оны жиі керіп отыруға қосымша еңбек жұмсалады және құстардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралуға тура келеді.

Арнайы клеткаларда құстарды ұстау тәсілі құс шаруашылығында, әсіресе ірі өндірістерде (фабрикалар) кең таралған. Бұл тәсілмен ұстау кезінде арнайы клеткалы батареялар (тізбегі) жасалып қораның ішіне бірден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы туралы
Құстардың санитарлық гигиенасы
Ауыл шаруашылығы құстарының гигенасы
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
Құстардың қора микроклиматы
Жылқылардың, түйелердің, сиырлардың және ұсақ малдардың гигиенасы
Ауыл шаруашылығы құстарының гигенасы жайлы
Аңшылық өнімдерін өңдеу
Үйрек балапандарын азықтандыру
Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған ветеринариялық - санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу
Пәндер