Жәбірленуши тұлғасының психологиялық анализі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Жәбірленуши тұлғасының психологиялық анализі

Тексерген:Тезекбаева. М. Ж

Орындаған: Садвакасова. А. С

Семей 2015

Жәбірленушi (ағылш. victim; sufferer; damaged physically; injured; tresspassed) - қылмыстық процесте ол жөнінде оған тікелей жасалған қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға негіз бар адам

Жәбірленуші - қылмыс пен моральдық, дене немесе мүліктік зиян келтірілген, осыған байланысты анықтау жүргізуші адамның, тергеуші, прокурор, судьяның қаулысымен немесе соттың анықтамасы мен жәбірленуші деп танылған азамат. Жәбірленушінің жауап беруге құқығы бар. Бұл құқық оның заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді, ол мұндай құқығын өзіне белгілі барлық аймақты деректерді мәлімдеу үшін қолданады, сондай-ақ сотқа, тергеушіге өзінің мүдделерін қорғауға, қылмысты ашуға, айыпты әшкерелеу көмектесетін өз болжамдарын хабарлауға құқық береді. Егер адамға зиян келтірілсе, ол жәбірленуші болып танылады. Тек жеке адамдар ғана жәбірленуші бола алады.

Жәбірленуші тұлғасын зерттеу. Қылмыскердің әрекеттері, қылмыстық іс-әрекеттің зардаптары көп жағдайда жәбірленушінің бойында қозу, қорқу сезімдерін, ауыр депсрессияға ұшырауды, ашу-ыза, уайым-қайғы, т. б жай-күйлерді туғызады. Осы ерекшеліктерді ескермей, оларға дұрыс психологиялық анализ жасамай, жәбірленушідегі стрестік жағдайды бәсендетпей, оның көрсетулерінің толықтығымен дұрыстығына қол жеткізу қиын.

Жәбірленушілерді жіктеуге құрбанның әлеуметтік, психологиялық және биофизикалық сипаттары, сондай-ақ оның зиян келтірушімен өзара қарым-қатынасы жалпы негіз болады. Жалпы алғанда, қылмыс құрбандарын төмендегідей жіктеу жолдарын ұсынуға болады.

1. Қылмыстың субъективтік жағының мазмұны бойынша:

1) қасақана қылмыс құрбаны

2) абайсыздық қылмыс құрбаны

2. Қылмыстылық қол сұғушылықтың бағыттылығы бойынша:

1) бірнеше объетілердің қылмыс құрбаны (халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы, меншікке қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар)

2) қылмыстың белгілі бір түрінің құрбаны (кісі өлтіру, денсаулыққа зиян келтіру, ұрлық, шабуыл жасау, алаяқтық және басқалар) .

3. Жәбірленушіге келтірілген шығынның сипаты бойынша:

1) денесіне зиян келген құрбан

2) материалдық шығын құрбаны

3) қылмыстан моральдық шығын келтірілген құрбан

4. Жәбірленуші мен қылмыскер арасындағы қырым-қатынас бойынша

1) күні бұрын белгіленбеген құрбан

2) күні бұрын белгілі болған құрбан

3) арандатушы құрбан

5. Жәбірленушінің қылмыс түріндегі рөлі бойынша:

1) бейтарап құрбан

2) қатысушы құрбан

3) арандатушы құрбан

6. Өзге де әлеуметтік сипаттары бойынша:

1) қоғамдық қатынастар жүйесіндегі құрбанның орын алатын орны (кәсібі, мамандығы, қоғамдық құзыры)

2) қылмыскермен әлеуметтік байланысы (туысы, әріптесі және басқа)

3) шығын келтірушімен әлеуметтік қарым-қатынасы (іскерлік, жолдастық, жаулық және басқа да)

7. Психологиялық критерийлері бойынша:

1) адамгершілік-психологиялық ерекшеліктерімен көрінетін құрбан (қызба, ашуланшақ, әсіре қызыл және басқа)

2) психикасы бұзылған (есі ауысқан тұлға, маскүнем, нашақор, жыныстық сезімі бұзылған адам және басқалар) .

8. Жәбірленушінің биофизикалық қасиеттерінен мыналар ғылыми және практикалық қызығушылық тудырады:

1) құрбанның жынысы

2) оның жас шамасы

3) ұлты

4) құрбанның қылмыстың алдындағы және қылмыс сәтіндегі денесінің жай-күйі (өмірге қауіпті, ауру, дәрменсіз және басқа)

9. Құрбанның қылмысқа дейінгі және қылмыс жасау кезіндегі мінез-құлқы бойынша:

1) өзіне қарсы қылмыс жасалуына жағдай туғызушы адам

2) селқос жәбірленуші

Жәбіршенуші деп, қылмыстық процесті жүргізуші органның тиісті қаулысымен оған қылмыспен тікелей моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адамды атаймыз. Жәбірленушіге қылмыспен келтірілген зиян, оның алдын ала тергеу мен сотқа қатысуына байланысты келтірілген шығындар толық өтеледі. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда- онық құқықтық мұрагерлерінің аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына сотталған адамға қатысты үкім орындалған жағдайда және өлім жазасына кесілген адамның осы қылмыспен келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаған кезде республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Бұл жағдай қылмыспен келтірілген залал үшін мемлекеттің есебінен өтемақы төлеу туралы мәселені жәбірленушінің өтініші бойынша өлім жазасы туралы үкімді шығарған сот шешеді. Жәбірленушінің көрсетілген жағдайларда, егер залал бір мың ең төменгі есептік көрсеткіштен аспаса, залалдың толық көлемінде өтелуіне құқығы бар.

Кеңес одағында жүргізілген кейбір зерттеулерге орай қылмыс оқиғаларының 29%-нде жәбірленуші қылмыстық әрекетке өзі ықпал еткен. Неміс ғалымдарының жүргізген зерттеулері бойынша кісі өлтіру оқиғалары бойынша қылмыскер мен жәбірленушінің арасында субъектілік-объектілік қатынастар 80%-нде, ал денсаулыққа зиян келтіру мен зорлау қылмыстары бойынша 70%-нде тән болған. Ал қарақшылық жасау әрекеттері бойынша мұншалықты жоғары көрсеткіш тән емес, әдетте олардың жәбірленушісі бейтаныс адамдар болады. АҚШ-тың зорлықшыл қылмыстардың себептері мен олардың алдын алу жөніндегі Ұлттық комиссияның мәлімдеуінше тек әйел жынысты адамды зорлау қылмыстарының 4%-нде ғана жәбірленуші өзі қылмысқа үлес қосқан. Вайстың айтуы бойынша және осы нәтиженің неміс полиция органдарында бірнеше мәрте расталғанындай зорлау қылмысы бойынша 35-56%-нде қылмыскер мен жәбірленуші қандай да бір қатынаста болған. Және неғұрлымқылмыскер мен жәбірленушінің таныстық дәрежесі көтерілген сайын қылмыс туралы жәбірленушінің полицияға хабарлауға деген дайындық дәрежесі төмендейді. Осы нәтижелерді кейде криминология, соның ішінде виктимологиялық профилактика ғана емес, криминалистика да қолдана алады. Мысалға, кісі өлтірушіні бірінші кезекте таныстардан__іздесе, тонау мен қарақшылық жасаушыны кездейсоқ адамдардың қатарынан да іздестіре алады. Криминологияның саласы ретіндегі виктимология төмендегідей құбылыстарды зерттейді:

• қылмыс құрбандарының моральдық-психологиялық және әлеуметтік сипаттамалары (қандай қасиеттеріне қарай адам жәбірленушіге айналды?)

• қылмыскер мен жәбірленушіні байланыстыратын қатынас (бұл қатынастар қылмыстың жағдайын туғызуға қаншалықты әсер етті?)

• қылмыстың алдындағы және қылмыс үстіндегі ситуация (жәбірленушінің әрекеті не әрекетсіздігі қылмысқа қаншалықты ықпал

етеді?)

• құрбанның посткриминалдық мінез-құлқы (құқық қорғау органдарына жүгінді ме, әлде ақиқатты орнықтыруға кедергі келтірді

ме?)

• профилактикалық сипаттағы шаралар (жәбірленушілердің қорғану мүмкіндіктері қандай?)

• қылмыс арқылы келтірілген зардаптың орнын толтыру жолдары.

Кей уақыттарда виктимологияның пәнін қысқаша қылмыс жәбірленушілерінің тұлғасы мен мінез-құлқы деп те айта салуға болады.

Криминологияда vіctіma (жәбірленуші) түбірінен тұратын үш түрлі ұғым қолданылады. Олар - виктимология, виктимизация және виктимділік. Оның виктимологиясы құрбан туралы ілім екенін айттық, ал виктимизация болса, адамның қылмыс құрбанына айналу процесін білдіреді.

Виктимділік - өзіне тән қаситтерге не атқаратын қызметіне байланысты тұлғаның қылмыс жәбірленушісіне айналып кету бейімділігі. Ол бейімділік оның өз мінез-құлқына да тәуелді бола алады немесе оған тәуелсіз объективті де өмір сүре алады.

Индивидуалдық виктимділік - белгілі бір тіршілік жағдайына байланысты (ситуацияға) қылмыс жасау үшін жағдай жасауға жәрдемдесетін жеке индивидтің әлеуметтік, биофизикалық, психологиялық сипаттағы қасиеттері.

Түрлік виктимділік - бірқатар мән-жайларға орай кейбір жеке адамдардың белгілі бір қылмыс түрлерінің құрбаны болуға бейімділігі (тонау, зорлау) .

Топтық виктимділік - демографиялық, психологиялық, биофизикалық және басқа да қасиеттері ұқсас адамдардың қылмыс құрбаны болуға бейімділігі (инкассаторлар, күзетшілер, таксистер) .

Жаппай виктимділік - адамдардың белгілі бір бөлігінің субъективтік қасиеттеріне қарай қылмыстан тәни, моральдық, материалдық зардап шегуінің объективтік мүмкіндігі. __

Біз жоғарыда қылмыскер тұлғасына сайкелетін белгілеріне орай оларды топтастырдық. Жәбірленушілерді де қылмыскер тұлғасы сияқты жас мөлшеріне қарай, рөлдің статусына қарай, қылмыскермен қатынасына қарай, адамгершілік-психологиялық белгілеріне қарай, олардың ''кінәсінің'' деңгейіне қарай, олардың мінез-құлқының сипатына қарай топтастыруға болады. 10 Соның біріжәбірленушілерді оларға тән белгілеріне қарап топтастыру.

1) универсалдық тип - бұлар барлық қылмыстың әртүрлі жағдайларда жәбірленушісі бола алады.

2) таңдаулы тип - тек белгілі бір қылмыстардың құрбаны бола алады. Тұрмыстық агрессивтілігі - денсаулығына қарсы қылмысқа, кәсіпкерлік қызметі - оған қарсы мүліктік қылмысқа сеп болады т. б.

3) ситуациялық тип - олардың виктимдігі орташа, ситуацияға байланысты қылмысқа сеп болады.

4) кездейсоқ тип - жол-көлік оқиғасының т. б. құрбаны болу мүмкін.

5) кәсіби тип - оның құрбан болуы кәсібіне байланысты.

Тағы да бір критерийдің түрі ол - жәбірленушінің мінез-құлқының сипатына қарай:

1) белсенді жәбірленушілер - қылмыскерді өздері қоздырмағанмен, оған көмектесуші: саналы қоздырушылар, абайсыз қоздырушылар т. б.

2) бастамашы жәбірленушілер - жалпы мінез-құлқы жағымды сипатта болғанмен, осы әрекеті өзіне зиян келтіруге әкеп соғады: лауазымына қарай, қоғамдағы жағдайына қарай, жеке қасиеттеріне қарай бастамашы болып табылатындар.

3) Бәсең жәбірленушілер - әр түрлі себептермен қылмыскерге қарсылық көрсетпейтін құрбандар: қарсылық көрсетуге объективтік қабілетсіз, қарсылық көрсетуге объективтік қабілетті.

4) Бейтарап жәбірленушілер - қай жағынан келсең де мінез-құлқы мінсіз жәбірленушілер: ешқандай да жағымсыз кейіпте болмаған және жәбірленуші ситуацияны сыни бағамдай алған.

5) Бағамдай алмайтын жәбірленушілер - өмір жағдайын дұрыс, сыни көзбен бағалай алмайтындар: білім деңгейі төмен, ақылы кем, кәмелетке толмаған, қариялар, сырқат құрбандар. Сол сияқты осы топқа ешқандай жастығы, ауытқушылығы және сырқаты болмаса да бағамдай алмайтындар бар. Мысалға, кешқұрым троллейбуста отырған студент қыздар өздеріне қарағыштай берген жігіттерді ‘’танысқылары кеп отыр’’ деп топшалайды. Осылайша, бұлар көліктен түсіп жатақханаларына қарай кетіп бара жатып, жаңағы жігіттердің де түсіп қалғанын аңғарады. Танысқысы кеп отыр деген ‘’күдіктері’’ ақталған олар енді жаңағы еріп келе жатқан жігіттер тезірек жетіп алу үшін баяу жүре бастайды. Ал ‘’танысқыш’’ жігіттеріміз жақындай бере қыздардың құндыз бөркін ала қашады (тонау) . Ситуация шынымен де қауіпті болса, оны дәл сол күйінде емес, мүлде өңі айналған күйде бағалайтын құрбандар бұлар.

Виктимизация туралы неміс ғалымдары оны бірнеше деңгейге

бөледі. Бірінші деңгейдегі виктимизация - ол жәбірленушінің қылмыстан тікелей шеккен материалдық, тәни, моральдық, психикалық зардаптары. Ал екінші деңгейдегі болса, ол - қылмыстан жанама келетін зиян түрлері, атап айтқанда, жәбірленушіге қылмыс жасаудан кейінгі қоршаған ортасының, құқық қорғау органдарының, дәрігерлердің көзқарасының өзгеруі жатады. Осы неміс ғалымдары үшінші дәрежедегі виктимизацияның әлі де зерттелмегенін айта келе, оны (Баурман) жәбірленушіні өз мақсаттарында қолдана отырып оларға келген зиянды есепке алмастан зерттеушілер мен лауазымды тұлғалардың өзіне жүктелген міндеттерін асыра пайдалану процесі деп түсінеді (карьера, сол уақыттағы қылмыстық саясат) . Төртінші дәрежедегі виктимизация - құқық қорғау органдары мен өзге тұлғалардың тарапынан саналы түрде жабылған жаласынан жәбірленушілерге зиян келтіру процесі (мысалға, зорланған адамды олардың таққан айыбы жалған деп бетке шіркеу ету, зорлық жасаған күйеуін қылмыстық жауаптылыққа тартпай жәбірленушіні бұзылуына ықпал етеді) . Виктимизация процесі кезіндегі де қылмыстық болашақ жәбірленушілерінің мінез-құлқын да топтастыруға болады. Оларды қылмысқа дейінгі, қылмыс үстіндегі және қылмыстан кейінгі деп жіктеуге болады.

Жәбірленушінің қылмысқа дейінгі мінез-құлқын үш топқа бөлуге

болады:

а) қоздырушы - тұлға өз әрекеті арқылы криминогендік ситуацияны жасайды (мысалға, ‘’еркек емессің деп’’ қайрау) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәбірленуші тұлғасының психологиялық анализі туралы ақпарат
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша сот ісін жүргізу
Тергеу жұмысының психологиялық ерекшеліктері
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Тергеу іс- әрекеттеріндегі психологиялық ерекшеліктерінің ғылыми теориялық аспектілері
Тергеушінің саналылық қасиеттері
Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
АЗАПТАУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Виктимологияның түсінігі, түрлері. Виктимологияның даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz