MS Excel - дегі формулар мен функциялары


MS Excel - дегі формулар мен функциялары.

Жоспар

  1. Кестегі формулар және оларды қолдану тәсілдері.
  2. Кестедегі функциялардың қолданылуы.
  3. Арифметикалық функциялары.
  4. Дөнгелектеу функциялары.
  5. Қисын функциялары.
  6. Таңдау және іздеу функциялары.
  7. Біріктелген функциялар
  8. Массивпен жұмыс
  9. Матрицалық функциялары

1. Кестегі формулар және оларды қолдану тәсілдері

Электрондық кестедегі операндтан және операциялардан тұратын төрнекті формула деп атайды. Формулалар өрнектер сияқты жаңа мәнді есептеу үшін құрылады. Формула бойынша есептелген мәнінің типі өренектің операндтар типімен анықталады. Формула әрқашанда (=) тең символынын басталады.

Операндтар ретінде: сандар, мәтін, логикалық мәндер (мысалы, АҚИҚАТ және ЖАЛҒАН, А23=А45 типті шарттар), қатенің мәндері (#ДЕЛ/0!, #Н/Д және т. б), сілтемелер - ұяшықтардың адрестері қолданылады.

Формуладағы операндтар операциялық символдар арқылы байланыстырылады: арифметикалық операциялары (+, -, *, /, ^) және салыстыру операциялары (>, >=, <., <=, =, <>) .

Формулаларды басқа ұяшықтарға көшіруге де болады. Онда көшірілетін формулаларға кіретін сілтемелердің типтері қандай болса, сондай баптауы да жүргізіледі: автоматикалық (салыстырмалы сіәлтемелер үшін) немесе жартылай автоматты (абсолютті сілтемелер үшін)

Сілтемелердің келесі типтерін ажыратылады :

салыстырмалы сілтемелер, мысалы А2 немесе С23, формула көшіргенде оның жаңа орналасу жерінен салыстырып формулаға кіру ережесін көрсетіп өзгереді

абсолютты сілтемелер, жолдың номері және бағанның аты алдында $ символы қойылады. Абсолютты сілтемелерді көшіргенде олар өзгеріссіз болып қалады;

жартылай абсолютты сілтемелер. $ символы тек жолдың номері немесе бағанның аты алдында қойылады. Осындай сілтемелерді көшіргенде $ символы жоқ жолдың номері немесе бағанның аты өзгереді.

блоктардың аттары , мысалы ҚҰНЫ . Блоктың аты блок ішінде орналасқан деректермен байланысты. Блокты басқа жерге орналастыруға да болады, онда оның аты да өзгермей қалады.

2. Кестедегі функциялардың қолданылуы

Excel-де әр түрлі есептеулерді жүргізу үшін оған кіретін көп функциялардың саны бар: математикалық, статистикалық, логикалық, мәтіндік және т. б.

Функциялар кәдімгі тәсілмен пернетақтадан немесе Функциялар шебері көмегімен енгізіледі. Функциялар шеберінің сұхбаттық терезесі Вставка🡪 Функция командамен , немесе пернесінің басуымен шақырылады.

Барлық йункциялар категшориялар бойынша топтастырылған.

3. Арифметикалық функциялары

АВS(<сан>) -<санның> абсолютті мәні;

ЗНАК(<сан>) - функция <санның> таңбасын анықталады. Егер аргумент 0 үлкен болса, 1 қайтарады, егер нөль - онда 0, егертеріс сан, онда -1.

ОСТАТ(<бөлінді>; <бөлгіш>) - екі санның бір біріне бөлгендегі бүтін қалдығын қайтарады. Егер <бөлінді> <бөлгіштен> кіші болса, нәтижесі бөліндіге тең болады. Егер болгенде қалдығы болмаса, нәтижеде - нөль болады.

ПРОИЗВЕД(<1сан>; <2 сан>; …) - аргументтер тізіміне кіретін <сандардың> көбейтуды қайтарады.

ЧАСТНОЕ(<бөлінді>; <бөлгіш>) - екі санның бір біріне бөлгендегі бүтін бөлімін қайтарады (бөлшек бөлімі алынбайды) .

НОК(<сан 1>; <сан 2>; …) - 1 үлкен барлық (29 дейін) аргументтердің ең кіші ортақ еселігін. Барлық аргументтердің бөлшек бөлімі бар болса алынбайды.

НОД(<сан1>; <сан2>; . . . ) - 1 үлкен барлық аргументтердің ең үлкен ортақ бөлгіші. Барлық аргументтердің бөлшек бөлімі бар болса алынбайды.

4. Дөнгелектеу функциялары

ОКРУГЛ(<сан>; <ондық таңбалары>) - функция <санды> көрсетілген <ондық таңбалардың> санына дейін дөнгелектейді. Екінші аргументі оң болса (дөнгелектеуі үтірдің оң жағынан басталады) және теріс болса (дөнгелектеуі үтірдің сол жағынан басталады - кіші бүтін разрадтары нөльге дейін дөнгелектейді) .

ОКРВНИЗ(<сан>; <еселік>) - берілген <санды> екінші аргументке бөлінетін;

ОКРВВЕРХ(<сан>; <еселік>) - берілген <санды> екінші аргументке бөлінетін ең үлкен жақын санға дейін дөнгелектеу;

ОКРУГЛВНИЗ(<сан>; <цифрлар саны>) - <санды> модулі бойынша <цифрлар саны> берілген ең кіші жақын бүтін санға дейін дөнгелектеу.

ОКРУГЛВВЕРХ(<сан>; <цифрлар саны>) - <санды> модулі бойынша <цифрлар саны> берілген ең үлкен жақын бүтін санға дейін дөнгелектеу.

ЦЕЛОЕ(<сан>) - функция аргументтің төменнен ең жақын бүтін санды қайтарады.

5. Қисын функциялары

Қисын функциялары кейбір шарттардан тәуелді әр түрлі нәтижелерді өңделетін өрнектерді құрастыруға мүмкіндігін береді.

ЕСЛИ(шарты; мәні_егер_ақиқат; мәні_егер_жалған) - бір мәнді қайтарады, егер берілген шартты есептегенде АҚИҚАТ мәні шықса, және екінші мәнді қайтарады егер мәні ЖАЛҒАН болса.

ЕСЛИ функциясы мәндер және формулар үшін шарттарды тексергенде қолданылады. ЕСЛИ функцияларын мәні_егер_ақиқат және мәні_егер_жалған аргументтері ретінде 7 дейін бір біріне салынған күрделі тексерулерді жасау үшін қолдануға болады.

И(1 шарт; 2 шарт; . . . ) - егер барлық аргументтердің мәндері АҚИҚАТ болса АҚИҚАТ мәнді қайтарады; егер аргументтердің кем дегенде біреуі ЖАЛҒАН болса ЖАЛҒАН мәнді қайтарады.

ИЛИ(қисындық мән 1; қисындық мән 2; . . . ) - егер аргументтердің кем дегенде біреуі АҚИҚАТ болса АҚИҚАТ мәнді қайтарады; егер барлық аргументтердің мәндері ЖАЛҒАН болса ЖАЛҒАН мәнді қайтарады.

НЕ(қисындық_мән) - аргументінің қисындық мәнін кері мәнге ауыстырады. НЕ функциясын егер аргументінің мәні кейбір шамасына тең емес болса ғана қолдануға болады.

6. Таңдау және іздеу функциялары

ВЫБОР(<нөмері>; <1 мәні>; <2мәні>; …) - тізімнен берілген <нөмерлі> 1 ден 29 дейін мәнді қайтарады.

ПОИСКПОЗ(<ізделінетін мән>; <іздеу облысы>[; <іздеу типрі>] ) - <іздеу облысынан> ізделінетін мәнге жақын ұяшықтын позициясын іздейді.

Нәтижеде ізделінетін мән болмайды (ол бізге белгілі), нәтижеде <іздеу облысынан> оның нөмері болады. Ізделінетін мәні және облысы кезкелген типті болу мүмкін.

Ізделінетін мән - кестеде мәнді іздегенді қолданылатын мәні.

Іздеу облысы - бұл ізделінетін мәндерден тұратын ұяшықтардың үзіліссіз аралығы.

Іздеу типі - бұл -1, 0 немесе 1 саны. Іздеу типі ізделінетін мәнді іздеу облысының мәндерімен қалай салыстыратындығын көрсетеді.

  • Егер іздеу_типі 1 тең болса, онда ПОИСКПОЗ функциясы ізделінетін мәнге тең немесе кіші ең үлкен мәнді тауып алады, және Іздеу_обласы өсуі бойынша реттелген болу керек: . . . , -2, -1, 0, 1, 2, . . . , A-Z, ЖАЛҒАН, АҚИҚАТ.
  • Егер іздеу_типі 0 тең болса, онда ПОИСКПОЗ функциясы ізделінетін мәнге тең ең бірінші кездескен мәнді тауып алады, Іздеу_обласы кезкелген ретімен болу керек

Егер іздеу_типі -1 тең болса, онда ПОИСКПОЗ функциясы ізделінетін мәнге тең немесе одан үлкен мәнді тауып алады, және Іздеу_обласы кемуі бойынша реттелген болу керек: АҚИҚАТ, ЖАЛҒАН, Z-A, . . . , 2, 1, 0, -1, -2, . . . , және т. б.

ГПР(<нені табу>; <іздеу облысы>; <жолдын нөмері>[; <іздеу типі>] ) - <іздеу облысының> ең жоғарғы жолдан <ізделінетін мәнді> тауып алады.

Осы жолды біз кілттік джол деп атаймыз. Ал нәтижені берілген <жолдаң нөмерлі> жолынан қайтарады. Кілттік жолдын нөмері әрқашанда 1 (бұл нөмері кітаптың жұмыс парақтарының жолдарына ешқандай әсер етпейді) .

<Іздеу типі> параметрдің мәні АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болады. Егер ЖАЛҒАН болса іздеуі дәл болады, егер АҚИҚАТ болса (немесе параметр берілмеген болса) - жуық (аралықты) . Осы жағдайда ізделінетін мәнге тең немесе кіші ең үлкен мән тауып алады (сол жағанан жақын) . Кілттік жолы ондай жағдайда өсуі бойынша сортталған болу керек.

ВПР(<нені табу>; <іздеу облысы>; <баған нөмері>[; <іздеу типі>] ) - <ізделінетін мәнді> <іздеу облысының> өзінің бірінші бағанда іздейді. Ал нәтижені берілген <баған нөмермен> бағаннан қайтарады. Кілттік бағанның нөмері әрқашанда 1 (бұл нөмері кітаптың жұмыс парақтарының бағандардың нөмерлеріне ешқандай әсер етпейді) .

Функция ГПР() функциясының толық вертикальды ан. алогы болады.

ИНДЕКС (<облыс>; <жол нөмері>; <баған нөмері>) - облыстың ішінде <жол> мен <бағанның> қиылысуында тұратын ұяшыққа сілтемені қайтарады.

Функцияның нәтижесі басқа функциялармен сілтеме (адресі) сияқты түсіндіріледі, бірақ ИНДЕКС() функциясы нәтижеде ұяшықта орналасқан мәнді (мәтінді, санды) қайтарады. Егер облыс бір бағаннан немесе жолдан тұратын болса, онда <жол> немесе <баған> аргументті көрсетпеуге де болады.

  1. Біріктелген функциялар

Келесі функциялар тобы арқылы кестеде орналасқан деректер бойынша түрлі қорытындыларды шығаруға болады.

СУММЕСЛИ(<берілген облысы>; <іздеу критериі> [; <соммалау облысы>] ) - функция іздеу критерийді қанағаттандыратын берілген облыста мәндерді іздеп және соммалау облысынан сәйкес мәндердің қосындысын қайтарады. Егер соммалау облысы берілмеген болса, онда функция берілген облысынан мәндерді қосылады. Іэдеу критериі тек бір шарттан түру керек.

СЧЕТ(<берілген облыс> ) - берілген облыста сандық яұшықтардың санын есептейді. Бос ұяшықтар, қисындық мәндер және мәтіндер жіберіледі есептеуіне кірмейді.

СЧЕТЗ(<қарау облысы>) - кезкелген типті мәндер ұзындығы нөлдік емес (“”) жолдары мен бос емес ұяшықтардың санын есептеу.

СЧЕТЕСЛИ(<қарау облысы>; <іздеу критериі>) - іздеу критерийді қанағаттандырып қарау облысынан ұяшықтар санын есептейді.

СРЗНАЧ(<сан1>; <сан2>; …) - барлық бос емес ұяшықтардың ортақ арифметикалық мәнді есептеледі.

МИН(<сан1>; <сан2>; …. ) - тізімнен ең минималды санын қайтарады. Егер аргументтерде сандар болмаса 0 ды қайтарады.

МАКС(<сан1>; <сан2>; …. ) - тізімнен ең максималды санын қайтарады. Егер аргументтерде сандар болмаса 0 ды қайтарады.

СЧИТАТЬПУСТОТЫ(<қарау облысы>) - берілген қарау облыста бос ұяшықтардын санын есептеледі (нөлдер бос мәндер болып есептелмейді) .

НАИБОЛЬШИЙ(<қарау облысы>; <нөмері>) - берілген облыста максималды мәннен бастап санауы бойынша ең үлкен элементін қайтарады.

НАИМЕНЬШИЙ(<қарау облысы>; <нөмері>) - берілген облыста минималды мәннен бастап санауы бойынша ең кіші элементін қайтарады.

СУММПРОИЗВ(<блок1>; <блок2>; …) - блоктарға кіретін элементтер жұптарын есептеліп, олардың қосындысын қайтарады.

8. Массивтермен жұмыс.

Массивпен жұмыс істеу функцияларын күрделі қорытындыларды шығарғанда қолдануға болады. Мысалы кейбір жалпы шарттарды қанағаттандыратын элементтердің санын немесе қосындысын есептеу керек болса. СУММЕСЛИ() және СЧЕТЕСЛИ() функциялардың қолданылуы шектеулу өйткені тек бір ғана шартты қанағаттандыруға болады.

Осы функцияларды қолдану, массивтермен жұмыс істеу мысалдарын 8 суретте көрсетілген кестені пайдаланып қарастырайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Excel кестелік редакторының шаблондары
КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЛАР
Сандарды таңба белгілерімен көрсететін жүйелік жол
Информатика - Пәнді оқыту
Мәліметтерді сұрыптау
Электрондық кестелер құрылымы
MS EXCEL
Информатика пәні, объектілері және құрама бөліктері
Экономикалық ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар
Сан жүйесінің аты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz