Мектепке дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру сабағы (естияр топ)


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі балаларға арналған дене

шынықтыру сабағы (естияр топ) ».

Тексерген:

Орындаған:

2010 жыл

Жоспар:

Кіріспе. Дене тәрбиесі.

Негізгі бөлім. Дене тәрбиесіне сипаттама.

  1. Негізгі мзмұны мен құрылымы.
  2. Негізгі ұғымдар.
  3. Міндет-мақсаттары, негіздері.
  4. Дене тәрбиесі сабағының философиясы.
  5. Дене шынықтыру сабағы ересек топтарда.

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе. Дене тәрбиесі.

Зерттеудің көкейкестілігі: Дене тәрбиесі - ілім. Оның мазмұны мен құрылымы педагогикалық тұрғыдан талданып, жан-жақты сарапталуы, пән ретінде жүйеленуі - дене тәрбиесінің теориясы деп аталады.

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі педагогика, психология, социология, физиология, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп, жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу, оның днсаулығын нығайтудың жолдарын жан-жақты қарастырады. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педагогика, спорттық психология пәндері ортақ теориялық заңдылықтарға сүйенеді. Осы пәндерден алынған нақты нәтижелер теорияға негіз болып табылады.

Дана халқымыз: «Басты байлық - денсаулық», «Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі» - деп тегін айтпаса керек. «Қазақстан - 2030» мемлекеттік стратегиясында дене тәрбиесі туралы: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға (және тағы сол сияқты) бағытталған

Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі қажет», - деп атап көрсетілген. Расында да қоғамдық сана мен мораль, есірткіге, ішімдікке барынша қарсы болуға тиіс. Кешегі кеңес заманы жылдарында ішімдікпен қаншама күрескенімен біздің тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімізге, тереңдеп еніп алған болатын. Бүгінгі таңда да көпшілік нарықтық жағдайдың қиыншылығына кезігіп, күйзеліске түскен шақта да ішкілік мәселесі тиылар емес.

Бұл турасында Президент Жолдауында: «Көптеген елдер бұл кеселге тыйым салғанымен, табысқа жете алмады. Осыған қарамастан кейбір елдер ұтымды ақпараттық және түсіндіру саясатын жүргізу, мәдениет пен білім арқылы едәуір табыстарға қол жеткізді. өнеркәсібі дамыған елдерде ішімдікті пайдаланушылар мен темекі тартушылардың саны кеми тусуде, өйткені кәсіпкерлік - денсаулығы мықты жандардың үлесі. өмір салтын теріс әдеттерден спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады», - деп атап айтылған.

  1. Негізгі мазмұны мен құрылымы.

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі үш бөлімнен тұрады.

  1. Дене тәрбиесінің теориясы-дене тәрбиесі ілімі мен әдістеменің қоғамда алатын орнын зерттейді.
  2. Дене тәрбиесінің әдістемесі-дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілеп, талдайды.
  3. Спорттық жаттықтыру-оны өткізу әдістемесін, мерзімі мен кезеңдерін, артықшылықтарын айқындайды. Бұл дене тәрбиесі маманының кәсіптік деңгейін көрсетеді. Ғылыми мәні мен тәжірибе нәтижлерін жинақтай отырып, бұл ілім адамның дене тәрбиесі процесінің заңдылықтарын ашып береді.

Қазіргі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің негізгі кездері мыналар:

1. Адамдарды Отан қорғау ісіне, еңбек етуге қабілетті, денсаулығы мықты адамдарды тәрбиелеу.

2. Практикалық жұмыс. Теориялық, әдістемелік жаңалықтар іс жүзіндегі тәжірибе жұмыстарымен тексеріледі. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін байыту.

3. Еліміздегі дене мәдениетінің орны және оны дамытуға байланысты «Қазақстан - 2030» даму стратегиясын жүзеге асыру шаралары.

4. «Қазақстан Республикасы бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралар».

5. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің, сондай-ақ басқа ілімдер көлеміндегі ғылыми зерттеулердің нәтижелері.

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі педагогика, психология, социология, физиология, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп, жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу, оның днсаулығын нығайтудың жолдарын жан-жақты қарастырады. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педагогика, спорттық психология пәндері ортақ теориялық заңдылықтарға сүйенеді. Осы пәндерден алынған нақты нәтижелер теорияға негіз болып табылады.

2. Негізгі ұғымдар.

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнін оқытуда «Дене мәдениеті», «Дене тәрбиесі», «Спорт», «Дене қуатының қалпына келуі», «Дене қуатының тынығуы», «Дене қуаты білімі», «Дене қуаты дайындығы», «Дене қуатының жетілуі» ұғымдарына назар аударамыз.

Дене мәдениеті - адамдардың дене қуатының жетілуі үшін пайдаланылатын қоғамдық-материалдық (спорт ғимараттары, құрал-жабдықтар) және рухани (арнаулы білім, ғылыми тәжірибе) байлығын құрайтын халықтаң жалпы мәдениеттің бір саласы. Ол негізгі дене мәдениеті, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене мәдениеті болып табылады.

Негізгі дене мәдениеті - адамдардың өз шама-шарқына қарай таңдалып алынған кәсіби және спорт мамандығын жетілдірудің негізі. Ол жалпы білім беретін мектептерде, оқу-тәрбие мекемелерінде қолданылады әрі егде кісілерге денсаулығын нығайтуға, жұмысқа ынтасын, төзімділігін арттыруға көмектеседі. Спорт адам психологиясының орнықтылығын, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорт қимылының негізгі мақсаты - спорттың бір түрінен жоғарғы жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілет-қарымын, ептілік қасиеттерін қалыптастыру.

Қолданбалы дене мәдениеті - кәсіптік және әскери дене мәдениеті деп екіге бөлінеді. Ол өмірге аса қажет сан алуан қимыл-әрекеттерді игеруге, дене тәрбиесі арқылы әскери және азаматтық мамандықтарды жақсы меңгеріп, терең түсінуге бағытталады.

Сауықтыру дене мәдениетіне - емдеу дене мәдениеті жатады. Оның мақсаты организмнің уақытша жоғалған функциялық мүмкіндіктерін қалпына келтіру.

Гигиеналық дене мәдениеті - жаттығушылар организмдердің жұмыс істеу қабілетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (дене шынықтыру, өндірістік гимнастика) күнделікті демалыста (таңертеңгі бой жазу, серуендеу, саяхат т. б. ) қолданылады.

Дене мәдениеті қызметтерін - арнаулы және жалпы дене мәдениеті қызметтері деп екіге бөледі. Жалпы дене мәдениеті қызметтеріне мыналар жатады: нормативтік қызмет - адамның қимыл-әрекетін тиімді мөлшерленген оқу бағдарламасынан, президенттік сынамалардан және еліміздегі спорт разрядтарының нормаларынан тұрады. Эстетика қызметі - әсемділікке деген құштарлықты, дене сымбаттылығы, әсем қимыл-қозғалыс арқылы қанағаттандыру. Хабарлау қызметі - адамның мүмкіндігін жетілдіру жолдарын жинақтап хабарлау. Қарым-қатынас қызметі - адамдардың бір-бірімен араласуы, өзара түсінісуі жолдары. Тәрбие қызметі - адамның эстетикалық, адамгершілік, зейіндік, еңбек сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.

Арнаулы дене мәдениеті қызметтері: білімділік қызметі - дене мәдениетін оқу-білім арқылы қимылдың ептілігі мен дағдысын қалыптастыруға пайдалану. Қолданбалы қызмет - келешеке жұмысқа дайындау үшін қолданылатын арнаулы дене тәрбиесінің жүйесі. Тынығу қызметі - дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану арқылы белсенді демалыс, адам организмінің уақытша жжоғалтқан функциялық мүмкіндіктерін қалпына келтіру.

Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Спорт, бұқаралық спорт (барлық адамдар қатыса алады) және жоғары көрсеткіштер спорты (чемпионаттар, олимпиадалар т. б. ) деп бөлінеді.

Дене қуатының тынығуы - жаттығу жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен адамның көңілін көтеріп, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді. Дене қуатын қалпына келтіру - адам организмінің ауырған жерін массаж жасау, бұлау, су процедулары арқылы емдеп, қалпына келтіру, дене қуаты қасиетін үйлесімді дамытып, жан-жақты дайындығын жоғарғы деңгейге жеткізу. Дене қуаты білімі - адамды қимыл ептілігі мен дағдыға үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.

3. Міндет-мақсаттары мен негіздері.

Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заңдылық пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мәселесін үйлестіріп отыратын әрі басшылық ететін ұйымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізге қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделеді:

1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.

2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту.

3. Тәрбиелік міндеттер - адамгершілік-жігерлілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.

Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заңдылық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді

Әлеуметтік-экономикалық негіз . Дене тәрбиесі жүйесі қоғамымыздың басқа әлеуметтік-экономикалық жүйелерінен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың, обьективті негізі - дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске кіретіндігінде. Жүйе қоғамдық өнім шығармаса да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі - адам арқылы әсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, қоғамдық қатынастарды жеңілдетеді.

Құқықтық негіз. Дене тәрбиес жүйесі өз жұмысын бағыттайтын құқықтық күші бар, көптеген нормативтік актілерге сүйенеді. Ол Ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында нақтылы көрсетілген.

Жалпы дене тәрбиесі жүйесі ғылыми-әдістемелік негізде құрылады. Оның барлық теориялық және практикалық ұсыныстары ғылыми түрде баяндалады.

Дене тәрбиесі жүйесін қоғамдық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік-биологиялық ілімдер, гигиена, физиология, спорттық медицина т. б. зерттейді. Осылардың ішінде негізгі орынды дене тәрбиесі ілімі мен әдістеме пәні алады.

Физкультуралық қозғалыста президенттік сынамалардың маңызы өте зор.

«Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының президенттік сынамалары туралы» ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24-маусымдағы №774 қаулысымен қабылданды.

Президенттік сынамалары - бұл бақылаулық нормативтер арқылы халықтың оқуға, еңбекке, әскери қызметке дене қуаты дайындығының жалпы деңгейін анықтайтын әр түрлі сынақ-жаттығулар жиынтығы.

Президенттік сынамаларда халықтаң дене қуаты даярлығын күштілікті, шыдамдылықты, ептілікті, шапшаңдықты көрсететін жеті сынақ түрі қамтылған.

12-ден 23-ке дейінгі жас шамасындағы жастар үшін сынамалар дене қуаты даярлығының екі деңгейден, яки президенттік және ұлттық деңгейден тұрады. 1. президентттік деңгейі жан-жақты дене қуаты даярлығы бар дені сау адамдар үшін арналған.

2. Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны бойынша да, тұрғылықты жері бойынша да спорттық секцияларда, топтарда, командаларда дене мәдениеті және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар үшін арналған.

Тағы да бір маңызды нормативтік негіз - спорт классификациясы.

Республикалық спорт классификациясы дегеніміз - жасөспірімдер разрядынан бастап халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын беру, соның ережесін бекітіп, тәртібі мен нормативін белгілеу. Ол спортта жоғары жетістіктерге жетуге, жаттықтырушы жұмысын жетілдіруге, мектептердің, спорт қоғамдарының жұмысын жақсартуға ықпал етіп, Қазақстан спортының дамуына негіз қалайды. Спорттық классификация КСРО-да 1935 жылы қабылданды. Қазақстан Республикамыз егеменді ел болып, тәуелсіздік алуына байланысты қазір елімізде классификация мазмұны мен құрылымы көп өзгерді, әлі де жетілдіріліп келеді. Дене тәрбиесі жүйесі мемлекеттік және қоғамдық негізде мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында, әскери бөлімдерде, емханаларда және де басқа мемлекеттік, қоғамдық мекемелерге ұйымдастырылады. Сабақ мемлекеттік бағдарлама, ресми кесте бойынша жүргізіледі. Ол үшін арнайы уақыт белгіленіп, қаржыландыру мәселесі шешіліп, материалдық база жасалады. Республикамызда дене тәрбиесі жұмысын басқарып, бағыт беріп отыратын арнаулы мемлекеттік органдар бар.

4. Дене тәрбиесі сабағатының философиясы.

Дене тәрбиесі сабағының мәнін, мағынасын білу, оны дұрыс өткізу, дене жаттығуларын тиім қолдану мәселелерін терең түсінудің өте үлкен рөлі бар. Дене тәрбиесі сабағы ол - мәдениеттілік. Ол оқушының сыртқы келбетін, мінез-құлқын, өзін қоғамдық орындарда дұрыс ұстауына, бір-бірлерімен, адамдармен қарым-қатынастарын реттейді, тәрбиелейді.

Әр түрлі дене жаттығуларын дұрыс іріктеу, қолдану арқылы оқушы өзінің тұлғасын, мүсінін, бұлшық еттерінің жан-жақты, үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді. Оның дене мүшелерінің үйлесімді болуы (аяқ-қолдың түзулігі, тізе шықпауы, аяқ арасының алшақ болмауы, кеуде клеткасының, дене мүшелерінің дұрыс дамуы т. с. с) дене тұлғасының, мүсінінің тік болуы (оң сол иықтар тепе-теңдігі, алдыға, артқа еңкіш болмаулар) сыртқы мәдениеттілікті көрсетеді. Қандай модалы киім тіктіріп кисеңіз де дене, мүсін түзулігі, сұлулығы болмаса, дененің олпы-солпылығы көзге көрініп тұрады. Сымбатты, түзу мүсінмен қатар, адамның әдемі, епті қозғалуы да дене тәрбиесі сабағы мұғалімнің шеберлігіне, білімді, біліктілігіне байланысты. Математика мұғалімі есеп шығаруға, қазақ тілі мұғалімі грамматикаға үйретсе, дене тәрбиесі мұғалімі оқушыны кеңістікте дұрыс, епті, шебер қозғалуға үйретеді. Дұрыс жүргізілген дене тәрбиесі сабағында оқушы жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу сияқты қимыл әрекеттерді және спорт түрлерінің жаттығуларының техникасын орындап үлкен өмірге дайындалады, кеңістікте өзінің дененің дұрыс басқара білу шеберлігі мен дағдысын қалыптастырады. Қоғамдық жерлерде денесі үйлесімді, тұлғасы түзу, мүсіні сұлу, әдемі қозғалған адам көзге бірден түседі емес пе. Адамдардың оған сыртынан қарап көздері тойып, эстетикалық қанағат алып тұрады. Ал, енді сол сыртынан қарап танысқыңыз келіп тұрған адамның жанына келіп танысып, сөйлесіп, оның өзі ұстауына, сабырлылығына, өзіне сенімділігіне, батылдығына, көпшілдігіне, қарапайымдылығына, тез ойлаушылығына, жігерлілігіне тәнті болдыңыз. Осы қасиеттердің бәрі дене тәрбиесі сабағында тәрбиеленеді.

«Дені саудың жаны сау» - дейді дана қазақ мақалы.

«Денсаулығы мықты дененің - рухы да мықты» - дейді орыс мақалы. Жанның тұратын жері - дене, дене - сауытын қалыптастыратын жаттығуларды орындағанда, оқушының денесімен қатар жоғарыда айтылған қасиеттерді де қалыптасады немесе оларды дамытуға, тәрбиелеуге арнайы жаттығулар да беруге болады. Мысалы, жаттығуларды көп уақытта, қарқынын азайтпай орындау кезінде оқушының төзімділігі, қажырлылығы, еңбексүйгіштігі қалыптасады. Күрделі, қиын жаттығуларды орындап, меңгерген кезде өзіне сенімділігі, батылдылығы қалыптасады. Спорттық және қозғалмалы ойын кездерінде тез шешім қабылдау, тез ойлау және жігерлілік қасиеттері, көпшілдік, ұжымшылдық қасиеттері қалыптасады, жетіледі. Дене тәрбиесі сабағы қозғалыс, қимыл әрекеті сабағы болғандықтан сабақ кезінде оқушылардың бүкіл мінез-құлқы, көңіл-күйлері айқындалып, көзге көрініп тұрады. Сабақ кезінде оқушы қуанады, ренжиді, қиналады, рахаттанады, күледі, жылайды. Осы көңіл-күй, оған қатысты мінез-құлық бірге оқыған сыныптастар арасында болғандықтан олар өздерін ұстап, сабырлы болуға тырысады, кенеттен келген ашуын басуға, ұстамдылыққа үйренеді, өзінің көңіл-күйін реттеуге, көркем мінезді болуға қалыптасады.

5. Дене шынықтыру сабағы ересек топтарда.

«Денсаулық сағаты» - ересек топтағы балалардың қозғалыс режімінің құрамдас бөлігі. Оның мақсаты - белсенді демалысты ұйымдастыру, алда тұрған оқу қызметі үшін жұмыс қабілеттігін арттыру, дененің дамуы мен қозғалыс дайындығын жетілдіру, денсаулықты нығайту.

Егер «денсаулық сағаты» таза ауада өткізілсе, тіпті жақсы. Өлшеп, белгілеуді талап етпейтін алаңда өткізу бәріне де тиімді болмақ. Жекелеген жағдайларда асфалтты да пайдалануға болады. Ол жаңбырдан кейін жылдам кебеді, оған түрлі-түсті бояумен белгілер жасауға болады.

«Денсаулық сағатын» өткізу үшін оқушылардың санына байланысты жабдықтардың жиынтығы, ауа райы жағдайына сәйкес келетін спорттық форма болуы қажет. Қыста сырғанайтын 2-3 төбешіктер жасалады.

«Денсаулық сағатын» үшінші сабақтан өткізуді жоспарлаған және балалар тынышталуы үшін төртінші сабақтың алдындағы үзіліске 5-10 минут қалғанда аяқтаған жөн. «Денсаулық сағаты» үшін орташа және төменгі қарқындылықта орындалатын жаттығуларды іріктеп алған дұрыс.

Төменде ересек топтар үшін жылдың салқын және жылы кезеңдерінде таза ауада және бөлмеде өткізілетін «денсаулық сағатының»үш нұсқасын келтіріп отырмыз.

Жылдың салқын және жылы кезеңдерінде өткізу үшін 1 нұсқа жақсы келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі сабағын тиімді жүргізудің мәселелерін теориялық тұрғыдан негіздеп, тәжірибе жүзінде әдістемесін талдау
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеудің теориялық негіздері
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары
Дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық негіздері
Мектепке дейінгі мекемелерде спорттық ойындарды пайдаланудың әдіснамалық негізі
Мектепке дейінгі балалардың құрастыру процесіндегі қабылдау ерекшелігін зерттеу жұмысы
Мектепке дейінгі ересек топ балаларының ерекшелігі және қимыл - қозғалыс ойындары
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы
Жас ұрпаққа тәрбие беру
Қазақ салт - дәстүрлері арқылы балаларға тәрбие беру барысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz