Мектеп пен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы ынтымақтастығың қызметі мен формалары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ ПЕДАГОГИКА-ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ 5В010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы

СӨЖ

Мектеп пен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы ынтымақтастығың қызметі мен формалары

Дайындаған: Болат А., П-405

Тексерген: Оралбекова Б. С

Семей 2015

Ұрпақ тәрбиесі-адамзат баласының асыл мұраты. Үшінші мыңжылдықта жастар қандай болу керек деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Сондықтан елбасымыз Н. Ә. Назарбаев халқымыздың алдына ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек деп жауапты міндет қойып отыр.

Жеке тұлғаның қалыптасуы туралы ұлы Абай былай деген: «Баланы ең алдымен қоршаған ортасы, көшесі тәрбиелейді, екінші ұстаз тәрбиелейді, үшінші ата-ана тәрбиелейді». Сондықтан да отбасының тәрбиесі мен мектеп тәрбиесі бір-бірінен ажырамайтын бірін-бірі жалғайтын, толықтыратын тұтас әлем, өйткені отбасы адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жатса, мектеп ақылы мен білімі, адамзаттық құндылықтары толысқан, жан-жақты жетілген адам етіп тәрбиелеп шығарады.

Есту бұзылыстары бар балаларды отбасылық тәрбиелеу қоғамдық тәрбелеуден ерте пайда болған. Саңырау балаларды жеке оқыту тәжірибесі орта ғасырларға белгілі еді. Ата-ананың саңырау балаларын отбасында тәрбиелеу мен оқыту ұмтылысы баланың ақыл қабілеттерін дамыту және еститін құрбылары сияқты барлығымен байланысты болуын қалауы себеп болды. Ата-аналар баланың ерте және мектепке дейінгі даму мен оқу үшін едәуір сензитивті жастарын өткізіп алмауға тырысты, олар осы кезеңде көптеген дағдылардың қалыптасатынын, мінездерінің орнығатынын түсінеді.

Әдетте, сәбилік және ерте жастағы балалар 2-3жасқа дейін отбасында тәрбиеленеді, ал ата-аналар сәбилердің дамуы үшін көп жағдай жасай алады.

Мамандар ерте бұзылыстарды пайда болуымен байланысты тәуекел факторлары бар отбасындағы ата-аналардың баланың есту үшін қадағалау қажеттілігіне көңіл бөледі, мысалы: естімейтін баланың немесе отбасы мүшелерінің болуы; ототоксинді антибиотиктерді қолдану, ауру себеп болатын жағдайлар. Мұндай бақылауды баланың өмірінің бірінші айларындағы дыбыстарға реакциясын байқау, сөйлеуге, улеуге, былдырлау сипатына көңіл бөлу құрайды. Сәбидің естуі төмендегенде күдік болған жағдайларда дәрігер сурдологқа қаралу қажет.

Есту бұзылыстары бар балалардың ата-аналарына коррекциялық жұмыстың ерте басталудың маңыздылығын түсіндіру қажет. Саңырау және әлсіз еститін балалар ерте түзету жұмысы болмаған жағдайда 2-3 жасқа дейін сөйлемейтін болып шығатынын атап өту керек. Олардың жалпы дамуы айналадағылармен қатынасының болмауы, қоршаған әлемнің дыбыстарын қабылдау мүмкіндіктерінің бұзылу нәтижесінде үлкен зардап шегеді. Әлсіз еститін балалармен ерте жұмыс жүргізудің тиімділігі мен нәтижелілігін дәлелдейтін мысалдарды келтірген жөн.

Қазіргі жаңа технологиялар жүйесінде естімейтін балалар мен үлкендердің оңалту жұмысында тиімді бағыттардың бірі кохлеарлық имплантант. Кохлеарлық имплантант дегеніміз-есту протезінің бір түрі. Хирургиялық ота арқылы, естімейтін адамның құлағының ішкі бөлігінің есту жүйкесіне электродтар жүйесін енгізу. Осы электродтар жүйке арқылы ми бөлігіне белгі береді, өз алдына есту сезімінің пайда болуына итермелейді. Кохлеарлық имплантацияның 90%-ы Денсаулық Сақтау министрлігінің мүмкіндігі шектеулі балаларға квота беру арқылы Алматы қаласындағы Ақсай емханасында жасалынады. Бүгінгі таңда мұндай күрделі отаны біздің елімізге ТМД елдерінің дәрігерлері келіп жасауда. Ота жасар алдында естімейтін бала арнайы диагностикалық тексеруден өтеді. Өзім сабақ берген оқушы Бақтығалиева Динара 03. 03. 2001жылы туылған, дерті 2 жақты н/с құлақ кереңдігі, дамуы кешеуілдеген осы емханадан ота жасалып шықты. Қазіргі таңда баланың денсаулығында өзгерістер мен ауытқушылықтар байқалмайды, қалыпты дәрежеде. Үш ай өткен соң қайтадан емханаға барып тексеруден өтті.

Кохлеарлық имплантант баланың естуін нормаға сәйкес алғанда 30-40дб. дейін есту қабілетін қоршаған ортадағы дыбыстардың қабылдауын, психикалық тұрғыда дыбыстар әлеміне «жарып кіру» сезімін, өздерінің сезімдерін «мен ести аламын» сөзімен жеткізуін, баланың естуімен қатар еріннен оқып түсінуін қамтамасыз етеді.

Кохлеарлық имплантант 2 бөліктен тұрады. Біріншісі сыртқы бөлігі, сөйлеу процессоры, магнитофон, микрофон, радиоөткізгіш, дауысты өзгертетін құрылғы. Екінші бөлігін:имплантанттың өзі, электродтар жүйесінен тұрады. Кохлеарлық имплантант баланың тілдік үрдісінің дамуына дейін енгізілген дұрыс, яғни 2 жасқа дейін. Өйткені баланың тіл және есту қабілеттері қатар дамиды. Ата-ана кохлеарлық имплантант туралы толыққанды таныс болып, баланың даму ерекшеліктерін біліп, туындайтын қиыншылықтардың шешімін таба білу қажет.

Күнделікті өмірде кездесетін дыбыстарды баланың естуіне пайдалану керектігін ата-анаға түсіндіру қажет. Қоршаған ортадағы дыбыстардың жағдайын пайдаланып, баланың өмірге деген ынтасын, сенім ұясын туғызып, сыртқы әлемді тыңдату қажет.

Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық орындардың бірден-бір парызы. Өйткені «Ес түзелмей, ел түзелмейді». Олай болса егеменді еліміздің болашағы отбасында бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешіледі.

Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру жүйесіне енгізілген.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың категориялары:

-Естімейтіндер;

-Нашар еститіндер;

-Кейіннен естімей қалғандар;

-Көрмейтіндер;

-Нашар көретіндер;

-Тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған тұлғалар;

-Ерік-жігер сферасы бұзылған тұлғалар;

-Интеллектісі бұзылған тұлғалар;

-Психикалық дамуы тежелген тұлғалар;

-Сөйлеу тілі күрделі бұзылыстары бар тұлғалар;

-Дамуында күрделі бұзылыстары бар тұлғалар.

Кемшіліктеріне байланысты дамуындағы шектеулі балалардың әлеуметтік ортамен араласуы қиындық әкеледі, айналада болып жатқан өзгерістерден адекваттық әсер алу қабілеттері төмендейді. Белгілі бір нормадағы мақсаттарына жету үшін олар ерекше қиындықтарды бастан өткізеді, бұл әрине, олардың мінез-құлықтарының ауытқуына, өзгеруіне әсерін тигізеді. Кемшілігі бар баланы өзінің психофизикалық мүмкіншілігіне қарай қоғамдық өмірге, еңбекке араластыра отырып, олардың әлеуметтік орта мен араласуын қалыптастыру, бұл дефектологтардың теория мен тәжірибе жүзіндегі мақсаттары.

Жаңа әлемде өз бетінше өмір сүре алуға физикалық және адами қабілетті адамды өмірге дайындау қажеттігінен туындайды.

Тәрбиенің міндеттері:

1. Баланың психофизикалық, интелектуалдық, жеке тұлғалық дамуының барлық компоненттерін түзету.

2. Баланы жеке өмірге және еңбекке дайындау мақсатында жан-жақты дамыту.

3. Әр түрлі жағдаяттарда және әр түрлі әс-әрекеттің түрлері процессінде оқушылардың тәртібіндегі интелектің реттеуші ролін жоғарылату.

4. Есту қабілеті зақымдалған балаларды белсенділікті, даралықты, қоршағандарын және өзін дұрыс бағалау іскерлігін тәрбиелеу, ересектер мен құрдастары арасындағы оң қарым-қатынасты қалыптастыру.

Қойылатын негізгі міндеттері:

1. Балаларға олардың әлемге, әлемнің өзіне деген қарым-қатынасын өзінің орнын анықтауға дайындау және көмектесу.

2. Оқушыларды еліміздің және әлемнің мәдени құндылықтарына қарым-қатынасын реттеу, келесі рухани жетілуіне деген қажеттіліктерін қалыптастыру.

3. Іс-әрекеттің әр түрлі сферасында баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

4. Еңбекке деген құрметін тәрбиелеу және еңбекке деген қажеттіліктерін қалыптастыру, әр түрлі еңбектік іс-әрекетті іске асыруға маңызды қасиеттер мен қабілеттерін дамыту.

5. Адамның азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін дамыту, заңға құрметпен қарауын тәрбиелеу.

6. Толық бақытты өмір сүру қабілеттерін дамыту, жақсы отбасын құру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп пен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы ынтымақтастығың қызметі мен формалары (конспект)
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Отбасылық тәрбие
Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту
Балалар бірлестігі – оқушы тұлғасының тәрбиелік және әлеуметтендіру институты. Халықаралық балалар ынтымақтастығы
Жасөспірімдерде моральдық - адамгершілік қасиеттердің қалыптасу деңгейін диагностикалау
Педагоикадағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы
Ата - аналардың педагогикалық білімі балаларды тәрбиелеудің факторы ретінде
Мектеп пен отбасының тәрбие жұмыстарының маңыздылығы
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz