Өрт



1. Өрттің себебтері , өрттен қорғану туралы түсініктер.
2. Туындаған өрттің қауіпті фактор.лары.
3. Өрттің жүктемесі.
4. Жылулық жүктеме.
5. Құрылыс құрылымдарының жанғыштық және отқа төзімділік дәрежелері.
Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.
Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Орындаған: Мукашев Р
Тексерген: Бейсебаев Ш.

Семей қаласы
2015 жыл
1. Өрттің себебтері , өрттен қорғану туралы түсініктер.
2. Туындаған өрттің қауіпті фактор-лары.
3. Өрттің жүктемесі.
4. Жылулық жүктеме.
5. Құрылыс құрылымдарының жанғыштық және отқа төзімділік дәрежелері.

Өрт - бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.
Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.
Өрт факторларының әрекеттері
Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:
* жанғыш заттың отқа тікелей әсері;
* сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;
* жану зонасында иісті газбен улану;
* жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;
* құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.
Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі - бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы - бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
Өрттің алдын алу шаралары
* құрылыстық-жобалау;
* техникалық;,
* ұйымдастырушылық;
Құрылыстық-жобалау шаралары - ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз - бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шаралары:
* өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;
* құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;
* әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралар - құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.
Орман өрттері
Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар т.б. жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.

Өндіріс орындарындағы өрт
Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындалығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.
Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек.

Өрт сөндіру тәсілдері
Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:
* ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;
* ауадағы оттегі концентрациясын азайту;
* ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.
Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолда бар өрт сөндіру құралдары
Өрт қауіпсіздігі туралы
Өрт қауіпсіздігі, өрттерді алдын алу жұмыстарының негізгі талаптары
Өртті сөндіруді басқару
Көлік объектілері. Автомобиль көліктері. Жалпы талаптар
Өртке қарсы қызметті ұйымдастыру және атқару
Өрт қауіпсіздік негіздері. Автоматты өрт сөндіру құралдары. Өрт сөндіру кезіндегі эвакуация уақытын есептеу. Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу
Автоматты өрт сөндіру жүйелері
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Өрт қауіпсіздігі ережесі
Пәндер