Жол эмульсиясын әзірлеуге арналған гомогенизаторлар мен дірілдеткіштердің конструкциясы және жұмыс режимдері


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: «Жол эмульсиясын әзірлейтін жабдықтар»

Орындаған: Аскарова Асель, СТ-309 тобы

Тексерген: Мухаметов Е. М.

Семей 2015

Жол құрылысында және жол жабындарын жөндеуде битум мен қарамайды тұтқыр материал ретінде тек өздерін қолданбай, оларды эмульсияланған, яғни сумен араластырылған күйінде де қолданады. Мұндай эмульсияның құрамына тұтқыр материал мен судан басқа өте аз мөлшерде (1-2%) тамшыларды бірігуден сақтайтын эмульгатор атанатын зат кіреді. Эмульгатор ретінде ағаш қарамайы, стеарин, асидол сияқты химия, барлық өндірістерінің қалдық материалдары қолданылады.

Эмульсияның ыссы күйінде қолданылатын битум мен қарамайдан айырмашылығы - ол суық қалпында пайдаланылады. Ол жол салу, жөндеу жұмыстарын күн суығанда өткізуге және ылғалданған тас жармаларын қолданып жол жұмыстарының мерзімін ұзартып, машина паркінің жылдық пайдалану еселігін арттыруға мүмкіндік береді. Кей жағдайда эмульсияны пайдаланудан тұтқыр материалдың шығыны 30…35%-ға дейін кемиді.

Эмульсия жасау үшін арнаулы жабдықтар қолданылады, оларды диспергаторлар, коллоидты диірмендер, эмульгаторлар, гомогенизаторлар және т. с. с. атаулармен атайды. Негізгі оқу құралдарында [1, 4] пайдаланатын гомогенизаторлар атауын қолдануды жөн көрдік.

Конструктивтік орындалуына және жумыс атқаруына қарай гомогенизаторлар бірроторлы, қосдискілі үшсатылы, көпсаңылаулы, қалақты болып бөлінеді. Мұндай центрдентепкіш гомогенизаторларда эмульсиияны жасау барысында оның құрамындағы барлық құрамдар тәуелді араластырылады. Гомогенизатордың өнімділігі сағатына 0, 9-дан 1, 2 т дейін. Жабдықтың білігі қуаты 22кВт электрқозғалтқыштан жетек алады, оның айналым жиілігі 2500…3000 айн/ мин. Гомогенизатор іргетасы бекітілген шойыннан құйылған тұрқыдан тұрады. Ол бу жүретін қыздырғыш қаптамамен қамтылған. Гомогенезатордың тұрқында жасалған тесіктен бу беріледі және шыгарылады. Тұрқының цилиндрлі кертігіне ішкі беткейі жұмыс атқарушы алмастырмалы сақина орналасқан. Қақпақтар және алмастырмалы сақинаны оның өсіп бойлай ұстап тұрады, сонымен қатар олар гомогенизаторлардың білігінің мойынтіректеріне сүйеніш қызметін атқарады. Қақпақтардың төменгі жағында дайындалған эмульсияны ағызатын тесік орналасқан.

Машинаның білігіне қатаң отырғызылған жұмысшы дискіге тойтармамен екінші жұмысшы дискі бекітілген. Дискілердің жүктегіш жұмысшы беткейлерінің пішіні конус тәрізді. Білік жұмысшы дискілермен қоса сол жақ шарикті мойынтіректі бағыттағыш төлкесімен бірге жылжуына мүмкіндік беретін айлабұйымның арқасында осьтік бағытта жылжи алады. Алмастырмалы сақинаның ішкі бетімен дискілердің және сыртқы беткейі конус пішінді болғандықтан, дискілер жылжығанда радиалды саңылаудың мөлшері өзгереді. Саңылаудың өзгеруі дайындалатын өнімділікке және эмульсияның сапасына әсер етеді: неғұрлым саңылау кіші болса, солғұрлым эмульсия дисперсті болады. Саңылау мөлшері 0, 15…1, 0 мм аралығында өзгереді.

Тұрқының жоғары жағына сүзгі торламасы бар қабылдайтын құйғыш бекітілген. Тұрқының құйылмасында битум мен эмульгаторды гомогенизатордың жұмысшы қуысына жеткізетін арна жасалған. Битум мен ерітінді қоспасы жедел айналатын дискілер аралығындағы кеңістікке түседі. Сұйықтық центрден тепкіш күшпен ығыстырылады да, дискілердің сыртқы беткейі мен сақинаның ішкі беткейі аралығындағы саңылайға түседі, онда үйкеліс әсерінен битум мен эмульгатор қоспасы біріктіріліп эмульсия түседі.

Эмульсия әзірлейтін қондырғы гомогенизаторлардан басқа жабдықтар жинағынан тұрады.

Битумды қыздырумен судан арылту дағдылы битңмбалқытқыш қазандықтарда іске асады. Эмульгаторды дайындауға араластырғыш пен бу жылытқышы бар қазандықтар қарастырылған. Қазандықтарға тұтқыр эмульгаторды беруге иірқалақты сорғы қолданылады. Қазандықтардың жанына эмульгатор мен ащы натрийдің су ерітіндісі үшін дәлмөлшерлегіштер қойылған.

Кристалды ащы, натрий металды бөшкелерден бу көмегімен шығарылады. Онда бөшке шығару тесігі сұйыққоймалардың бірінің мойнына тұспа-тұс келетіндей болып орналастырылады да, тесікке шүмекпен бу ағыншасы беріледі. Сұйыққоймаларда ащы натрийдің су ерітіндісі сақталады. Қондарғының құрамына аталғандардан басқа гомогенизатор, эмульгатордың су ерітіндісіне арналған араластырғышпен жабдықталған сұйыққоймалар, эмульсияның сұйыққоймалары және сужұмсартқыш жабдық жатады.

Эмульсияны әзірлеу жолы төменгідей. Қазандықтарда дайындалған эмульгатор сумен сұйылтылып, сорғымен сұйыққоймаларға беріледі, онда ол температурасы 70…80’ C-ға дейін қыздырылады. Бұл сұйыққоймалардан эмульгатордың су ертіндісіне өздігінен ағып, гомогенезаторға құйылады. Сол сәтте битумбалқытқыштан температурасы 140…150’ C битум да гомогенезаторға құйылады. Әзір болған эмульсия гомогенизатордан үздіксіз ағынмен сақтауға және одан ары сақтанушыға босату үшін сұйыққоймаға құйылады. Эмульсиядағы битумның шоғырлануы ағыншаның мөлшерін өзгертумен реттеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүтті гомогенизаторлар: құрылымы, жұмыс істеу принциптері және өндірістік қолданылуы
Темір жол вагондарының конструкциясы, түрлері және техникалық сипаттамалары
Сұйық және газтәрізді отындарға арналған оттықтардың конструкциясы мен жұмыс істеу принциптері
Сүтті гомогенизациялау: гомогенизаторлар, әдістер және технологиялық параметрлер
Мұнай айдауға арналған ортадан тепкіш сораптардың конструкциясы мен жұмыс істеу принципі (ЦНС 180-1900 мысалында)
80 МВА ферроқорытпа доғалы пешінің конструкциясы мен жұмыс қағидалары
Рельс тізбектері: мақсаты, негізгі элементтері және жұмыс режимдері
Құйма тазалауға арналған галтовты барабанның конструкциясы мен есептеулері
Трансформаторлар мен тізбектер: теориялық негіздер, жұмыс режимдері және түзеткіштер
Windows 8 операциялық жүйесінің жұмыс режимдері мен функционалдық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz