Семей ядролық полигоны


Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
а) Невада.Семей полигонының инфрақұрылымы
б) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі
в) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері
г) Суарылған ядролық темірмен

ІІІ. Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.
Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.
КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001
2. О. Жанайдаров «Менің елім - Қазақстан». – Алматы: «Балауса баспасы», 2003
3. Журнал «Арай» 1988 жыл № 10

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 8 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 200 теңге




Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
б) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі
в) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған
ортаға әсері
г) Суарылған ядролық темірмен

ІІІ. Қорытынды бөлім

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол
үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды.
Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген
ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом
бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық
әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы
әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға
дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке
және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар
қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының
келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың
төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында
қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.
Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының
барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің
барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану
миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір
мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары
орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық
әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір
мемлекет ішіндегі мемлекет еді.
КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды:
ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі
алды.
II. Негізгі бөлім
Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы

Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының
аса маңызды стратегиялық объектісі болды.
Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21),
реакторлар кешенін, Балапан, Г (Дегелеңдегі сейсмокешен), Ш
(Тәжірибелік алаң дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ
тәжірибелік алаңдарды қамтиды.
Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық
жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай
арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және
термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер
бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.
Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық
зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының
қуатынан 2,5 мың есе көп болды.
1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес
жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып,
оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз
қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық
күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар
түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты.
Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен
жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған.
Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы.
Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің
өлі денесі табылған.
Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде
белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний
зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады.
Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді.
Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей
Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының
толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап
тұрды.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға
әсері
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді
мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны
туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық
сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді.
Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле
бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан
уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе
кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан
былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.
Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген,
кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша
көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала
бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен
қабырғаларды көрді.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да
жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды
медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды.
Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды.
Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы
парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік
кодты ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы. Семей полигоны
Жер бетінің радиоактивті ластануы (семей ядролық полигоны)
Семей полигоны
Қазақстан тарихындағы Семей полигоны
Семей полигоны туралы жалпы түсінік
Семей ядролық полигонының экологиялық проблемалары
Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
Семей ядролық сынақ полигонының проблемалары
Семей полигоны аймағында кездесетін ұзақ өмір сүретін радионуклеотидтердің таралу заңдылықтары
Семей полигоны, каспий теңізі, арал теңізі, балқаш көлі туралы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь